8.Саусаққа киіп ойналатын қуыршақ
Жоспар:
1.Қозғалмалы қуыршақ үлгісін дайындау тәсілі.
Мектеп жасына дейіңгі ересек балалар мен мектеп жасындағы кішкене балалар жұмыс істеп тұрған ойыншықтарды: двигательі бар кір жуатын машина мен шаң сорғышты, ішінде шам жанып тұратын тоңазтқышты, жарық беретін электр лампасын т.б. ұнатады. Бұл жастағы балалар тұрғын үйді бейнелейтін күрке немесе жаппа тігіп,оқушы мен мұғалім болып тақта,парта қойып ойнауға бейім келеді.
Қуыршақты қозғалысқа келтіру
Қуыршағыңа «жан бітіру» үшін саусағыңа киіп, қозғалысқа келтіре алатындай етіп жасауың керек. Ол үшін қуыршақтың теріс бетіне алақаның мен ойыншығыңды жымдастырып ұстап тұра алатындай тартпалық резеңке бекітесің. Сондықтан, мұндай ойыншықтарға қолөткі немесе арнайы аяқ киім жасауы қажет. Қолөткі бітеу етік қонышының ішкі бетіне көлемі шағын (2,5x5 см) матадан тігіледі. Егер қолөткі жасағың келмесе аяқ киімді міндетті түрде қуыс етіп даярлайсың.
Шалбары матадан болуы шарт. Аяқ киім мен қолөткіні ортаңғы саусағың мен сұқ саусағыңа киілетіндей етіп жасайсың да, саусақтарыңды оған тартпалық резеңкеден өткізіп барып кигізесің. «Билетсең» де, «сөйлетсең» де қуыршағың сонда ырқыңа көнеді.
Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.
Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.
11-ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Шіркеу мен бай-манаптарды келеке еткен халық қуыршақ театры діни театрмен қатар туды. Оларды, көбіне қудалап отырды. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған.
1 9-ғасырда француз қуыршақ театры өркен жайды. Қазіргі кезде қуыршақ театры Еуропа мен Америка елдерінде кең дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде (Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Иран, Түркия) өркендеді. Бұл елдердегі қуыршақ театрының репертуары мифтік сюжеттер мен батырлық эпостарға, сықақ әңгімелерге құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |