Қазақстан Республикасының Президентінің Н


Коллекторге шаю сұйықтығының ластаушы әсерінің дәрежесін бағалау



бет31/38
Дата17.11.2022
өлшемі5.31 Mb.
#465107
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
357843 (1)

Коллекторге шаю сұйықтығының ластаушы әсерінің дәрежесін бағалау
Бұрғылау кезінде ұңғыманы шаю технологиясын жетілдірмей іздеу және барлау жұмыстарының тиімділігін жоғарлату мағынасыз. Ұңғыманы шаю технологиясы – бұл циркуляция, өңдеу, тазалау, дайындау, құрамын таңдау бойынша операциялар және технологиялық процесстер комплексі. Шаю технологиясын жетілдіру арқылы бұрғылаудың технико-экономикалық көрсеткіштерін жоғарлатуға болады.
Шаю сұйықтығын және тампонажды қоспаны дұрыс таңдау, тампонаждау және шаю технологиясы бұрғылауды жоғары тиімділікпен жүргізуге мүмкіндік береді және бұрғылау жұмысының сапасын жоғарлатады, сонымен қатар қоршаған ортанының ластануын төмендетеді.
Барлау ұңғымасын бұрғылаудың заманауи технологиясы және тау-геологиялық жағдайының әртүрлігі шаю сұйықтығы фунциясының толық комплексі және оған қойылатын негізгі талапты анықтады.
Шаю сұйықтығының негізгі функциясы төменде келтірілген:
1. Гидродинамикалық функция:
- ұңғыма түбін шламнан тазалау және сыртқа шығару;
- тау жыныстарын бұзушы аспатарды салқындату;
- түбінде тау жыныстарының бұзылуы (гидромониторлы эффект) энергияны бұрғылау сораптан қозғалтқышқа беру.
2. Гидростатикалық функция: циркуляция тоқтаған кезде шламның бөліктерін ұстау;
Ұңғыма жүйесінде тепе-теңдікті сақтау – қабат: а) жұтылуды жою үшін төмен қабат қысымды ұңғымада аз гидрасатикалық қысымды қамтамасыз ету; б) ұңғыма оқпанына газдың, мұнайдың, судың кіруін болдырмау үшін жоғары гидростатикалық қысымды қамтамасыз ету;
- ұңғыма қабырғаларының бүтіндігін сақтау;
- тәлдік жүйеге күшті (жүктемені) төмендету.
3. Қабат түзуші функция:
-ұңғыманың кеуекті қабырғасына өткізгіштіктің төмендеуі;
-әлсіз цементтелген тау жыныстарының байланысын күшейту және сақтау;
-ұңғыма қабырғасына бұрғылау тізбегінің үйкелуін төмендету.
4. Физика-химиялық функция:
-тау жыныстарының байланысын сақтау;
-·бұрғылау құралдарын және жабдықтарды абразивті тозудан және коррозиядан сақтау;
-өнім горизонтын ашу кезінде өткізгіштігін сақтау;
- ұңғыма ортасының (шлам,жерасты су, ұңғыманың жоғары және төмен температурасы) әсері процесінде бұрғылау ерітіндісінің сапасын сақтау;
5. Басқа функциялар:
-мәңгі тоң жерлі тау жыныстарында жылы режимді сақтау;
-алмазды бұрғылау кезінде бұрғылау тізбегінің дірілін сөндіру;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет