Т апсырма:
Матадан аю жасау.
Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет БУалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
16.Сурет-бейнелеу өнерінің негізі.
Жоспар:
1.Сурет-бейне түрі.
2.Бейнелеу өнерінің түрлері.
Сурет салуды сүю — өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл, ой, парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқыңа, еліңе, жеріңе деген сүйіспеншілікке баулиды.
Өнер қашан да қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Сурет салуды жүйелі оқыту жайы, оған жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер тартады.
Сурет салу- бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Сурет тек жеке ғана бір өнер саласы емес, бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған бүкіл көркем еңбектің атасы.
Сурет тарихы — бұл адамзат тарихы; оның айналасындағы ортаны тануына, сана сезімнің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер.
Сурет — бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер.Біз осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын, адамзаттың әдет-ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша қайғы-мұңы мен таңдай қақтырар, тамсантар, дәуірлеп гүлденген шағын, табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан-жануарлар дүниесінің алуан-түрлілігін танып білеміз.
Сурет салу оңай емес, ол көп сатылы баспалдақ сияқты күрделі кезеңдерден тұрады, сондықтан суретшіден аса табандылық пен еңбекқорлықты, сабырлылық пен ынтаны талап етеді.
Бізді қоршаған алуан түрлі құбылысқа толы орта бар, тамылжыған табиғат пен аңызақ желді сахара-шөлдер бар. Соларды суретші көзімен көру, оның басқалар байқай бермейтін әсемдігі мен бояуын саралай білу — тек суретшінің дара қасиеті, ерекшелігі.
Көрнекті суретші Н. Н. Ге былай деп жазады: «сурет салуды үйрену дегеніміз көре білуге үйрену, ал көре білу — түсіне білу». Сондықтан да суретшіде, суретпен айналысатын жас талапкерде байқампаздық пен «өткір көзді» зерделілік басым болуы қажет.
Балабақшада сурет сабағы балаларды бейнелеу өнеріне үйретуде жетекші орьн алады. Ол сурет салудың жекелеген заттарды бейнелеу, сюжет (оқигалы), деп аталатын үш түрін қамтиды. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән міндеттері болады, мұның өзі бағдарламалық материал мен жүргізілетін жұмыстың мазмұнын айқындайды. Сурет салуға үйретудің негізгі мақсаты — балалардың айналадағы қоршаған тіршілікті тануына көмектесу, олардың аңғарымпаздығын дамыту, сұлулықты сезінуге тәрбиелеу және бейнелеу тәсілдеріне үйрету. Сонымен бірге балалардың бейнелеу іс-әрекетінің басты міндеті — олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін бейнелеу құралдарының көмегімен әр түрлі заттардың анық, айқын бейнесін жасау үстіндегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру да жүзеге асады.
Сурет салу- балалардың өздерінің творчестволық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сүйікті сабақтарының бірі. Суреттердің тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Балалар өздері қызықтырған нәрселерді бәрін салады: жекелеген заттарды және айналадағы өмірден алынған көріністерді, әдеби кейіпкерлерді мен декортивті ою-өрнектерді және тағы басқа. Сурет салудың әсерлігі құралдардың пайдалану олардың қолынан келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |