Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2013 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы



Дата29.02.2016
өлшемі32.41 Kb.
#33672




Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2013 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы
Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2013 жылғы мемлекеттік сыйлығы мына авторларға:

1) «Дифференциалдық теңдеулердің бастапқы-шекаралық есептер теориясына» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшін:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Тынысбек Шәріпұлы Кәлменовке;

2) «Қазақстан Республикасында жоғары технологиялы инновациялық ем әдістерін нейрохирургия патологиясында дамыту» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшін:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Қуандықұлы Ақшолақовқа;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Жұлын нейрохирургиясы және перифериялық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Талғат Тынышбайұлы Керімбаевқа;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Eрбол Тарғынұлы Махамбетовке;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Анестезиология, реанимация және қарқынды емдеу бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Айса Захарұлы Нұрпейісовке;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Марат Рабандиярұлы Рабандияровқа;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржан Әмірбекұлы Рыскелдиевке;

3) Қазақстан Республикасының атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы үшін:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС директоры, география ғылымдарының докторы, профессор Ахметқал Рахметоллаұлы Медеуге;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор Фарида Жианшинқызы Ақияноваға;

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің География және экология ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы, география ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Әлия Сәрсенқызы Бейсеноваға;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС Табиғи қауіп-қатер зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының докторы Виктор Петрович Благовещенскийге;

«Қазморгеофизика» АҚ ғылыми жұмыстар бойынша кеңесшісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Мирғали Сапарғалиұлы Кунаевқа;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі бас менеджері, география ғылымдарының докторы Игорь Михайлович Мальковскийге;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері, геолого-минералогия ғылымдарының кандидаты Эмиль Исабайұлы Нұрмамбетовке берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қазан


№ 679



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет