Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы
Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі мемлекеттік қолдау құралдарының жинағы
Астана қаласы,
2011 г.
Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі мемлекеттік қолдау құралдарының жиынтығы.- Астана.-2011.- 101-б.
Мемлекеттік қолдау құралдарының жиынтығы индустриялық-инновациялық даму шеңберінде әзірленді, ғылыми-білім беру саласындағы мүдделі ұйымдардың, мемлекеттік ведомстволар мен ұйымдардың, өндірістік, қоғамдық және басқа ұйымдардың кеңінен пайдалануына арналған.
© Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
© «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ
Мазмұны
|
Кіріспе
|
|
1
|
Инвестицияларды тарту
|
12
|
1.1
|
«Инвестициялық преференциялар» құралы
|
12
|
1.2
|
«Инвесторлардың сервистік қолдауы» құралы
|
14
|
1.3
|
«Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік инвесторларға қолдау көрсету» құралы
|
15
|
1.4
|
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгері апару жөніндегі ақпараттық-таныстырылым іс-шараларын өткізу (бизнес форумдар, роуд-шоу, кітапшалар, билбордтар, баспасөз конференциялары)
|
16
|
1.5
|
«Инвестициялық жобалар мен baseinvest.kz инвесторлардың деректер базасы» құралдары
«Invest.gov.kz ұлттық инвестициялық интерактивті вэб-сайты»
|
17
|
2.
|
Инновацияларды дамыту
|
18
|
2.1
|
«Тікелей жобалық қаржыландыру» құралы
|
18
|
2.2
|
«Венчурлік қаржыландыру» құралы
|
20
|
2.3
|
«Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға арналған грант» құралы
|
21
|
2.4
|
«Шет мемлекеттер мен халықаралық патентті ұйымдарда зияткерлік меншік объектілерін патенттеуге арналған грант» құралы
|
22
|
2.5
|
«Инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) дайындауға арналған грант» құралы
|
23
|
2.6
|
«Инновациялық технологияларды сатып алуға арналған грант» құралы
|
24
|
2.7
|
«Технологиялық бизнес-инкубациялау» құралы
|
25
|
2.8
|
«Технология трансфертіне жәрдемдесу» құралы
|
27
|
2.9
|
«Технологиялық келісімдер» құралы
|
28
|
3
|
Экспортты ынталандыру
|
29
|
3.1
|
«Экспортты ынталандыруға арналған сервистік қолдау» құралы
|
29
|
3.2
|
«Шетелге экспорттау мақсатында экспортшылардың тауар белгілерін және өнімдерді тіркеу рәсімдерімен байланысты шығындарын өтеуге арналған экспорттық гранттар» құралы
|
30
|
3.3
|
«Экспортшының шетелге экспорттау мақсатында өнімді сертификаттау рәсімдерімен байланысты шығындарын өтеуге арналған экспорттық гранттар құралы.
|
31
|
3.4
|
«Экспортшының РR науқанымен және шетелдік БАҚ-тардағы жарнамаларымен (баспа, радио, теледидар, қоғамдық баннерлер, салалық мамандандырылған каталогтар) байланысты шығындарын өтеуге арналған экспорттық гранттар» құралы.
|
32
|
3.5
|
«Экспортшының кәсіпорын қызметкерлерін шетелдерде оқытумен, шетелдік консультанттарды, сарапшыларды, технологтар мен инженерлерді Қазақстан өндірісіне тартумен байланысты шығындарын өтеуге арналған экспорттық гранттар» құралы.
|
33
|
3.6
|
«Экспортшының өкілдік жұмыс істеген алғашқы үш жылдағы оны ашумен және күтіп-ұстаумен (коммуналдық қызмет төлемдерін қоса алғанда) байланысты шығындарын өтеуге арналған экспорттық гранттар» құралы
|
34
|
3.7
|
«Экспортшылардың халықаралық мамандандырылған көрмелерге (шетелдерде) қатысуына байланысты экспортшының жұмсаған шығындарын өтеуге арналған экспорттық гранттар» құралы
|
35
|
3.8
|
«Экспортшының франшизаларды тартумен және сатып алумен байланысты шығындарын өтеуге арналған экспорттық гранттар» құралы
|
36
|
3.9
|
«Экспортшылардың шет тілдерінде сайттар ашумен және оларды іске қосумен байланысты жұмсаған шығындарын өтеуге арналған экспорттық гранттар» құралы.
|
37
|
3.10
|
«Экспортшылардың Қазақстан өнімдерін экспорттауды ұйымдастыру мақсатында шетелдік тауар нарықтары бойынша экспорттық стратегиялар мен маркетингтік зерттеулермен байланысты жұмсаған шығындарын өтеуге арналған экспорттық гранттар» құралы
|
38
|
4.
|
Қаржы құралдары
|
39
|
4.1
|
«Инвестициялық жобаларды орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу» құралы
|
39
|
4.2
|
«Экспорттық (алдын ала экспорттық) операцияларды несиелеу» құралы
|
41
|
4.3
|
«Қазақстан Даму Банкі қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру аясында айналым капиталындағы қарыз алушының қажеттіліктерін қаржыландыру» құралы
|
42
|
4.4
|
«Кредитор осы объектінің ақша түсімдерінің ағыны мен табысын несиені төлеудің негізгі көзі ретінде қарап, бағалайтын инфрақұрылым жобасын қаржыландыру» құралы
|
44
|
4.5
|
«Даму банкінің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындауды көздейтін банктік кепілдіктерді, кепілгерлікті және өзге де міндеттемелерді беру» құралы.
|
46
|
4.6
|
«Инвестициялық жобаларды қаржыландыру аясында, сонымен қатар Банктің бұрын берген қарызын қайтаруды қамтамасыз ету үшін Банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы»құралы
|
47
|
4.7
|
«Лизинг (классикалық лизинг, қайтарымды лизинг, «Толық аяқтау лизингі», лизинг + даму институттарының құралдары» құралы
|
49
|
4.8
|
«Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландыру шарттары» құралы
|
51
|
4.9
|
«Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру шарттары» құралы
|
54
|
4.10
|
«Жеке қаражаты есебінен қаржыландыру шарттары» құралы
|
56
|
4.11
|
«Ислам Даму Банкінің қарыздық қаражаты қаражаты есебінен қаржылық лизинг беру шарттары» құралы
|
59
|
5.
|
Шағын және орта бизнесті дамыту
|
60
|
5.1
|
«Бизнестік жол картасы - 2020» бағдарламасы
|
60
|
5.1.1
|
«Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер бөлігіне субсидия беру» құралы
|
60
|
5.1.2.
|
«Несиелер бойынша ішінара кепілдіктер беру» құралы
|
62
|
5.1.3
|
«Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» құралы
|
63
|
5.1.4
|
«Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» құралы
|
64
|
5.1.5
|
«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» құралы
|
67
|
5.2
|
Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту
|
69
|
5.2.1
|
«Жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау» құралы
|
69
|
5.2.2
|
«Сервистік қолдау» құралы
|
71
|
5.2.3
|
«Шағын және орта бизнес топ-менеджерін оқыту» құралы
|
73
|
5.2.4
|
«Іскерлік байланыстар» жобасы» құралы
|
75
|
5.3.
|
«Даму» қоры кәсіпкерлігін қаржылық қолдау бағдарламасы
|
78
|
5.3.1
|
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін екінші деңгейдегі банктер арқылы несиелеу» құралы
|
78
|
5.3.2
|
«Даму-Өңірлер» бағдарламасы
|
79
|
5.3.3
|
Қазақстан Республикасының шағын несиелеу ұйымдарын дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасы
|
80
|
5.3.4
|
«Даму-Өндіріс» бағдарламасы
|
82
|
5.3.5
|
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы
|
83
|
5.3.6
|
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы ОШК жобаларын қаржыландыру бағдарламасы
|
84
|
5.3.7
|
Өңдеу өнеркәсібі саласында қамтылған АШОК лизингтік мәмілелерді екінші деңгейдегі банктер мен Лизингтік компаниялар арқылы қаржыландыру бағдарламасы
|
85
|
5.4
|
«Даму» қорының кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау көрсету бағдарламасы
|
86
|
5.4.1
|
«Бизнес-Кеңесші» бизнес-оқыту бағдарламасы
|
86
|
5.4.2
|
«Кәсіпкерлікті қолдау орталығын құру» құралы
|
87
|
5.4.3
|
«Даму-Көмек» бағдарламасы
|
88
|
5.4.4.
|
«Шағын және орта бизнес топ-менеджерін «Назарбаев Университет» АҚ бизнес мектебі базасында шетелдік оқыту орталықтарын тарта отырып оқыту» құралы
|
89
|
5.4.5
|
«Іскерлік байланыстар» жобасы» құралы (1-кезең)
|
90
|
5.4.6
|
«Іскерлік байланыстар» жобасы» құралы (2-кезең)
|
91
|
5.4.7
|
«Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлау» құралы
|
92
|
5.4.8
|
«Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау» құралы
|
93
|
5.4.9
|
«Кадрлардың біліктілігін арттыру» құралы
|
94
|
5.4.10
|
«Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру және өткізу құралы
|
95
|
6
|
«Өнімділік - 2020» бағдарламасы
|
96
|
6.1
|
«Консалтингтік компанияның кешенді жоспарын әзірлеуге жұмсалған шығындардың бөлігіне ақы төлеу» құралы
|
96
|
6.2
|
«Білікті жобалау және инжинирингтік ұйымдарды тару» құралы
|
97
|
6.3
|
«Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралы
|
98
|
6.4
|
«Жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту» құралы
|
99
|
6.5
|
«Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу» құралы
|
100
|
7.
|
Минералдық-шикізаттық базаны дамыту бойынша
|
101
|
КІРІСПЕ
Әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мембағдарлама) қабылданды.
Мембағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары:
«Дәстүрлі индустриялардағы» өндірісті әртараптандыру (мұнай-газ секторы, мұнай-химия, тау-кен-металлургия саласы, химия өнеркәсібі, атом өнеркәсібі):
Ішкі сұраныс негізінде салаларды дамыту (машина жасау, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру).
-
Экспорттық әлеуеті бар салаларды қолдау (агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туристік сала).
-
«Болашақ экономикасы» секторларын дамыту (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, ғарыш қызметі, балама энергетика, атом энергетикасы).
Мембағдарлама аясында барлық басым салалар мен негізгі саясаттар бойынша жүйелі шаралар мен қолдау құралдарынан тұратын салалық бағдарламалар әзірленді.
Әзірленген салалық бағдарламалар негізінде экономиканың басым секторларына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары жүйесі құрылды. ол мыналарға бағытталған:
- өндірістік және бизнес-процестерді технологиялық жаңғыртуға және оңтайландыруға;
- экспортқа сервистік қолдау көрсетуге, сауданы қаржыландыруға, сақтандыруға;
- инвестицияларды тартуға;
- «Өнімділік – 2020» бағдарламасы аясында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға;
- «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдауға.
Құрылған мемлекеттік қолдау шаралары жүйесі кәсіпорындарды қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізуге, өз өнімін шеберлікпен алға жылжыта білу және сату қабілетіне ынталандыруға тиіс.
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық қолдау құралдарының жинағы индустриялық-инновациялық даму аясындағы мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары бойынша түсініктеме (мемлекеттік қолдау шараларын кімнің ала алатыны, қандай жағдайларда ала алатыны, кімге жүгіну қажет екені егжей-тегжейлі жазылған) береді.
Аталған Жинақта мемлекеттік қолдау құралдары мына бағыттар бойынша ұсынылған:
-
Инвестициялар тарту;
-
Инновацияларды дамыту;
-
Экспортты ынталандыру;
-
Қаржы құралдары;
-
Шағын және орта бизнесті дамыту;
-
«Өнімділік – 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту.
Ұсынылатын құралдар жиынтығы, бір жағынан, бизнес үшін қызығушылық тудырады, екінші жағынан, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту арқылы да, сондай-ақ жаңа жобаларға инвестиция салу арқылы да экономикамыздың құрылымын өзгертуге қабілетті.
Мембағдарламаны іске асыру барысында Қазақстанды индустрияландыру картасы жасақталды, ол дұрыс инновациялық шешімдер әзірлеуге және еліміздің инфрақұрылымының дамуына мен ресурстық әлеуетіне байланысты жеке сектор жобаларын іске асырудың өзара байланысын қамтамасыз етуге арналған.
Аталған жинақта Қазақстанды индустриаландыру картасы жобаларын іске асыруды қалыптастыру және мониторинг жүргізу тетіктері ұсынылды.
Қазақстанды индустрияландыру картасына республикалық және өңірлік маңызы бар жобалар енгізіледі.
I. Индустрияландыру картасын қалыптастыру тетігі
Индустрияландыру картасын қалыптастыру тәртібі бес кезеңге бөлінген.
Бірінші кезең:
Жоба бастамашысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына өтінім береді.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы келіп түскен өтінімдер негізінде алғашқы іріктеуді өткізеді және жоба бойынша құжаттардың қажетті пакетін жинақтайды.
Алғашқы іріктеуден өткен жобалар өңірлік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің қарауны шығарылады.
Бірінші кезеңнің нәтижесі өңірлік Үйлестіру кеңесінің жобаны Индустрияландыру картасына енгізу туралы ұсынымы болып табылады. (Результатом первого этапа будет рекомендация регионального Координационного совета о включении проекта в Карту индустриализации (өңірлік Үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасы).
Екінші кезең:
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (Инвестициялар жөніндегі комитет) жоба бойынша материалдарды алғаннан кейін оның құжаттардың толық болуын текесреді, оның салалық тиістілігін анықтап, жобаны салалық министрлікке келісуге жібереді.
Салалық министрлік жобаны қарайтын жұмыс тобының отырысын өткізеді. Екінші кезеңнің нәтижесі салалық қорытындыны алу болып табылады.
Үшінші кезең:
Егер бұл өңірлік маңызы бар жоба болса, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (Штаб) әкімдіктің шешімімен бекітілетін өңірлік Картаға енгізуді келіседі..
Республикалық маңызы бар жобалар бойынша:
Индустрияландыру картасын түпкілікті қалыптастыру жүргізіледі. Іріктелген, келісілген инвестициялық жобалар тізбесі Республикалық Үйлестіру кеңесінің қарауына шығарылады.
Нәтижесі Республикалық Үйлестіру кеңесінің келісілген жобаларды Индустрияландыру картасына енгізу туралы ұсынымы болып табылады.
Төртінші кезең:
Республикалық Индустрияландыру картасына енгізу үшін қалыптастырылған жобалар тізбесі Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның бекітуіне шығарылады.
Бесінші кезең:
Республикалық Индустрияландыру картасының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
II. Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу
-
Карта жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізуді жобалар жобалық қуатқа шыққанға дейін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жүзеге асырады.
-
Мониторинг мына негізде жүзеге асырылады:
-
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 23 ақпандағы «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі Республикалық басқару орталығын құру туралы» №26-ө өкіміне сәйкес мониторинг жүргізуге жауапты қызметкерлердің ай сайынғы есептері;
-
Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіптік палатасының ақпараты;
-
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өңірлерге шығу қорытындылары бойынша есептері;
-
өзге де ақпарат көздері.
-
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті ақпарат негізінде Карта жобаларына мониторинг жүргізу бойынша жиынтық есеп дайындайды, ол мыналардан тұрады:
-
Карта жобаларын іске асыру барысы туралы ақпарат – жоспарланған көрсеткіштердің іс жүзінде есепті кезеңге алынған көрсеткіштерге сәйкестігі;
-
Карта жобаларын іске асырудағы қазіргі кезде бар мәселелер туралы ақпарат – қиындықтар, оларды шешу жөніндегі ұсыныстар мен қиындықтарды шешу жолдары;
-
Карта жобаларын іске асырудағы әлеуетті мәселелер туралы ақпарат – әлеуетті мәселелерді анықтау, оларды жою үшін қажетті шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар;
-
Карта жобалары бойынша қуаттарды игеру туралы ақпарат.
III. Жобаларды Индустрияландыру картасынан алып тастау тәртібі
Жоба Индустриалдандыру картасынан жоба жобалық қуатқа қосылған және одан шыққан жағдайларда алынып тасталады.
Жобаны Картадан алып тастау туралы ұсыныс Республикалық Үйлестіру Кеңесі Штабының отырысында қаралады.
ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫ
-
ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ
Достарыңызбен бөлісу: |