2.Материалдық мадениет
Сабақтың мақсаты: ХV-ХVШ ғғ. Қазақ халқының рухани, материалдық мәдениетін қарастыру.
Сабақтың міндеті:Халықтың рухани мәдениеті. Күнделікті өмірдегі салт-дәстүрлер. Наурыз мерекесі. Діни және басқа халықтық мейрамдар. Көшпелі және отырықшы тұрмысқа тән әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, олардың ерекшеліктері. Халықтың наным-сенімдері.
ХV-ХVІІІ ғғ. ақын-жыраулар: Асан Қайғы, Шалгез, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар. Олардың мұраларындағы негізгі идея.
Жазба тарих дәстүрі. Мұхаммед Хайдар дулат "Тарихи Рашиди". Қадырғали би Қосымұлы жалайыр. "Тарихи Оразмұхамед". Жадта сақталған тарих (ауызша тарих айту дәстүрі), оның үлгілері.
Сабақтың мазмұны: XVғ.-ХІХғ. басы Қазақ халқының тарихи мәдениеті басты орын алған кезең болды. Тұра осы кезде халықтың ауызша шығармашылығының әр түрі дами берді, және де ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды. Қазақтың рухани мәдениетінің дамуы тарихтың басты үрдісі ХІХғ. бастап баяулады. Қазақтың рухани мәдениетінің құндылығы жойыла берді.
Халықтың ауызша шығармашылығы. XV-XVIIғ. үлкен көлемде әр-түрлі жанрдағы халықтың ауызша шығармашылығы дамыды. Ең жоғарғы орынды “салттық әндер” алды: сәби өмірге келгенде, тойларда, ауырған кезде, адам қайтыс болғанда, жаңа жылды қарсы алғанда т.б.. Екі жастың тойында мына өлеңдер айтылады: “той бастар”, “нар-нар”, “Беташар”, “Қыз танысу”. Адам қайтыс болғанда немесе қоштасу кезінде өлеңдер айтылады: “Қоштасу”, “Естірту”, “Көңіл айту”, “Жоқтау”, “Жұбату”.
Қазақ халқының шығармашылығының ең көп тараған түрі “терме” болды. Ақын жыршылар өздері поэмалар, өлеңдер, тарихи поэмалар, ертегілер т.б. жазды. Терме өз шеңінде дауыс ырғағыменде, өз ерекшелігінде ерекшелінеді. Эпикалық, тарихи айтуларды тек қобызбен, домбырамен жеткізген Лирикалық әндер дауыс ырғағымен, мелодиясымен айрықша.
Шығармашылық жанрлардың бір түрі ертегі болып саналды. Қазақ халқының өмірін ертегімен айқын көрсетеді. Ертегіде қызықты өмірді, тұрмысты бейнелейді. Ертегілердің көбісі мұсылман дінін қабылдағанша шықты. Халықтың мәдени-тұрмысын ертегі сюжетінен көреміз. Ертегілердің жанрының өзі әр көлемде. Мыс: жануарлар әлемі туралы, тұрмыс жайлы, ғажайып оқиғалар, т.б.
Ертегілер: “Ер төстік”, “Құла мерген”, “Еділ-жайық”, “Алтын сақа”, “Қара мерген”, Аламан Жоламан”, “Асан қайғы” т.б. Бұларда сұлулар, мергендер, батырлар, аңшылар, ойшылдар, далалар бейнесі берілген. Жануарларға арналған: “Бөзінген”, “Сыттандар”, “Тепек-көк” т.б. үй жануарлары, жобайы аңдар бейнеленген. Ертегілер: “Аяз би”, “Жиренше-шешен”, “Алдар-Көсе”, “Кожа Насыр және Шопан”, “Тазша” т.б. қызыл тілге сүйенген, даналардың халық ортасынан шығуы бейнеленген. Қазақ эпосы – бұл ауызша шығармашылықтың бір түрі. Ол Ежелгі дәуір тереңіне байланысты. Ежелгі түрік батырларын алуға болады.
Ол эпостар “Қарабек”, “Ер көкше”, “Қобыланды”, “Қамбар”. Бұлар ХІІ-ХІV ғасырға жатады.
XVI-XVIIғ. дамудың жаңа этаптары басталды: сюжеттік поэмалар. Онда өз отандарын басқа елден келгендерден қорғау барысы бейнеленген.
Әлеуметтік-тұрмысты поэмалар жастар махаббатына арналады, онда айтылған салт-дәстүрлердің, халықтың ерекшеліктеріні сипаттау жағынан алатын орыны зор. Мәселен, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Күлше қыз”, “Назымбек”, “Сұлу шаш”, “Мақпал қыз” атты поэмалар соның айғағы.
Қазақтың лирикалық поэмасына айтарлықтай үлес қосқан шығыс халықтарының классикалық поэзиясы. Махаббат лирикасындағы әндер “Жүсіп пен Зылиха”, “Ләйлі мен Мәжнүн”, “Боз жігіт”, “Сейфуль-Малик”, “Тахир мен Зухра”. Бұларда қазақ халқында белгілі бір орын алған.
Қазақ ауыз әдебиетінің жанрлары да кең тамыр жайған: мақал-мәтелдер, жұмбақтар, үзінділер, шешендік сөздер, сатира, юмор, лирикалық әндер (жырлар), тұрмыстық дастандар және т.б.
Музыкалық шығармашылық. Еңбек көріністері, салт-дәстүр, халық ойындары және мерекелер – музыка әлемінде өздерінің көріністерін тапқан. Вокалды және инструменттік өнердің дамуы поэтикалық дәстүрдің дамуына, түп-тамырын жалғауға негіз болды. Қазақта және басқада халықтарда тек музыка мәдениетін қорғаушы, ұрпаққа жеткізуші аспап-саздармен орындаушы, солистік әншілер болды. Әрбір ақынның, әншінің баға жетпес құралы ұшбұрышты, сопақ түрдегі домбыра. Өз кезінде қос ішекті, іші қуыс, асты терімен жабылған қобыз сияқты құралдар болған.
XVI-XVIIғғ. халық ойындарында, мерекеде, эпикалық, тарихи, ертегі және тұрмыстық жырларды халық талантары жаңғырта білген.
Күйлерді орындаудан бұрын халық таланттары шығарманың мазмұнын қысқаша баяндап, “Енді тыңда, домбыраның сазын” деп аяқтайтын болған. Өткен тарихымыздан біз ауыз әдебиетінің талант иесіне қанша күш беріп, сондай бір тербеніске әкелетінін білеміз.
Ауыз әдебиетінің ерекшелігін, алтын қазығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші ақын, жырау, әнші-импровизаторлар. Ақындар орта ғасырда-ақ ауыз әдебиетін жаңғырта білген. Олар екіге бөлінген жыршы және әнші.
Ауызша және жазбаша әдебиеттер. Поэзия. Жырау. XVғ. басы ХІХғ. қазақ әдебиетінде жыраулық ерекше дамыған. Жыраулар көбінесе қоғамдық жұмыстарда, ханның кеңесшісі, соғыс басшылары болып қызмет атқарған.
Қазақтардың көрнекті де беделді жырауының бірі Қазтуған Сүйінші ұлы. Ол XVғ. 20 жылдарында Еділдің төменгі ағысындағы Ноғайлы ұлысының беделді биінің жан ұясында дүниеге келген. Оның өлеңдері Ноғай ұлысының басшысы ретінде, өзара тайпалардың бірілігіне, ерлікке шақырды. Доспанбет жырау XVғ. 90-жылдарында Азау қаласында дүниеге келді. Бақша сарай және Стамбул қалаларында болған. Ол өз өлеңдерінде ерлікпен адалдықты, отанды қорғауды жырлады. 1523ж. Астрахан соғысында қаза тапты.
Қазақ халқының мәдениетінде Шалгез-жырау Тіленшіұлы (1465-1560) үлкен із қалдырды. Ноғай ұлысында Жүсіп пен Смаил арасындағы қақтығыста Шалгез жырау Жүсіпті қолдады, бірақ ол жеңілгеннен кейін Шалгез жырау Қазақ хандығынан тыс жерлерге көшіп кетті. Шалгез поэзиясы терең мағыналы, көркем бейнелерге толы, патриоттық болған. Шалгез қазақтың өлең құрылысын қалыптастырған және батырлық эпостардың жыршысы болған.
Жыраулар поэзиясын жалғастырған және байытқан Марғасқа-жырау мен Жиембет-жырау (XVIIғ.), Марғасқа тек қана жырау болған жоқ, сонымен қатар ол батыр да болған. Ол Тұрсын ханға қарсы соғыстарға қатысқан. Ол “Есім” деген батырлық жырдың авторы болып табылады. Алшын руынан шыққан Жиембет Бортоғашұлы Есім ханның кезінде Кіші жүздің биі болған, ойраттарға және Тұрсын ханға қарсы күрестерге қатысқан. Кіші жүзді Қазақ хандығынан бөліп алғысы келгендігі үшін, қазақ-ойрат шекарасына қарай қуылған. Содан Есім хан қайтыс болғаннан кейін өзінің туған жеріне қайта оралған.
Ақтамберді жырау (1675-1768) Оңтүстік Қазақстанда Қаратау ауданында дүниеге келген. Ол бала кезінен ақын-импровизатор ретінде таныла бастады. Ол барлық жоңғарларға қарсы күрестерге белсене қатысты, ал XVIIIғ. 50-ші жылдары халықтың шығысқа, жоңғарлардан тартып алынған жерлерге қарай, қозғалысын басқарды. Ақтамберді Семей облысы, Жүрек Жата жерінде жерленген.
Үмбетей (1706-1778) халықтың жоңғарларға қарсы батырлық күресін, бейбіт өмірге ұмтылысын жырлаған. Үмбетейдің ең атақты шығармасы Бөгенбай батырға арналған.
XVIIІғ. ерекше атаққа Бұхар Қалқаман ұлы (1668-1781) ие болған. Бұхар-жырау Тауке-хан мен Абылай кезіндегі атақты билердің бірі болған. Ол – мемлекеттің біртұтастығына, оны сыртқы жаулардан қорғауға арналған көптеген өлеңдердің авторы. XVIIІғ.аяғы мен ХІХғ. басында Тәттіқара, Көтеш, Шал сияқты атақты ақындар болған. Тәттіқара сарыкөл жерінде, қазіргі Қостанай обл. дүниеге келген. Цинь империясына қарсы күреске қатысқан. Қазақ батырларының ерлігін жырлап, эпостық жырларды орындаған. Ақын импровизаторлар Көтеш (1745-1818) және Шал (Тілеуке Күлекеулы) (1748-1819) адам, оның моральдық және этникалық күйі жайлы өлеңдер жазған.
Жазба әдебиеті. Ауыз әдебиетінен басқа, қазақтарда жазуда дамыған. Әдеби шығармашылықтың негізгі жанрлары – діни және тарихи еңбектер. XV-XVIIIғ. қазақтар арасында “Қысас ал-анабия”, “Бадуаш”, “Суфи Аллаяр”, “Кесік-Баги” және т.б. кітаптар тараған. Бұл шығармалар діни бағытта болған.
Бізге XVI-XVIIғ. жазылған тарихи шығармалар да жеткен. “Тарихи рашиди” шығармасы Мағұлстанның және Қазақ хандығының тарихына арналған. Оның авторы-Шухам ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар. Оның “Жахан-наме” деген поэмасы бар.
Қазақтардың ең маңызды тарихи көркем шығармасы “Жәми ат-тауарих” оның авторы Тәуекел хан тұсындағы ықпалды би болған жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қосымұлы.
1587ж. ол сұлтан Ораз-Мұхаммедпен бірге орыстардың қолына тұтқынға түсіп Мәскеуде және Касимовта ұзақ уақыт тұрып, өз шығармасын жазды. Кітап XV-XVIғ. қазақ тарихына арналған. Мақал-мәтелдерге бай, шежіреден көп дерек береді. Кітап ағыздық ықпалы бар ежелгі қазақтың әдеби тілінде жазылған.
XVIғ. Өтеміс-қажы “Шыңғыс-наме” деген тарихи еңбек жазған. Кітаптың маңыздылығы сол, онда XIV-XVғғ. қазақтардың саяси құрылысы, хандары, Қазақ хандығының ұлықтары мен ұлыстарының шығуы және рулар мен тайпалар туралы мол мағлұматтар береді. Қазақтардың тарихи ауызша шежіре тарату дәстүрі қамтылған.
Дәстүр, ғұрып және мерекелер. Қазақтардың рухани және материалды өмірін халқының салт-дәстүрлі айқындайды. Көптеген тарихи құндылықтар әлеуметтік, заңдылық және тұрмыстық терминологияда кездесіп, тарих сахнасында сақталған.
Халықтық мерекелер. Қазақтардың мәдени өміріндегі орын алатын халықтық мерекелері болады. Ол мерекелер адам өмірінде басты қызмет атқарады, мысалы: үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, құдажол яғни ас беру және басқалары. Мерекелерде әртүрлі ойындар ұйымдастырылады: бәйге, күрес, сайыс немесе көкпар т.б. ойындар. Әр мерекеде өзіне сәйкес келетін халықтық ойындары болады көк-бөрі және қызбөрі деген. Бұлар ертедегі төтемдік көзқарасқа жатады. Бұл ойындардың арасында ең көп көңіл аударларлық ойын ол “ат табыс” және “аба қамарғы” ойыны. Бұл ойындарға қатысушыларға құнды сыйлықтар дайындалған.
Ең қиын спорттық ойынның түрі алтын-қабақ болды. (алтын тақтайды ату). Мергендер құнды сыйлықтармен марапатталған. Бұдан кейін алтын-қабақ ойыны дамып “күміс тақтай” (жамбы ату) пайда болды. Жаңа жылдың басы Наурызды қазақтар көктем айының бастапқы кезі ретінде тойлады.
Халықтық мерекелер әндермен және айтыскер ақындармен өтеді.
Үйлену той ғұрыпы: Қазақтың үйлену той рәсімі құдалық салтымен басталады. Қалыңдықтың әке-шешесінің қарым-қатынасы ислам дініне қарамастан жеңіл-желпі болды. Келісіп болғаннан кейін күйеу бала “жасырын” түрде қалыңдықты көруге рұқсат етілді. Оның ең бірінші қалыңдыққа баруы, қалыңдықтың ағасы немесе тұмасының үйінде әке-шешесінен жасырын болды. Ал екінші қатысу ашық түрде болды, оның “қалыңдық ойнау” деген аты болды.
XV-XVIIIғғ. бастап мұсылман қазақтарында қалыңдықты молданың арқауымен ұзату деген болмаған. Екі жастың ортасы халықтың қолдауымен, үйлену тойда айтылатын “Жар-жар” әнімен қошеметтеліп отырылды. Оны негізінде екі жастың жастары ерлер жағы және қалыңдық жағы қыздар айтады. Өлеңде келіншектің басқа ауылға, басқа отауға келуімен әке шешесінен, туған ауылынан алыстап бара жатқаны туралы айтылады. Қалыңдық туған тұысқандарымен ауылынан кетерінде “Сыңсу”, “Қыз-танысу” деген өлеңмен шығарып салынады. Қыз кетерінде ауылының барлық үйлеріне дос қыздарымен бірге қоштасу өлеңімен кіріп шығу керек. Бұл қоштасуды қазақтарда “Қыз-танысу” деп атаған.
Жігіттің ауылында қалыңдықты үлкен қошеметпен “Беташар” әнімен қарсы алған. “Беташар” екі бөліктен тұратын түсініктен тұрады: 1-ші бөлігінде қалыңдықты қайын-енесі мен атасына, жігіттің ауылдастарына таныстырады, ал екінші бөлігі келінге аттаған отауында қалай жүруін айтып өтеді.
Қалың мал төлеу барысында күйеу жағы әртүрлі қажетті сыйлықтар дайындайды: шешесіне – сүт-ақы, әкесіне – той мал, ағаларына қалыңдықтың – тарту, жақын туыстарына – кәде дайындайды. Кедей семьядан шыққан күйеуге бұндай кезде достары немесе туысқандары көмек көрсетеді. Бұл кезде қалыңдық жағыда бос отырмайды. Келісім бойынша олар “қарғы-бау” сенімділікті көрсететін, “киіт” – құдаласу сыйлығы әкелінеді. Қалыңдықтың жасауы қымбатырақ келеді, кейде қалыңдықтың құнына қарай болады. Әке-шешелері алдына-ала үйлену той бас киіміне (сәукеле) және күймеге тапсырыс береді. Кейбір бай ата-аналар қалыңдықты жазғы үймен, барлық керек-жарағымен аттандырады.
Жерлеу ғұрыпы: XV-XVIIIғғ. Жерлеу ғұрыпы аралас болды: ислам дәстүрлерімен қатар “тәңірлік” салттарға да негізделді. Қазақтар о дүниелік өмірге сенді. Сондықтан өлген адамның моласына садақ, найза, ер, сүйікті атының басын бірге қойған: өлген адамның қасына ас-суын қалдырған.
Қайтыс болған адамның үйінде түнгі күзет дәстүрі жасалады. Келесі күні қайтыс болған адам отпен тазартылып, қыстақтың жанына жерленді. Хандарды Түркістанда, Қожа Ахмед Яссауи мешітінде жерлеген. Шалғай аудандарда қыс уақытында қайтыс болған адамды сөреге жатқызып қойып, тек күн көзі жылығанда ғана Түркістанға немесе қасиетті болып саналатын басқа жерге апарған.
Қазақтардың молаларының жер үсті құрылысы олардың әлеуметтік жағдайына байланысты қатаң жіктелді. XV-XVI ғасырларда іші кірпішпен жасалған молалармен қатар тас үйінділер де болды. Ертедегі дәстүр бойынша қайтқан адамды көпке дейін қайғырып, әйелдер бетін жыртты. Әйел, күйеуі қайтқаннан бастап, жылы өткенше басына қара орамал тағып жүрді. Егер ол бай адам болса оның өзі мінген атына қайғылы жабуылмен қаптап бір жылдан кейін шешеді. Аттың құйрығын кесіп, оны да жерлейді. Басын, тұяғын және аттың қылын иесінің моласына салады.
Діни және космогониялық түсінік. Қазақстандағы үстем дін ислам діні. Ислам дінінің басты орталары Түркістан, Хорезм және Бухара болды. Қазақтарда ислам діні терең етек алған жоқ, халықтары ислам догмаларынан алыс болып ертедегі діни әдістерді орындап, тәңірлікке табынды. Ол ертетүркі кезеңінде бір құдайға сыйынуды ұйғарды. 15-18 ғ-да “тәңірлік” ислам дінімен қайшыласты. Ислам жазбаларына қарап қазақтар ата-баба рухына табынған, өздерінің әкелерінің мүсіндерін қолданған. Бұл мүсіндерді олар “бұттәңірі” деп атаған. Рузбихан былай деп жазған: “Қазақтар арасында кейбір сенбеушілік әдет-ғұрыптар таралған, оларда қандайда бір мүсіннің бейнесі болған, оны олар құрмет тұтады және оған бастарын иеді”.
Тілдің негізгі көрінісі кәміл сенушілікті өрбіткен мұсылман дінімен жалғасты. Мұхаммед Шейбани (XVIғ.) ханға табынған. Бұхара шейхтарымен қазылары мынадай шешім қабылдаған. Бұл шешім бойынша қазақтар мүсінге табынушылар деп есептелінген яғни ислам дінінен безгендер. Олар ханға, қазақтарға қарсы қасиетті соғыс ашуды ұсынған және бүкіл адам мүсіндерін жоюды көздеді. Халықтар топтарының әлемдік көзқарасында XV-XVII ғ-ғы анимистикалық түсініктер үстемдік етті және табиғаттың тылсым күші, ежелгі мифологиялық негізгі сақталған көріністері, жалпы алғанда жақсылық пен жамандықтың қарсылығын мойындау.
Табиғи көріністерді рухтандыру мәселесіде анимизмнің маңызы болып табылады. Әрбір табиғат өзгерісіндегі жанның жаны болып соны басқарады деген түсінік қалыптасады.
Қазақ мифологиясында ерте көктемдегі көк шөпті жұлуға болмайды деген ұғым адамдардың түсінігінде өмір өз жалғасын табады деп түсінік берген. Қазақтар жерге және суға табынған. Негізінен отқа табыну маңызды орын алған. Ертедегі қасиетті оттың “алас” деген аты сақталған. Қазақтардың нанымы бойынша от-үйдің, от басының қоршаушысы болған. Қалыңдық жаңа үлкен үйдің отбасына келген кезде отқа сиынып және отқа май құйып құрбан шалған. Қазақтарда отпен тазалану ғұрыпы ертеден сақталған. Бұл ғұрып қыстаудан жайлауға көшу кезінде жасалған. Қазақстанда мынадай сенім қалыптасқан. Олар қыстық қоныстарда адамдар үнемі күнәкар болады деген, өйткені бұл қоныстарда адамға зиян тигізетін күш (нечистая сила) болады деп сенген. Жайлау таза әрі бүлінбеген. Сондықтан ол жерге таза қалпында бару керек. Осыған байланысты көшу жолдарының басына екі үлкен от жағып арасынан адамдарды, қой отарын өткізген. Ал жылқылар тазартуға жатпаған. Себебі жылқыны қазақтар таза жануарлар деп есептеген.
Күнтізбе. Қазақ халқының күнтізбесінің негізі астрономиялық түсініктен және жұлдызды аспаннан тұрады. Халықтың шаруашылық өмірінде үлкен бір тәжіребелік мағына берген ол табиғат құбылыстарының кезеңдеріне бақылау жасау болды. Көшпенді шаруашылық уақыт есебін және табиғат құбылыстарының кезеңділіктерін білуді талап етеді. Қазақтар аспан денелерінің қозғалысын бақылап отырған. Үнемі шексіз далаларда көшіп жүріп, олар жерді жақсы біліп алды және жұлдызға қарап жолды айқындауды үйренді, сонымен қатар сай, жайылым және құдықтардың орнын қателеспей тура айқындаған.
XVI-XVIIғ-да халық арасында уақыт есебімен айналысқан есепші мамандар болды. Олардың бұл өнерлері тұқым қуалады және атадан балаға мұра болып қалып отырды. Олар көптеген ұрпақ тәжірибелерін алған және жылдан жылға бақылаулар жүргізген, ауа-райы жайлы болжамдар берген, мезгілдік жұмыстардың уақыттарын белгілеген. Көші-қон қыстау мен жайлау орындарын айқындап, қазақтардың халық күнтізбесін жасады және т.б. Негізгі қызығушылықты есепшілер жұлдызды аспанға негіздеді. Олар негізгі маңызды планеталарды жақсы білді, оларды өздерінің әндеріне қосты, олар жайлы аңыздар жазды.
Жұлдызды аспан картасын қазақтар негізінен темірқазық шұғыласымен ашқан. Бұл жұлдыз адам өмірінде маңызды орын алған. Қазақтар түнгі уақытта көшкен кезде осы жұлдызға қарап жолды анықтаған. Үлкен Жеті қарақшы жұлдызы әртүрлі тарихи кезеңдерде әртүрлі аттары болды, “Жетіген”, “Жеті қарт”, “Жеті қарақшы”, “Кіші жеті қарақшы”, “Ақбоз ат”, “Көк боз ат”.
Бұл жұлдыздардың аттары бақташылық тұрмыспен, отардың түнгі күзетшісіне байланысты болды.
Қазақтарда айлар есебі аймен анықталды. Әр жылдағы айлар күндерін анықтау үшін қазақ есепшілері үнемі айдың қозғалысын бақылап отырған. Олардың бақылаулары жылды 12 айға, ал айды үш 10 күнге бөлуге мүмкіндік берген.
2. Тұрғын үй түрлері. Қазақ халқының тұрғын үйлері – материалдық мәдениеттің ғажайып түрі. Оның түрлері қазақтардың жартылай көшпенді өмірге бейімделгенін көрсетеді. Тұрғындар қыстық және жаздық болып және көлемі мен құрылысына қарай бөлінген. Жаз айларында қазақтар жеңіл, көшпелі үйлерде, ал қыста – тұрақты, жылауланған – “ағаш үй” “жер үй” “қаратам” “шошала” сияқты үйлерде өмір сүрген. Киіз үй – жиналмалы тұрғын, ағаш пен киізден жасалды. Негізгі құрылымы – “кереге” (ағаштан жасалған) “Шаңырақ” және “Ұық”. Оның көлемі қанаттар санына байланысты болып келеді. 12 қанаттан тұратын киіз үйдің көлемі 100-120кв.м. болған. 12-15-18 қанаттан тұратын киіз үйлер б.з.д. ХІІ-ХІХғ. болып, кейін жойылып кеткен. Әр тор ортасынан бүгілген 36 зат “сағанақ”-тан тұрады. Торлар екі түрлі: Ірі заттан-ұсақ төртбұрышты торлардан тұратын және жіңішке заттан-үлкен торлардан тұратын болады. Киіз үй көбінесе төртбұрыш болып, есігі оңтүстікке қарайды.
Есіктер қосжарма, кескінделген болады. Торлар сыртынан “шымшы” мен қапталады. Оның сыртынан киіз жабылады. Киізделген жапқы ою өрнектелген жіп пен ленталар – “белдеумен” жалғанған. Іші ілмелі кілемдер мен еден көрпелер, түрлі-түсті жіптер мен бахрамалармен сәндендіріледі. “Ошақ” – тағам пісіріп, жылытатын орын. “Есікке қарама-қарсы сыйлы қонақтар орны – “төр” бар. Есіктегі кеңістік “босаға” деп аталады. Кіре бергенде оң жақта ыдыс-аяқ, солжақта ат абзілдері, босағадан оңға қарай пердемен жабылған төсек орын тұрады.
Қызметіне қарай киіз үйлер үш түрлі болады. Мерекелік киіз үй – қонақтар күтуге, үлкен көлемімен, бай тұрмысымен ерекшеленеді. Мерекелік киіз үй аз дегенде 12 қанаттан тұрады, ақ киізбен жібекпен қапталады. Тұрмысымен бай ерекшеленетін киіз үй – “Отау” үйлену тойға тігіледі. Жай киіз үйлер кішірек болып келеді. Кішкентай көшпелі киіз үй бір түйемен немесе жылқымен бір жерден екінші жере көшірілетін. Сонымен қатар қойма (склад) ретінде де пайдаланатын, ең қарапайым киіз үй “Күрке” деп аталатын. Ол жердейлерден тұрып, киізбен қапталған. Олар көбінесе саяхатқа шыққанға қажет еді.
Киіз үйдің жабдықтары. Киіз үйдің жабдықтары ағаш пен теріден жасалған зат, бұйымдар мен кілемдерден тұрған. Көп таралғаны киізден жасалған кілем “текемет” еді. Оюланған кілем – “сырмак”, тоқылған “кілем” еді. Кілемнің екі түрі бар: қабырғаға ілетін бай тұс кілемдер әр түрлі ою-өрнектерден жасалған, оларды “тұскиіз” деп атаған.
Ыдыстар, ас үй құралдары жоғарғы жақта сумкада сақталған, киізден жасалған сумкаларда да сақталған. Әрбір киіз үйде “сандық” болды. Ағаштан жасалған бұйымдар – азық-түліктің қорабтары, ілгіштер әртүрлі ою-өрнектермен өрнектелді. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығысында тұрғын үйлердің түрлері болды. Олар тастан, ағаштан, кірпіштен жасалынған үйлер.
Ерлер және әйелдер киімі. Қазақ халқында киімге байланысты әртүрлі әдеп-ғұрыптар сақталған. Киімдер әртүрлі әдемі жібек маталардан жасалынған. Бағалы терілер қолданылған – құландардың, жолбарыстардың т.б. Терілерден тондар жасалынды. Олар жасалғанына қарай әртүрлі аталды: “ішік”, “бас тон”, “көк тон”, “барша тон”, жарғақ тон”, “қылқа жарғақ”. Шалбарлар замшитордан тігілді, оларды әдемі тігістермен өрнектеді. XV-XVIIғ-да аса бір әдемі киімдердің бірі “кебенек” және “қаттау”, ол жұқа ақ матадан тігілді. Көне киімдердің бірі – “шекпен” – ұзын плащ, түйенің жүнінен жасалынды. Негізгі әйелдер мен ерлердің киімдері “шапан” болды, олар жібек маталардан тігілді. Жазда ерлер көйлек пен шалбар, ал әйелдер “көйлек” пен “жеңсіз” киді. Ерлердің және әйелдердің бас киімдері көптүрлілігімен белгіленді. Ертеден келе жатқан ерлердің бас киімдері “қалпақ” деп аталды. Күзде, көктемде “бөрік” киді, ал қыстық бас киімдер “тымақ” деп аталды.
Қыздардың бөріктері әдемі әшекейленді. Олардың түрлер “алтын бөрік”, “қалмаржақ бөрік”, “камшат бөрік”. Жаздық бас киімдер паршадан немесе бархыттан тігілді, оны “тақия” деп атады, бас киімдер алтыннан, күмістен, моншақтан жасалынған бұйымдармен әшекейленді. Аса бір бай үйлену тойына киетін бас киімнің бірі – “саукеле” . Бірінші баласы дүниеге келгенге дейін жас әйел (саукеленің) бас киімнің ақ тігілген “кимешек” түрін киген.
Сол сияқты ерлер және әйелдер аяқ киімі алуан түрлі. Ерлер биік, аяқтың тізесіне дейін келетін аяқ киім – “шонқайма етік” атқа мінгенде ыңғайлы – “бір тақа”, “мәсі”, “кебіс” киді. Қыста “саптама етік”, ал кедейлер “шоқай”, “шәркей” киді. Әйелдердің аяқ киімі өзінің әдемілігімен айырылды. Күнделікті киетін “кебіс”, ал бай әйелдер оюланған етік “кестелі етік”, биік тақалы “көк сауыр” киді. Қазақтың киімінің аса бір көрікті нәрсесі “белдік” болды. Ол теріден, былғарыдан, бархаттан, жібектен жасалынды. Бұл белдіктер әртүрлі тастармен әшекейленді. Кейбір белдіктерді “кисе” деп атады.
Зергерлік әшекейлер. Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен және асыл тастардан жасалды. Күміс білезіктер алтынмен жасатылып безендірілді. Сырғалар негізінен өзара алқалармен жалғасқан күміс сымдардан дөңгелек түрінде жасалды. Өзара дөңгелектермен біріктірілген медальон түріндегі шаш-баулар кеңінен қолданылды. Шаш-баудың ортасындағы медальон әрқашан түрлі-түсті тастармен әшекейленді.
Сақиналар. Құйылған сақиналар әдетте сопақша, домалақ, алмұрт тәрізді және де басқа түрінде жасалды. Оларды түрлі-түсті тастар қойып безендіру жиі қолданылды. Қазақтың зергерлері тағы да басқа “омырауша”, “өңір-жиек”, “бай тұмар”, “ілгек”, “шылтыр”, “тарсылдақ түймелер”, “түйреуіштер”, (тағы да басқа) сияқты әшекейлер дайындаған. Әйел әшекейлерін жасауда әр түрлі әдістер: құю, жылтырлату, қарайту, сонымен қатар түрлі қалыптарға келтіру пайдаланылды.
Қарулар. Қазақтың қарулары түрліше жасалды. Мәселен, “қылыш”, “себеле”, “семсерлер” ерекше болаттан соғылды. “Сапы”, “қанжар”, ұшы қайырылған пышақтар – “жеке ауыз”, ұзын жіңішке пышақтар – “бұйда пышақ”, кең тарады. Жебе мен садақ та жиі қолданылды. Жебе ұштары әр түрлі: төрт қырлы, ромб тәрізді, тағы да басқа қалыптарда кездесті. Найзаның ұштары темірден жасалынған, ол (ұшы) аттың жалын, найзаны безендіру үшін пайдаланылды. Қауіпсіздік қорғанысы теріден және темірден жасалған киімдерден тұрды. Батырлардың дулығасының етегі темір тордан тоқылды, қалқандары ағаштан және сыртына темір қаңылтырлар тігілген теріден дайындалды.
XVIIғ. аяғында Орта Азия қалаларынан сатып әкелінген мылтықтар пайдаланылды (ішін). Ішінара қазақтар мылтықты өздері де жасай бастады. Мылтықтардың көптеген түрлері болды. Оғы 700-е м. дейін жететін мылтықты “қозы кеш” деп атады. Оқтарды және оқ дәрілерді қазақтар өздері жасады, кейбіреулерін сатып алды.
Қазақтың тағамдары. Материалдық мәдениеттің бір бөлігі болатын тағам қашаннан халықта үлкен, маңызды роль атқарады. Қазақтың тағамдары негізінен еттен және сүттен жасалды. Сүтті тағамдар әр түрлі болды. Жылқы сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат дайындалды. Сиыр, ешкі, қой сүттерінен май, ірімшік, тағы да басқа тағамдар әзірленді. Айран – қазақтардың сүйікті бір сусыны болған. Су мен айранның қосындысы “шалап” деп аталды. Сүттен май шайқалды. Көп уақытқа сақтау үшін майды суық сумен жуып, тұздап, қой қарынына салған. Тағамдардың ішіндегі ерекше орында – ірімшік болды. Күнде кептірілген құрты қыста ыстық сорпаға езіп салады. Ірімшіктің “сары ірімшік” және “ақ ірімшік” деген түрлері болды.
Ұн тағамдары. Көбінесе қыста пайдаланылды. Тарыдан қазақтар “тары көже” жасады. Қуырылған бидайды үгітіп, май мен немесе сүтпен араластырып “талқан” әзірлеген. Бидайдан ұн тартылып, тандыр нан пісірілді.
Жент. Мерекелік тағам. Қазақтар сұлыға қарағанда бидайды өте жоғары бағалаған. Одан таба нан, талқан және жент дайындаған. Ұннан таба нан, қамыр илеп, бауырсақ пісірген. Арпа мен сұлыны қазақтар аса жоғары бағаламаған. Оңтүстік аудан қазақтары күріштен ботқа және күріш кәші дайындаған.
Қазақтардың басты тамағы ет болған. Еттердің ішінде жоғары бағаланған жылқының еті болған. Одан әр-түрлі тағамдар пісірген. Қазы және басқа ет майдан жасалғанды “шұжық” – деп атаған. Қой етін көбінесе жазғы уақытта жеген. Асылған ет басты тағам болып саналған. Оған таба нан қосып жеген. Сорпаны қазақтар еттің артынан ішкен. Өкпе-бауырды кішкене турап қуырдақ жасаған. Сиыр еті тамаққа пайдаланылмаған.
Ыдыс-аяқтар. Қазақтар көшпенді ел болғандықтан олардың ыдыс-аяқтары терімен ағаштан жасалынған. Сынатын ыдыстарға арнайы теріден қап жасаған. Теріден жасалған ыдыстарды көп пайдаланған. Арнайы ысылған жылқының терісінен саба жасалынған, кей кезде сиырдың терісінен жасаған. Соғым кезінде жақсы сойылған малдың терісін саба жасауға қойған.
1. Жүнді теріден сылып тастайды. 2. Ашыған сүтке теріні салып илейді. 3. Тазалап жауып, көктемге шейін сақтап қояды. Көктемге қарай оны ыстайды.
Қымыз құятын ожау әр-түрлі боялған және күміспен немесе сүйекпен сәнделген. Ас үйдің ыдысы темірден жасалған қазан болған. Қазақтың мал бағатын ауылдары керамикалық ыдыстарда қолданған.
Осылайша қазақтардың материалдық мәдениеті өзгешелікпен ерекшелінген.
1) Тест
1. Қазақстанда мекендеген тайпалардың жазба әдебиеттері тараған уақыт
А) 14-15 ғ.ғ
В) 13-15 ғ.ғ.
С) 14-16 ғ.ғ.
Д) 15-16 ғ.ғ
Е) 13-14 ғ.ғ
2. «Кодекс куманикус», «Оғызнама» шығармалары қай тілде жазылған?
А) Қыпшақ
В) Араб
С) Түркі
Д) Қазақ
Е) Орыс
3. Шоқан Уалихановтың шығармасы
А) «Шыңғыснама»
В) «Сағыныш»
С) «Ислам діні»
Д) «Қазақ даласы»
Е) «Елім ай»
4. 14-15 ғ.ғ. Қазақстанда мекендеген тайпалардың әдеби туындылары қалай таралды?
А) Ауызша
В) жазбаша
С) ауызша-жазбаша
Д) сурет түрінде
Е) таралған жоқ
5. Махалалар қанша үйден тұрған
А) 1-4 үйден
В) 7-19 үйден
С) 6012 үйден
Д) 15-27 үйден
Е) 30-35 үйден
2. Бақылау сұрақтары
1. Хорезмидің «Мухаббатнаме» шығармасы қай уақытта жазылды?
2. «Шыңғыснама» шығармасының авторы
3. Ертедегі тағам түрлерін атаңыздар
3. Үй тапсырмасы
Өтілген тақырып бойынша тест сұрақтарын түзу.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. - А., 1987.
2.Арғынбаев X. Қазақ отбасы. - А., 1996.
3.Байпаков К.М. Средневековая культура Южного Казахстана и
Семиречья. - А., 1986.
4.Искаков М. Халық календары. - А., 1980.
5.Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. - А., 1997.
6.Ж.Дауренбеков, Е.Тұрсынов. Қазақ бақсы-балгерлері. - А., 1993.
7.Қазакстан тарихы. Төрттомдық. 2-т. - А., 1997.
8.Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. (ХV-ХVІІІ ғғ.).
Үшінші кітап. - А., 1992.
9Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. - А., 1985.
10.Мұхаммед Хайдар Мырза. Тарихи Рашиди. - Ташкент, 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |