Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері.
Бұл жұмысымда білім мазмұнын жаңарту жағдайында дамыған елдердің білім беру жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу процесінде ақпараттық инновациялық технологияларды пайдалану болып табылатындығы көрсетілген. Ақпараттық технологияларды қолдану – оқушылардың білім сапасын арттырудың һәм танымын жан-жақты дамытудың басты құралы екені қарастырылған.
Зерттеудің өзектілігі мынада: Қазіргі кезеңде білім және ғылым саласындағы қазақстан тарихын оқытуда инновациялық педагогикалық технологиялар өзекті болып, педагогикалық технологиялар ұғымы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде кеңінен қолданылатын технологиялардың біріне айналды. Қазіргі қоғамдағы маңызды міндеттердің бірі ақпараттандыруда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласында педагог – біліктілігін арттыру болды. Әрбір мұғалім яғни өзіміз заманауи тәрбие мен таным саласындағы жаңа тенденцияларды игеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды практикада қолдана отырып, білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруы керек.
Қазіргі уақытта оқыту парадигмасы өзгерді. Білім беру мазмұны жаңартылып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдердің алдында оқыту әдістерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды игеру, оларды тиімді пайдалану міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-бұл болашақ ұрпақтың заманауи талаптарына сай келетін жаңа бағдарлама.
Қазақстан Республикасында білім берудің 2020-2025 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бала кезден бастап, ересек жасқа дейін адамның біліміне жасалған инвестициялар экономика мен қоғам өміріне елеулі өзгерістер енгізетіндігін әлемдік тәжірибеде дәлелдеп берген делінген.
Мектеп бағдарламасындағы негізгі іргелі пәндер жаратылыстану-математика пәндері және гумманитарлық пәндері болып табылады. Оларды халықаралық сарапшылар және беделді ұйымдар (PISA, TIMSS және т.б.) мойындай отырып, біздің еліміздің стратегиялық саясатын, экономиканы нығайтуды, әл-ауқатты нығайтуды жүзеге асыратын бірден-бір пәндер деп атап көрсетті.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Қазіргі уақытта адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың зияткерлік қабілеттерін арттыратын компьютерлік технологиялар мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Дана халқымыз ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды деп бекер айтпаса керек.
Сіздерге ұсынған жұмысымның мақсаты оқушының гумманитарлық пәндерін ғана емес жалпы пәндерді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылады. Ақпараттандыруды қолдана отырып, әдіс-тәсілдерді қолдану оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша өз ойларын жеткізе алатындай, пікір- көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін дамытуға орайластырылып құрылады. Осы технологияны сабақта қолдану барысында мұғалім жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылу, оқушылардың білім түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұтымды және кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі сынды басымдықтарға ие болады.
Соңғы кезде педагогика ғылымына «инновация» деген термин енді. Ол өткен ғасырдың 50-ші жылдарында АҚШ, Германияда пайда болды. Ғылымда пайда болған жаңалықтарды зерттейтін орталықтар жұмыс істей бастады. Инновация дегеніміз – кезкелген үрдіске, не процесске жаңалық ендіріп мәселені жаңаша шешу. Қазір әлем қарқынды өзгеру үстінде. Ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан кезеңдері. Жас ұрпақ ұялы телефонсыз және интернетсіз сабақ жасай алмайтын дәрежеге жеткен уақыт. Сол себепті біз оқулықты оқушының қолынан көре алмаймыз. Ендігі кезекте оқушыға білім беріп, оны жан-жақты тәрбиелеу мұғалім жұмысының өзекті мәселесіне айналды.Сондықтан мұғалім уақыт талабына сәйкес өзгеруі керек. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде болуы. Жаһанда болып жатқан өзгерістер мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесіне де әсер етеді.
Өзімнің үздік тәжірибелерімнің негізгілері ретінде инновацияның үш кезеңін бөліп ұсынбақпын:
Бірінші кезеңде инновация туралы ақпарат жинаймын, инновацияның қажеттілігін дәлелдеймін, содан кейін әр түрлі инновациялардан қажетті жаңалықты таңдап, оны қолдану туралы шешім қабылдаймын.
Осылай инновациялық қызметтің екінші кезеңіне өте отырып, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеймін, іске асыру жоспарын жасаймын және жаңалықты пайдаланамын. Бұл кезеңде мен жаңалықтарды енгізуге кедергі келтіретін факторларды ескере отырып, оқу–тәрбие процесіне өзгерістер енгізуіме болады, жаңашылдық мерзімдерімен байланысты жұмыстарды жүргіземін.
Инновацияны енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық қызмет үшінші кезеңіне өтемін. Бұл кезеңде ұйымдастырылған оқу – тәрбие жұмысының нәтижелерін арттыруға инновацияның әсерін анықтаймын, оқу – тәрбие жұмысына жаңашылдықты тиімді енгізу шарттарын белгілей келе және оны таратуды ұсынамын. Оқытудың инновациялық жүйесі, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білуіміз қалыптасуы тиіс. Мектеп оқушыларына инновациялық ақпараттық қарым-қатынас технологиясының құралдарын қолданудың мақсаты-оқушыныңың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Яғни, оқушының танымдық қызығушылығының болуы оларға білім беру іс-әрекетінде белсенді, білімінде сапалы болуға, жағымды мінез-құлықты қалыптастыруға мүмкіндік береді деген пікірдемін.
Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім әдістердің тақырыпқа сай, оқу материалын тиімді меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін таңдау керек және осы әдісті қолдану жолын өзі жақсы білуі керек. Сондай әдістердің бірі: интербелсенді әдістің тиімділігі. «Оқу-адамды білімді болуға, әңгімелесу тапқырлыққа, естігенді жазып отыру-дәлелдікке тәрбиелейді», -деген екен Ф.Бэкон. Оқу материалын оқып үйрену кезінде оқушылардың таным белсенділігі жоғары болатын сабақ қана білімнің сапалы көрсеткішін береді. Ол үшін осы аталған әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануы мұғалім шеберлігіне байланысты.
Қазақстан тарихы пәнінен интербелсенді әдіске тоқталатын болсақ, ол оқушы белсенділігінің әсерін арттыру үшін қолданылатын әдіс. Интербелсенді оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқаруда оқушылардан модельдеуді және қатысушының дағдысын дамыту, яғни бүгінгі демократиялық қоғамға қажетті болуын талап етеді. «Интерактивтік»деген сөз энциклопедияда көрсетілген, интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтің, жұптың, топтың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің белсенділігін, оларды шығармашылық ниетін және бірігіп әрекет етуге ұмтылуын қамтамасыз етеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру шеңберінде мұғалімдер гумманитарлық пәндер оның ішінде қазақстан тарихы пәнін оқытуда интербелсенді оқытуды келесі жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асыра алады:
Бірлескен жұмыстар формасы (жұптық, топтық, барлық сыныппен);
Жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары;
Белсенді стратегиялар, әдіс – тәсілдер;
Оқу, рөлдік және іскерлік ойындар;
Пікірталастар;
Ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, интернет, құжаттар, мұражай т.б.);
Шығармашылық жұмыстар;
Жағдаяттар арқылы үйрену, нақты ситуациялар, кейс – стади;
Презентациялар;
Компьютерлік оқыту бағдарламалары;
Виртуалдық зертханалар;
Тренингтер және т.б.
Мен өзімнің 20 жылға жуық еңбек өтілімнен алған тәжірибем бойынша айтар болсам, ақпараттық технологияларды қолдану - оқушылардың танымын жан-жақты дамытудың басты құралы екені маған таныс. Мультимедиялық оқулықтарды тиімді қолданып, білім беру қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруға болады. Мұндай оқулықтарды пайдалану, ең алдымен, оқушылардың оқу қызметіне деген қызығушылығын, білімі мен белсенділігін арттырар еді. Мультимедиялық оқулықтар – оқушылар үшін таптырмас құрал. Ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал етеді. Электрондық оқытуда мультимедияны қолдану оқушылардың ақпарат беру және түсіну жылдамдығын арттырып қана қоймай, интуицияны, елестететін ойлауды және басқа да маңызды қасиеттерді дамытады. Интерактивті тақтаны оқушыларға қолданудың көптеген әдістері бар. Бұл презентациялар, интерактивті оқулықтар, графикалық дизайн, бағдарламалық жасақтама орталықтарындағы жобалар. Сонымен, интерактивті оқыту технологиясының басты ерекшелігі – оқушы білім беру процесінің пассивті тыңдаушысы емес, қажетті материалмен тікелей жұмыс жасайтын белсенді қатысушы. Бұл заманауи білім берудің жаңа технологияларының арқасында мүмкін болды. Оқушыларға инновациялық ақпараттық қарым-қатынас технологиясы құралдарын қолданудың мақсаты-оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Яғни, оқушының танымдық қызығушылығының болуы оларға білім беру іс-әрекетінде белсенді, білімінде сапалы болуға, жағымды мінез-құлықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сабақтың сапасы — мектептің маңызды міндеттерінің бірі. Көпшілік биолог-мұғалімдер оқушылардың өздері оқу сабағының сапасына еш қатысы жоқ деген нық сенімде: «Көбірек қаталдық жəне тəртіп, көбірек сабақтағы жұмыс, сонда біз жоғарғы сапаны қамтамасыз етеміз». Жоқ, олай болмайды. Бүгінгі білімнің сипаты өзгерген. Қазіргі жылдам, жанталасқан үрдістер, құндылықтардың бағалануы білімді бүкіл өмір бойына түгел алып шығуға мүмкіндік бермейді. Бұл, ендеше, биологияны оқыту үрдісін өзгертуді талап етеді, ол дегеніміз — басты міндет болып білімді игеру əдістемесі тұр деген сөз.
Қорытындылай келе, мұғалім ең алдымен инновация туралы түсінікке ие болуы керек деп келесідегідей ойымды тұжырымдаймын. Қазіргі педагогикадағы инновация – білім беру, тәрбие жұмысына жаңашылдықты енгізу, яғни жаңа әдістер, құралдар, жаңа тұжырымдар жасау және оларды қолдану ретінде анықталады. Инновация құрал және процесс ретінде кез-келген жаңалық енгізу жұмыстарын қамтиды. Инновацияға деген қажеттілік белгілі бір мәселені шешу жолында туындайды. Кез келген педагогикалық ұжым, кез келген педагог инновациялық қызметті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ инновацияны дайындау және ұйымдастыру процесінде ол белгілі бір тапсырманы өз мойнына алуы керек, өйткені кез-келген педагогикалық бастаманың объектісі оқушы екенін ұмытпауымыз керек. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік дағдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Пайдаланған әдебиеттер
«Білім» бағдарламасы – Астана: 2010
Ғаламдық білім беру – А: 2005
Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы 2013.
Достарыңызбен бөлісу: |