Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегi N 1001 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мүдделi министрлiктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар (келiсiм бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiне сәйкес Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешевке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 1001 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту
жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14
негiздеме сәуiрдегi № 302 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық
дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-шаралар
жоспарының 3-тармағы
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлiгi
Мақсаты Химия өнеркәсiбiнiң одан әрi дамуына жағдай жасау
Мiндеттерi Бағдарламаның мақсатына мына мiндеттердi iске
асырған кезде қол жеткiзiлетiн болады:
1. Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жаңғырту.
2. Озық технологиялар негiзiнде жаңа бәсекеге
қабiлеттi химия өндiрiстерiн құру.
3. Iшкi нарықты отандық өндiрiстiң бәсекеге
қабiлеттi, экспортқа бағдарланған қосылған құны
жоғары химиялық өнiмдерiмен толтыру.
4. Ресурстық базамен қамтамасыз ету.
5. Тиiмдiлiгi жоғары технологияларды жасауға ғылым
әлеуетiн тарту арқылы химия өнеркәсiбi
кәсiпорындарының инновациялық белсендiлiгiн арттыру.
6. Химия өнiмдерiнiң экспорттық әлеуетiн ұлғайту.
7. Бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету.
Iске асыру 2010-2014 ж.ж.
мерзiмдерi
Күтiлетiн Химиялық өнiмдердi өндiру жалпы көлемiн 2 есеге нәтижелер арттыру.
Химиялық өнiмдердi экспорттау көлемiн 2 есеге
арттыру.
Химиялық өнiмдердiң 6 жаңа түрiн өндiрудi
ұйымдастыру.
Каустикалық сода өндiру көлемi кем дегенде 33 мың
тонна.
Хлор өндiру - 9,6 мың тонна.
Тұз қышқылын өндiру - 45 мың тонна.
Натрий гипохлоритiн өндiру - 6,6 мың тонна.
Минералды тыңайтқыштар өндiру - кем дегенде 1 млн.
тонна.
Химиялық шикiзатты өңдеу және байыту бойынша 4
нысанды iске қосу.
Күкiрт қышқылын өндiру - 2527 мың тонна.
Жарылғыш заттарды өндiру көлемi - кемiнде 15 мың
тонна.
Гуматтар мен биопрепараттар өндiру - жылына 600
тонна.
Қажеттi Бағдарламаны iске асыруға 2010-2014 жылдары
ресурстар меншiктi және қарыз қаражаты, сондай-ақ бекiтiлген
мен оларды республикалық бюджет шеңберiндегi қаражат
қаржыландыру бағытталатын болады.
көздерi
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде химия өнеркәсiбiнiң одан әрi дамуына жағдай жасау мақсатында әзiрлендi.
Бағдарламаны әзiрлеу "Қазақстан Республикасын" үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысымен күшiн жойған «Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2009 - 2015 жылдарға арналған iс-қимыл жоспарын (Жол картасын) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 мамырдағы № 641 қаулысымен көзделген саланы реформалау бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың жалғасы болып табылады.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
1. Сала жай-күйiнiң ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы саланың елдiң әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерiн бағалау
Әлемдiк және отандық химия саласын салыстырмалы талдау осы саланың Қазақстан жағдайында даму үшiн үлкен әлеуетке ие екенiн көрсеттi, сала өнiмдерiнiң үлкен шоғыры iс жүзiнде халық шаруашылығының барлық салаларында, сондай-ақ күнделiктi тұрмыста пайдаланылуы мүмкiн. Химия саласы бүкiл әлемде экономиканың нақты секторларының басқа салалары үшiн шикiзаттардың, жартылай өнiмдердiң, материалдардың iрi жеткiзушiлерiнiң бiрi болып табылады.
Химия өнеркәсiбiндегi өнеркәсiп санының және персонал санының өзгеруiн талдау (2004 - 2009 жж.)
Көрсеткiштер
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
2006ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
«Химия өнеркәсiбi» қызметiнiң негiзгi түрi болып табылатын өнеркәсiптiк кәсiпорындар саны
|
212
|
223
|
220
|
217
|
223
|
206
|
Негiзгi қызмет персоналының саны, мың адам
|
16,1
|
14,0
|
13,6
|
13,6
|
14,2
|
14,8
|
2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы отандық химия өнеркәсiбiнде персонал саны анағұрлым төмендедi. Сонымен қатар, ұқсас кезеңде 11 өнеркәсiп iске қосылды. Қызметкерлер саны 2,1 мың адамға қысқаруы iрi кәсiпорындардың жабылуымен, өндiрiстер рентабельдiлiгiнiң және айналым құралдарының жетiспеушiлiгiмен негiзделедi.
2009 жылғы жағдай бойынша өңiрлерде iрi және орта химия кәсiпорындарының шоғырлануы төмендегiдей:
Оңтүстiк Қазақстанда органикалық және органикалық емес химия өнiмдерiн, минералдық тыңайтқыштар, тұрмыстық химия құралдарын, лактар мен бояулар өндiретiн кәсiпорындар, сондай-ақ техногендi қалдықтарды өңдейтiн кәсiпорындар орналасқан. Республиканың оңтүстiгiнде бiр iрi кәсiпорын - «Қазфосфат» ЖIДС (Жамбыл облысы) орналасқан.
Батыс Қазақстанда органикалық және органикалық емес химия өнiмдерiн, жарылғыш заттар, минералдық тыңайтқыштар өндiретiн кәсiпорындар орналасқан. Қазақстанның батысында екi iрi кәсiпорын - «ҚазАзот» ЖШС (Маңғыстау облысы) және «Ақтөбе хром қосылысы зауыты» АҚ (Ақтөбе облысы), сондай-ақ бiр орта кәсiпорын - «Нитрохим» қазақстандық оқ-дәрiлердi кешендi кәдеге жарату орталығы» ЖШС бар.
Солтүстiк және Шығыс Қазақстанда органикалық және органикалық емес химия өнiмдерiн өндiретiн, сырлар мен боялуар, полиэфирлi шайырлар, жарылғыш заттар, газға қарсы құралдар мен респираторлар, өсiмдiктердi қорғау құралдарын және металлургиялық өндiрiстiң қосалқы өнiмi ретiнде күкiрт қышқылын өндiретiн кәсiпорындар орналасқан. Республиканың бұл өңiрiнде орта кәсiпорындар орналасқан - «Каустик» АҚ (Павлодар облысы), «Орика - Қазақстан» АҚ, «Үлбi - ФторКешен» ЖШС, «Серебрянск бейорганикалық өндiрiс зауыты» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы). Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысында «Қазмырыш» АҚ (күкiрт қышқылын шығаратын iрi металлургиялық кәсiпорын).
Орталық Қазақстанда органикалық емес және органикалық химия өнiмдерiн, лактар мен бояулар, жарылғыш заттар, өсiмдiктердi қорғау құралдары мен тұрмыстық химия өнiмдерiн өндiретiн кәсiпорындар орналасқан. Республиканың бұл өңiрiнде химия кәсiпорындарының үлкен саны, оның iшiнде өндiрiстiң жанама өнiмi күкiрт қышқылы болып табылатын металлургия саласының iрi кәсiпорындары («Арселор Митал Темiртау» АҚ «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, Қарағанды облысы), сондай-ақ Қарағанды облысындағы орташа кәсiпорындардың оннан астам - «Максам Қазақстан» ЖШС, «Вертекс-Инициатив» ЖШС, «Эгофом» ЖШС, «Alian Paint» ЖШС, «Гербицидтер» ЖШС, «Прогресс - Сельхозхим» ЖШС және де басқалары орналасқан.
Химия өнеркәсiбi қызметiнiң көрсеткiштерi
Көрсеткiштер
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
Өнiмдi өндiру көлемi (тауарлар, қызметтер), млн. теңге
|
43 170
|
53 912
|
54 064
|
72 258
|
106 157*
|
85 542*
|
Нақты көлемiнiң индексi (бұдан әрi - НКИ), %
|
111,7
|
95,3
|
103,6
|
128,6
|
109,3
|
76,3
|
Саланың өнеркәсiптiк өнiмдердiң жалпы көлемiндегi үлесi, %
|
1,1
|
1,0
|
0,8
|
0,9
|
1,1
|
1
|
Саланың өңдеушi өнеркәсiп өнiмдерiнiң жалпы көлемiндегi үлесi, %
|
2,8
|
2,9
|
2,2
|
2,4
|
3,2
|
2,9
|
Жалпы қосылған құн (бұдан әрi - ЖҚҚ), млн. теңге
|
18 693,8
|
20 785,4
|
24 719,4
|
35 201,7
|
50 982,4
|
44 128,4
|
Саланың ЖIӨ-дегi үлесi, %
|
0,84
|
0,74
|
0,57
|
0,69
|
0,76
|
0,64
|
* - деректер экономикалық қызмет түрлерiнiң жаңа жiктеушiсi бойынша келтiрiлген.
2004 - 2008 жылдар аралығында экономикалық қызмет түрi бойынша өндiрiс көлемiнiң артқаны байқалды. Бiрақ дүниежүзiлiк рецессияның әсерiнен 2009 жылы өндiрiс көлемiнiң төмендегенi байқалады. Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2009 жылы өндiрiлген өнiмнiң жалпы көлемi - 85 542 млн. теңгенi құрайды, 2008 жылы бұл көрсеткiш 20 615 теңгеге артық болды.*
2009 жылы өнiмдердiң НКИ 2008 жылмен салыстырғанда 23,7%-ға төмен. Бiрақ, 2010 жылдың екiншi тоқсанында 2009 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда НКИ-нiң өсiмi 53 % құрады. Өндiрiс көлемiнiң қалпына келуi байқалады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерiне сәйкес қазiргi уақытта қазақстандық химия кәсiпорындары ЖIӨ шамамен 0,76 % (2008 ж.) және 0,64% (2009 жылдың бiрiншi жартыжылдығында) өндiредi, алайда сала дамудың үлкен әлеуетiмен сипатталады. Қазақстанда 2008 жылға дейiн химия өнеркәсiбiнiң өсу қарқыны жылына шамамен 5% құрады, қаржы дағдарысы саланың өнiмiн 3%-ға қысқартуға алып келдi
Жалпы өнеркәсiптiк өнiмнiң құрамындағы химия өнеркәсiбiнiң үлесi 1 % айналасында болды. Мысалы 2007 жылы - 0,9 %, 2008 жылы - 1,1 %, 2009 жылы - 1,0%. Бұл ретте осы кезең iшiндегi өңдеушi өнеркәсiп өнiмдерiнiң жалпы көлемiндегi химия өнеркәсiбiнiң үлесi 2,4-тен 3 %-ға дейiн құрады, атап айтқанда, 2007 жылы - 2,4 %, 2008 жылы - 3,2 %, 2009 жылы - 2,9 %.
Химия өнеркәсiбiнiң ЖҚҚ соңғы жылдары: 2007 жылы 35 201,7 млн. теңгенi, 2008 жылы - 50 982,4 млн. теңгенi, 2009 жылы - 44 128,4 млн. теңгенi құрады.
Тауар номенклатурасының бөлiмдер бойынша экспорты
Көрсеткiштер
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
Тауар номенклатурасының бөлiмдер бойынша экспорты, млн. теңге
|
*
|
*
|
*
|
*
|
12,4
|
6,7
|
*-деректер жоқ
Химия және онымен байланысты өнеркәсiп салалары өнiмдерiнiң импорты
Көрсеткiштер
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
Химия және онымен байланысты өнеркәсiп салалары өнiмдерiнiң 1 импорты, млн. теңге
|
120155
|
252030
|
295026
|
375358
|
221756
|
322789
|
Кедендiк бақылау комитетiнiң деректерi бойынша ағымдағы жылдың соңғы 6 айы iшiнде импорт экспорттан әлдеқайда асып түстi, мысалы азот тыңайтқыштарының экспорты, фосфор тыңайтқыштарының, жарылғыш заттардың, пестицидтер мен дезинфекциялаушы және оларға ұқсас құралдар, бастапқы түрдегi стирол полимерлерi - және басқалары: 14 382 мың АҚШ долл., химия өнiмдерiнiң импорты осы позициялар бойынша - 221 934,8 мың АҚШ долл. құрады.
Химия өнiмдерiнiң кейбiр түрлерi бойынша экспорт импорттан асып түседi, олардың арасында хром кенi мен концентраттары, хром оксидтерi мен гидроксидтерi, фосфор қышқылы және полифосфор қышқылдары - 231 773,7 мың АҚШ доллары. Импорт осы позициялар бойынша - 677,8 мың. АҚШ доллары.
Осылайша, химиялық өнiмдер импорты құрылымында жоғары құны қосылған жоғарғы мөлшерлi өнiмдер басым болса, экспорт құрылымында - қосылған құны төмен химиялық өнеркәсiптiң негiзгi салалық өнiмдерi басымдылық танытады.
Химия саласына инвестициялар
Химия өнеркәсiбiндегi қолданыстағы қуаттарды технологиялық тұрғыдан жаңартуға және жаңғыртуға қажеттi капитал құраушы инвестициялардың барынша көп ағылуы 2009 жылға дөп келдi (өңдеушi өнеркәсiпке салынған инвестициялардың 8,9%). Кейiнгi жылдары химия өнеркәсiбiнiң үлестiк салмағы өңдеушi өндiрiстерге салынған күрделi қаржы жұмсалымының 4-6% асқан жоқ.
Химия өнеркәсiбiнiң негiзгi капиталындағы инвестициялар көлемi
Көрсеткiштер
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
Негiзгi капиталға инвестициялар, млн. теңге
|
3105
|
21434
|
15947
|
10048
|
8007
|
30323
|
- меншiктi
|
2658,3
|
11719,5
|
8 192,5
|
2 826,3
|
3 141,7
|
5137,3
|
- шетелдiк
|
279,6
|
248,3
|
874,5
|
805,4
|
701,6
|
225,1
|
- қарыз
|
166,6
|
9465,8
|
6 880
|
6416,1
|
4 163,5
|
24960,6
|
Өнеркәсiпке тартылған бүкiл инвестиция көлемiндегi саланың үлестiк салмағы, %
|
0,4
|
1,9
|
1,2
|
0,6
|
0,5
|
1,4
|
Өңдеушi өнеркәсiпке тартылған инвестиция көлемiндегi саланың үлестiк салмағы, %
|
1,7
|
7,8
|
5,1
|
|
2,2
|
8,9
|
Сонымен, өнеркәсiптiк өнiмдердi өндiрудiң жалпы көлемiнде 1,6-1,7% ие бола отырып, салада инвестициялардың үлкен үлесi болды, бұл саланың жоғары капитал сыйымдылығымен байланысты.
Тұтас алғанда 2002 - 2008 жылдар кезеңiнде инвестициялар Ақтау қаласындағы химия кешенiнде аммиак, аммиак селитрасын және фосфор тыңайтқыштарын өндiрудi, «Қазфосфат» ЖШС реактивтi фосфор тұздары мен термиялық фосфор қышқылын өндiрудi қалпына келтiруге, және өнiмдердiң жаңа түрлерiн - «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ пигменттi хром тотығы мен калий бихроматын өндiрудi игеруге жiберiлдi.
2007 жылы химия өнеркәсiбiндегi негiзгi құралдардың тозу деңгейi 29,5%, жою коэффициентi - 2,2%, жаңару коэффициентi - 9,9% құрады.
Химия өнеркәсiбiнiң рентабельдiлiк көрсеткiштерi
Көрсеткiш
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
Салық салуға дейiнгi пайда (залал, млн. теңге
|
-975
|
-1 498
|
-1 328
|
-2 722
|
262
|
-1658
|
Рентабельдiлiк деңгейi (залалдылық), %
|
-7,5
|
-7,0
|
-4,9
|
-6,9
|
0,3
|
-5,3
|
2005 - 2008 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстанның химия өнеркәсiбi 2008 жылы ғана пайдаға шықты. Дағдарыстан кейiнгi кезеңде (2009 ж.) химиялық өнiмдердi өндiру залалды болды. Бiрақ, Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгiнiң деректерi бойынша (2010 ж.) химиялық өнеркәсiп өнiмдерi өндiрiсi қалпына келгенi байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |