Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі


Заттардың тері арқылы енуі



бет3/4
Дата09.07.2016
өлшемі445 Kb.
#186985
1   2   3   4

Заттардың тері арқылы енуі. Өндірістік жағдайларда улардың ре-зорбция арқылы организмге түсуінде терінің басты ету орны ретіндегй маңызы зор.

Терінің құрылысының ерекшеліктеріне байланысты, химиялық қоспалардың одан өту процесі өте күрделі. Эпидермис құрылымы әртүрлі бес клетка қабаттарынан тұрады: мүйізді, жылтыр, дәнді, түкті және базальді. Соңғысы, қан және лимфа тамырларының тармақтарына өте бай дермамен шекараласады. Дерманың келесі торшалы қабатында тері бездері мен шаштың тамырлары орналасады.

Әртүрлі заттардың тері арқылы түсуінің үш түрлі жолы бар: эпидермия арқылы (трансэпидермалды сорылу):


    • шаш фолликулалары арқылы;

    • май бездерінің шығару жолдары арқылы. Эпидермисті газдармен липидтерде еритін органикалық заттар ғана тез өтетін, липопротеинді тосқауыл ретінде қарастыруға болады.

    • улардың енуінің бірінші фазасы – эпидермалдық сорылу, екінші фазасы – енген заттардың теріден қанға көшуі.

Сонымен, тек қана липоидтарда еру қасиеті бар заттар ғана емес сонымен қатар қанда, суда жақсы еритін заттар төндіреді, айтарлықтай қауіп төндіреді.

Егер бұл физикалық-химиялық қасиеттер жоғарғы уыттылықпен бірігетін болса тері арқылы улану қаупі жоғарлай түседі.

Тері арқылы енгенде уыттануды тудыратын өнеркәсіптік улардың ішінде бірінші орында хош иісті нитро және аминді қоспалар, фосфор органикалық инсектицидтер, кейбір хлорланған көмірсутектер және металорганикалық улар шығады.

Электролиттердіңде тері арқылы өту мүмкіндігі кездеседі. Қазіргі кезде метал тұздары (қорғасын, мыс, мышяк, висмут, сурьма т.б.) май қышқылдарымен және тері майымен қосылып отырып мүйізді қабаттың бетінде немесе ішінде майда ерігіш қоспаға өзгеріп, эпидермистің тосқауыл қабатына өте алады. Алты валентті сынаппен талий басқа металдармен салыстырғанда күштірек сорылады. Цинк пен кадмийде белокты кешенін түзе отырып, теріден сәтті өте алады. Алты валентті хром теріге ене отырып үш валентті формаға өзгере алады. Хромның аталған өзгерісі оның аллергиялық қасиетін түсіндіреді.

Заттардың тері тосқауылынан өтуіне ықпалын тигізетін басқа факторлардың ішінен температура, жанасу бетінің көлемі мен жанасу уақытының ұзақтығын атаған дұрыс.

Тері арқылы организмге түскен заттардың уыттық әсері, олардың организмде тиімді уыттық дозасы жиналған жағдайда ғана айқындалады. Бұған биотрансформация процестері мен бөліну өз бөгеттерін жасайды.

Терінің зақымдануы да организмге уытты заттардың түсуіне мүмкіндік жасайды. Көптеген заттар сырттан теріге ену қабілетімен қатар, теріден сыртқа шығу қабілетіне де ие.

Улардың тасымалдануы. Ену жолдарына қарамастан уытты заттар организмде қанға түседі. Бұл жағдайда қанға түскен әртүрлі улы қоспалар немесе олардан түзілетін метоболиттер әртүрлі формада тасымалданады. Мысалы, байланыспайтын электролит еместердің біршамасы қанның сұйық бөлігінде еріп, жиі эритроциттерге енеді, сол жерде гемоглобин молекулаларының бетіне шоғырланады. Организм үшін бөгде көптеген органикалық қоспалар үшін плазма белоктарымен, олардың ішінде, ең алдымен альбуминдермен байланысуы белгілі.

Белоктар металдармен кешен түзу ерекше қабілеттілігіне ие. Көптеген металдар алғашқыда альбуминдермен байланысады, бірақ соңынан басқа белоктардың фракцияларына бөлінуі мүмкін. Металдардың белоктармен байланысуы белоктардың белсенді топтары арқылы іске асырылады.

Кейбір металдардың белгілі бір белоктық фракцияларына жақындығы белгілі. Мысалы: темірдің тасымалдануы, құрамында темірі бар ферритиннің құрылу жолымен арнайы –глобулинмен іске асырылады.

Мыс алғашында альбуминмен байланысып, бірақ бауырда глобулиндермен жаңа кешен церулоплазмин құрайды, марганец қанда – глобулинмен байланысып трансменганин құрайды; никелдердің 90 %-ен көбі глобулиндермен байланысады (никелоплазмин). Кейбір металдар үшін қан клеткаларымен, әсіресе эритроциттермен тасымалдануының ерекше маңызы бар. Мысалы, қандағы мышьяктың 90-99 %-ы эритроциттерде болады.



Организмдегі улардың өзгеруі. Улардың көбі организмге түскеннен кейін әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Заттың түріне байланысты олардың өзгеруі әртүрлі деңгейде жүруі мүмкін және олардың организмдегі молекулаларының барлығы немесе белгілі бір көлемі ғана жұмсалуы мүмкін. Соңғы жағдайда молекулалардың қалған бөлігі организмнен өзгермеген күйде бөлінеді.

Толықтай, өзгеріссіз шығарылатын заттар өте аз. Бұған, мысал ретінде қоспалар алифатикалық көмірсутектердің бір қатарын және элементтердің периодикалық жүйесінің нольдік тобындағы инертті газдарды атауға болады. Қоспалардың айтарлықтай көбі организмде кейбір жағдайларда соңғы өнімдеріне дейін (СО2 және Н2О) жететін толық метоболизмге ұрынады.

Толық ыдырайтын заттарға майлы қышқылдардың және алифатикалық спирттердің күрделі эфирлері мысал бола алады.

Метоболизмнің бастапқы фазасы қоспалардың уыттық қасиеттеріне айтарлықтай әсерін тигізетінін ерекше атап өту керек. Ол заттың белсенділігінің күшеюі немесе әлсіреуі түрінде айқын байқалады. Мысалы, көптеген органикалық инсектицидтер организмде тотығу процесіне ұрынады. Барысында неғұрлым белсенді метоболиттерге ауысады, мысалы, актометил неғұрлым уытты фосфорамидоксидке өзгереді, т.с.с.

Организмде бөгде заттардың метоболизмі салыстырмалы түрде химиялық жолмен төменірек деңгейде жүреді: мысалы, тотығу, сирегірек тотықсыздану, метилдену және басқа да синтетикалық процестер. Метилдену процесіне улардың күкірт, глюкурон және сірке қышқылдарымен, аминқышқылдарымен; глицинмен, цистеинмен, орнитинмен және глютаминмен байланысуы жатады.

Синтетикалық процестерге қатар тотығу немесе тотықсыздану процестерінің қатар жүрген жағдайлары да белгілі.

Органикалық улардың өзгеру жолдары әр түрлі жануарларда әртүрлі. Кейбір синтетикалық процестер жануарлардың бір немесе екі түріне тән. Мысалы: глютаминмен синтезделу тек адам мен шимпанзеге тән, ал орнитинмен синтезделу тек құстарда ғана өтеді, т.с.с.

Синтетикалық реакцияларға организм бір қатар метаболиттер шығындайды: глюкозаны, глюкурон қышқылын, күкірт қышқылын, цистейн, цистин және басқа да амин қышқылдарын, сірке қышқылын және басқаларын. Мұндай реакциялар қалыпты зат алмасу үшін қажетті метоболиттердің азаюын немесе болмауына соқтырады, барысында уыттылық әсердің жаңа түрлері туындайды. Мысал ретінде жас жануарлардың бромбензолмен улануын атауға болады. Қорытындысында, организмдегі цистейіннің екі процес үшін (бромбензолдың детоксицаиясына және қалыпты өсуге) жеткіліксіз болуының салдарынан жануардың өсуі тоқтайды. Жануарлардың нафталинмен уланған кездеріндегі катарактаның дамуы организмдегі удың детоксикациясы салдарынан болатын цистейн көлемінің азаюына байланысты.

Әр түрлі улы қоспалар организмде тотығу процесіне ұрынады: көптеген алифатикалық және хош иісті спирттер альдегид кезеңі арқылы тиісті қышқылдарға өзгереді. Мысалы, метил спирті – құмырсқа спиртіне, ал бензил спирті – бензой спиртіне. Моноциклді және полициклді көмірсулар көптеген жағдайларда фенолдарға дейін тотығады, көп таралған мысал ретінде бензолдың фенолға, гидрохинонға, пирокатехинге және аз дәрежеде қанықпаған мукан қышқылына дейін тотығуын айтамыз.

Метил топтары карбоксил тобына жеңіл тотығады; бұл жағдайда бастапқы алкоголдер және альдегидтер аралық өнімдер болып саналады:

Дезаминделу мен дезалкилдену де ферментативтік тотығу реакцияларына жатады. Кейбір қоспалар әсіресе алифатикалық қоспалар көмірқышқылы мен суға дейін толықтай тотығады, бірақ бұл процесстерді басқа метоболиттер түзілмейді.

Хошиісті нитроқоспалар гидрокисламин және сәйкес аминге тотықсызданады. Мысалы: үшнитротолуолдың метаболизімін зерттеу сәтінде, хошиісті (NО2) топтардың гидроксиламин түзе отырып, аминді топтарға дейін тотықсызданатыны анықталады.

RNO2 – RNHOH – RNH2

Пикрин қышқылы пикрамин қышқылына тотықсызданады.

Тотықсыздану процесі барысында келесі синтетикалық реакцияларға қажетті химиялық топтар жиі түзіледі. Қос қоспалар глюкурон қышқылымен тотығу немесе тотықсыздану реакцияларына түсе отырып, белгілі бір зат түзе алады. Бірінші жағдайда – алкоголдер мен фенолдар, ал екінші жағдайда – хошиісті қышқылдар.

Организмде екі түрлі глюкуронидтер түзіледі; қарапайым эфирлер, егер глюкурон қышқылы гидроксильді топпен реакцияға түссе және глюкурон қышқылының қышқылдық топтармен реакцияға түсу барысында түзілетін күрделі эфирлер. Глюкурон қышқылы бауырда глюкогеннен түзіледі, синтетикалық реакцияларға қатыспайтын, бұрын арнайы ферменттермен белсендірілуі керек.

Уытты қоспаларды зиянсыздануының жоғарыда аталған әдістері әртүрлі. Ол қазіргі уақыттағы зәр құрамынан бөлініп отырған 150 түрлі глюкуронидтермен дәлелденеді.

Детоксикация кезінде күкірт қышқылымен организмде ең бастысы гидроскильді топтары бар фенолдар мен гетероциклді қоспалар сонымен қатар хошиісті аминдер байланысады (мысалы, анилиннің тотығуы барысында түзілетін парааминофенолдар).

Бұл ферментативтік реакцияның бірінші кезеңі органикалық емес сульфаттың «белсенді сульфатқа», ал екінші кезеңі сульфаттың фенолмен байланысуына байланысты.

Ацетилденуге (сірке қышқылымен байланыс) тек ароматтық шеңбер-дің аминатобы немесе аминді қышқылдар ұрынады. Сірке қышқылы фер-менті жүйелермен белсендірілгеннен кейін аминді топтар үшін акцептор болады.

Алдында болған немесе бензольді және нафталинді ядролордағы тотығу арқасында кейбір жағдайларда гетероциклді шеңберлерде түзілген карбоксил тобы глицинмен байланысады. Мысалы, гиппур қышқылының бензол қышқылымен глициннен синтезделуі.

Глютаминмен байланысу адамға тән және циклдік қышқылдардың байланысуына бағытталған реакция. Ал, сүт коректілерді (иттер, қояндар) фенил сірке қышқылын глицинмен қосарлағанда бөлінеді, адамдарда оның бөлінуі 95%-ға дейін фенилацетилглютамин түрінде өтеді.

Органикалық қышқылдардың байланысуы кезінде құстарда глицин немесе глютаминдерің орнына орнитин пайдаланылады. Бұл жағдайда орнитинді қышқыл түзіледі.

Биотрансформация барысында, көптеген хош иісті қоспалар амин қышқылы цистейнмен немесе, көп жағдайда пептидтердің цистейнді топтарымен байланысады, барысында маркетурлы қышқыл түзіледі. Бұндай реакцияларға галоид ядроларына кіретін бензол, полициклді көмірсутектер және галоидты сутектер түседі. Қорытындысында меркаптурлы қышқылдарға ацетилденетін арилцистейін түзіледі. Өзгерудің мүлдем басқа жолы да болуы мүмкін. Осы орайда, кейбір меркаптурлы қышқылдарды мысалға келтіруге болады.

Метилдеу (молекулаға метилді топтарды енгізу) адам және жануарлар организміндегі кең тараған реакция боып саналады. Бұл жағдайа метионинмен реакцияға перидин және хинолин типтес гетероциклдегі азот атомы түседі. Барысында N-метилпириингидроксид және N-потилхиномингироксид. Бұл реакцияның бірінші кезеңі болып метионның ферментативтік белсенділенуі саналады.

Металдардың өзгеруі. Басқа, көптеген органикалық заттарға қарағанда металдар мен олардың қоспалары организмге түскеннен кейін өзінің формасын бірнеше рет өзгерту мүмкін. Металдардың қайсысы болмасын организмде көбінесе, белоктармен кешен түзеді. Бұл тек негіздер мен сирек кездесетін жер металдарына қатысты емес, бірнішісі сұйық фазада, екіншісі әлсіз жеңіл гидролизденетін кешен түзеді.

Аталған кешендерден басқа, металдар биокомплексондардың белсенді топтарымен байланысады: ОН, - СООН, РО3Н және лимон қышқылымен.

Кейбір металдар белок аминді қышқылдармен ұқсас болады. Аминді қышқылдармен SH-топтары арқылы сынап, күміс, қорғасын, цинк, кобальт, ал СООН топтары арқылы мыс, никель, цинк, марганец және кальцийдің байланысы.

Көбінесе валенттілігі өзгергіш металдар организмде тотығу және тотықсындануға ұрынады. Мысалы, бес валентті мышьяк организмде өте улы үш валентті мышьякқа дейін тотықсызданады.

Дәл осындай тотықсыздану селен, ванадий мен теллурға да тән.

Уран мен плутоний биологиялық тотығуға мысал бола алады. 4-валентті плутонии 6-валенттіге өзгереді: күкірт, селен және теллур организмде ұшқыш диметил туындылары түзілетін метилдану реакциясына ұрынады.



Улар метаболизмінің түрлік, жастық және жыныстық ерекшеліктері. Улардың метоболизмі жайындағы ақпараттардың бәрі жануарларға жасалған эксперименттерде алынған. Эксперимент нәтижесін адамдарға көшіреді. Сүтқоректілер үшін метоболикалық реакциялар бағыты бір типтес болғанмен реакциялардың өзі әртүрлі болуы мүмкін.

Бірнеше мысал келтірейік: хош иісті аминдердің ацетилденуі адамдар, қояндар және егуқұйрықтар организмінде жүреді, ал иттерде болмайды; сүтқоректілерде кеңінен болатын глюкуронидтердің түзілуі мысықтарда болмайды.

Глутаминді конъюгация адамдарда мүмкін болса, жануарларда тек шимпанзеде ғана кездеседі.

Сондай-ақ метаболизм жылдамдығы түрге байланысты өзгеруі мүмкін. Мысалы: бензолдың адам және жануарлар бауырының гомогенаттарында өзгеруі адамдарда 1,27, теңіз шошқаларында 1,4 ал егеуқұйрықтарда 1,16 құрайды.

Организмнің кейбір уларға сезімталдығы жануарлардың және адамдардың жасына байланысты.

Тәртіп бойынша жас жануарлар ересектеріне қарағанда улануға бейім, бұл олардағы микросомальды ферменттердің белсенділігінің жеткіліксіздігіне байланысты. Мысалы, жаңа туған жануарлар мен адамдарда цитохром Р-450 болмайды, егеуқұйрықтарда бұл энзим қалыпты белсенділікке 30-шы күні ғана келетін болады.

Аналық егеуқұйрықтар кейбір улардың әсеріне аталықтарына қарағанда жиі жоғары сезімтал болады. Өйткені, улардың биотасымалдануы аталық егеуқұйрықтарда өте қарқынды өтеді екен.

Организмнен бөлінуі. Улы қоспалардың организмнен бөлінуінің жолдары мен механизімдері сан алуан. Уытты қоспалар өкпе, бүйректер, асқазан-ішек жолдары, тері арқылы шығарылады.

Улар мен олардың метаболиттері көбінесе бірнеше жолмен шығарылады.



Өкпе арқылы бөліну. Көптеген ұшқынды электролит еместер өзгермеген күйінде деммен бөлінеді. Бөліну, удың организмге түсуі тоқтағаннан кейін бірден басталады. Газдар мен булардың алғашқы бөліну жылдамдығы олардың физикалық-химиялық қасиеттерімен анықталады: еру коэффициенті суда неғұрлым аз болса, удың қан мен мүшелердегі бөлігі соғұрлым тез бөлінеді.

Май тіндерінде, жиналған фракцияларының бөліну уақыты созылады. Адамның майлы тіндерінде нормада оның жалпы салмағының 20 %-ін құрайтынын ескерсе, май құрамындағы электролиттер еместің саны мағыналы болуы мүмкін. Мысал ретінде хлороформның бөлінуінің келтіруге болады: 8-12 сағат ішінде адсорбцияланған қоспалардың 50% деммен бөлінеді, ал бөлінудің екіншісі фазасы бірнеше күнге созылады.

Деммен шығарылған ауа құрамындағы төртхлорлы көміртегінің саны (бөлінудің екінші фазасы) көп күндер бойы байқалады деген мәліметтер бар.

Өкпе арқылы, сонымен қатар, удың биотасымалдану кезінде түзілетін ұшқыш метоболиттер бөлінуі мүмкін: көптеген электролит еместер баяу өзгерістерге ұшырай отырып, ыдыраудың соңғы өнімдері: көмірқышқылы мен суды түзеді. Радоактивті белгінің көмегі мен көмірқышқылды бензолдың, стерол, хлороформ, төртхлористі көміртегінің, метил спиртінің, этиленгликолдің, фенолдық-диетилді эфирдің ацетон және басқа да көптеген қоспалардың метоболитты болып саналатыны көрсетілген.



Бүйрек арқылы бөліну. Бүйрек арқылы бөліну әртүрлі механизммен орындалады: пассивті фильтрация және активті тасымалдау.

Пассивті фильтрация нәтижесінде бүйрек шумақтарында электролит еместердің дәл плазмадағыдай концентрациясы бар ультрафильтрат түзіледі. Бүйрек түтікшелерінде, липидтерде жақсы еритін электролит еместер пассивті диффузия жолымен екі бағытта енуі мүмкін: түтікшелерден қанға және қаннан түтікшелерге. Ұшқыш электролит еместердің зәрмен бөлінуі өте аз мөлшерде болады. Бүйрек клиренсінің сандық сипаттамасы – концентрациялық индекс: зәрдегі концентрация плазмадағы концентрация. Оның маңызын кейбір өнеркәсіптік электролит емес улар үшін келтірейік: метанды көмірсутектер мөлшермен 0,1; хлорланған көмірсутектер (хлорлы метил мен хлороформ, дихлорэтен, тетрахлорэтан, дихлорпропан, үшхлорэтилен) 0,11ден 1,0-ге дейін; кетондар (ацетон, метилпропилкетон, диэтилкетон)–1,05-1,34; бір атомды спирттер (этанол-1,3; метилді, пропилді, изопропилді спирттер-1, диетилэфир-1).

Әлсіз иондалған органикалық электролиттердің пассивті түтікше диффузиясы зәрдің Рh-на байланысты; егер плазмаға қарағанда түтікше зәрі көбірек негізді болса, зәрге әлсіз органикалық қышқылдар жеңіл енеді, егер зәр реакциясы көбірек қышқылды болса, оған әлсіз органикалық негіздер диффузияланады.

Бүйрек арқылы ион түрінде және молекулалы-дисперсті күйінде айналып жүрген металдар шығарылады. Бұл негізінен, біріншіден организмге түсу жолдарына қарамастан, толықтай зәрмен шығарылатын металдарға (литий, рубий, цезий) қатысты.

Зәрмен, организмнен 2 валентті металдардың иондалған тұздары (Сu,..). организмге хелаттар түрінде енген металдар және аниондар құрамына жататын V-VI топтардың металдары (С,...) жақсы шығарылады.

Бүйректе көбірек бөгелетін металдар зәрмен өте аз шығарылады, ал организмде тепе-тең бөлінгендер 2 жолмен шығарылады: бүйрек арқылы – тез, асқазан, ішек жолдарымен - баяу.

Кешен түзілу металдардың зәрмен шығуына ықтимал жасайды. Организмнің әртүрлі органикалық кешендермен улануын емдеу шаралары осыған негізделген.

Металдардың бөліну формасы көбінесе белгісіз, бірақ олар тек бос кезінде емес, сонымен қатар, байланысқан күйлерінде шығарылады деп айтуға болады.

Мысалы қорғасын мен марганец иондық формады да және органикалық кешендер түрінде де шығарылады.

Металдардың бүйрек арқылы бөлінуін теріске шығару орынсыз. Бұған дәлел, катиондар бүйректің шумақтары ультрафильтраттарына мембрананың оң зарядының күшімен енсе, литийдің шумақтар арқылы сүзгіленетіні белгілі.

Металдардың кешенді қоспалары шумақты аппаратта ультрафильтрациялануы мүмкін. Металдардың бүйрек түтікшелері арқылы бөлінуі белсенді тасымалдау жолымен өтеді.

Асқазан – ішек жолдары арқылы бөліну. Өнеркәсіптік улардың асқазан-ішек жолдары арқылы бөлінуі ауыз қуысында сілекеймен бөлінуден басталады. Сілекей құрамында кейбір электролит еместер мен ауыр металдар, мысалы: сынап қорғасын, т.б. байқалады. Сілекейді жұтқан кезде, қоспалар асқазанға қайта оралады, организмге энтеральді және парентеральді жолдармен түсетін улы қоспалардың бәрі бауырға өтеді.

Көптеген улар бауырда түзілетін метаболиттер сияқты өтпен ішекке тасымалданып организмге таралады.

Ішектен тікелей қанға экзогенді заттардың сіңірілуі және олардың организмнен зәрмен шығарылуы мүмкін. Сонымен қатар, өте күрделі жолдардың болуы да мүмкін. Бұл, жағдайда улы қоспалар ішектен қанға түсіп, қайтадан бауырға оралады (бауыр іші айналымы).

Ұшқыш электролит еместер (көмірсутектер, спирттер, эфирлер, т.б.) асқазан-ішек жолдары арқылы бөлінбейді. Аталған жолмен хлорланған хошиісті, ең алдымен көп ядорлы көмірсутектер (көптеген инсектицидтер) өзгермеген және ыдырау нәтижесінің өнімдері түрінде бөлінеді.

Асқазан-ішек жолдары арқылы бөліну органикалық заттарға қарағанда, металдар үшін көп маңызы бар, ал кейбіреулері үшін бұл негізгі жол болып саналады. Бауырда бөгелген металдар сөлмен ішек арқылы бөлінеді.

Жеке металдардың сөлге ену механизмдері жайында кейбір деректер бар: сөлге тікелей бауырдың клеткасынан тыс қорғасын енеді; марганецтің сөлдегі қышқылдармен байланысуы мүмкін.

Асқазан-ішек жолдары арқылы бөліну процесінде металдардың жинақталуы проблемасы маңызды. Коллоидты күйіндегі металдар бауырда ұзақ уақыт бойы сақталады және толықтай нәжіспен шығарылады. Бұлар, барлық жеңіл сирек жер металдары, алтын, күміс, т.б. Кейбір ауыр металдардың негізгі бөлігі ішек арқылы бөлінеді, бірақ қалдық бөлігі зәрмен айтарлықтай баяу бөлінеді.

Басқа жолдармен бөліну. Өнеркәсіптік улар организмнен сүтпен, жиірек термен тері арқылы бөлінеді. Сүт арқылы жануарлар мен адамдар организмінен электролит еместер бөлінеді. Сүтпен бөліну сонымен қатар, көптеген металдарға: сынапқа, селен, мышьяктарға, т.б. тән.

Тері арқылы организмнен көптеген электролит еместер бөлінеді. Мысалы: этил спирті, ацетон, фенол., хлорланған көмірсутектер. Күкіртті көмірсутектердің тері құрамындағы концентрациясы зәрдегіден 3 есе көп болатыны мәлім. Терімен сынап, мыс, мышьяк сияқты металдар бөлінеді.

Улы қоспалардың организмнен бөліну балансына бұл жолдардың айтарлықтай маңызы жоқ, бірақ, олардың интоксикациясының дамуында белгілі бір маңыздары болуы мүмкін.

Заттардың уытты әсерлерінің физико-химиялық қасиеттеріне тәуелділігі. Химиялық заттардың әсерлерінің айырмашылығы олардың молекулаларының химиялық құрылысының ерекшеліктеріне байланысты. Заттың құрылысы мен олардың организмге әсері арасындағы байланыс жайындағы өте бай, дәлелді материалдар, заттардың химиялық құрылысына байланысты. Олардың биологиялық әсерінің күші мен сипатын алдын-ала білуге мүмкіндік беретін жалғыз жүйе құруға бірнеше дүркін оқтандырады. Заттың биологиялық әсері оның тек химиялық құрылымына ғана байланысты емес, сонымен қатар, физико-химиялық қасиетіне де байланысты. Бұл ой Н.В. Лазарев ұсынған төмендегі 2 – ші суретте өте айқын көрсетілген.


Сурет 2 - Заттардың уыттылығының физикалық- химиялық қасиеттерге

тәуелділігі
Суретте заттардың молекулалық құрылысы, олардың әртүрлі химиялық реакцияларға түсу қабілеттілігін анықтаумен қатар, затты физико-химиялық тұрғыдан сипаттайтыны көрсетілген. Биологиялық әсер, аталған затпен организмдегі белгілі бір химиялық субстрат арасында химиялық реакциялармен түсіндірілуі мүмкін. Сонымен қатар, биологиялық белсенділікке заттың физико-химиялық қасиеті тікелей және химиялық белсенділіктің өзгеруі арқылы әсер етуі мүмкін.

Заттың құрылысы мен оның әсері арасындағы ең көп зияндылықтар органикалық заттар, әсіресе электролит емес заттар арасында байқалған.



  1. 1869 жылы Ричардсон көміртегі атомдары санының ұлғаюымен гомологиялық қатардағы заттың уыттылық әсері жоғарылай түседі (Ричардсон ережесі) деп анықтаған.

Мысалы, уыттылық әсері пентаннан (СН3ОН) аллельдерге қарай жоғарылайды.

Бұл ереже көмірсутектердің үлкен тобына (хош иістілерден басқа) арналған. Тағы бір ерекше атайтын жай, уыттық әсердің күшеюімен заттың гемолитикалық әсері де жоғарылайды.



  1. Басқа маңызды заңдылық жайында «тармақталған тізбектер ережесі» түсінік береді: көміртегі атомдары тізбектерінің тармақтарымен заттың уыттық әсерінің күші әлсірей түседі. Мысалы, изопропилді спирт қалыпты пропилді спиртке қарағанда әлсіз әсер тигізеді. Бұдан басқа, циклдік көмірсулар арасында, бір немесе бірнеше бүйір тармақтары бар изомерлермен салыстырғанда бір ұзын бүйір тармағы бар циклдік көмірсулар арасындағы заттардың буы көбірек белсенді болатыны белгілі (этилциклогексанның буы диметилциклогексанның буына қарағанда күштірек әсер етеді).

  2. Бірінші рет Н.В. Лазарев көрсеткендей, заттардың молекуласына еселік байланыстарды енгізу, ингаляция жолымен әсер еткенде ұшқыш есірткілердің биологиялық әсерін күшейте түседі. Мысалы, этиленнің (Сн2-СН2) есіртпе әсері этанға (Сн3-СН3) қарағанда күштірек. Молекулада қос байланыстардың пайда болуы жиі олардың химиялық белсенділіктерін күшейте түседі, сондықтан бұндай жағдайларда тек күші ғана емес сонымен қатар әсер ету сипаты да өзгереді.

  3. Көміртегі атомдары тізбегінің түйісуі ингаляциялық жолмен түскен көмірсутектердің әсер ету күшін ұлғайтады. Қос пропанның пропанға қарағанда күштірек әсер ететіні белгілі. Сондай-ақ, көмірсутектер буларының есіртпе әсері олардың полиметилендік шеңберден ароматтыққа өтуіне байланысты күшейеді. Мысалы, бензол буы циклогексан буына, толуол буы метилциклогексан буына қарағанда күштірек әсер етеді.

  4. Тітіркендіргіш әсер күші гомологиялық қатарда өзгеріске ұшырайды, көміртегі атомдары санының көбеюімен күшейе түседі.

  5. Хош иісті шеңберге хлорды енгізу уыттылық және есіртпе әсерлерді көбейте түседі. Мысалы, ақ егеуқұйрықтардың DL50 көрсеткіші стирол үшін 14г/кг-ға монохлорстирол үшін -11 г/кг-ға, ал дихлорстирол үшін – 4г/кг-ға тең.Молекулаға нитро немесе нитрозо топтарды енгізу, бұл радикалдардың молекуланың көміртегі немесе оттегі мен байланысу, байланыспауына қарамастан заттың уыттық әсерін бірден өзгертеді. Бұл жағдайда есіртпе әсері болмайды, ал бірінші орынға ОНЖ, қанға, паремхиматозды мүшелерге әсері шығады.

Ұқсас әсер молекулаға аминотоптарды (NН2) енгізгенде байқалады, бұл жағдайда аминдер нитротуындылары сияқты күшті метгемоглобинтүзуші қасиетке ие болып, орталық нерв жүйесіне айқын әсер тигізеді (анилин, толуидиндер).

Қаныққан қоспалардың уыттылығы (жиі тітіркендіргіш әсер жасайды) жоғары болатыны белгілі, демек қоспалар көбірек қаныққан сайын уыттылық жоғарылай түседі. Мысалы, пропил спирті (СН3- СН2 – СН2-ОН) әлсіз анастезиялық әсерге ие, оның тышқандарда басқа жағдай тудыратын буларының концентрациясы 40-50 мг/л-ге тең, ал ... спиртінің (СН2=СН СН2ОН) мүшелер мен жүйелердегі қан құйылуды, қатерсіз ісіктер және өлім тудыратын концентрациясы 1-2 мг/л-ға тең. Уыттылық жағынан кейбір стереоизомерлер айырықшаланады. Мысалы, малейн қышқылының фумар қышқылына қарағанда уыттылығы күштірек.

НС-СООН НООС – СН

ІІІ ІІ


НС- СООН НС-СООН

Малейінді қышқыл фумар қышқылы

Органикалық емес қоспалардың құрылымы мен уыттылығы арасындағы байланысы жайындағы материалдарды тұжырымдау өте күрделі. Бірақ бұл жерде де тәуелділікті бақылауға мүмкіндік тудыратын белгілі бір топтарды бөлуге болатындығы айқындалды. Мысалы, химиктер баяғыда бір топқа біріктірген галоидтар ұқсас әсер тигізеді: өте жоғары химиялық белсенділіктеріне орай олар қарапайым тітіркендіргіш улар болып саналады. Сілтілі жер металдар да ұқсас әсерін тигізеді, атом салмағының өсуімен олардың уыттылығы жоғарылай түседі: кальций, стронций, барий. Әсер етулеріндегі ұқсастық ауыр металдарда да байқалады (темір, мыс, сынап, қорғасын, марганец т.б.), олар кәдімгі протоплазмалық улар.

Улы заттың маңызды сипаттамасы оның валенттілігі, ол атомдық салмағы сияқты уыттылыққа айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, темір оксидіне қарағанда темір закисі уыттылау, темір тотығы тек жергілікті күйдіргіш әсерін тигізеді.



Заттың агрегаттық күйінің маңызы зор. Қатты органикалық заттар тері арқылы өте баяу енеді. Шаңның әсер етуінде оның дисперсиялығының алатын орны зор, суда және организм сұйықтарында ерігіштіктің де айтарлықтай маңызы бар. Мысалы, күкіртті қорғасын суда нашар ериді, сондықтан оның улылығы қорғасынның басқа қоспаларына қарағанда әлсіз.

8 Өндірістік уланулардың алдын алу шаралары
Гигиеналық реттеу. ҚР Үкіметінің «О запрещении использовании в Республике Казахстан экологически вредных пестицидов и порядке их захоронения» №439 қаулысы 15.04.96 бойынша тұрақты және жоғары улы пестицидтерді қолдануға тыйым салынады. МСЭҚ органдарымен «Пестицидтер», «Нитраттар» Бағдарламасы бойынша әдістемелік нұсқаулар бекітілген.

Кәсіптік, әсіресе созылмалы уланулармен күресудің маңызды шарасы жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың (газ, бу, аэрозоль) концентрациясын гигиеналық реттеу, яғни шектеліп рұқсат етілген концентрацияларды қабылдау болып табылады.

Оларды санитарлық қадағалау органдары бекіткеннен кейін рұқсат етілген концентрациялар міндетті болып саналады.

Санитарлық нормативтік құжатнамада ШРЕК келесідей қабылданады: «Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрациялары – бұл 8 сағаттық немесе т.б. уақыт ішінде күнделікті,бірақ аптасына 40 сағаттан көп емес жұмыс атқарғанда (демалыс күндерінен басқа) жұмыс барысында немесе осы немесе болашақ ұрпақтар өмірінің алшақтатылған мерзімдерінде зерттеудің қазіргі әдістерімен анықталатын ауруларды және денсаулық жағдайының ауытқуларын туындатпайтын концентрациялар». Осымен байланысты ҚР-да МСЭҚБ тұсында жаңа химиялық заттарды нормалау бойынша комитет құрылды.



Гигиеналық стандарттау. Бұл химиялық қоспалардың рұқсат етілген мөлшерін анықтау, Мемлекеттік стандартқа, уақытша немесе тұрақты техникалық шарттарға өнделген шектеулерді енгізу арқылы олардың құрамын бақылау.

Құрамында өте улы қоспалары бар, кең таралған және белгілі өнімдердің бірі органикалық еріткіштер болып табылады. Мысалы, мұнай қойнауына және бензин алу тәсіліне байланысты оның құрамындағы ароматтық көмірсутек мөлшері 3-тен 40-50%-ға дейін ауытқиды.

Гигиеналық реттеуде, әсіресе гигиеналық стандарттауда санитарлық химияның маңызы зор. Ол химиялық қоспалардың, синтез өнімдерінің, талдау әдістерін, химиялық қосылыстардың және тауарлардың құрамындағы улы қоспаларды, сонымен қатар қоршаған ортаның газды, бу-ауалы қоспаларды, әсіресе жеке қосылыстардың немесе көптеген синтетикалық материалдардың деструкциясы кезінде анықтаудың өте сезімтал әдістерін жетілдіреді.

Техникалық шаралар.


  1. Технологиялық процестерді автоматтау және механизациялау

  2. Алыстан басқаруды ұйымдастыру.

3. Зиянды өндірістік процестерді (заттарды) зияндылығы аз заттарға

ауыстыру.

4. Технологиялық процестердің тұйық циклдерін орнату.

5. I және II қауіп класқа жататын химиялық заттармен жұмысты роботтау.



Санитарлық-техникалық шаралар. Ауа ортасы процестердің үздіксіздігінің бұзылысы кезінде, жұмыс жүктемесі артық болса ластанады. Сондықтан химиялық заттардың зиянды әсерінің профилактикасында ұтымды жасанды желдету маңызды орын алады. Желдетуші құрылғылар бөлінетін газ, бу, шаң түзілу уақыты мен орнында жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрацияларын сақтай отырып, шығарылуын қамтамасыз ету керек.

Қазіргі кезде өндірістің көптеген процестерінің және аппаратураларының толығымен тұмшаланбағандықтан, ауа ортасы бірқатар жағдайларда улы заттармен ластанады. Кәсіптік уланулар және аурулармен күресуде зиянды процестерді оңашалау және өндірістік бөлмежайларды ұтымды жоспарлау мәселелері шешілуі керек.

Аса зиянды операциялар мен технологиялық процестер ортақ өндірістік жайлардан (реакторлар, насостар, компрессорлар т.б.) оқшаулануы тиіс. Жұмыс жайларының ішкі өңделудің үлкен маңызы бар. Қабырғалардың, едендердің, төбенің жабу материалдарын таңдаған кезде ғимарат қорабының химиялық заттарды сорбция және кейінгі десорбция мүмкіндігін ескеру керек.

Сондықтан ішкі жабу және өндірістік жайларды өңдеу материалдарын таңдаған кезде сынап-күкірт және т.б. жұмыс істегенде құрылыс материалдарын қорғайтын жабындыларды (полихлорвинил, пластик т.б., сонымен қатар сорбция процесіне кедергі болатын химиялық қоспаларды) пайдалану керек. Құрылыстау кезінде өте улы заттар өндірісінде едендерді, қабырғаларды және төбені жуу және дегазациялау үшін құрылғылар ескерілуі тиіс.



Санитарлық-гигиеналық шаралар. Санитарлық-гигиеналық шаралардың ішінен жұмысшылардың еңбегі мен демалысын дұрыс ұйымдастырудың зор маңызы бар. Кумуляцияға қабілетті заттармен жұмыс істегенде таза ауада табиғи және климаттық жағдайларды және витаминдерге бай тамақтануды ескеріп, демалысты ұйымдастыру үлкен мәнге ие.

Зияндылық бойынша компенсациялау кең тараған. Оған жататыны: жұмыс күнін қысқарту, қосымша демалыстар, арнайы тамақтану және ерте зейнетке жіберу. Бұлар ауа ортасын және еңбек жағдайын сауықтандыруда қосымша ретінде қолданылады.

Сұйық және себілетін денелерді тасымалдауды механизациялауды, тиеу және төгу операцияларын автоматтауды, жұмысшылардың улы заттармен тікелей қатынасын болдырмауды, ұтымды және қауіпсіз жабдықтарды пайдалануды, улы заттарды улы емес немесе улылығы аз заттармен ауыстыруды енгізу керек.

Өндірістік улануларды төмендетуде нәтижелі лактар мен бояулар құрамындағы бензол, дихлорэтан, төртхлорлы көміртегі сияқты улы заттарды қолдануын шектеу болып табылады.



Жеке қорғаныс құралдары. Жұмысшылардың тыныс алу мүшелері мен терісі арқылы енетін өнеркәсіптік улардың тікелей әсері әлі де қауіпті болып саналады. Бұл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарын қолдану керек. Тыныс алу мүшелерін қорғау үшін әр түрлі жүйедегі газқағарлар мен респираторлар бар: сүзгіш газқағарлар - бөлек улар мен олардың қоспаларынан қорғайды, ауада оттегі жеткілікті болғанда қолданылады; оқшаулағыш газқағарлар – оттегі жеткіліксіз болғанда немесе зиянды бу мен газдың өте жоғары концентрациялары кезінде (апаттық жағдайларда) қолданылады.

Теріні қорғаудың маңызы үлкен, себебі оның аурулары (дерматиттер, экземалар) кейбір өндірістерде барлық кәсіптік аурулардың негізгі құрамдас бөлігін алады.

Қолдың терісін қорғау үшін қолғаптардан, арнайы киімнен басқа биологиялық қолғаптар типіндегі гидрофобты, гидрофильді қорғаныс майлары, химиялық дезактивациялау заттары, ластарды жуатын бірқатар заттар қолданылады.

Химиялық заттардың зиянды әсерінен көзді қорғау үшін әр түрлі көзілдіріктерді, сонымен қатар қорғаныс экрандарды қолданады.

Жеке қорғаныс құралдарымен бірге ластанған теріден химиялық ластарды жоюын қамтамасыз ететін өндірістік жайларды жабдықтау керек.
Емдік-профилактикалық шаралар.

Медициналық қараулар. Улы қосылыстармен жұмыс істейтіндердің жұмыс жағдайын жүйелі түрде бақылау – кәсіптік созылмалы уланулар мен аурулардың профилактикасында маңызды звено болып табылады. Қазіргі кезде жұмысқа орналасқан кезде міндетті және көптеген химиялық заттармен жұмыс істеген кезде жүйелі медициналық қараулар қабылданған. Улы заттардың, өндірістердің және кәсіптердің сәйкес тізімдері ҚР ДСМ-мен реттелген (№243 бұйрық, 12.03.04). Бұл тізімдерде олардың ықпалы таралатын химиялық заттар, өндірістер және кәсіптер тізімі, жүйелі медициналық қараулардың мерзімдері, оларға қатысатын мамандар және қажетті зертханалық зерттеулер тізімі, сонымен қатар бұл жұмысқа алу және оны жалғастыруға қарсы көрсеткіштер берілген.

Жүйелі медициналық қарауларды жүргізудің басты міндеті – созылмалы улану немесе ауру белгілерін ерте анықтау. Жүйелі медициналық бақылау профилактикасына, ерте диагностикасына және терапиясына жағдай жасап, кәсіптік уланулар мен аурулардың симптпомдарын анықтауға және нақтылауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге едәір контингенттер денсаулығын жүйелі бақылау жұмыс аймағының ауасындағы улы заттардың концентрацияларын салыстырған кезде ШРЕК дұрыстығын және оны түзету қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі ережелеріне, улы заттармен жұмыс істеу тәртіптеріне үйрету, өмірге қауіпті қондырғылар мен процестерді тиісті ескерту жазуларымен, нұсқауларымен қамтамасыз ету профилактикалық шаралардың маңыздыларының бірі болып табылады.

Емдік-профилактикалық тамақтану. Кәсіптік уланулар мен аурулардың жеке профилактикасына химиялық өнеркәсіп жұмысшыларының белгілі бір топтарының ұтымды тамақтануы болып табылады.

Емдік-профилактикалық тамақтану организмнің төзімділігін, удың әсерінен пайда болған бұзылыстарға қарсы тұру қабілеттілігін жоғарлатады. Сонымен қатар ол жеке химиялық заттарға антитоксикалық әсер көрсетіп, олардың жиналуына кедергі жасап, шығарылуына мүмкіндік жасау керек.

Тамақтанудың көмірсулық сипаты бауырдағы гликогеннің құрамын жоғарлатып, оның барьерлік функцияларын, организмнің фосфор, хлороформ, циан қосылыстарына төзімділігін арттырады. Бірақ бұл рацион уланулармен күресудің әмбебап құралы болып табылмайды.

Тағам құрамындағы, зат алмасуға белсенді қатысатын минералды заттардың бірі болып, көптеген ағымына әсер ететін фактор ретінде кальций табылады. Оның рационда жетіспеушілігі организмнің көптеген уларға, әсіресе фторидтерге және майлар қатарының хлор алмасқан көмірсутегілеріне қарсы тұруын төмендетеді. Керісінше, тағамда кальцийдің жоғары мөлшері бұл интоксикациялар ағымын едәуір жеңілдетеді.

Темір препараттарын қолдану күкіртті және цианистый натриймен, сонымен қатар қанға әсер ететін кейбір улармен улану ағымын жеңілдетеді.

С витамині қорғасынның аз ерігіш қосылыстарын тез ерігіш қосылыс-тарына айналдырады. Аскорбин қышқылының, әсіресе кальций аскорбаты-ның зиянсыздандырғыш әсері бензолмен, фосформен, мышьякпен улану ке-зінде дәлелденген; организмнің гексахлорциклогексанға, тиофосқа, окта-метилге, күкірт көмірсутекке, фосгенге және т.б. уларға төзімділігін жоғарлатады.

В тобының витаминдері хлор алмасқан көмірсутектермен, плавик қышқылының тұздарымен, бензолмен, сынаппен, қорғасынмен, фтормен, күкіртсутекпен уланулардың ағымын жеңілдетеді. К витамині хлор алмасқан көмірсутектермен, бензолмен, сынаппен, қорғасынмен интоксикацияның ағымына әсер етеді; Р витамині кремний құрамдас шаңдардың әсері кезіндегі капилярлардың жоғарлаған өткізгіштігін төмендетеді. Д витамині кадмий интоксикациясы кезіндегі сүйек зақымдалуларын алдын алады.

Өнеркәсіптік улардың белгілі бір топтармен жанасатын жұмысшыларға ҚР Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Об утверждении норм выдачи молока, рационов лечебно-профилактического питания работникам за счет средств работодателя» Бұйрығы №170-п 29.06.05 қосымша емдік-профилактикалық тегін тамақтану ескерілген.


9 «Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар» тақырыбы бойынша тесттік тапсырмалар
1. Өндірістік у түсінігінің нақты анықтамасы:

А).цехтың ауасына түсетін бу, газ және щаң түріндегі химиялық қосылыстар

В).өндірісте қолданылатын улы қосылыстар

С).өндіріс жағдайында организмге еніп, қалыпты тіршіліктің бұзылыстарын тудыратын химиялық заттар

D).өндіріс жағдайында организмге тыныс алу мүшелері арқылы еніп, қалыпты тіршіліктің бұзылыстарын тудыратын химиялық заттар

Е).өндіріс жағдайында организмге асқазан-ішек жолы арқылы еніп, қалыпты тіршіліктің бұзылыстарын тудыратын химиялық заттар



2. Өндірістік улардың организмге енуінің негізгі жолы:

А).тыныс алу мүшелері

В).асқазан-ішек жолы

С).зақымдалған тері

D).зақымдалмаған тері

Е).шырышты қабаттар



3. Өндірістік улардың сіңірілуі жақсы жүретін жолды көрсетіңіз:

А).тыныс алу мүшелері

В).асқазан-ішек жолы

С).зақымдалған тері

D).зақымдалмаған тері

Е).шырышты қабаттар



4. Тері арқылы енуі ең қауіпті заттардың агрегаттық күйін көрсетіңіз:

А).газ


В).бу

С).сұйық


D).түйіршік

Е).шаң


5. Реакцияланбайтын газдар мен булармен қанның қанығуы қалай жүреді?

А).тез


В).баяу

С).бастапқыда тез, кейін баяу

D).бастапқыда баяу, кейін тез

Е).өте тез



6. Өндірістік улардың организмге ингаляциялық жолмен түсуі немен анықталады?

А).заттың концентрациясымен

В).заттың дозасымен

С).әсер ету уақытымен

D).заттың үлес салмағымен

Е).әсер ету жиілігімен



7. Реакцияланатын және реакцияланбайтын улардың жіктелуі енудің қандай жолын ескереді?

А).тыныс алу мүшелері арқылы

В). асқазан-ішек жолы

С).зақымдалған тері

D).зақымдалмаған тері

Е).тағаммен



8. Ұлпаларда таралуы мен жасушаларға енуі бойынша химиялық заттарды бөлуге болады:

А).реакцияланатын және реакцияланбайтын

В).электролиттер және бейэлектролиттер

С).ерігіш және ерігіш емес

D).улы және фиброгенді

Е).электрзарядталған және зарядталмаған



9. Заттардың қандай агрегаттық күйлері тері арқылы енуі бойынша ең қауіпті:

А).газ


В).бу

С).сұйық


D).шаң

Е).гранула



10. Асқазан-ішек жолы арқылы түсетін улардың сіңірілуі қайда жүзеге

асады :

А).асқазанда

В).аш ішекте

С).тоқ ішекте

D).ауыз қуысында

Е).өңеште



11. Электолиттердің организмге таралу ерекшелігі – қанда ... жойылу қабілеті

А).тез


В).баяу

С).бастапқыда баяу, кейін тез

D).бастапқыда тез, кейін баяу

Е).жойылмайды



12. Организмге бейэлектролиттердің таралуы қандай көрсеткіштерге байланысты:

А).ерігіштік коэффиценті (майда ерігіштігі/суда ерігіштігі), мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі

В).асқазан сөліндегі ерігіштік

С).меншікті салмақ

D).молекулалық салмақ

Е).ішек сөліндегі ерігіштік



13. Улар тыныс алу мүшелері арқылы түскен кезде олардың таралу коэффициентінің (К) мәні:

А).алвеолалық ауадағы концентрациясы /алвеолалық ауадағы концентрациясы

В).атмосфералық ауадағы концентрациясы/ алвеолалық ауадағы концентрациясы

С).алвеолалық ауадағы концентрациясы/ атмосфералық ауадағы концентрациясы

D).веналық қандағы концентрациясы/ атмосфералық ауадағы концентрациясы

Е).ауадағы концентрациясы/ веналық қандағы концентрациясы



14. Өкпеде реакцияға түсетін газдар мен булардың сорбциясын анықтайтын көрсеткіштерді таңдаңыздар

А).ластанған атмосферада болу ұзақтығы,жұмыс ауырлығы,метеорологиялық жағдайлар

В).диффузия заңы

С).таралу коэффициенті

D).қор коэффициенті

Е).белсенді транспорт



15.Уларды залалсыздандыруға қатысатын мүше

А).бүйректер

В).бауыр

С).көк бауыр

D).өкпе

Е).ішек


16.Өкпе арқылы қандай заттар бөлінеді

А).организмде өзгермейтін немесе аз өзгеретін ұшқыш заттар

В).суда еритін

С).майда еритін

D).көмірсуларда еритін

Е).металдар



17.Сұйық химиялық заттардың тері арқылы ену қабілеттілігін анықтаған кезде қолданылған заттарды қалай есептейді

А).жануар салмағының килограмына

В).дене беткейінің см2-на

С).жануар денесінің салмағына

D).дене беткейінің жалпы ауданына

Е).жануар бойына



18.Материалдық кумуляция үшін маңызды болып табылады

А).концентрация

В).әсер ету ұзақтығы

С).молекулалық салмақ

D).ерігіштік

Е).доза


19.Көрсеткіштердің қайсысы материалдық кумуляция үшін шешуші мәнге ие

А).концентрация

В).әсер ету ұзақтығы

С).молекулалық салмақ

D).ерігіштік

Е).доза


20.Материалдық кумуляцияға қабілетті затардың әсер етуі неге байланысты

А).доза


В).заттың агрегаттық жағдайы

С).заттың әсер ету ұзақтығы

D).ерігіштік

Е).концентрация



21.Фунционалдық кумуляция үшін шешуші мәнге ие болатын көрсеткішті таңдаңыздар

А).заттың концентрациясы

В).әсер ету уақыты

С).молекулалық салмақ

D).ерігіштік

Е).доза


22.Өнеркәсіптік улар әсеріне аса сезімтал организмнің жүйесі

А).жүрек-тамыр жүйесі

В).жүйке жүйесі

С).тыныс алу мүшесі

D).асқазан-ішек жолы

Е).зәр-несеп жүйесі



23.Қандай қысқа уақыт ішінде әсер еткенде жедел кәсіптік уланулар қайда болады

А).1 сағаттан көп емес

В).3 сағаттан көп емес

С).4 сағаттан көп емес

D).6 сағаттан көп емес

Е).бір жұмыс ауысымы ішінде



24.Ненің салдарынан организмде металдармен созылмалы уланулар пайда болады

А).материалдық кумуляция

В).функционалдық кумуляция

С).резорбциялық әсер

D).жалпы әсер

Е).жергілікті әсер



25.Уланулардың қандай формасында уларға үйрену байқалады

А).жедел


В).жеделдеу

С).созылмалы

D).арнайы

Е).арнайы емес



26.Аэрозольдердің әсер етуін зерделеу үшін оларды енгізу тәсілін көрсетіңіздер

А).ингаляциялық

В).тамырға

С).іш қуысына

D).асқазанға

Е).бауыр арқылы



27. Тыныс алу мүшелеріне фибриногенді әсер етуді зерттеудегі ең ыңғайлы тәжірибелік үлгіні көрсетіңіз:

А).егеуқұйрық

В).тышқандар

С).көжектер

D).теңіз шошқалары

Е).мысықтар



28. Улылықтың жоғарғы деңгейін тағайындау үшін пайдаланылатын тәжірибелік жануарлардың ең көп таралған түрін көрсетіңіз:

А).егеуқұйрық

В).тышқандар

С).көжектер

D).теңіз шошқалары

Е).маймылдар



29. Аэрозольдердің фибриногенді әсерін зерттеу үшін қолданылатын ең қарапайым зерттеу әдісін көрсетіңіз:

А).ингаляциялық

В).интратрахеальдық

С).ауыз арқылы

D).іш қуысына

Е).асқазанға



30. Кәсіптік уланудың ең жиі себебі болып табылады:

А).технологиялық процестің дұрыс жүргізілмеуі

В).желдетудің дұрыс болмауы немесе мүлдем жоқтығы

С).жеке қорғаныс құралдарының дұрыс болмауы немесе жоқтығы

D).жұмысшының біліктілігінің төмендігі

Е).тәртіптің төмендігі



31. Улы газдар мен булардың әсерінен тыныс алу мүшелерін қорғау үшін пайдаланылады:

А).клапандық респираторлар

В).клапансыз респираторлар

С).газқағарлар

D).мақта -дәкелі маска

Е).обаға қарсы киімдер



32. Улы шаңның әсерінен тыныс алу мүшелерін қорғау үшін пайдаланылады:

А).респираторлар

В).шлангты газқағарлар

С).сүзгілі газқағарлар

D).обаға қарсы киім

Е).оңашалайтын газқағарлар



33.Созылмалы кәсіптік уланудың дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:

А).бұл организмге бір рет түскенде улану белгілері байқалмайтын олардың ұзақ әрі жүйелі әсер ету нәтижесінде болатын ауру

В).бұл ұзақ уақыт бойына қайталанған жеңіл уланулар нәтижесінде болған ауру

С).бұл удың бір рет түскеннен кейін пайда болған ауру

D).бұл удың бір сағат бойына әсер етуінен пайда болған ауру

Е).бұл удың сегіз сағат бойына әсер етүінен болған ауру



34. Жедел кәсіптік уланудың дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:

А).бұл аурудың көп рет әсер болған ауру

В).бұл бір жұмыс ауысымы кезінде удың әсерінен болған ауру

С).бұл организмге бір рет түскенде улану белгілері байқалмайтын улардың ұзақ әрі жүйелі әсер ету нәтижесінде болатын ауру

D).бұл ұзақ уақыт бойына қайталанған жеңіл уланулар нәтижесінде болатын ауру

Е).бұл удың екі сағат әсерінен кейін пайда болатын ауру



35. Өнеркәсіптік улардың жіктелмейтін көрсеткіші:

А).организмге әсер етуі бойынша

В).организмге түсуі бойынша

С).химиялық құрылымы бойынша

D).улылығы бойынша

Е).зияндылығы бойынша



36. Өнеркәсіптік улардың жіктелмейтін көрсеткіші:

А). организмге әсер етуі бойынша

В). организмге түсуі бойынша

С).химиялық құрылымы бойынша

D).улылығы бойынша

Е).зияндылығы бойынша



37. Өнеркәсіптік улардың арнайы емес әсері:

А).бластомогенді

В).тератогенді

С).гонадотропты

D).мутагенді

Е).биологиялық



38. Улардың жыныстық қызметіне арнайы әсерін көрсетіңіз:

А).биостомогенді

В).тератогенді

С).гонадотропты

D).мутагенді

Е).биологиялық



39. Өндірістік улардың комплексті әсері мына кезде жүзеге асады:

А).улардың бір мезгілде ауамен, сумен, тамақпен түседі

В).улардың тері арқылы енуі

С).улардың тыныс алу органдары және тері арқылы енуі

D).улардың асқазан-ішек трактісі және тері арқылы енуі

Е).улардың тыныс алу органдары арқылы енуі



40. Улардың сенсибилизациялық әсерін зерттеу токсикологияның қандай әдістері қамтиды?

А).физиологиялық

В).биохимиялық

С).арнайы

D).патоморфологиялық

Е).математико-статистикалық



41. Ферменттердің белсенділігін токсикологияның қандай әдістерінде қамтылады?

А).биохимиялық

В).арнайы

С).патоморфологиялық

D).физиологиялық

Е).математико-статистикалық



42. Жануарлардың жұмысқа қабілеттілігін токсикологияның қандай әдістерінде оқытады?

А).физиологиялық

В).биохимиялық

С).патоморфологиялық

D).арнайы

Е).математико-статестикалық



43. Иммунобиологиялық сынамаларды жүргізу токсикологияның қандай әдісіне жатады?

А).физиологиялық

В).арнайы

С).биохимиялық

D).патоморфологиялық

Е).математикалық-статистикалық



44. Гистохимиялық зерттеу токсикологияның қандай әдісіне жатады:

А).физиологиялық

В).биохимиялық

С).арнайы

D).патоморфологиялық

Е).математикалық-статистикалық



45. Токсикологияның қандай әдісінде бір көрсеткіштің басқа көрсеткіштен корреляциялық тәуелсіздігін анықтайды:

А).физиологиялық

В).биохимиялық

С).арнайы

D).патоморфологиялық

Е).математикалық-статистикалық



46. Гистологиялық зерттеу токсикологияның қандай әдісіне жатады?

А).физиологиялық

В).биохимиялық

С).арнайы

D).патоморфологиялық

Е).математикалық-статистикалық



47. Мына заттардың ішінен бу және газбен реакцияланбайтын топты табыңыз:

А).ароматикалық көмірсулар

В).аммиак

С).күкірт газы

D).азот қышқылы

Е).көмір қышқылы



48. Мына заттардың ішінен бу және газбен реакцияланатын топты табыңыз:

А).ароматикалық көмірсулар

В).май қатарындағы көмірсулар

С).көмірсулар туындылары

D).аммиак, күкірт газы, азот қышқылы, көмір қышқылы

Е).метан


49. Тері арқылы ену тәсілі бар улы заттардың көрсеткіштерін тандаңыз:

А).суда ерігіштігі

В).майда және липоидта еритіндер

С).тері мен беткейлік жанасу өлшемі

D).теріде қанның аз ағу жылдамдығы

Е).барлық жауап дұрыс



50. Бейорганикалық химиялық заттар қалай таралатынын көрсетіңіз:

А).организмде қорға жиналады

В).барлық органдарға тегіс таралады

С).барлық органдарға тегіс таралмайды

D).белгісіз түрде шығарылады

Е).таралмайды



51. Электролиттер организмге түскен соң таралады:

А).теріде тегіс емес

В).тегіс

С).таралмайды

D).белгісіз түрде шығарылады

Е).барлық жауап дұрыс



52. Электролиттік емес заттар организмге түскен соң таралады:

А).тегіс емес

В).тіндерде тегіс

С).таралмайды

D).белгісіз түрде шығарылады

Е).барлық жауап дұрыс



53. Электролиттердің организмде таралу ерекшелігі – қанда ... жойылу қабілеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет