«Қазақстан тарихының кейбір ақтаңдақтары» пәні бойынша


№ 24. Лекция тақырыбы: СТАЛИН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН



бет10/15
Дата24.02.2016
өлшемі2.34 Mb.
#15057
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
№ 24. Лекция тақырыбы: СТАЛИН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Жоспар:

  1. И.В. Сталиннің билік басына келуі.

  2. И.В. Сталиннің елде жүргізген ішкі саясаты.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Федор Бурлацкий “Дожди и советники” М.,1990г

  2. М. Қойгелдиев “Ақтаңдақтар ақиқаты”

Қосымша:

  1. Ғ.Елшібаев “Сталин қателеседі”

  2. Д. Махат “Қазақ зиялыларының қасіреті”.

Лекция мәтіні

Таптық қоғам жаратылғаннан бері адам баласы теңдікті, әділдікті, бостандықты аңсап келеді. Ата-бабаларымыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» күнді аңыз етті. Ал бұл деген жан дүниесі мен табиғаттың үйлесімі — гармониясы емес пе? Асан Қайғы Жерұйықты іздеді. К.Маркс пен Ф.Энгельс, міне, болашақ Жерұйықтың — социализмнің принциптерін негіздеп «Коммунистік манифесті» жариялады.

Ұлы Қазан социалистік революциясының туында «Бейбітшілік», «Бостандық», «Теңдік», «Жер», «Әділдік» сияқты гуманистік ұрандар жазылып қана қойған жоқ, іс жүзіне асырыла бастады. Алайда, В.И.Ленин социализм принциптерін қалыптастырып, ой-арманын бір ізге салып үлгірмей кетті. Оның мұрагері болып партия басшылығында қалған И.В.Сталин теорияда саяздық көрсетті, іс жүзінде революциялық шыдамсыздыққа салынды, таққа, баққа талас барысында білім емес білек жұмсады. Әділ ел ағасы, халық ағасы болу қолынан келмей қара күшке айналды. Ұлы идея үшін сан ғасыр күрескен халық белшесінен қанға малынды, Ленин ілімі бұрмаланып, социализм құру ісі тығырыққа тірелді.

Ғалым Д.Волкогонов өзінің «Даңқ пен қасірет» деген еңбегінде сталинизмнің құрбаны болып, 3,5—4 млн. адам репрессияға ұшырады, оның 600—650 мыңы атылды,—деп мәлімдейді. Ал Р.Медведов болса, атылғандары бір млн-нан астам деп жобалады. 1938 жылы 5 мамырда «Правда» газеті абақтыға жабылғандар санын 5 миллионнан астам екендігі туралы ақпар береді. Ал егер сталиндік жалпылама террор 1940 жылы 1 сәуірде Ежовтың атылуымен аяқталды деп қана санасақ, онда бұл фактілердің әлі де тек болжам екендігін байқауға болады.

Патшалық Ресейде 1905—1912 жылдары 6 107 адам атылып, 1217 672 адам (қылмыскерлерді қоса есептегенде) түрмеде отырыпты.

Ендеше, сталиндік жалпылама террор ғасырларда болмаған жауыздықпен ұштасады. Сталинизмнің көрсеткен жапа, қайғы-мұңы тек 1937—1938 ж. аяқталмайтынын айтпасақ та болады.

Сталинизмнің қасіреті — бір халықтың басына түскен іс емес, ол бүкіл дүниежүзілік коммунистік қозғалыстың, барша кеңес халқының басына түскен ауыр қасірет. «Сталин және Қазақстан» сол масштабты тақырыптың бір ғана пұшпағы. Біз Сталинизмнің тек қазақ халқына, республика еңбекшілеріне жасаған қиянатынан азын-аулақ қана ақпар бере аламыз. Себебі, архив қоймалары жабық, қолда деректі материалдар жоқтың қасы десе де болады.

Сталин 1921 жылы 1 қаңтарда РСФСР-дың құрамындағы түрік коммунистерінің мәслихатында кіріспе сөз сөйледі. Ол «орыс социализмі» үшін ондаған жылдар бойы күрескенін, тәжірибелілігін дәріптеді.

Бұл бағдарламалық сөзде Сталин Ресейдегі революциялық процесті ұлттық шеңберге шектейді. Ал большевизм болса, ол өзінің тұңғыш қадамынан бастап Россиялық құбылыс екендігін көптеген еңбектерінде көрсеткен-ді.

Қазақ сахарасында 1890—1905 жылдары Сібір, Рязань-Урал, Воскресенскі, Орынбор-Ташкент темір жолдары басып өтетін 2072 темір жол торабы салынды. Қазақстан өңірі россиялық және дүниежүзілік сауда-саттық айналымына қосылды.

Ресейдегі революциялық процесті «орыс коммунизмі», «түрік коммунизмі» деп бөлудің дұрыс еместігін дәлелдеу үшін бірнеше факторларды еске сала кеткім келеді. Біріншіден, шығыс халықтары Ресейдің құрамды бөлігі ретінде дамыды; екіншідең, шеткі аймақ халықтары бүкіл елде жүріп жатқан экономикалық және саяси өмірге еншілес еді, ал еңбекшілер болса таптық күрестің жалпы Ресейлік мектебін бірге өтті; үшіншіден, ұлттық аудандар XIX ғ. аяғында көп ұлттық өңірге айналды, тек қана Түркістан мен қазақ даласында 2 миллионнан астам европалық өмір сүрді; төртіншіден, империя көлемінде жұмысшы табы қалыптасты, жұмысшы қозғалысы шаруалар бұқарасына моральдық-саяси ықпал жасады; бесіншіден, ұлттық аудандар саяси жер аударғандардың қара шекпенді орыс, украин, белорус шаруаларының өлкесіне айналды. Кеше ғана «аграрлық тәртіпсіздік» мектебінен өткен олар жаңа елге де революциялық рух әкелді; алтыншыдан, Ресейдің орталық аудандарымен аграрлық шет аймақтардың мәдени дамуында асып кеткен алшақтық жоқ еді. Жаңа жүргізіліп жатқан зерттеулер ғасыр басында Ресейде сауаттылық 21,6 процент болса, Қазақстанда — 19,5 проц. екендігін дәлелдеп отыр; жетіншіден, Ресей жұмысшы табы халықагралық жұмысшы табының революциялық отрядына айналды, ал ол болса жаңа типті большевиктік партия құрды. В.И.Ленин, оның жақтастары жаңа партияны орыс партиясы емес, Ресей социал-демократиялық партиясы деп атады. Ресейдегі бірінші революция кезінде Самарада РСДРП-нің Шығыс Бюросы құрылды. Шығыс халықтарына татар тілінде «Орал газеті шығарылды, т.б. Сөз жоқ, большевиктік партия қатарында шығыс халқының өкілдері аз болғаны рас, ұлттық кадрлардың шыңдалуына революциядан кейін көп уақыт, күш керек болғандығы рас. Бірақ, ол «Түрік коммунизмі» болып жеке қалыптаспағандығы да рас.

Сталиннің бұл бір тұжырымы Қазақстан партия ұйымы үшін, қазақ сахарасы үшін қасірет әкелгендігін мойындауымыз керек. 1925 жылы 12 қыркүйекте Қызылорда келіп, Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығына отырған Ф.И.Голощекин өзінің теориялық және іс жұмысында Сталиннің осы теориялық тұжырымын басшылыққа алды. Біз осы кезге дейін Голощекиннің өз басын «Кіші Қазанның» авторы етіп келдік. Шындығында, Шая Ицкович тек қана қолшоқпар бейшара ғана. Сталиннің артынан іле-шала «ауылда тап күресі жоқ», «қазақ, ауылында кеңес өкіметі жоқ», «ауылда қазан болған емес», «Қазан дауылы қазақ ауылының тұсынан құйындай өтті», «1925 жылы күзге дейін Қазақстанның, оның партия тарапының беташары» деген сияқты лепірме тұжырымдар Сталиннің «Шығыста социализм үшін күрес барысында коммунизм жақында пайда болды»— деген тезисінің жалғасы емес деп кім айта алады.

Сталин өзінің ұлт мәселесіне арнаған еңбектерінде 65 млн. орыс емес халықтардың 25 млн-ға жуығы түрік халықтары екендігін, олардың тарихи дамуында, әдет-ғұрпында, мәдениетінде өзіндік өзгешеліктері бар екендігін талай рет орынды көрсеткен-ді. РК(б)П-ның X съезінде Азық-түлік комиссариатын Қазақстанда шошқа етін даярлауға салық салғанын, ал мұсылмандар болса, шошқа өсірмейтінін әділ сынаған-ды. Ол патриархалдық-феодалдық қалдықтармен қүресу құрылысына еңбекші шаруалар Кеңестері негізінде жаңа өмірге тарту, ұлт аймақтарында күшті коммунистік ұйымдарды құру керектігін айта келіп, «вместе с тем учитывать в своей строительный работе все особенности конкретной экономической обстановки, классового строения, культуры и быта каждой данной «ациональности, без механического пересаживания экономических мероприятий центральной России, годных лишь более высокой, ступени хозяйственного развития).

Сөз жоқ, Сталин сөз жүзінде әділ айтты. Ал іс жүзінде алайықшы. Кеңес өкіметі көшпелі халықты отырықшылыққа көшіру саясатын жүргізді. Ал оны коллективтендірумен қатар жүргізді. Л.И.Мирзоян айтқандай, «көшпенділерді отырықшылыққа көшіру негізінен дұрыс саясат. Бірақ, бар мәселе, біріншіден, отырықшылыққа көшіруді даярлауда; екіншіден, оны ұйымдастырудың қарқыны мен мәнінде; үшіншіден, әр ауданның ерекшелігін ескеруде; төртіншіден, халықтың белсенділігін пайдалана білуде». Алайда, осы шарттардың бірі орындалды ма?

Не болмаса, коллективтендіру барысында ауыл мен деревняның таптық құрамы ғылыми дәрежеде зерттелді ме? 1926 жылғы Бүкілодақтық санақ бойынша қазақ қожалықтардың 2,6 проценті орыс, украин қожалықтарының 7,1 проценті кісі еңбегін пайдаланған. Ал өлкелік партия комитеті жаппай коллективтендіру кезінде баймен жартылай феодалдардың үлес салмағы 6—7 процент деген жаңсақ деректі басшылыққа алды. Басқаша айтқанда, қазақ қожалықтарындағы экспроприацияланатындар саны 3 есеге дейін үлкейтіп көрсетілді. Сөйтіп, 10 мыңнан астам орташа, қожалықтар ешқандай негізсіз бай мен жартылай феодалдардың қатарына қосылды.

Сталин мақұлдаған Голощекиннің мәдени революция программасының шовинистік сыры айтпаса да түсінікті. Міне, осының нәтижесінде бір ұрпақтың өмірінде қазақ-тілі екі рет жаңа орфографияға көшті, екі рет халықты жаппай сауатсыз етті.

Көп сөздің түйіні — И.Сталиннің теориялық тұжырымы мен нағыз іс арасы жер мен көктей алшақтығында, оның екі жүзділігінде.

И.Сталин ұлт істері халық комиссариатын басқарса да Қазақ Советтік Автономиясын құруға айтарлықтай қатыса қоймады, жұмыстың негізгі салмағын халық Комиссариатының коллегия мүшелері С.Димантейн мен С.Пестковский көтерді. Ұлт істері Халық Комиссариатының әуелі коллегия мүшесі, кейін орынбасары болып сайланған Т.Рысқұлов қазақ жерін біртұтас біріктіруді тездету, жерді пайдалану туралы реформа жүргізу, аштыққа қарсы күресу бағытында көптеген жұмыстар жүргізді. Кейін И.Сталин партияның X съезіне ұлт мәселесі жөнінде баяндама жасағанда Т.Рысқұловтың кейбір идеяларын пайдаланды.

И.Сталин партияның XII съезінде партия және мемлекет құрылысындағы ұлттық моменттер туралы баяндамасында көп ұлтты республикаларда (Грузия, Әзірбайжан, Бұхара, Түркістан) алдыңғы қатарлы элементтер өзара бақталастық жасап, жергілікті жердегі шовинизм өршуі мүмкін, «грозя нам превратить некоторые республики в арену национальной склоки, подорвать узы интернационализма». Орталық Комитетінің И.Сталин қол қойған 1922 ж. мамыр айындағы Қазақ облыстық партия ұйымына үндеуі міне осы рухта жазылған-ды. Сталиннің ойынша, қазақ коммунистері бас көтеріп, ұлттық өсек-аяңға салынып жатқандай көрінген-ді. Ал шындығына келсек, ол партия ұйымының жастығы, құрамында жұмысшы табы өкілдерінің аздығы, жалпы мәдениетінің, сауатсыздырының төмендігі, ислам, адат пен шариаттың, феодалдық-патриархалдық әдет-ғұрыптардың қалдықтарының ықпалы, жүзге, руға бөлінушілік, отаршылдықтың ызғары, Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде ұлы шовинистік пиғылдағы коммунистердің зорлығы, басқаша айтқанда өлкелік партия-ұйымын ұйымдастыру кезіндегі балалық шағына тән «науқастар» болатын. Ал Сталин әкімшілдік-әміршілдік көрсетіп, кадрларды сапырылыстырып жатты. Азғантай уақыт ішінде ұйымдастыру комитетінің басшысы В.А.Радус-Зенькович, партия комитетінің хатшылары М.М.Костолевская, Г.А.Коростелев, М.М.Мурзагалиев, В.Г.Юдовский, А.И.Ваинштейн, т.б. орталыққа шақырылды. Ең ақыры 8 жылға созылған Ф.Голощекиннің «князьдық-дәуірі» басталды. РК(б)П Орталық Комитетінің ұлттық республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерінің IV кеңесінде . Сталин: «Я помню, как два года назад в Киргизской республике был председателем Совнаркома Пестковский невладеющий киргизским языком. Это обстоятельство породило еще тогда громадные трудности в деле закрепления связи правительства Киргизской республики с киргизскими крестьянскими массами. Именно поэтому партия добилась того, что теперь председетелем Совнаркома Киргизской республики является киргиз».

Мұндай жарнама мысал тек совет құрылысында ғана болды. Ал Қазақстан партия ұйымының басшылығына 1946 жылға дейін бірде-бір қазақ бірінші басшы болып сайланбай келді. Бұл да қалыптаскан сталиндік дәстүрдің бір түрі болатын.

РК(б)П Орталық Комитетінің ұлттық республикалары мен облыстарының басшы қызметкерлерінің IV кеңесі алдында Татарстанның көрнекті партия қайраткері Сұлтан Ғалиев татар, башқұрт, Қазақстан, Орта Азия, Әзірбайжан халықтарының мүддесі туралы ортақ пікір қалыптастыру мақсатымен келіссөз жүргізді. Амал нешік, мұндай келіссөз жүргізуді Сталин партияға қарсы акция деп қарады. Сұлтан Ғалиевке «буржуазиялық ұлтшыл», «панисламист» деп қарады, Сұлтан Ғалиевтің хат жолдағандарының қатарында Т.Рысқұлов та болатын. «Что бы ни говорил Рыскулов,— деді Сталин,— ясно, что у него лежит дома два конспиративных письма Султан Галиева, которых он никому не показывал, ясно, чтобы он был связан с Султан-Галиевым идейно... речь идет об идейной, идеологической связи с султангалиевщиной». Сұлтан Ғалиев оқиғасы бірнеше ой түсіреді. Біріншіден, белгілі партия қызметкерлері артынан тіміскілеу, бақылау жүргізілген. Екіншіден, сол ұлттық кадрларға Сталин тарапынан сенім болмаған деген сөз. Үшіншіден, Сталин пікір таласынан бас тартқан, өзінің айтқанын ғана бірден-бір дұрыс деп сол 1923 ж. өзінде санаған. Төртіншіден, Сұлтан Ғалиевты ешқандай кінәсы болмаса да, абақтыға жабу социалистік заңдылықты бұзудың айғағы болса керек. Ол қорқыту, үркіту, саясатын сол кездің өзінде-ақ ұлт кадрларымен күрестің әдісіне айналдырған. Ендеше Ф.Голощекиннің қазақ сахарасында «шілдер» мен «измдерді» қойдай тоғытуы Сталиннің өз сабағы, өз қолтумасы екеніне сенесіз. Бесіншіден, Т.Рысқұлов сол кеңесте Сұлтан Ғалиевті неге ашық айыптамады?—деген әдебиетте сұрақтар кездеседі. Сұлтан Ғалиев Т.Рысқұлов сияқты шығыстағы езілген халықтардың арасынан озып шыққан ойшыл коммунист-теоретиктердің бірі болатын. Оның Ұлы Қазан революциясынан кейін ұлт-азаттық қозғалысына, отар мәселесіне арнаған еңбектері осы кезге дейін мұсылман елдеріндегі марксизммен диалог жүргізгісі келетін солшыл күштердің назарында. Сұлтан Ғалиев ұлт мәселесінің теоретигі есебінде Сталиннің В.И.Ленин ауыр науқас кездің өзінде-ақ федерация идеясының бас тартқанын тұңғыш көргендердің бірі.

Сталин болса Сұлтан Ғалиевтың идеяларын тұншықтырды. Оның өзі 1923 ж. репрессияға ілікті. Мұндай жағдайда Тұрар өз арының тазалығын сақтағаны хақ.

- 1925 ж. 18 мамырда Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетінің студенттері жиналысында сөйлеген сөзінде кеңес республикаларының даму дәрежесі әр түрлі екендігін айта келіп, ұлттық бірігудің Грузия мен Армения жоғарғы сатысында, Чечен мен Кавказда ең төменгі сатысында, ал Қырғызия осы дамудың орта шенінде деген «қорытындысын» ұсынды.

Осы сөзінде И.Сталин халықтардың мәдениеті туралы тұжырымдама жасады. «Мы строим пролетарскую культуру. Это совершенно верно. Но верно также и то, что пролетарская культура, социалистическая по своему содержанию, принимает различные формы и способы -выражения у различных народов, втянутых в социалистическое строительство, в зависимости от различия языка, быта и т.д. Пролетарская по своему содержанию, национальная по форме, такова общечеловеческая культура, к которой идет социализм. Пролетарская культура не отменяет национальной культуры, а дает ей содержание. И наоборот, национальная культура не отменяет пролетарской, культуры, а дает ей форму». Басқаша айтқанда, «ұлттық мәдениетке пролетарлық мазмұн беру»—деген ұғым оны саясаттандыру емес пе? Мәдениетке ауыз әдебиеті, киім кию, тамақ, тұрмыс, әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, адамгершілік қасиет, білім, архитектура, философиялық ой талғамы, т.б. жатады. Сонда ауыз әдебиетіне қайтіп пролетарлық мазмұн беруге болады? Қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрпына, салт-санасына қалай пролетарлық мазмұнды бірден енгізуге болады? Көшпелі цивилизацияның өзіндік мәдениеті бар, оның түрі де, мазмұны да сол халықтың өзіне тән. Сөз жоқ, социалистік дәуірде социалистік мәдениет қалыптасады. Ол тақыр жерде пайда болмаса керек, сол халықтың ғасырлар бойы жасаған, етене сіңірген мәдениетіне негізделсе керек. Мәдениеттегі ескі сарын, феодалдық өмірден өрістеген, адатқа -арбалған, шариатқа шырмалған мәдениеттің мазмұны жаңа дәуірде жаңа мазмұнда дами беретіні сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, мәдениет тарихының даму заңдылығы сталиндік догмаға сыя қоймайтыны айқын. Социализм ұлттық мәдениетті бір қалыпқа салып, түрін ғана ұлттық қылып, мазмұнын біркелкі өзгертсе, ұлттан не қалады? Украинаның борщы, галушкасы, қазақтың еті мен қымызы, өзбектің палауы өзінің мазмұнын қалай пролетарлық қалыпқа түсіру керек? Кестелі көйлек, өрнекті бешпент, оюлы тақия, оқалы шапан, томағалы бүркіт, құмай тазы қоғамдық құрылысқа қарап, мазмұнын да түрінде өзгертеді деп әкімшілік-әміршіліктің жасаудың нәтижесінде халықтар мәдениеті түгіл өзінен де айырылып қалғанына біздер куәмыз.

Сталин «Группа Бухарина и правый уклон в нашей партии» деген 1929 жылы ақпанда БК(б)П саяси бюросымен Орталық Бақылау Комиссиясының біріккен мәжілісінде сөйлеген сөзінде Бухариннің шаруалары әскери-феодалдық қанауға қарсы шыққан «Заметки эномомиста» атты мақаласы туралы айта келіп, Ленин болар болмас қатесі үшін Томскийді қайдағы бір Түркістанға қуып жіберді,—деп қорқытты. Сталин Бүкілодақтық халық шаруашылық советінде бір қаулының жобасын сынағаны үшін Нелянниковты Ленин Орталық Комитетінің құрамынан шығару керек деп ұсыныс жасады деп көрсетті. Басқа сөзбен айтқанда, Сталин өзіне қарсы шыққан Саяси Бюроның мүшелерін «Қайдағы бір Түркістанға» жер аударуға дайын екенін білдірді. И.Сталин. Ие, патша империясы кезіндегіден «қайдағы бір Түркістан» кеңес заманында да империялық идеологиядан арылмаған. Сталин сияқты қайраткерлердін арсеналында сонау 1929 жылы бар екенін аңғару қиын емес. Аты шулы «Головокружение от успехов» атты мақаласында «халықтар көсемі» колхоз құрылысын дамыту барысында әрбір аудандардың өзіндік өзгешеліктерін ескеру туралы айта келіп, Түркістанда колхоздастыруға қолайлы жағдайлардың жоғын көрсетті. Ал сол кезде Түркістанда КСРО-ның алдыңғы аудандарын «қуып жетіп, басып озу» науқаны болса қызу жүріп жатқан-ды.

И.Сталин БК(б)П-ның XVI съезіне Орталық Комитетінің саяси есебінде елімізде екінші отын — металлургия базасын — Урал-Кузнецк комбинатын салу, Кузнецкінің кокс көмірін Урал кенімен байланыстыру идеясын дәлелдеді. Отанымыздың шығысын индустрияландыруды айта келіп, Қазақстанмен Сібір түсті металлургия, Түркістанда тоқыма өндірісін дамытуға тоқталды.

1931 жылы кектемде И.Сталин әзірбайжан мұнайшыларын, Манитагор құрылысшыларына барлық машина-трактор станцияларына, астық совхоздарына «Алға, жаңа табыстарға»—деген ұрандармен оптимистік рухта құттықтау телеграммалар жолдап жатты. Ал дәл осы сәтте болса қазақ сахарасында ауыл шаруашылығы қансырап жатты. Сол жылы 23 маусымда шаруашылық қызметкерлерінің кеңесінде сөйлеген сөзінде патшалық дәуірде шаруалардың жоқшылықтан құтылу үшін деревнядан қалаға қашатынын, аштықтан қорқу, жұмыссыздық салдарынан деревня оларға өгей анадай болғанын айта келіп, кеңес дәуірінде «біз жұмыссыздықты жойдық» деревняда жалпылама кедейшілікті, жоқшылдықты жойдық, енді деревняны «өгей ана деп айтуға болмайды», жұмысшы күшін енді ұйымдастыру арқылы кәсіпорындарының колхоздармен келісім арқылы қалыптастыру керектігіне тоқталды. Ал шын мәнінде ауыл мен деревня осы бір сәтте шаруалар үшін өгей анадан да жаман болып, халық жалпылама аштық аясына ене бастаған кез еді. И.Сталин осы бір сөзінде шығыста Урал-Кузі басс проблемасын көтеріп, Қазақстан мен Түркістанда түсті металдың жаңа базасын жасауды күн тәртібіне қойды. Уралда, Сібірде, Орта Азияда инженер-техникалық кадрлар даярлайтын жаңа орталықтар ашу керектігін дәлелдеді. «Нам нужна теперь обеспечить себя втрое, впятеро больше инженерно-техническими командными силами промышленности, если мы действительно думаем осуществить программу социалистической индустриализации СССР». Партияның осы бағытын одан әрі дәлелдей келе «дело идет о создании новой, технический вооруженной промышленности на Урале, в Сибири, Казахстане».

Партияның XVII съезіне жасаған есепті баяндамада Қарағанды көмірін, Ембі мұнайын өндіруді дамытуға көңіл бөлді. Ауыл шаруашылығы туралы айта келіп, мал шаруашылығында мал басының кемігенін, тек қана 1933 ж. шошқа өсіруде ғана кейбір өсудің нышандары барын мойындады. «Очевидно, что громадные трудности объединения розрозненных мелких крестьянских хозяйств в колхозы, трудное дело создания почти на пустом месте большого количества крупных зерновых и животноводческих хозяйств, и вообше, реорганизационной период перестройки и перевода единоличного сельского хозяйства на новые колхозные, рельсы требующий много времени и больших издержек,— все это факторы неизбежно предрешили как медленные темпы подъема сельского хозяйства, так и сравнительно - долгий период упадка в развитий поголовья скота.

По сути дела отчетный период был для сельского хозяйства не только периодом быстрого подъема и мощного разбега, сколько периодом создании предпосылок для такого подъемаи такого разбега в ближайшем будущем». Басқаша айтқанда, «колхоздастыру рельсіне көшу көп уақытты және үлкен шығынды керек етеді және оның басқаша дамуы мүмкін емес» екендігін И.Сталиннің өзі «Ұлы беталыстан» кейін мойындады. Ал Ф.Голощекин болса бұл пікірді И.Сталиннен бұрынырақ айтқан-ды. Осы арада Голощекиннің «казах, который никогда не выезжал из своего аула, не знал путей, кроме путей своего кочевания, теперь с легкостью переходит из района в район внутри Казахстана, включается в русские, украинские колхозы, аереходит на работы, на хозяйственное строительство в Приволжье и Сибирь. Конечно, этот переход изменяет хозяйство, изменяет быт, разрушает старый быт, рушится старое хозяйство. Не без уронов. «Животноводство проявляет неустойчивость при переходе от натурального хозяйства к социалистическому»—деген сөздері жадыңа еріксіз түседі.

Ендеше, барша шаруаларды жерге орналастырып алғаннан кейін; болған ағаттықты, түбірінен жасалған қателіктерді бейне бір қоғам дамуының, заңдылығына айналдыруға тырысқандарын қайтерсің.

Баяндамада КСРО-дағы мал басының мынадай таблицасы бар.

Миллион мал басымен

1916

1929

1930

1931

1932

1933

а) жылқы 35,1

34

30,2

26,2

19,6

16,6

б) сиыр 58,9

68,1

52,5

47,9

40,7

38,6

в) қой-ешкі 115,2

147,2

108,8

77,7

52,1

50

г) шошқа 20,3

20,9

13,6

14,4

11,6

12,2

«Сасқан үйрек артымен сүңгиді» деп, халық бекер айтпаған. И.Сталин осы таблицаға түсінік бергенде былай депті: «из этой таблицы видно, что по поголовью скота мы имеем за отчетный период не подъем, а все продолжающийся упадок в сравнении в довоенным уровнем». Ал шындығына келсек, баяндамашы бұл арада тарихқа қиянат жасап жалған айтып тұр. Өйткені 1916 жыл мен 1929 жылдардың арасындағы мал басының даму диалектикасы бұқпантайға салынған. Ал ол кезде мал басы төмендеген жұт жылдары, азамат соғысы мен 1921 жылғы аштық жылдары бар, ал жаңа экономикалық саясат болса мал басын қайтадан тақыр жерден өсіруді бастады десе де болады. Мысал үшін, Қазақстанды алайық.

Ал Одақ бойынша қой саны 3 есеге жуық, басқаша айтқанда, 100 миллионға таяуы қырылғаи. Ал соның 22 миллионын Қазақстанның еншісі.

Партияның XVII съезінде И.Сталин мал басының осындай құлдырап кеткеніне айыптыларды жергілікті партия, кеңес органдарынан іздеді мал шаруашылығын бүкіл партия өз қолына алады, астық проблемасы сияқты оны да шешеді — деп кепілдік берді. Осы кепілдіктен соң «гром аплодисментов» деген сөздер бар. Бірақ тарих «ду қол шапалақтай» алған жоқ. Өйткені, мал шаруашылығының бұл кезде дымы құрыған, халі мүшкіл еді. Бұрын маңы Ақ Жайықтың шабақтарындай қайнап жатқан Атырау өлкесінде бұл кезде жанұя басына 0,5 тұяқтан ғана келетін. Ал Торғай өңірі, Ертіс бойы, Сарыарқа бүтіндей малсыз қалды. Амал қанша, қазақ сахарасы, украин даласы адамдарының қаңқасына толған кезде И.Сталин XVII съезд трибунасьшан «С изчезнованием кулацкой кабалы изчезла нищета в деревне. Любой крестьянин колхозник или единоличник, имеет теперь возможность жить по человечески, если он только хочет работать честно, а не лодырничать, не бродяжничать и не расхищать колхозное добро». Осы арада Ф.Голощекиннің қазақ кезбе халық деген тұжырымының И.Сталиннің лексикасына ілінуі тегіннен-тегін болмаса керек деп ойлайсың.

Егер И.Сталиннің партияның XVII съезіндегі баяндамасына сенетін болсақ, «қала мен деревня арасында қайшылықтар» жойылыпты, «қала мен деревня арасындағы мәдениет» өркендей бастапты, ұлттық табыс 1930 ж. 35 миллиардтан 1933 жылы 50 миллиардқа өсіпті, көбейіпті, халық саны сол жылдар 160,5 миллион адамнан 168 миллионға көбейіпті. Бұл арада екі ой туады: бірі — аштық, жұт қазақ сахарасында болғанда, бүкіл Одақ бойынша тек өну, өсу ғана болған. Екіншісі — олай болмаған күнде И.Сталиннің съездегі баяндамасындағы деректер жалған.

И.Сталин баяндамасының «партия» деген бөлімінде бір «ғажайып» пікір бар. «Если на XV съезде приходилось ещё доказывать правильность линии партии и вести борьбу с известными антиленинскими группировками на XVI съезде — добивать последних приверженцев этих группировок, то на этом съезде — доказывать нечего, да, пожалуй и бить некого. Все видят, что линия партии победила.

Осы арада тағы да айқындай түсуге тура келеді. Біршшіден, егер Сталин барлық «антилениндік топтарды» жайратып болса, 1937—1938 жылдар неге керек болды? Әлде миллион адамның қанын төкпесе, миллиондаған адамдар азап шекпесе «партия жолы» жеңбейтін бе еді. Екіншіден, осынша топтар — революция жеңісінен кейін Ленинге, оның іліміне қарсы күресті ме, әлде Сталиннің жолына, оның Ленинді бұрмалаған теориясы мен тәжірибесіне қарсы күресті ме? Әлбетте соңғысы. Амал нешік революция жылдары, азамат соғысы жылдары партияның ең революцияшыл, шыныққан, шыңдалған азғантай, В.И.Ленин айтқандай,, «жұқарған» тобы әбден азайып бітті, партия қатары ұсақ, майда шаруашылықта істеген, еңбекте, революция ісінде шынықпағандар қатарынан көбейді. Революциялық шыдамсыздық — капиталға қынабынан қылыш суырып, атты әскердің атакасын ұйымдастырғысы келгендер қатары көбейді. И.Сталин және оның сыбайластары, міне, осы революциялық шыдамсыздықтың идеологиясы мен тәжірибесін негіздеді.

Коммунистік интернационалдың Атқару Комитеті мен интернационалдық Бақылау Комитетінің біріккен мәжілісінде 1927 жылы қыркүйекте сөйлеген сөзінде И.Сталин бонапартизмге анықтама берді. «Что такое бонапартизм? Бонапартизм есть попытка навязать большинству волю меньшинства путем насилия. Бонапартизм есть захват власти в партии или в стране меньшинством против большинства путем насилия».

Иә, сталинизм сыбайластары да, міне осындай, бонапартизмнің бірден-бір классикалық түрі болса керек. Сталин жеке басқа табынушылық идеологиясы мен тәжірибесін іске асырды. Сталинизмнің трагедиясына тек қазақ халқы емес барша кеңес халқы ұшырады. Кеше ғана халық революциясы күйреткен Чаушеску режимі де сол сталинизмнің тағы бір көрінісі. Қазақ халқы тәуелсіз мемлекетіпің шаңырағын көтерді, білімді, білікті халықтардың санатына ілікті. Социализм табысы үшін талай ұрпақ күресті, қанын төкті, жанын пида етті. Ендеше, елге, халыққа, партияға қаншама зардабын, залалын тигізген қайғыға бөктірген, абақтыға тұншықтырған сталинизмге кеңес халқы лағынет айтады, одан іргесін аулақ ұстайды.

1949 жылы Сталиннің жетпіс жылдығы тойланды. Оған дайындық алдын ала жүргізілді. Газет, радио күнде Сталинді мадақтап істерін жақтаған. Бүкіл дүниежүзі де Сталинді мерекесімен құттықтаған. Әсіресе дүниежүзілік мемлекеттер Сталинді соғысты жеңуші ретінде құрметтеген. Ал шын мәніндегі соғыс батыры маршал Жуков жыл сайын шетте қалған. Керісінше Сталиннің оң қолы Берия оған қарсы араңдатушылық дайындаған. Тек Сталиннің Жуковқа деген жеке сыйластығы Берияның іс-әрекетінен аман қалдырды. Тура солай әскери істерден флот адмиралы Кузнецовта алыстанған. Соғыстан кейін Кузнецовты АҚШ шпионы деп түрмеге алған. Тек оның ерлігі аман есен қалуға жәрдем берді.

Сталиннің саяси араңдатушылық іс-әрекеттер әдебиетшілерден де сырттай кетпеді. Дүние жүзіне белгілі Анна Ахматова мен М.Зощенко шығармаларын еш жерде бастыруға рұқсат берілмеген. Барлық Әдеби-көркем газеттер мен журналдар олардың еңбектері үшін жабық болды. Тек бұл екеуі емес сонымен қатар: философия, лингвистика, саяси экономия, биология, генетика т.б. саладағы өкілдерде Сталиннің бұйрығымен құдаланған.

5 наурыз 1953 жылы Сталин миына қан кетіп қайтыс болды. Дәрігерлерге қарсы жүргізілген саяси репрессия нәтижесінде Сталиннің науқастанып жатқанында тәжірибелі дәрігерлердің біреуіде болмады. Біраз уақытқа дейін Сталинге мүлдем ешқандай дәрігерлік жәрдем көрсетілмеді.




№ 25. Лекция тақырыбы: СТАЛИН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Жоспар:

  1. Сталиннің юбилейі.

  2. Сталиннің өлімі.

  3. Сталиннің “мұрагерлері”.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Федор Бурлацкий “Дожди и советники” М.,1990г

  2. М. Қойгелдиев “Ақтаңдақтар ақиқаты”

3. Ғ.Елшібаев “Сталин қателеседі”

Қосымша:

1.Д. Махат “Қазақ зиялыларының қасіреті”.

2.Поцелуев В.А. История Россий ХХ столетия. –М.,1997

3.Карамзин Н.М. История государства Российского. –Т.1. –М.:Наука. 1989

4.Карр Э. История Советской России\ (Пер. З.П.Вольская и др.). –М., 1990

5.Данилов А.А. История России ХХ век. –М.,1996

6.Боффа Д. История Советского Союза. –М., 1990. Т.1-2

Лекция мәтіні

1949 жылы Сталиннің жетпіс жылдығы тойланды. Оған дайындық алдын ала жүргізілді. Газет, радио күнде Сталинді мадақтап істерін жақтаған. Бүкіл дүниежүзі де Сталинді мерекесімен құттықтаған. Әсіресе дүниежүзілік мемлекеттер Сталинді соғысты жеңуші ретінде құрметтеген. Ал шын мәніндегі соғыс батыры маршал Жуков жыл сайын шетте қалған. Керісінше Сталиннің оң қолы Берия оған қарсы араңдатушылық дайындаған. Тек Сталиннің Жуковқа деген жеке сыйластығы Берияның іс-әрекетінен аман қалдырды. Тура солай әскери істерден флот адмиралы Кузнецовта алыстанған. Соғыстан кейін Кузнецовты АҚШ шпионы деп түрмеге алған. Тек оның ерлігі аман есен қалуға жәрдем берді.

Сталиннің саяси араңдатушылық іс-әрекеттер әдебиетшілерден де сырттай кетпеді. Дүние жүзіне белгілі Анна Ахматова мен М.Зощенко шығармаларын еш жерде бастыруға рұқсат берілмеген. Барлық Әдеби-көркем газеттер мен журналдар олардың еңбектері үшін жабық болды. Тек бұл екеуі емес сонымен қатар: философия, лингвистика, саяси экономия, биология, генетика т.б. саладағы өкілдерде Сталиннің бұйрығымен құдаланған.

5 наурыз 1953 жылы Сталин миына қан кетіп қайтыс болды. Дәрігерлерге қарсы жүргізілген саяси репрессия нәтижесінде Сталиннің науқастанып жатқанында тәжірибелі дәрігерлердің біреуіде болмады. Біраз уақытқа дейін Сталинге мүлдем ешқандай дәрігерлік жәрдем көрсетілмеді.

Сталин өлгеннен кейін алдынғы саяси жоспарды іске асыруда оның жақындастары Маленков, Берия, Молотов және Хрущев шықты. Маленков Сталин өлгенен кейін КСРО министрлер кеңесінің төрағасы болды, яғни Кеңес өкіметін басқаратын болды. Оның қолында жоғарғы атқарушы-басқарушы билік шоғырланды. Берия ішкі істер министрі қызметіне тағайындалып, сонымен қатар барлық қауіпсіздік органдарды бақылаған, яғни оның қолында Сталиннің кезінде құрылған барлық репрессия-жазалау аппараты болды. Хрущев болса КОКП ОК хатшысы бола тұра барлық партиялық апараттың жібін қолда ұстады. Молотов өз жағынан сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Оның авторитеті Сталин өлгенен кейін ерекше өсті.

Сондықтан да Сталин өлген соң уақытша болса нақты бір адамға бағынатын билік болмады. Жаңа команданың арасында әсіресе қауіп төндірген Берия еді. Оның басты мақсаты бәрін не жою не өзіне тізе бүктіру болып табылды, яғни Сталин секілді авторитарлық режим құруды армандады. Нәтижесінде оның іс-әрекеті басқарушылардың мүшелеріне белгілі болды, әсіресе Хрущев пен Маленковқа, өйткені Берия бірінші болып соларды жоймақшы болды. Осы екеуі өзара келісіп Берияны қызметінен босатып қастандыққа жеткізбеуге әрекет жасауға дайындалды.

Берияның үкімет қатарынан кетуі Маленков пен Хрущевтің позициясын одан әрі нығайтты. Берияның өлімі сталинщинаға қатты соққы болды. Осы оқиғадан кейін көптеген газеттер мен журналдар Сталин культің әшкерлей бастады. Ең бірінші болып Сталиннің іс-әрекетін жамандаған Маленков еді. Бірақ ол өзін ойларын тек жоғарғы басшылар топ мүшелеріне айтқан. Сондықтан осы мәселе бойынша Сталин кезінде болған заңсыз іс-әрекеттер мен процесстерді және саяси тұтқындардың ісін қайта қарау үшін ерекше комиссия құрылды. Комиссия сталинщинаның заңсыз істерін дәлелдейтін өте көп материал жинақтады. Бұл материалдарды Хрущев өз қолына түсіріп, өзінің жақындастарына КОКП ОК ХХ съезінде доклад ретінде көпшілікке хабарлайтынын мәлімдеді. Әрине оған көпшілігі қарсылық көрсетті. Өйткені олар сол кездегі орындаушылар болып табылған. Соған қарамастан Хрущев ХХ съезд мәжілісінде “Сталиннің жеке тұлға культі мен оның зардаптары” баяндамасын көпшілікке таныстырды. Таң қалған жұрт алғашқы кезде Хрущевтің баяндамасын қатты сынады, бірақ кейінгі ұрпақ осындай қателерді жібермеу үшін шындыққа тура қарай қажет болды. Сондықтан да Хрущевтің мұндай ерлік ісі жеңіспенен аяқталды. Алғашқы кезде бұл материалды сыртқа жария етпей құпияда сақтады. Кеңес баспасына бұл материалдар тек 1988 жылы түсті. Бірақ түсініксіз жағдайда дүниежүзілік прессаға бұл информация сол 1956 жылдың өзіндей-ақ жетті. Жинақталған материалдар Сталинді 30-шы және 50-шы ж.ж. істермен кінәлады. Бірақ бір ерекшелігі Сталиннің істерін қылмыс емес саяси қателіктер деп көрсетілді. Соған қарамастан көпшілік қауым қай жерде болмасын бұл мәселені ұзақ айтып жүрді. Сталин және сталинщинаға қатты соққы берілді. Сталинге деген көзқарас халық арасында өзгерді.

Осы іс үшін Хрущевқа қарсы Молотов басқарған ОК КОКП Президиумның бірқатар мүшелері шықты.


№ 26 Лекция тақырыбы: Хрущев және Қазақстан.

Жоспары.

  1. Хрущевтің ерлік ісі.

  2. Хрущевті орнынан босатудағы әрекет.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. М.Қойгелдиев “Ақтаңдақтар ақиқаты” А.,1992ж

Қосымша:

  1. Талас Омарбеков “Зобалаң” А.”Санат” 1994ж


Лекция мәтіні:

Берияның үкімет қатарынан кетуі Маленков пен Хрущевтің позициясын одан әрі нығайтты. Берияның өлімі сталинщинаға қатты соққы болды. Осы оқиғадан кейін көптеген газеттер мен журналдар Сталин культің әшкерлей бастады. Ең бірінші болып Сталиннің іс-әрекетін жамандаған Маленков еді. Бірақ ол өзін ойларын тек жоғарғы басшылар топ мүшелеріне айтқан. Сондықтан осы мәселе бойынша Сталин кезінде болған заңсыз іс-әрекеттер мен процесстерді және саяси тұтқындардың ісін қайта қарау үшін ерекше комиссия құрылды. Комиссия сталинщинаның заңсыз істерін дәлелдейтін өте көп материал жинақтады. Бұл материалдарды Хрущев өз қолына түсіріп, өзінің жақындастарына КОКП ОК ХХ съезінде доклад ретінде көпшілікке хабарлайтынын мәлімдеді. Әрине оған көпшілігі қарсылық көрсетті. Өйткені олар сол кездегі орындаушылар болып табылған. Соған қарамастан Хрущев ХХ съезд мәжілісінде “Сталиннің жеке тұлға культі мен оның зардаптары” баяндамасын көпшілікке таныстырды. Таң қалған жұрт алғашқы кезде Хрущевтің баяндамасын қатты сынады, бірақ кейінгі ұрпақ осындай қателерді жібермеу үшін шындыққа тура қарай қажет болды. Сондықтан да Хрущевтің мұндай ерлік ісі жеңіспенен аяқталды. Алғашқы кезде бұл материалды сыртқа жария етпей құпияда сақтады. Кеңес баспасына бұл материалдар тек 1988 жылы түсті. Бірақ түсініксіз жағдайда дүниежүзілік прессаға бұл информация сол 1956 жылдың өзіндей-ақ жетті. Жинақталған материалдар Сталинді 30-шы және 50-шы ж.ж. істермен кінәлады. Бірақ бір ерекшелігі Сталиннің істерін қылмыс емес саяси қателіктер деп көрсетілді. Соған қарамастан көпшілік қауым қай жерде болмасын бұл мәселені ұзақ айтып жүрді. Сталин және сталинщинаға қатты соққы берілді. Сталинге деген көзқарас халық арасында өзгерді.

Осы іс үшін Хрущевқа қарсы Молотов басқарған ОК КОКП Президиумның бірқатар мүшелері шықты.

1957 жылы жазда оппозиция тобы Хрущевқа қастандық ұйымдастырып, ОК КОКП бас хатшы қызметінен түсірмекші болды. Кремльде Президиумның мәжілісінде Хрущев азнаулық бірақ сенімді адамдарымен болды. Әсіресе Хрущев сол кездегі қорғаныс министрі Г.К.Жуков пен КГБ бастығы Серовқа сеніп, ОК КОКП пленумын шақыртуды ұсынды. Пленумда Хрущев көп дауысқа ие болды. Ал Молотов пен оның адамдары жеңіліс тапты. Басшылықтан көп адамдар босап қарапайым қызметтерге отырды, ал Молотов, Маленков, Каганович, Булганин т.б. тіптен кейінгі уақытта пенсия шығарылған. Ал сенімді адамдарын Хрущев көтермеледі, мысалы солардың қатарында Л.И.Брежневті айтамыз.

Өкінішке орай маршал Жуков мәселесі әділетсіз болды. Жуков талай рет Хрущевті қастандықтардан алып қалған. Мысалы соңғы шешуші мәжілісте ол “менің рұқсатымсыз бірде-бір танк орнынан қозғалмайды” деп айтқан. Хрущевтің бұл ісін түсіну қиын емес. Хрущев Жуковтың авторитетінің өсуінен қорқты. Қолында армияны ұстаған адам ең қауіпті болып табылған. Кейбір сылтауларды пайдаланып Хрущев 1957 жылы күзде Жуковты қорғаныс министрі қызметінен бір жола босатып, пенсияға шығарды. Хрущев Жуковты босатқанына кейін қатты өкінеді.

Сталиннің ісін ашып көрсету мен халыққа ақиқат айту мемлекет, қоғам, миллиондаған адам өмірінде “жылулықты” туғызды.

ГУЛАГ-тың көптеген лагерлері жойылды. Миллиондаған кінәсіз сотталған адамдардың ісі қайтып қаралып босатылған. Жүз мыңдаған адамдар өздерінің жанұяларын оралған. Бірақ бұл іс толығымен аяқталмады. Кеңес Одағы мен партияның бірқатар ірі өкілдері Н.И.Бухарин, А.И.Рыков, М:П.Томский т.б. реабилитациядан өтпеді. Көптеген басқа ұлт адамдары елдеріне орай алмады: немістер, қырым татарлары, түрік-месхеттер т.б.

Қорыта айтқанда “жылулық” айтарлықтай көктемді орнатпады, керісінше Хрущев босатылған соң “жылулық” тызғармен ауысты. Оған бірнеше себеп бар: Біріншіден, қоғамның бытыраңқылығы, Сталин әлі де болса көп адамдардың жүрегінде болды. Екіншіден, Сталинді кінәлаған кездегі жүйелік бағдарламаның болмауы және толығымен шешілмеуі. Үшіншіден, бүкіл әкімшілік-командалық жүйенің өзгермеуі. Төртіншіден, Хрущевтің жүргізген саясатының шикілігі және Сталинді төмендете тура өзін-өзін көтеруі. Халық ауызында осы уақытқа дейін Хрущев туралы күлдіргі әңгімелер мен анекдоттар сақталған. Бірақ ақиқатқа келер болсақ оның ерлік ісі халықтың көзін ашты.



4. 1957 жылы жазда оппозиция тобы Хрущевқа қастандық ұйымдастырып, ОК КОКП бас хатшы қызметінен түсірмекші болды. Кремльде Президиумның мәжілісінде Хрущев азнаулық бірақ сенімді адамдарымен болды. Әсіресе Хрущев сол кездегі қорғаныс министрі Г.К.Жуков пен КГБ бастығы Серовқа сеніп, ОК КОКП пленумын шақыртуды ұсынды. Пленумда Хрущев көп дауысқа ие болды. Ал Молотов пен оның адамдары жеңіліс тапты. Басшылықтан көп адамдар босап қарапайым қызметтерге отырды, ал Молотов, Маленков, Каганович, Булганин т.б. тіптен кейінгі уақытта пенсия шығарылған. Ал сенімді адамдарын Хрущев көтермеледі, мысалы солардың қатарында Л.И.Брежневті айтамыз.

Өкінішке орай маршал Жуков мәселесі әділетсіз болды. Жуков талай рет Хрущевті қастандықтардан алып қалған. Мысалы соңғы шешуші мәжілісте ол “менің рұқсатымсыз бірде-бір танк орнынан қозғалмайды” деп айтқан. Хрущевтің бұл ісін түсіну қиын емес. Хрущев Жуковтың авторитетінің өсуінен қорқты. Қолында армияны ұстаған адам ең қауіпті болып табылған. Кейбір сылтауларды пайдаланып Хрущев 1957 жылы күзде Жуковты қорғаныс министрі қызметінен бір жола босатып, пенсияға шығарды. Хрущев Жуковты босатқанына кейін қатты өкінеді.

Сталиннің ісін ашып көрсету мен халыққа ақиқат айту мемлекет, қоғам, миллиондаған адам өмірінде “жылулықты” туғызды.

ГУЛАГ-тың көптеген лагерлері жойылды. Миллиондаған кінәсіз сотталған адамдардың ісі қайтып қаралып босатылған. Жүз мыңдаған адамдар өздерінің жанұяларын оралған. Бірақ бұл іс толығымен аяқталмады. Кеңес Одағы мен партияның бірқатар ірі өкілдері Н.И.Бухарин, А.И.Рыков, М:П.Томский т.б. реабилитациядан өтпеді. Көптеген басқа ұлт адамдары елдеріне орай алмады: немістер, қырым татарлары, түрік-месхеттер т.б.

Қорыта айтқанда “жылулық” айтарлықтай көктемді орнатпады, керісінше Хрущев босатылған соң “жылулық” тызғармен ауысты. Оған бірнеше себеп бар: Біріншіден, қоғамның бытыраңқылығы, Сталин әлі де болса көп адамдардың жүрегінде болды. Екіншіден, Сталинді кінәлаған кездегі жүйелік бағдарламаның болмауы және толығымен шешілмеуі. Үшіншіден, бүкіл әкімшілік-командалық жүйенің өзгермеуі. Төртіншіден, Хрущевтің жүргізген саясатының шикілігі және Сталинді төмендете тура өзін-өзін көтеруі. Халық ауызында осы уақытқа дейін Хрущев туралы күлдіргі әңгімелер мен анекдоттар сақталған. Бірақ ақиқатқа келер болсақ оның ерлік ісі халықтың көзін ашты.

50-60ж.ж. ауыл шаруашылық дамуындағы Хрущев бағыты үш өзгеше моменттермен байланысты болды. Біріншісі, ол “ет, сүт, май өндірісі бойынша АҚШ жетіп алып озу” бірақ шын мәнінде бұл жай ғана қиял болды. Көптеген облыстар жоспарды орындау үшін басқа облыстардан азықтарды сатып алған. Екіншісі, кішігірім қалашықтар мен жұмысшылар поселкілерінде сиыр, шошқа т.б. мал түлігін ұстауға рұқсат берілмеді. Нәтижесінде ет, сүт, май едәуірге қысқартылып, азық алу үшін адамдар үлкен Мәскеу секілді қалаларға баратын болды.

Үшіншісі, әрине Хрущевтің жүгер егу идеясы. АҚШ барған бір сапарында Хрущев "жүгер – даланың ханшайымы" екеніне түсініп, КСРО оралған соң осы жемісті, табиғи жағдайымызға қарамастан елімізде көйбетіп өсіруге пропаганда жүргізе бастады. Бұл істің дамыған соншы жүгеріні еліміздің қара суық Солтүстік шеттерге де еге бастады: Вологодская, Архангельская т.б. Жүгері жақсы дақыл болғанымен ол өзінің тез тарауымен бидай ығыстыра бастады. 1963 жылы адамдар кәдімгі ақ наннан айырылып, қара нан алу үшін ұзын кезектерді күткен. Кеңес Одағы амалсыз бидайды шетелден сатып ала бастады. Хрущев бұл проблеманы тек уақытша деп түсіндірген, бірақ нан мәселесі жылдарға созылды. Осылайша Хрущевтің ауыл шаруашылығында артық істеймін дегені тыртық болды. 60-шыж. І-ші жарт. ауыл шаруашылығы терең дағдарыс жағдайында болды.
№27. Лекция тақырыбы: БРЕЖНЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Жоспары.


    1. Жетістігі

    2. Қателігі


Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. М.Қойгелдиев “Ақтаңдақтар ақиқаты” А.,1992ж

Қосымша:

  1. Талас Омарбеков “Зобалаң” А.”Санат” 1994ж


Лекция мәтіні:

Республиканың сол кездегі дамуы тек сырттан келген кадрларға байланысты болды да, жергілікті мамандарға жауапты қызметтер сеніп тапсырылмады. Оларға шаруашылықтың кәсіподақ ұйымын басқару, бөлімшеде агроном болудан өзге қызмет тимеді. Баяғы Л. И. Брежнев салған кадр саясатындағы данғыл жол солтүстіктің, тың совхоздарында ұзақ жылдар бойы үстем болып келді.

Әдебиетке Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін қарышты дамуы, даңқының өсуі Л. И. Брежневтің есімімен байланыстырылды. Бірақ шын мәнінде осылай ма еді? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін нақты деректерге жүгінелік.

Шындық бетіне әділ қарайтын болсақ, Л. И. Бреж­нев Қазақстан экономикасын стратегиялық, бағдарламалық бағыт бере алмады. Ол «КПСС аграрлық саясатының мәселелері және Қазақстанның тың жерлерін иге­ру» атты еңбегінде Қазақстанның шикізаттық сипатын арттыру бағытында ғана ой түйіндейді. Қазақстан пар­тия ұйымының VIII съезінде, сондай-ақ 1955 жылдық тамызында болған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумында жасаған баяндамасында «көсемнің» мәселе қоюы мыс, қорғасын, қола балқытудан, көмір-өндіруден, таукен кәсіпорындары жұмысын жақсартудан әріге бармады. Л. И. Брежнев Қазақстан Компартиясының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде: «Қазақстанның мал шаруашылығының ірі базасы ретіндегі рөлі үнемі артып келеді»,— деп ашық айтты. Ол Қазақстанның оңтүстігінде де: «Ауыл шаруашылық дақылдарынан кепілді өнім алатын ұлан-байтақ аймақ жасау»,— міндетін алға қойды. Содан кейін Леонид Ильич Қазақстан партия -шаруашылық активінің 1973 жылғы 15 тамызда Алматыда өткен республикалық жиналысьшда сөйлеген сөзінде: «Республикадағы екінші тың мал шаруашылығы. Қонаев жолдаспен бір әңгімелескенімде мен атап айтқанда, қой шаруашылығы жөнінде мәселе қозғап, республикада қой санын таяу жылдарда аз дегенде 50 миллионға жеткізу туралы ұсыныс әзірлеуді етінген едім: Қазір бұл цифрдың - өзі де жеткіліксіз деп ойлаймын»— деген еді. Ал Қазақ ҚСР-іне «Халықтар достығы» орденін тапсыруға арналған мәжілісте ол бұл цифрды «елу-алпыс миллионға жеткізу» міндетін қойды. (Л. И. Брежнев. «Ленин жолымен», IV-том, 268-бет). Алайда, 50 миллион қой басына жеткілікті азық қоры республикада ол кез­де жоқ болатын. Қазірде де жоқ. Бірақ мұндай шешімді нақтылы негіздеу Л. И. Брежневтің есіне кіріп те шықпады.

Ол Н. С Хрущевтіқ тұсында да космос бағдарламасымен айналысқан еді. Ал билік қолына тиген шақта әскери полигондарға бөлінген казақ жерінің көлемін 18,3 миллион гектарға жеткізігі тынды . Л. И. Брежнев билік басында болған жылдары Қазақ жерінде ядролық даруды сынау етек алды. Сол кездері Семей, Ембі, Нарын, Маңғыстау өңірі полигон болғаны енді бүгін баршаға аян. 1977 жылы Қарағанды кеншілері бір миллиард тонна көмір шығарғанын атап өтті, Бұл отынның, теңжартысы соңғы 10 жылдың ішінде өндірілген болатын. Л. И. Брежнев Қарағанды кеншілеріне құттықтау хат жолдап, еңбекшілердің cay-саламат, бақытты болуларына тілектестік білдірді. Сөйтіп, ол республика өндірісінің мұндай шикізаттық бағытын заңдылық деп қарады және болашақта да оны өзгермейді деп сенді. Бұл уақытта техникалық прогрестің дамуы баяулады; Екібастұз, Маңғыстау байлығы орталыққа қарай аш-көздікпен тасымалданды. Жамбыл, Шымкент, фосфор тұздары, Ақтөбе мен Гурьев химия заводтары «үлкен-химияға» үлес қосты. Қаратау химия құрылысы Басқармасы 1971 — 1975 жылдар аралығында ғана 27 химия кешені мен өндірісін іске қосты. Республиканы химияландырудың етек алғаны соншалық, ішетін таза су мені жұтатын таза ауаға көптеген елді мекендер мен қалалар зәру болды. 1966—1977 жылдары химияландыру; ісіне бұрынғы онжылдықпен салыстырғанда екі есе күрделі қаржы жұмсалды.

1975 жылы Қазақстан бірыңғай энергетикалық жүйеге енді де, 1972 жылы ұзындығы 1380 километрлік Өзен Куйбышев мұнай құбыры «Дружба» мұнай құбырына апарып қосылды. Сөйтіп Маңғыстаудың мұнайы мен газы бүкіл Европаға арнасынан асқан өзендей сарқырап ақты. Денесі мұнайға күйіп жараланған жер өртенген газдың иісіне тұншықты. Табиғатының сұлулығы жан, баласын таңдандыратын ерке Алтай барша әлемді корғасын мен мырышқа, титан, мен магнийға, басқа стратегиялық металдарға қарық қылды, өзі болса солардың шаң-тозаңын жұтып экологиялық өлі аймаққа айналды. Бұл тақырыптағы әңгімемізді жалғастырсақ, тек ІХ ғ бесжылдықта ғана республикамызда 31 миллиард сом күрделі қаржы құрылысқа жұмсалды: Алайда, респуб­лика өндірісінің құрылымына ешқандай жаңалық енген жоқ, қайта онда шикізат өндіру жоспары ұлғая түсті., Соколов Сарыбай кеніші құрамында 70 процент темірі бар концентратты 26—30 миллион тонна көлемінде өндірді. Ал оның әрбір тоннасы жолға төселетін тастың құнынан да арзанға сатылды. Осындай оспадарлықтың кесірінен Қазақстан орталыққа қол созып, қарыз сұрайтын сұраншақ республикаға айналды.

Обалы не керек, Л. И. Брежнев награда үлестіруге мырза еді. Әрбір миллиард Қазақстан астығы үшін, еңбектегі басқа табыстар үшін ол қапшық-қапшық орден, медальдар беруден кенде- еткен жоқ. Мысалы, бір ғана 1980 жылдың өзінде 75 мың қазақстандық Советтер Одағының ордендері мен медальдарын алып, 95 адам Социалистік Еңбек Ері атанғаны жоғарыдағы сөзімізді анық дәлелдесе керек.
28 Лекция тақырыбы: Қазақстанның тәуелсіздік алуы.

Лекция жоспары:


  1. КСРО – ның күйреуі.

  2. Қазақстанның тәуелсіздік алуы.

  3. ТМД достығы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Алма-Ата. 1986. Декабрь. Книга-хроника. А., 1991.

  2. Алматы. 1986. Желтоксан. 2,3-кітап. А., 1992. Зерттеулер

  3. Верт Н. История советского государства. 1900-1991. А., 1992.

  4. КунаевД.А. От Сталина до Горбачева. А., 1994.

  5. Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Қазақстан Республикасы Президентінің баяндамаларынан, сөйлеген сөздері мен мақалаларынан. А., 1996.

Қосымша:



  1. Назарбаев Н. А. Евразииский Союз: идеи, практика, перспективы. 1994- 1997 . – А., 1997.

  2. Назарбаев Н. А. Қазақстан – 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан// 1997 ж. 11 қазан.


Лекция мәтіні:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет