Орман карталарын
дайындау жөніндегі техникалық басшылық
1. Жалпы қағидалар
1. Жоспарлық–картографиялық материалдар әрбір орман орналастыру объектісіне дайындалады және орман орналастыру жобасының бөлігі болып табылады.
2. Орман карталары мағынасы мен қызметі және масштабы бойынша белгілеулерге байланысты бөлінеді. Олардың көлемі 1-ші кестеде көрсетілген.
1 кесте
№
|
Орман картасының түрлері
|
Көрсеткіштер
|
орман құру разрядтарына қарай орман картасының масштабы
|
мөлшері
|
1-2
|
ІІІ (зерттелген)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Планшеттер
|
1:10000
1:25000
|
1:25000
1:50000
|
600х600 мм
|
2.
|
Орманшылықтардағы орман алқаағаштарының планы:
а) басым тұқымдылар бойынша - боялған;
жобаланатын іс-шаралар бойынша шолу, дәрілік, техникалық шикізаттардың, жидектіктердің орналасуы
|
1:25000
|
1:50000
1:100000
|
А-1 форматтағы (600х840 мм)
4-беттен көп емес, үлкен форматты ол бөліктерге бөлінеді
|
|
б) мастерлік учаскелер
|
1:25000
|
1:50000
1:100000
|
техучаскеге
толық план
|
|
в) орман айналымдары
|
1:25000
|
1:50000
1:100000
|
толық план
айналымға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3.
|
Орман иелігіндегі барлық белгілердің карта–схемасы
|
масштабы А-1 форматтағы (600х840 мм) екі бетке сиятындай етіп таңдалады
|
4.
|
Орман орналастыру жобасының 1-томы үшін карта схема
|
масштабы А-3 форматына (300х420 мм) сиятындай етіп таңдалады
|
Ескерту:
1. Орман алқаағаштарының жоспарын құруда тек орналастырылған аймақ алынады.
2. Егер бір-бірінен алшақ орналасқан орман алқаптарынан тұратын болса, онда олар план жинақты болуы үшін жақындатылып көрсетіледі. Мұндай жағдайда бос орынға орманшылықтың орналасуының схемасы сызылады.
3. Карта дайындау барысында қойылған норма нақтылығы +1 мм аспауы тиіс.
3. Орман карталарының бәрі төмендегі формат бойынша кесіліп, соңынан кесу сызықтары бойынша желімдегіш лентамен біріктіріледі:
1) планшет – төрт бөлікке – 300х300 мм бөлінеді;
2) орман алқаағаштары мен (орман айналымдары планынан басқасы) карта схемалардың барлық түрі (облыстың карта-схемасынан басқасы) - 190х280 мм форматты;
3) орман айналымының планы 190х280 мм немесе 140х190 мм;
4) облыс карта-схемасы – форматы 260х360 мм.
4. Орман картасының тиражы дайындалатын орман орналастыру материалдарының тізбесіне сәйкес дайындалады.
5. Дайындалған орман карталарының көшірмелері төмендегідей талаптарға сай болады:
1) барлық көшірмелерінде баспадағы нұсқалар мазмұны сақталады;
2) нүктелер мен сызықтар нақты көрсетіледі; учаскелер мен шекараларды бояғанда олардың түсі анық түсуі тиіс;
3) орман картасының бояу түрлері нұсқаудағы түріне сәйкес болады;
4) картаның беткі және сыртқы жағында ешқандай дақ, сызық болмайды.
5. Картаның бұрыштары бүктелмейді және жыртылмайды.
6. Координаттық тордың түпнұсқаданасы көшірімге топографиялық жолмен көшірілуі негізгі техникалық әдіс болып табылады.
Баспадағы орман картасының түпнұсқасында (орман орналастыру планшетін есепке алмағанда) координаттық тор көрсетілмейді. Сондай-ақ планшет түпнұсқасында километрлік тор тушпен сызылмайды, планшеттің ішкі және сыртқы жақтауы аралығындағы тор көрсетіледі.
7. Барлық карталарды сақтау үшін арнайы қатты қағаздан папка дайындалады, форматтан 2-3 см үлкенірек.
8. Картографияда қабылданған арнайы нұсқау талаптарына сай карта дайындау ісінде шартты белгілер мен техникалық үлгілерге назар аударылады (11. 1–11. 16 қосымшалар).
9. Өндіріске геоақпараттар жүйесін енгізу барысында орман картографиясы бойынша орман картасы осы тараудағы құжаттарға сәйкес құрастырылады.
2. Орман орналастыру планшеттерін дайындау
10. Орман орналастыру планшеттерінің түпнұсқасы, технологиялық схемасы оның картографиялық немесе геодезиялық негізіне байланысты қабылданады.
1) орман орналастыру қайталанған кезде, геодезиялық негіз ретінде өткен орман орналастыру топокарталары мен планшеттерінің түпнұсқасы қолданылады. Бұл жағдайда жаңа планшеттер телімнің сүлбесінде және планшеттің басқа топографиялық элементтерінде болған өзгерістерді (тексеру кезеңі барысында болған) енгізе отырып, тікелей көшіру жолымен жасалады.
Егер өткен орман орналастырудың планшеттері басқа негізде (сызу қағазында) сақталған болса, олар тексеріледі де топографиялық жүктелімдердің барлық элементтері тиісті масштабтағы топокарталарға түсіріледі.
2) бірінші орман орналастыру кезінде планшеттер нақтыланған фотосхемалары мен шаруашылық арасындағы жер орналастыру пландарын және дешифровка жасалған аэрофотосуреттерді пайдалана отырып, топокарталар негізінде жасалады.
Планшетке орам соқпақтарын және орман қоры жерлерінің шекарасын түсіруде 1 және 2 разрядты орман орналастыруда жіберілетін ауытқу 1 мм-ден, ал 3 разрядты (зерттеу) орман орналастыруда 2 мм артық болмайды.
Үлкен көлемдегі айналымның аэрофотосурет негізінде жасалған монтажы бойынша дайындалған калькадан телімдерді көшіруге болмайды.
11. Құрастырылған планшет түпнұсқасы төмендегідей талаптарға сай жасалады (11. 4 қосымша):
1) телім шекаралары анық көрінетіндей жасалады. Телім нөмірлері бос жерге жазылып жақсы оқылатындай көрнекті болады. Ұсақ телімдер үшін көрсеткіш – сызықшалар қолданылады.
Абристен планшетке (топокартаға) телім сүлбесін түсіргенде орташа ауытқу 1,0 мм аспайды.
2) планшет түпнұсқасы белгіленген белгілерге сай нақты сызылады. Онда облыс, аудан орман иеленушісі, орманшылық, планшет нөмірі және ауданы, масштабы, орман орналастыру жылы, орындаушының аты-жөні, қолтаңбасы және оны құрастырушылардың аты-жөні жазылады. Бұл мәліметтердің бәрі планшет рамкасынан тыс белгіленген жерлерде орналасады.
Әр айналымда оның нөмірі мен ауданы, таксациялық телім нөмірі қойылады.
3) құрамдық түпнұсқалардың планшет жақтаулары (олармен әрі қарай жұмыс істеу үшін) өткізудің алдында шектес планшеттердің шекараларын сәйкестіру арқылы тексеріледі.
4) планшет түпнұсқасын құру жұмыстарына барлық кезеңде, тіпті аяқталғаннан кейін де бақылау жүргізіледі.
Тексеру барысында мыналар тексеріледі:
орманның жағдайы мен топографиялық сүлбенің орналасуы;
планшет жақтауының сүлбемен үйлесімділігі жөнінде мәлімет;
объекті белгілерінің сәйкестігі;
географиялық атаулардың транскрипциясы;
телім нөмірлерінің жазылуы;
орамдар мен планшеттердің нөмірлері мен аудандары, бұрылыс бұрыштарының нөмірлері, шекаралары мен сызықтардың ұзындығы;
5) ауытқуларға қойылатын шектеулер төмендегідей:
топокарталар геодезиялық негіз ретінде алынатын жағдайда, олардың жақтары мен жақтау диагональдары теоретикалық мөлшерден ауытқуы ± 0,5 мм, ал олардың фотокөшірмелерінің ауытқуы ± 1,0 мм аспайды. Километрлік тор квадраттарының жақтары бойынша ауытқулар ± 0,2 - 0,3 мм аспайды. Топокарталар 2-ден артық бүктелмейді;
6) бір орманшылық планшеттерінің бәрінде бірдей координаттық тор болады;
7) ішкі жағдайлар планшеттердегі жұмыс алаңдарынан шықпайды;
8) орман планшетінің баспалық түпнұсқасының жүктелімі төмендегідей болады:
жұмыс ауданында – орам соқпақтары мен шекаралары (табиғи белгілері бойынша), таксациялық нысаналар, таксациялық телімдердің шекаралары, кейбір жер түрлерінің шартты белгілері, тұрақты сынақ алаңдары, тұқымбақтар, орман тұқым учаскелері, көлік жолдары жолақтарының шекаралары, жалпы пайдаланудағы орман жолдары, тұрақты соқпақтар, жылғалар, өзендер, суландыру арықтары мен каналдары (ағыс бағыты көрсетіледі), көлдер, орамдардың ауданы мен нөмірі, таксациялық телімдердің нөмірлері, өзендер мен көлдердің атаулары, әкімшілік аудандардың шекаралары, МОҚ категориялары, орман мекемелерінің, орманшылықтардың кеңселері, кордондар, қыстаулар және тағы басқа құрылыстар көрсетіледі, ал таулы аудандар үшін – су айрықтарының жолақтары;
сыртқы шекаралары мен планшет жақтауында – бұрылыс бұрыштарының нүкте нөмірлері, румбтар мен жолақтардың ұзындығы, көрші жер пайдаланушылардың атаулары, көрші планшеттердің нөмірлері, жер пайдаланушылардың қиылысқан шекаралары белгіленеді.
Таулы ормандарды орналастыру кезінде (кейбір жағдайда) белгіленген тәртіппен өкілетті орган беретін арнайы рұқсат бойынша планшеттерде горизонтальдар көрсетілуі мүмкін. Горизонтальдар көрсетілген планшеттерді пайдалану тәртібі құпиялық туралы арнайы құжаттармен анықталады;
9) Планшеттердің жақтауын безендіру оларды көбейту (шығарушының түпнұсқасы мен жақтауын безендіру бөлек орындалған кезде) немесе алдын-ала сызуға дайындалған планшеттердің баспа түпнұсқасының сызбасы бойынша жүргізіледі.
Планшетті безендіру оны көбейту барысында бірге атқарылады. Осындай жағдайда орманшылық планшеті үшін стандартты жақтау дайындалады.
3. Орманшылық пландарын дайындау
12. Орманшылық бойынша алқаағаштар планын құрастыру үшін негізгі картографиялық материал ретінде орман орналастыру мәліметтері енгізілген топокарталар алынады.
Орманшылық бойынша алқаағаштар планы компьютерде, орман орналастыру ұйымы өнеркәсіпте пайдалануға қабылданған геоақпараттық негізде жасалады.
13. Алқаағаштар планының құрастырылған түрі мағынасына сай элементтермен толықтырылады және форматкаларға кесілетін жерлерін білдіретін крест тәрізді белгілер қойылады. Алқаағаштар планында орман алқаптарынан кейін темір және тас жолдар, гидрографиялық тордың негізгі элементтері белгіленеді. Елді мекендер мен орманшылық кеңселері, орман кордондары шартты белгілермен белгіленеді.
14. Тексерілген орманшылық жобасының баспалық түпнұсқасы форматкаларға бөлініп қажет деп табылған мөлшерде көбейтіледі.
15. Орманшылық алқаағаштары пландарының көшірмесі қажетті мөлшерде төмендегідей боялады:
1) топ жастарына сай басым тұқымдылары, МОҚ категориялары мен әкімшілік шекаралары бойынша төменде келтірілген тұқымдылар түсімен боялады. Су қоймалары мен саздар да боялады.
Қосымша мәлімет ретінде орман карталары мен шартты белгілерді бояуға арналған түстер шкаласы келтіріледі. Пландар компьютерлік технологияларды қолдана отырып боялады.
Сүрек тұқымдылары шаруашылық мәніне сай және өзіндік биологиялық белгілеріне байланысты топталады және бір түспен боялады. Бояу түрі орман картасына сай түстерімен сәйкес келеді. Телім түсі аудан жобаларының бәрінде біркелкі түспен қамтылады;
2) жобаланатын орман шаруашылық шаралары бойынша түрлі түсті бояулармен төмендегідей шараларға жобаланған телімдер боялады:
кесу түрлері бойынша - орманды күту үшін кесу, жаппай және таңдамалы санитарлық кесу және қоқыстан тазалау;
орман екпелерін отырғызуға тағайындалған ормансыз жерлер;
қосымша отырғызу және оларды күту, табиғи түлеуге жәрдемдесу;
жаңартуға тағайындалған құндылығы аз алқаағаштар;
тазалау немесе жақсарту үшін басқа да шараларды жүргізу жобаланған шабындықтар.
Сонымен қатар шабуға немесе тазалауға жататын соқпақтар шартты белгілермен көрсетіледі.
3) жеміс, дәрілік және техникалық шикізаттарды орналастыру бойынша. Олардағы шөптер бұталар мен дәрілік техникалық маңызы бар бұталары мен ағаштары бар телімдер түрлі-түсті бояумен боялады;
4) мастерлік учаскелер мен орман айналымдарының алқаағаштар планы орманшылықтың боялған алқаағаштар планын бөлу арқылы жасалады.
Мастерлік учаскелердің планы арнайы картушпен және шартты белгілермен безендіріледі.
Орман айналымдары алқаағаштарының пландары картушпен безендіріледі. Айтылған пландарға арналған шартты белгілер папканың ішкі жағында орналастырылады.
Сондай-ақ, папкаға құжаттардың атаулары көрсетілген, айналымдардың ведомстволық және аймақтық меншіктігі және пландарды жасаған кәсіпорынның атаулары жазылған қағаз салынады.
4. Карта-схемаларды құрастыру
16. Карта-схемаларды құрастырудың негізі ретінде алқаағаштардың орманшылықтар бойынша карта-схемалары компьютерде, орман орналастыру ұйымы үшін өнеркәсіпте пайдалануға қабылдаған геоақпараттық жүйе алынады.
17. Карта-схеманың баспа түпнұсқасы тиісті мөлшердегі форматкаларға белгіленеді. Карта–схемаларға телім жөніндегі мәлімет, топографиялық жүктелім (орамдық тор, МОҚ категорияларының шекаралары), ағашы кесілген жерлердің іріленген учаскелері, өртеңдер, сирек ормандар, ормансыз жерлер (саздар, сортаңдар, құмдар т.б.) енгізіледі.
Шартты белгілер кестесі және картуш типографиялық, фотографиялық әдіспен немесе тушпен белгіленеді. Карта-схемадағы топографиялық жүктелім элементтерінің барлығы және жазбалар осы қосымшада келтірілген шартты белгілерге сай жасалады.
18. Карта-схеманың баспалық түпнұсқасына төмендегідей міндеттер жүктеледі:
1) облыс аумағының ауданы, орман жерлерінің шекарасы;
2) МОҚ жерлері және орманшылық шекарасы;
3) орамдық соқпақ, өртке қарсы үзілімдер оның ішінде автокөлік үшін;
4) ұзақ мерзімді пайдалануға берілген аудандардың шекарасы;
5) орам нөмірлері;
6) орманшылық, орман иеленушісінің кеңселері;
7) көл, арық, өзен, өртке қарсы және өзге де жолдар;
8) сүректерді өңдеу өндіріс орындары;
9) ашық картада көрсетілген жалпы қолданыстағы жеткізу, хабарлау әдісі;
10) облыс және аудан басқармалары, көл, өзен, елді мекен орындарының атауы;
11) әкімшілік аудандары мен орманшылықтардың нөмірі.
19. Карта-схемадағы бос орынға картуш, шартты белгілер кестесі, орман орналастыру ұйымдарының атауы, карта-схемасын құрастырушы мен орман орналастыру партия бастығының аты-жөні жазылады.
20. Карта-схема көшірмесінің қажетті данасы боялады:
1) жас топтарына қарай тұқымдылар өзіне тән түспен боялады.
Жинақталған орман екпелері боялғаннан кейін басты тұқымның түсіне сәйкес түспен қалың сызық түсіріледі. Жинақталмаған орман екпелері боялмайды. Оларға басты тұқыммен түстес түспен қалың сызық түсіріледі.
Көл, өзен (қос сызықпен белгіленген), саз, әкімшілік шекаралар, жер пайдаланушылар шекаралары да боялады.
Карта-схеманың картушына оның тақырыптық атауы енгізіледі:
2) өртке қарсы шаралар төменде келтірілгендей табиғи өрт қауіпсіздігі класы бойынша қажетті түспен боялады: қылқанды балауса ағаштар қара тушпен қоршалып, қызыл түспен боялады. Бояу өрт телімдері бойынша жүргізіледі. Өрт телімдерінің төменгі ауданы карта-схеманың масштабында төменде келтірілген.
Көрсеткіштер
|
Орман орналастыру жұмыстарының разряды
|
І
|
2
|
3 (зерттеу)
|
Өрт телімінің төменгі ауданы,
мм2
|
10
|
25
|
100
|
Өрт телімінің нөмірі карта-схемада көрсетілмейді.
Карта-схемада өртке қарсы жоспарланған және шартты белгілер, сондай-ақ өзге де өрт қаупін тудыратын объектілер, өрт қауіпсіздігі белгілері, минералдандырылған қорғаныш жолақтары, жолдар, өртке қарсы және орам соқпақтары белгіленеді. Осы аумақта қызмет етуге лайықты автокөлік немесе трактор жүре алатындай жағдай жасалады. Яғни, өртке қарсы жабдықталған пункттер, орман авиациялық қорғау базалары, механикаландырылған топтар, ормандағы өрт бақылау пункттері, жер және авиациялық орман қорғау аудандары, телефон, радиостанция, қабылдау пункті, тікұшақ қонатын жерлер, шылым шегуге арналған демалыс орны, туристік маршруттар, көлік орны, өртке қарсы жабдықталған жерлер және авиациялық патрульды маршруттар да көрсетіледі.
Объектілер мен өртке қарсы жоспарланған шаралар шартты белгілер арқылы қызыл тушпен белгіленеді.
Өртке қарсы шаралар карта-схемада боялған макеттерден өрт телімдері ведомосына сай, табиғи өрт қауіптілігі класы бойынша боялады. Жобаланатын өртке қарсы шаралар да сонда көрсетіледі.
21. Орман орналастыру жобасының 1 томына (түсіндірме жазба) безендіру үшін кіші масштабты карта-схема орман иеленушісінің карта-схемасын қажетті мөлшерге (масштаб 1:100000 – 1:300000) кішірейту арқылы құрастырылады.
Карта-схеманың кішірейтілген масштабы А–3 (300 х 420) форматынан аспайды.
Орман орналастыру қайталанғанда, тексеру кезеңіндегі болған өзгерістер енгізілген өткен орман орналастырудың карта-схемасын пайдалануға болады.
Сызылған және дайындалған карта-схеманың түпнұсқасынан тематикалық мағынасына сәйкес түрлі-түсті бояумен боялатын көшірме дайындалады:
1) орманшылықтардың орналасуы, аумағы бояудың әртүрлі түсімен (қалауынша), шекаралары жасыл түсті қалың сызықпен боялады;
2) мастерлік учаскелер мен орман айналымдарының орналасуы:
мастерлік учаскелер нөмірленеді, ал олардың шекаралары қалың қызыл сызықпен жүргізіледі;
орман айналымдары нөмірленеді, ал шекаралары қалың қара-көк сызықпен түсіріледі;
3) МОҚ категорияларының аумағы боялады және олардың арасындағы шекаралар әр МОҚ категориялары үшін қабылданған шартты белгілермен түсіріледі;
4) кеспеағаштардың сүректерді тасымалдау пункттерінен қашықтығы бойынша берілген түстерге сәйкес боялады;
5) табиғи өрт қауіптілігі кластары бойынша карта-схема берілген түстерге сәйкес боялады;
Өрт телімдері карта-схемада көрсету көлемінің мүмкіндігінше үлкейтіледі. Шартты белгілермен қауіптілігін туғызатын көздер және өртке қарсы құрылғылардың негізгі элементтері көрсетіледі (карта-схемада көрсетілетін).
Ұсақ масштабты карта-схемалардың барлық түрлерінің бос жерлерінде шартты белгілер көрсетіледі.
22. Облыс бойынша ормандардың карта-схемасын құрастыру:
1) облыс бойынша карта сызу қағазының А-1 форматының 6 парағына сиятындай масштабта дайындалады (600 х 840);
2) карта-схеманы құрастыру үшін топографиялық негіз ретінде, облыстың әкімшілік карталарының және орман мекемелері карта-схемасының 1:300000 – 1:1000000 масштабты топографиялық карталары пайдаланылады;
3) облыстың картасына орманды жерлерді түсіру үшін нақты мәліметтер ретінде орман орналастыру кезінде дайындалған, орман мекемесінің карта-схемасы пайдаланылады;
4) дайындалған және шығарылған карта-схеманың түпнұсқасы мұқият тексеріледі және көбейтіледі, содан кейін карта-схеманың көшірмесі басым тұқымдылардың жас топтары және МОҚ категориялары бойынша боялады.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
СИРЕК ОРМАН МЕН ОРМАН ЕКПЕЛЕРІН
КӨРСЕТЕТІН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
______________________________________________________________
ШРИФТ ЖАЗБАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
№
|
Объект атауы
|
Шрифтердің қолданылатын мөлшері
|
планшеттерде
|
планда
|
карта схемада
|
шрифт
|
әріптер
Б - бас
Ж - жолды
|
шрифттің мөлшері
|
шрифттің үлгісі
|
шрифттің мөлшері
|
шрифттің мөлшері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1.
|
Республика және облыс орталықтары
|
Times
|
Б
|
14-Қалың
|
КӨКШЕТАУ
|
12
|
10
|
2
|
Аудан орталықтары және облыс
|
New
|
|
|
|
|
|
|
қарамағындағы қалалар
|
Roman (K)
|
Б
|
14
|
ҚАСКЕЛЕҢ
|
12
|
10
|
3.
|
Басқа да елді мекендер
|
-"-
|
Ж - жолды
|
14
|
Новоалексеевка
|
12
|
10
|
4.
|
Теміржол стансалары, кемежайлар,
елді мекендер
|
|
|
|
|
|
|
|
-"-
|
Ж
|
12 - Курсив
|
Арыс
|
10
|
10
|
5.
|
Су объектілері:
|
|
|
|
|
|
|
|
1) теңіздер, ірі көлдер
|
-"-
|
Б
|
14 - Курсив
|
КАСПИЙ ТЕҢІЗІ
|
12
|
10
|
|
2) кеме жүретін өзендер
|
-"-
|
Б
|
12 - Курсив
|
ЕРТІС
|
10
|
10
|
|
3) өзендер, жылғалар, көлдер
|
-"-
|
Ж
|
12 - Курсив
|
Есіл
|
10
|
10
|
6.
|
Аралдар, түбектер:
|
|
|
|
|
|
|
|
1) ірі
|
-"-
|
Б
|
12
|
ВОЗРОЖДЕНИЕ АРАЛЫ
|
10
|
10
|
|
2) кіші
|
-"-
|
Ж
|
12
|
Заячий түбегі
|
10
|
10
|
7.
|
Дала, шөл, сорлар, саздар, жыралар
|
|
|
|
|
|
|
|
-"-
|
Б
|
12 - Курсив
|
Қызылқұм шөлі
|
10
|
10
|
8.
|
Жоталар, таулар, асулар
|
-"-
|
Б
|
12 - Қалың
|
ТАЛАС ЖОТАСЫ
|
10
|
10
|
|
|
|
|
Курсив
|
АЛАТАУ
|
|
|
9.
|
Көршілес аумақтардың атаулары:
|
|
|
|
|
|
|
|
1) республикалар, облыстар
|
-"-
|
Б
|
16
|
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
|
14
|
14
|
|
2) аудандар
|
-"-
|
Ж
|
16
|
Еңбекшіқазақ ауданы
|
12
|
12
|
|
3) орман иеленушілер
|
-"-
|
Ж
|
16 - Қалың
|
Қазалы орман мекемесі
|
12
|
12
|
|
4) орманшылықтар, ауыл шаруашылық құрылымдар,
басқа да пайдаланушылар, планшеттер
|
|
Ж
|
16 - Курсив
|
Степное орманшылығы
|
|
|
|
-"-
|
|
|
|
12
|
12
|
10.
|
Орам нөмірлері
|
-"-
|
-
|
20 - Қалың
|
39
|
16
|
12
|
11.
|
Орам аудандары
|
Times
|
-
|
16
|
172
|
12
|
10
|
12.
|
Телім нөмірлері
|
New
|
-
|
12
|
16
|
-
|
-
|
13.
|
Шекаралық бұрылыс нүктелерінің нөмірлері
|
Roman (K)
|
-
|
8
|
10
|
-
|
-
|
_____________________________________________________________________
Орман мерекесі________________ Орманшылық_____________________
Достарыңызбен бөлісу: |