32.9 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де дайын бұйымдарды өндіру
32.91 Сыпырғыштар және щеткалар өндіру
32.91.0 Сыпырғыштар және щеткалар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- сыпырғыштар, қылқаламдар және машиналардың құрамдас бөлігі болып табылатын щетканы қоса алғанда, щеткалар, еденге арналған механикалық қол щеткалар, швабралар, қауырсыннан сыпырғыштар, бояушы қылқаламдар, бояушы біліктер, резеңке швабрлар, өзге де сыпырғыштар, щеткалар және т.б. өндіру
- киімге және аяқкиімге арналған щеткалар өндіру кіреді
32.99 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өнімдерді өндіру
32.99.1 Кеңсе бұйымдарын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- механикалық және механикалық емес қаламдар және қарындаштардың барлық түрлерін өндіру
- қарындашты грифельдер өндіру
- күнді қоюға, жапсыру немесе нөмірлерді қоюға арналған штемпельдер, баспа және затбелгілерді бастырып бедерлеу үшін қол құрылғыларын, заттаңбалар мен биркалар, баспа қол жинақтамаларын, жазу машиналарына арналған дайын таспалар және штемпель жастықшаларын өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- ұсақ қағаз бұйымдарын өндіру кірмейді, (17.29.0 қараңыз)
32.99.2 Металдық галантерея бұйымдарын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- жаңбырдан қорғайтын қолшатырлар, күннен қорғайтын қолшатырлар, тросттар, отырғыштар өндіру
- түймелер, батырмалар, түймеліктер, жеңтүймелер, сыдырма-түймеліктер өндіру кіреді
32.99.3 Кәдесый бұйымдарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- саяхаттап келген ел, қала және т.б. сондай-ақ біреу туралы естелік ретінде орындалған, көркемөнер бұйымдары немесе заттар түріндегі әртүрлі материалдардан бұйымдар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- күнделікті тұрмыста талап етілетін бұйымдарды өндіру кірмейді
32.99.9 Өзге де бұйымдарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- оттықтар өндіру
- жеке пайдалану бұйымдары: темекі тарту түтіктер, тарақтар, шашқа қыстыратын түйреуіштер, иіс суларға арналған бүріккіштер, термостар және жеке немесе үй шаруашылығында пайдалануға арналған басқа да вакуумды ыдыстар, сондай-ақ париктер, жапсырма сақалдар мен қастарды өндіру
- әр түрлі бұйымдар: әр түрлі пішіндегі шырақтар және т.с.с., жасанды гүлдестелер, жемістер және жапырақтар; фокустарды көрсетуге арналған жабдықтар; ойыншық- әзілдер, қол елегіштер және торлар, тігіншілерге арналған манекендер; жерлеу табыттарын және т.б. өндіру
- гүл себеттері, гүлшоқтар, азангүлдер, тізбекшелер және ұқсас бұйымдар өндіру
- құстар мен жануарлардың қарақшыларын толтыру
- жеке қорғаныш құралдарын: отқа төзімді және алдын ала қорғаныш киімдерін, кәсіби пайдалануға арналған қорғаныш белдіктер және басқа да белдіктер, тоздан жасалған қорғаныш заттар, пластмасадан қорғаныш каскалар және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған басқа да пластмассалық бұйымдар (мысалы, сопртпен айналысуға арналған дулығалар), өрт сөндірушілерге арналған құтқару костюмдер, металл қорғаныш бас киімдер және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған басқа да металл бұйымдар, бирушалар мен мұрынды қорғауға арналған қысқыштар (мысалы, жүзуге және мұрынды қорғауға арналған құралдар), газтұтқыш/респираторлар өндіру
- глобустарды өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- білтелер өндіру, (13.96.0 қараңыз)
- арнайы киімдер (мысалы, лабораториялық немесе жұмыс комбинезондары, униформалар) өндіру кірмейді, (14.12.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |