ОӘК 042-14-5-07.01.20.26.03-2009
|
№ 1 баспа
|
беттіңбеті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ПОӘК042-14-5-07.01.20.02.03 - 2009
|
«Қазақстан Респубикасының әкімшілік құқығы»пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№1 басылым 2011ж
|
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫ»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Оқытушыған арналған оқу жұмыс бағдарламасы
«5В030100»- заңтану мамандықтарына арналған
Семей
2011
Мазмұны
-
Глоссарий
-
Дәрістер
-
Практикалық сабақтар
-
Студенттердің өздік жұмысы
-
Глоссарий
№
|
Терминдік ұғым сөз
|
Ұғымдық мазмұны
|
1
|
«авторлық құқық»
|
Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т.б. туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы
|
2
|
« адвокат»
|
Заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсіндірмелер,заңдар жөнінде ауызша және жазбаша анықтамалар беру; арыздар ,шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды түзу,сотта,арбитражда және т.б.мемлекеттік органдарда азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұушылық жөніндегі істерде өкілдік ету ,қорғаушы , өкілі ретінде алдын-ала тергеуге және қылмыстық істер бойынша сотқа қатысуға кіреді.
|
3
|
« әкімшілік құқық »
|
Мемлекеттік басқару органдарының ұйымдастыру ,атқару , билік жүргізу процесінде пайда болатын қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуші құқық саласы
|
4
|
«заңи акт»
|
Белгілі бір құқықтық нәтиже туындайтын,заңи ахуал жасайтын және бүкіл халықтың мүддесіне сай өндіріс тәсілдерін қалыптастыру,нығайту және дамыту мақсатымен қоғамдық қарым –қатынастарды жетілдіруге арналған ресми жазбаша құжат.
|
5
|
«әкімшілік тұтқындау»
|
Әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлеріне кей реттерде қолданылатын әкімшілік жаза ;оны 15 тәуліктік мерзімге шейін
|
6
|
«билік»
|
өкімет жұртшылықтың құқықтық қарым-қатынастары барсында адамдардың санасы мен мінез-құлқына ұйымдасқан түрде әсер ете отырып,оларды ортақ мақсатқа жетуге бағыттау.
|
7
|
«қылмыстық іс қозғау»
|
Қылмыстық істің бастапқы сатысы ,мұнда жасалған немесе әзірленген қылмыстар туралы алынған мәліметтерді қарап шығып ,прокурор,тергеуші,анықтау органы , сот,судьянемесе одан бас тарту т.б жөнінде шешім(қаулы , ұйғарым) қабылдайды.себеп (өтініш ,хат,баспа сөздегіхабарлама,кінәсін мойындап келу,т.б) пен қылмыстың нышандарын көрсететін жеткілікті мәліметтер болған кезде ғана қылмыстық іс қозғалады.
|
8
|
«залалды өтеу»
|
Еңбек құқығында қызметкердің кәсіпорынға (мекемеге) шектірілген залалдың орнын заңмен белгіленген шекте және тәртіпте толтыру міндеттілігі.Осы залал үшін тәртіптік немесе өзгелей жауапкершілікке тартылған-тартылмағынына қарамастан қызметкер оның орнын толтыруға тиіс.
|
9
|
«мемлекет басшысы»
|
Атқарушылық билік пен сыртқы байланыстар аясында мемлекеттің мәртебелі өкілі болып есептелетін мемлекеттегі жоғарғы лауазымды тұлға.
|
10
|
«үкімет басшысы»
|
Мемлекеттің биліктің (өкімететтңің) жоғарғы атқарушы органның жетекшісі (басқарудың парламентарлық пішімі бар елдерде –премьер –министр,канцлер,ал президенттік республикада –президент)
|
11
|
«мемлекеттік құқық»
|
Елдердің қоғамдық құрлысы мен саясатының,азаматтарының құқықтық жағдайларының , олардың құқылармен бостандықтары,міндеттерінің негіздерін,мемлекет құрлысы мен оның мемлекеттік органдардының жүйесін бекіндіретін мемлекеттік –құқықтық нормалардың жиынтығы.
|
12
|
«мемлекеттік аппарат»
|
Нақты бір мемлекеттің мемлекеттік билігін ,міндеттерін жүзеге асыратын мемлекет органдарының жүйесі;мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі.М.а-тың қызметінің мазмұны , оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының принциптері ,кадр құрамы,жұмыс пішімдері мен әдістері сол мемлекеттің міндеттерін атқарушының тиісті мұқтаждарымен айқындалды.
|
13
|
«азаматтық»
|
Нақты бір мемлекетке адамның саяси және құықтық жағынан тіленуі.Мемлекетпен және өзара оның билігі жүретін адаммен арадағы өзара қарым-қатынастар ретінде көрінеді:мемлекет азаматқа құқылар береді,қорғайды және шет елде жүргенде қамқорлығына алады.Өз кезегінде , азамат мемлекеттің заңдары мен басқалай нұсқауларын бұлжытпай сақтайды,әрі оның белгіленген міндеттемелерін орындайды.Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтығы жоқ адамнан ерекшелейтін саяси –құқықтық статусын құрайды.
|
14
|
«талап»
|
Нұқсан келтірілген немесе даулы құқыларды немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғаудың заңи құралы.Азаматтық істе талапты белгіленген заңдық тәртіппен кез келген мүдделі тұлға қоя алады.
|
15
|
«Жеке тұлға»
|
Көптеген елдердің азаматтық низамында-азаматтық құқықтың субьектісі ретіндегі жеке адам ,осының өзі –оның ұжымдық құрлым (ұйым)
|
16
|
«заңды тұлға»
|
Азаматтардың құқықтың субьектісі меншік шаруашылығын жүргізуі немесе оперативті басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүліктпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ,өз атынан мүліктік және жеке бей мүліктік құқылар мен міндеттерге ие болып , оларды жүзеге асыра алатын ,сотта ,арбитражда және төрелік сотта талапкер де жауапкер де бола алатын ұйым.
|
17
|
«теріс қылық»
|
Нақты бір мемлекеттің заңы боынша тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілік арқалайтын құқық бұзушылықты білдіретін жинақтаушы атау.
|
2.Дәрістер
Тақырып 1. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері.
Мақсаты: Әкімішілік құқық саласының құқық салыас ретінде алатын орны мен маңызы
1.Әкімшілік құқықпен реттеленетін қоғамдық қатынастар тобы:
2.Әкімшілік құқықтың әдісі.
3.Құқықтық реттеу механизмі
1.Бұған дейін айтылғандай, ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар. Оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол. Олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша экімшілік күқықты құрайтын құқықтық нормаларға жүктелген.
Солай болғандықтан, аталған аядағы әр түрлі коғамдық қатынастар ең жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін құрайды деп айтуға болады. Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғүрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады.
Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солар-
дың көмегімен мемлекет аткарушы билікті нақты жүзеге асыруға
байланысты,сол туралы пайда болатын қоғамдық катынастарды реттейді.
Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.
Бұл ең маңызды жәйт,өйткені тек пән бойынша, яғни рсттслінетін қоғамдық қатынастардың сипаты бойынша құқыктық салалар ажыратылады.
Олай болатын болса,әкімшілік құқықпен реттелінетін коғамдық қатынастарға нелер тән?
Ең алдымен мынаны айту керек, олар ме млекеттік басқару аясында пайда болады, өзгертіледі және тоқтатылады. Бұған қарағанда бәрі түсінікті сияқты көрінеді, өйткені бұл аяның шекарасы ҚР-нын барлық деңгейіндегі атқарушы билік жүйесінің (механизмінің) үйымдастырылуымен және жүмыс істеуімен, мемлекеттік- басқарушылық қызметті жүзеге асыру процесімен айқындалатындығы белгілі.
Бірақта озірге мына бір жағдайды ғана сенімді түрде айтуға болады: біз ынта қойып отырған қоғамдык қатынастардың мемлекеттік - басқарушылық қызмстпен байланыстылығы оларды жинақтап басқарушылық қатынастар ретінде сипаттауға болатындай мумкіндік береді. Бұл шындығында да солай. Бірақ олардың мәнін толық түсіну үшін бұл жеткіліксіз.
Мәселе мынада, бұған бұрын да коңіл аударылған болатын, баскарушылык сипаты бар қатынастар мемлекеттік- басқарушылық қызметтен тысқары пайда болуы мүмкін. Айталық, өз ісін ұйымдастыру (өзін-өзі ұйымдастыру) мақсаты бар ішкі партиялық немесе ішкі кәсіподақтық қатынастардың шүбәсіз басқарулық сипаты бар. Мысалы, өздерінің жарғылық нормаларының негізінде тиісті басқару органдарын құру, ішкі ұйымдастырушылық, ережелерді белгілеу, т.с.с.
Бізге керегі мына сияқты басқарушылық сипаты бар қогамдык катынастар, олардың мемлекеттік басқарушылык кызметпсн тікелей байланыстылығы себепті оларда мемлекеттік (жариялы) мүдде, мемлекеттік басқарушылық ерік тікелей көріне табады. Соған сәйкес әкімшілік,құқықтың пәнін анықтаған кезде атқарушы билік жуйесінің қызметімсн тікелсй байланысты болатын қатынастар басты назарда болуға тиіс. Ал мұндай қызмет атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде барлық қажетті мүмкіндіктері мсн
өкілеттіктері бар арнайы субьсктінің болуын болжайды. Сондықтан, мемлекеттік басқару аясының шегі ең алдымен арнайы субъектілердің-тиісті баскарушылық қатынастардың қатысушыларының бар болуымсн айқындалады.
Басқадай жағдай мемлекеттік басқару аясы деп қоғамдық маңызды бар кез келген қызмет түрін ,яғни тінті зан шығару мен сот биліктерін жүзеге асырулы да түсінуге сөзсіз келтіреді. Әрине , қаралып отырған проблеманы бұлай шешуге болмайды.
Бұған дейін ұсынылған әкімшілік құқықтың анықтамасында онымен рсттслетін басқарушылык қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыруға «байланысты» және «сол түралы» пайда болады дедік. Бұл да кездейсоқ айтылған емес.
Әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастардың аткарушы билікті жүзеге асыруға байланысты пайда болатыны нені білдірсді?
Бұл жерде тек қана мынадай қатынастар гжәне бүл сте маңызлы еске алынып. отыр, оларда қандай да болмасын атқарушы орган, яғни атқарушы биліктің тиісті субьектісі міндетті түрде қатысады. Олардың қатысуынсыз болатын қоғамдық қатынастар әкімшілік-құқыктық реттсудің шеңберінен тысқары болады. Бұлар, мысалы азаматтардың арасындағы, қоғамдық бірлестіктердің және олардың ішіндсгілердің арасындагы, өндірістік кәсіпорындар, шаруашылық шарттарға негізделген коммерциялық құрылымдар арасындағы, т.с.с. қатынастар. .
2.Әкімшілік құқық, сонымен, өзінің қасиеті бойынша айтарлықтай әртүрлі, бірақ біртектес қатынастарды реттейді. Олардың ішінде:
а) атқарушы биліктің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктер тікелей жүзеге асырылатын қатынастар;
ә) заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектірелі, сондай – ақ пракуратура органдарының қызметтерінің процесінде пайда болатын ікші ұйымдастырушылық сипаты бар қатынастар;
в) қолданылып жүрген заңдамаларда тікелей қаралған жағдайларда қоғамдық бірлестіктердің және өзге мемлекеттік емес құрылымдардың қатысуымен болатын қатынастар (мысалы, олардың мемлекеттік тіркеуді және қызметіне мемлекеттік қадағалауды жүргізуге асырған кезде). Сонымен қатар әкімшілік құқықпен реттеудің басқарушылық қатынастарды, олардың арналымы мен реттеудің мақсаттарына байланысты екі топқа бөлуге болатынын ескеру керек. Мұндай мағынада ікші және сыртқы қатынастар ажыратылады. Оларды бұлай топтастырудың қандай мәні бар?
Ішкі (ішкі ұйымдастырушылық немесе ішкі жүйелік) басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен қатар бірге заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектілерінің ақпараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады.
Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады.
Сыртқы қатынастар, олардың шеңберінде атқарушы билік органдарының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктерітікелей жүзеге асырылады, өйткені атқарушы билік органдары тарапынан басқарылатын сыртқы объектілердің еркі мен мінез-құлқына
басқарушылық ықпал жасалынады. Сыртқы қатынастар болып мыналар саналады:
а) атқарушы биліктің әртүрлі органдарының (біріне бірі бағыныштылардың және біріне бірі бағынышты еместердің) арасындағы;
ә) атқарушы билік органдары мен азаматтардың арасындағы;
б) атқарушы билік органдары мен олардың ұйымдастыру жағынан бағынысындағы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың арасындағы;
в) атқарушы билік органдары мен сот билігі органдарының арасындағы;
г) атқарушы билік органдары мен қолданылып жүрген заңнамаларда қаралған жағдайларда мемлекеттік емес ұйымдардың арасындағы;
Басқарушылық қоғамдық қатынастарды әкімшілік – құқықтық реттеудің нәтижесі оларды әкімшілік – құқықытық сипаты бар қатынастарға айналдыру болып табылады.
Басқарушылық қатынастарда белгілі бір объект болады. Бұл жерде олардың не жөнінде пайда болатыны көзделіп отыр. Бұдан бұрын баяндалған жағдайлардан мынадай қорытынды шығады: әкімшілік – құқықтық нормалар нақты қоғамдық қатынастар тараптарынын өзара байланысты міндеттері мен құқықтарын қарайды, олар сол тараптардың іс – әрекеттерінде жүзеге асырылуы мүмкін болады. Бұл міндеттер мен құқықтар мемлекеттік басқару аясындағы тараптардың қажетті мінез – құлықтарымен, яғни олардың белгілі бір іс – әрекеттер жасауымен өте тығыз байланысты. Демек, басқарушылық қатынастардың өздері де осы іс – әрекеттер арқылы іске асырылады.
Осыған сәйкес басқарушылық қатынастардың, сондықтан да, және әкімшілік – құқықтық реттеудің объектісі қоғамдық қатынастардың осы түрінің қатысушыларының мінез – құлқы болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені мемлекеттік басқару аясында адамдар мен олардың тиісті ұжымдық құрылымдары жұмыс істейді (мысалы, атқарушы органдар, кәсіпорындар мен мекемелер, қоғамдық бірлестіктер). Осы себепті мемлекеттік – басқарушылық қызметтің объектісі адам болып табылады деп айтылатын кездегі жағдайларда, мұндай формуланы (жеке қорытындыны) сөзбе – сөз ұғынуға болмайды. Адамның өзі емес, оның мінез – құлқы, яғни қандай да бір іс әрекеттері реттеуге жатады.
Адамдардың іс – әрекеттері өзінің арналымы мен нақты мазмұны бойынша әр түрлі. Адамдардың іс- әрекеттері материалдық нәрселермен (заттармен) байланысты болуы мүмкін. Мысалы, полиция қызметкерлер өздерінің құқық қорғау міндеттерін жүзеге асырған кезде қару пайдалануға құқылы; адамдар әр түрлі көлік құралдарын көп пайдаланады, т.с.с. бұл сияқты жағдайларда да басқарушылық қатынасты объектісі заттың өзі емес, реттеуге жататын ол емес, затты пайдаланатын, оған билік ететін адамдардың іч – әрекеттері болып табылады.
Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып,осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға,яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл – қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері. Олар құқықтың пәнімен бірге ҚР – сы құқығының кез – келген саласына, оның ішінде әкімшілік құқыққа да толық сипаттама береді. Мұның сыртында,қоғамдық қатынастардың тобы,яғни құқықтық реттеудің пәні бойынша көптеген құқық салалары өте жақын болады, ал кейде тіпті өздерінің негізгі көріністерінде тура келеді. Сондықтан реттеу әдісі құқықтық салаларды айырған кезде айқындауыш белгі рөлінде жиі болуы мүмкін.
3.Жалпы құқық теориясы тұрғысынан Қазақстан құқығының кез – келген саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіп дәлелденген: нұсқама (міндеттеу), тиым, ерік беру. Олардың жиынтығы қоғамдық қатынастардың кез келген түріне құқықтық ықпал жасаудың мазмұнын құрайды.
Нұсқама(міндеттеу) – бұл тиісті құқық нормасымен осы нормаларда қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс - әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу. Демек, норма тиісті жағдайларда өзгеше емес, тап осылай істеу керек деп көрсетеді. Мысалы, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарында өздерінің нормативтік – құқықтық актілерін ҚР-ның Әділет министрлігінде және оның жергілікті органдарында тіркеу міндеті жүктелген.
Тыйым - шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның мағынасы мынада, құқық нормасы өзінің әдіресаттарына осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс - әрекеттерді жасаудан бас тартуға тікелей заңдық міндет жүктеледі. әкімшілік тыйымға мысал ретінде ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған құқық бұзушылардың құрамдарын айтуға болады деп есептейді.
Ерік беру – бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандайда бір іс - әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру.
Әрине, әрбір құқық саласы аталған әдістерді өзінің реттейтін пәнінің, яғни қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланады. Құқық саласының арасындағы айырмашылықтарын әдістің қайсысын нақты пайдаланудың деңгейіне қарай айыруға болады. Мысалы, қылмыстық құқыққа тыйым, азаматтық құқыққа ерік беру неғұрлым тән. Бірақта ерік беруді қылмыстық – құқықтық нормалардың мазмұнынан да табуға болады, ал сол бір кезеңде тыйымдар мен нұсқамалар сияқтылар азаматтық қүқықтың нормаларында болуы мүмкін. Мысалы, Азаматтық кодекс азаматтық құқықтарды, бәсекелестікті шектеу, сондай – ақ тек қана басқа тұлғаға зиян келтіру ниетпен жүзеге асырылатын іс - әрекеттер мақсаттарында пайдалануға жол берілмейді. Сонымен бірге азаматтар мен заңды тұлғалардың осы Кодексте және өзгеде заң құжаттарында белгіленген құқықтарын шектейтін мемлекеттік басқару органдарының құжаттары қабылданған кезден бастап жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс делінген. Бұл жерде тікелеі заңды нұсқама екендігі белгілі болып отыр.
Пысықтау сұрақтары:
1Әкімішілк құқықтың пәні
2.Әкімішілк құқық әдістері
3.Құқық саласындағы жүйесі
Тақырып 2.Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
Мақсаты: Әкімішілік құқық саласындағы азаматтардың құқықтарының мәртебесі маңызы мен орны
1.Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері.
2.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері
1.ҚР-сы азаматының әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз азаматтың мемлекетті басқаруға қатысуын және жариялы әрі жеке мүдделерін қамтамасыз ететін заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген құқықтары,міндеттері және жауапкерщілігі.Бұл азаматтың мәртебесінің көп түрлерінің (саяси, еңбек,т.б. қатар) бір түрі, оны жүзеге асыру атқарушы билік органдарының және олардын лауазымды адамдарының тиісті іс әрекеттерімен байланысты
Азаматтардын жалпы құқықтық мәртебесі ҚР-ның Конституциясымен, қолданылып жүрген қазақстан заңнамаларымен айқындалады.Бұлар, мысалы, «ҚР-ның азаматығы туралы» 1991ж.20-желтоқсандағы зан,оған енгізілген өзгерістер мен толықтұрулар, «Тұтынушылардын праволарын қорғау туралы» 1991ж. 5-маусымдағы заң, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы заңдар, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 ж. 8-щілдедегі заң, ҚР-ның азаматтық іс жүргізу кодексі (2, 26, 174, баптар және 26, 27, 28 тараулар), т.б. Бұл мәртебенің кейбір мәселелері ҚР-сы Президентінің жарлықтары мен және ҚР-сы Үкіметінің нормативтік актілерімен реттеледі, мысалы, Президенттің 2003 ж. 19- наурыздағы жарлығымен бекітілген «ҚР-сы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия туралы Ереже», Үкіметтің 2000ж. 12- шілдедегі қаулысымен бекітілген «ҚР –ның халқын құжаттандыру және тіркеу Ережесі»
Азаматтың әкімшілік- құқықтық мәртебесінің бірнеше ерекшеліктері бар.
Біріншіден, оны күрделі кешенді сипаты бар және онда адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке адам мен ұжымның қарым қатынастарын білдіретін конститутциялық, азаматтық , қаржы және басқа құқық салаларының нормалары көрініс табады.
Екіншіден, нұсқамалардың міндеттілігі бойынша онда не тек құқықтары ғана
(мысылы, жол жүру ережелерін сақтау), не құқықтар мен міндеттер болады(мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған кезде азаматтық іс бойынша қабылданған қаулыға шағым беруге құқығы бар және оған салынған айыппұлды белгіленген мерзімде төлеу міндетін атқарады).
Үшіншіден, азаматтың әкімшілік- құқықтық мәртебесінің мазмұны бір жағдайларда қандай да болмасын бір адамның қалауына байланысты болады (мысылы, азамат аң аулау мылтығын алу үшін ішкі істер органдарына рұқсат алуға өтініш жасайды), ал өзге жағдайларда ол оның қалауына қарамастан қалыптасады (мысылы, ұсақ бұзақылық жасаған азамат әкімшілік ұстауға тартылады да полицияға жеткізіледі).
Төртіншіден, азаматтың әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде құқықтық мәртебесі барлық азаматтар үшін жалпы болып табылатын құқықтар мен міндеттерді (мысалы,өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау міндетті), азаматтардың тек қандайда болмасын бір санатына ғана тиісті болатын құқықтар мен міндеттерді (мысылы, автомобиль көлігін жүргізушілерге, кісіпкерлерге, аңшыларға), сондай-ақ нақты жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды (мысалы, босқындар немесе амалсыздан қоныс аударғандар болып табылатын адамдар).
2.Азаматтың әкімшілік- құқықтық мәртебесі күрделі заңдық құрылым болып табылады.Ол әр түрлі төрт маңызды құрамдық элементтерден тұрады.
Жеке адамның демократиялық құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ олардың міндеттерінің кешенің тек бір ғана ресми түрде жариялау азаматтың құқықтық мәртебесінің проблемасын әлі толығынан шешпейді.Бұл мәртебе күнделікті өмірде іс жүзінде жүзеге асыруды, әрі оның шынайы кепілдіктерін қажет етеді.
Осыған байланысты азаматтардың конститутциялық құқықтарын, бостандықтарын мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы биліктің рөлі туралы мәселе қою сөзсіз туады.Бұған барлық қажетті негіздер бар.
Ең алдымен атқарушы биліктің атқаратын қызметін ескере отырып бұлай деп айтуға болады, мемлекеттік басқару аясы қолданылып жүрген заңнамалармен бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін өте үлкен кеңістік болып табылады.Өйткені атқарушы биліктің негізі функциясы – атқару, яғни зандардың талаптарын жүзеге асыру.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру механизімін, сонымен, әдетте, екі міндетті сатыдан тұрады:
а) азаматтың ерік білдіруінен;
ә) өкілетті атқарушы органның ( лауазымды адамның) бұл ерік білдіруге ресми көңіл бөлінуінен.
Соңғы саты шешуші рөл атқарады, өйткені бұл орган азаматтың ынтасы бойынша пайда болған мәселені біржақты заңдық биліктік тәртіппен шешуге құқылы.
Әрине азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды атқарушы билік органдары ерекше рөл атқарады деп түсінуге болмайды.Мемлекеттік – биліктік механизімін өзге буындары(мысалы, сот билігінің субъектілері), сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер де бұл процеске белсендікпен қатысады.Дегенмен де нақ сол атқарушы органдардың қолында бұл үшін қажетті ұйымдық-құқықтық сипаты бар тетіктер тікелей жинақталған.
Әкімшілік-құқықтық қатынастарда азаматтар әр түрлі рөлде болулары мүмкін.Бұл сияқты құқық қатынаста мыналарға:
а) азаматтардың заң бойынша өздеріне тиісті субъективтік құқықтарын жүзеге асырумен;
ә) заңмен оларға жүктелген міндеттерді орындау мен;
б) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін атқарушы органдардың ( лауазымды адамдардың) бұзуымен;
в) азаматтардың мемлекеттік басқару аясындағы өздерінің құқықтық міндеттерін бұзуымен байланысты пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |