Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа



Дата23.02.2016
өлшемі15.24 Kb.
#4075
Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасына түсіндірме жазба

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі –жоба) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандығы № 499 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 32.2 тармағына, «Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығының 2.2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Жобада Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын еңбек нарығының қажеттілігіне бағыттау мақсатында оған түзетулер енгізу көзделген.

Енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар кооперативтік (дуальді) оқытудың негізгі қағидаттарын енгізуге, мемлекеттің индустриялық-инновациялық дамуына сәйкес кадрлар даярлауға, жоғары оқу орындарын қайта бейіндеуге және өңірлік мамандандыруға мүмкіндік береді, бұл кадрлар даярлау жүйесін өңірдің салалық мамандануын ескере отырып дамытуды қамтамасыз етеді.



Жарлық жобасы қаржы шығындарын қажет етеді. Қаржыландыру көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет