Қазақстан республикасының



бет1/13
Дата23.02.2016
өлшемі1.55 Mb.
#8136
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
әл – Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану

факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Сейфуллин Ж.Т., Сейтхамзина Г.Ж.

ЖЕРДІ КАДАСТРЛЫҚ АЙМАҚТАУ, БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖЕР САЛЫҒЫН САЛУ


Электрондық оқу құралы

Алматы


2011
Сейфуллин Ж.Т., Сейтхамзина Г.Ж. «Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу« (электрондық Оқу құралы) – Алматы: 2011 – 188 бет.

«Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу« оқулығы мамандық бойынша мемлекеттік стандартқа және типтік бағдарламаға сәйкес дайындалған және республикада тұңғыш рет шығарылып отыр. Оқулықта Қазақстан Республикасы мемлекеттік жер кадастры жаңа жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздері баяндалады. Онда Қазақстандағы жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық даму негіздері, жер реформасының жүйелілігі мен мазмұны, республика жер қорының құрамы мен жағдайы туралы айтылады. Қазіргі заманғы нарықтық жағдайда автоматтырылған жаңа қүрылыпжатқан жер кадастрдың жүйесінің мақсаттары мен мәселелері, объектісі, принциптері және құрамды бөліктері, жерді есептеу, кадастрлық аймақтау,бағалау, салықтандыру және жер учаскелерін мемлекеттік тіркеуді жүргізу мен мемлекеттік жылдық жер есебін дайындаулар әдістері баяндалған. Жер кадастрының автоматтандырылған ақпаратты жүйесі /ААЖ/ және жер нарқының құрылуына, жер учаскелерімен нарықтық операциялар жүргізуге үлкен орын бөлінген.

Оқу құралы басылымға география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасымен ұсынылған (протокол № 1, 22. 08. 2011 ж.), География және табиғатты пайдалану факультетінің Ғылыми кенесімен ұсынылған (протокол №1 22. 08. 2011 ж.).

Мазмұны





Кіріспе

6

1

1-Тарау. Қазақстан Республикасында жер қатынастарын реформасы

8

2

2-Тарау. Жер кадастрінің негіздері

46

3

3-тарау. Қазақстан республикасының жер қоры

70

4

4-тарау. Жер кадастры барысында мәліметтерді алу, өндеу және талдау әдістері

80

5

5-тарау.Топырақтарды бонитеттеу және ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау

97

6

6-тарау. Жер нарығының қалыптасуы

113

7

6.1 Жерді кадастрлық аймақтау және санаттар бойынша бағалау әдістері

113


8

6.2 Жерді пайдаланудың ақылылығы, салық салу және жалға беру төлемі

132





7. Жерге төлем ақыны айқындау әдістемесі.

137

9

8-тарау. Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

144


10

9-тарау. Жер учаскелерін тіркеу мен жерледі есепке алу, есеп беруді құрастыру және ақпаратты беру жұмыстарын автоматтандыру

155

11

Қолданылған әдебиеттер

163

12

Қосымша

164







































КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала /Астана және Алматы/ арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи – шаруашылық аумақ пен 2 табиғи – шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл /112,2 млн га/, шөлейт /37,3 млн га/ және дала /62,4 млн га/ аумақтарында болып отыр. Барлық жер қоры жеті санатқа бөлінеді, оның ішінде – 34,4 ауыл шарашылық мақсатындағы жерлер, 43,9 мемлекеттік запастағы жерлер, 7,5 елді мекендердің жерлері, 4,1 өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер, 4,0 орман, 1,3 су қорлары, ал ерекше қорғалынатын табиғи аумақтардың жерлері 0,55 пайыз құрайды. Республикада 161 әкімшілік аудан, қалалар мен поселкелердің саны – 302, ал ауылды елді мекендердің саны 7164 құрайды. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының мол болуын, ал табиғи шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің көптігін көрсетеді.

Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін түсіну үшін оқулықта жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайларына мол көңіл бөлінді. Ғылыми еңбектерге сүйеніп, Қазақстан территориясында тұрған халықтардың жер қатынастарының дамуы көне заманнан Ресейге қосылғанға шейін сарапталды. Қазақстандағы көшпелі қалықта ұзақ мерзімде феодалдық жеке және феодалдық-рулық /тумалық/ жер /жайлым және шабындықтарға/ меншіктік формалары дамыды, ал суармалы егістік жер учаскелеріне /егіншілік оазистерде, оңтүстік аумақтарда/ көне заманнан бері жеке меншік орнатылған. Ресейге қосылғаннан кейін, 1917 жылға дейін Қазақстанда Ресейдің жер қатынастары орын ала бастады және колониалдық жер саясаты мақсаты орындалды. Совет үкіметі уақытында барлық республиканың жерлері мемлекеттік меншікке ауысты, азаматтар мен мемлекеттік заңды тұлғалар ғана жерді пайдалануға құқықты болды.

1990 жылдан бастап Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды, Қазақ ССР-нің жаңа Жер кодексі еңгізілді, "Меншік туралы", "Қожалық шаруашылығы туралы", "Қазақ ССР-де жер реформасы туралы" т.б. заңдар қабылданды. Республика Конституциясында /1995ж./ мемлекеттік жер меншігімен қатар жеке меншік еңгізілді. "Жер туралы" /1995ж./ Президент Жарлығында, 2003 жылғы ҚР жер кодексінде, мемлекеттік және жерге жеке меншік орнатылуының ережелері мен заңдылықтары бекітілген, жер реформасы мақсаттарын орнатудың заңды жолдары көрсетілген, жер ресурстарын басқарушы органдардың жерді үйлестіру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен ережелері бекітілген.

«Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу« пәнінің типтік оқу багдарламасы бойынша: студент осы пәнді оқып мынадай тақырыптарды білу керек - Қазақстанда, Ресейде және басқа мемлекеттерде жер кадастрының даму тарихын, жер кадастрдың, жер учаскелердін мемлекеттик тіркеу және жерді есепке алу, жерді аймақтау, бағалау және жер салығын салу жумыстарының негізін, мемлекеттік жер кадастрдың басқа пәндермен және ғылымның салаларымен байланысын.

Пәнді оқығыннан кейін студент мынадай білім алу керек: жер учаскелерді мемлекеттік тіркеуының процессін, негізгі және күнділікті жер есебін жүргізуының әдістерін,жерді аймақтау мен бағалау, жер сағын салу, оған қолданатын күжаттарды, олардың толтыру әдістерін және ол жумыстарды компьютерлік технологиямен жасауын, жиналған мәліметтерді зерттеу, талдау, және сақтауын қарастыру мен жылдық ауданның (облыстын) мемлекеттік жер есебін (балансын) жасауды үйрену.

Бул, жер кадастрлық жумыстарды жақсы уғу үшін студент жаңа әдістер мен технологияларды, компьютерлік бағдарламаларды жақсы менгеру керек. Сонда ғана оқушы, бакалавр дипломын алғанда, мемлекеттік көп функционалдық ақпараттық жер кадастры жүйесін менгеріп жер учаскелерді мемлекеттік тіркеу және жерді есепке алу жумыстарын жақсы денгейде жаса алатын болады.

Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер сағын салу пәңді жақсы менгеру үшин студент мынадай пәңдерді білу керек: топырақ тану, геодезия, жер қуқығы, картография, информатика, жерге орналастыру жэне жалпы жер кадастрын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет