«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып



бет1/10
Дата20.05.2024
өлшемі235.88 Kb.
#501501
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 ОШ ТЖБ Қазақстан тарихы 7 сынып 2023 ж каз (1)




«Қазақстан тарихы» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып

Мазмұны


Мазмұны 2

  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттардыбөлу 4

  6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

  7. Модерация және балл қою 5

I ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

  1. ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14

  2. ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 21

  3. ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 28
    1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


    1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы.




    1. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер


Білім алушы:
Білу

  • ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдерін және оқиғалардың хронологиясы;

  • тарихи тұлғаларды;



Түсіну

  • мемлекеттердің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына тән ерекшеліктерді;

  • тарихи ұғымдарды;

  • тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді;



Қолдану

  • әр түрлі тарихи дереккөздерді қолдана алады;

  • ортағасырлық мемлекеттердің аумағын саяси картада көрсету;

  • ортағасырлық тайпалардың миграциялық бағыттарын көрсету;



Талдау

  • тарихи оқиғалардың байланысын анықтау;

  • дереккөздегі маңызды ақпаратты табады;

  • мемлекеттердің құрылуына әсер еткен факторларды талдайды;

-тарихи оқиғалардың, құбылыстардың және үдерістердің себеп-салдарын жәнесабақтастығын талдайды;


Жинақтау

  • тарихи оқиғалар, құбылыстар және үдерістердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады;

  • алғашқы тайпалық бірлестіктердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін жіктейді;

  • тарихи фактілердің маңыздылығын жіктейді;

  • тарихи оқиғалардың себеп-салдарын жинақтайды.



Бағалау

  • тарихи тұлғалардың рөлін бағалайды;

  • тарихи үдерістердің маңызын бағалайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет