Қазақстанда этнотуризмнің даму болашағы Төлеуұлы А. Қияз А. Б



Дата13.07.2016
өлшемі53.71 Kb.
#196714
Қазақстанда этнотуризмнің даму болашағы
Төлеуұлы А,. Қияз А.Б

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы

e-mail: almas_kar@bk.ru


Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, туризмді маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі ретінде дамыту бөлігінде бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көтеру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.Тұжырымдама халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы туристік саласының қазіргі жай-күйіне кешенді талдау жасау негізінде әзірленді және туризмді дамытудың стратегиялық пайымын, республиканың туристік саласын 2020 жылға дейінгі дамытудың негізгі қағидаттарын қамтиды, осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін және кезеңдерін айқындайды [1].

Қазақстан – мәдениет пен тарихқа бай мемлекет, сол себепті туризмнің бір бағыты - этнотуризм. Қазақ тұрмыс-тіршілігіне, мәдениетіне, тарихына қызыққан туристтер Қазақстанның барлық аумағынан өзіне қажетті мағлұматтарды ала алады. Еліміздегі ірі туристік орталыққа айналу ықтиалдылығы басым әрі туристік тиімділігі жоғары қазақстандық аймақтардың бірі –бай туристік әлеуетке ие Орталық Қазақстандағы Ұлытау өңірі. Өңірдің туристік тартымдылығының жоғары деңгейі рекреация мен туризмді дамытуға қажетті туристік ресурстардың ауқымды шоғырына байланысты болатындығы даусыз. Өңірдің қолайлы географиялық орны, антропогендік фактордың әсері айтарлықтай байқалмайтын жақсы күйінде сақталған бірегей табиғи әлеуеті, осы өңірде сан ғасырлар бойы жинақталған тарихи-мәдени мұраның бай қоры туризмді дамытуға аса қолайлы үйлесім тапқан.



Қазақ тұрмысы



Мәдениет

Ұлттық ойын

Ат спорты .Қазақ күресі

Күнделікті тұрмыс

Тарих,Сәулет,Құс бегілік.Аңшылық.Музыка

Құда түсу.Келін түсіру.Шілдехана.Тұсаукесер

1 сурет - Қазақстандағы этнотуристік маршрут перспективалары

Осы өңірде туризмді дамытудың алғашқы алғышарттарын қалыптастыру мен тетіктерін құрудың бастапқы қадамдары да жасалуда. Ұлытау өңірінің жоғары әлеуеті өзінің сан алуан тарихи, мәдени, табиғи ресурстарының негізінде туризм мен рекреациялық қызметтің бірқатар түрлерін дамытуға толығымен жетеді. Ұлытау өңірі күшті туристік әлеуетке ие болғанымен, бұл әлеует туризм мақсатында тиімді, рационалды түрде дұрыс пайдаланылып жатқан жоқ, өңірдің бірегей, қайталанбас туристік ресурстары да экономикалық тұрғыдан тиімді игеріліп жатқан жоқ. Үш жүздің басы біріккен, талай тарихи тартыстардың куәсі болып, қазақ қауымының киелі бесігі болған ұлы даланы көрмеген қазақтар қаншама. Тіпті кіндік қаны ұлылықтың ұйтқысы саналатын жерге тамып, дала төсінде туып-өсіп, жылдар бойы топырағын басып, тасын теуіп келе жатқан жапсарлас елді мекендердің қазақтары да «Бодрумға» ай сайын барып жатса да мына тұрған Ұлытауға ат басын бұрмапты. Бұл - ішкі туризмді дамыту тетіктерінің осалдығын танытады. Туризм саласындағы маркетингтің мардымсыздығынан әлем түгіл ішкі нарықтың өзінде өңір имиджін қалыптастыра алмай отырмыз.

Туристік ресурстар жоқ жерде туризмнің дамуы әсте мүмкін емес. Жекелеген туристік ресурстар туризмді шектелген кеңістікте ғана дамытуға мүмкіндік береді, ал Ұлытау өңірінің туристік ресурстарының сан алуан, әрі бай да бірегей қоры туризмді кең көлемде дамытып, туризмнің көптеген түрлерін бір мезгілде қалыптастыруға және де оны болашақта қарқынды түрде өрістетуге жол ашады. Қазіргі таңда қазақстандық туристік индустрия әлемдік нарыққа белсенді түрде енудің бастапқы қадамдарын жасауда.

Дүниежүзілік тәжірибеге көз жүгіртсек, әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің экономикасына нұқсан келтіріп, жылдар бойы жетілген қарқынды даму тетіктерін шайқалтып кеткен дүниежүзілік дағдарыс кезеңінде туристік инфрақұрылымы ежелден қалыптасқан әлем елдері экономиканы тұрақтандырудың, әрі оның дамуын бірқалыпты өрістетудің бір жолы ретінде туризмге арқа сүйеген болатын. Туризм - ел экономикасын кемелдендірудің тиімді жолы мен қомақты кіріс көзі.

2 сурет - Ұлытау өңірінің туристік-рекрециялық ресурстары

Ұлытау өңірінің табиғи туристік-рекреациялық ресурстары мен тарихи туристік ресурстары туризмнің аймақтық ұйымдастырылуына, туристік орталықтар мен аудандардың қалыптасуына және де олардың экономикалық тиімділігіне қол жеткізуге қомақты ықпалын тигізеді. Себебі өңірдің туристік ресурстарының бай әлеуеті мен бірегей шоғыры осы аймақта туризмді дамытудың маңызды алғышарттарын қалыптастырады.Еліміздің өзге аймақтарын қоспағандағы бір Ұлытаудың өзі - бағалай білсек, қыруар табыс көзі. Қазіргі таңда қазақстандық туристік индустрия әлемдік нарыққа белсенді түрде енудің бастапқы қадамдарын жасауда.Туризм - ел экономикасын кемелдендірудің тиімді жолы мен қомақты кіріс көзі. Мемлекетіміздің туризнің дамуына айрықша мән беріп отырғандығының бір себебі де осыған байланысты болатындығы сондықтан. Осыған орай, Қазақ елі өзінің табиғи, тарихи, мәдени құндылықтарын әлемге әйгілеп, шет елдік туристерді бірегей болмысымен қызықтыра алатын туризм тұрғысынан тартымды имиджін қалыптастырудың қарышты қадамдарын жасап келеді. [2]

Заманауи туризм-бұл әлемдік экономиканың маңызды саласы, сонымен қатар, туризм саласы мемлекеттің экономикасының өсуінің 3 ұнамды жақтарымен көріне алады. Яғни:

1. шетелдік валютаның қаржы түсімін қамтамассыздандырады;

2. халықтың тұрмыс тіршілігінің өсуіне үлес қосады;

3. елдің инфрақұрылымының дамуына себеп болады.

Қортындылай келе қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында жергілікті халықтың экономикалық іс-әрекетінің бір түрі болып табылатын этно-экологиялық туризм арқылы қазақ халқының экономикалық дамуын ынталандыратын жобалар құрастырылуда. Олар жергілікті тұрғындардың күші арқылы этнографиялық туризмнің орнықты дамуына бағытталған. Оның мүмкіндіктері туризмнің өзге салаларынан еш кем емес. Этнотуризмнің бағыттары көп. Көшпенділердің дәстүрі көптеген елдерді қызықтырады. Бірақ біз қазір оны дамыта алмай отырмыз.

2020 жылға дейін жеткілікті уақыт бар. Егер біз этнографиялық ауылдарды дұрыс ұйымдастыра алсақ, Қазақстанның барлық өңіріне туристерді көп тарта аламыз. Бұл үшін онда жергілікті тұрғындардың көмегімен этнографиялық ауылдарды құрастыру қажет. Бізде оған қажетті барлық негіз бар.

Жалпы этнографиялық туризм арқылы халқымызды әлемге таныстырудың мүмкіндігі өте зор [3]. Мысалы 2000 жылдардың басында шыққан Бораттың киносынан кейін шетелдіктердің кейбірі Қазақстанды шынымен де артта қалған ел деп ойлап қалған болатын. Олар шетелде болған кезде - «Біз Қазақстаннанбыз» деген кезде қатты таңырқайды. Егер этнографиялық туризм арқылы біз мәдениетіміз бен ғылымымызды ежелгі замандардан-ақ жоғары дамығанын көрсете алсақ, Қазақстанды әлемге таныту үрдісі жылдамдары күмәнсіз.



Әдебиеттер

1 Елбасы Жолдауы: «100 нақты қадам»



2 ҚазАқпарат/Айнұр Кенебаева

3 http://kazakh-tv.kz/kz/category/kazakhstan_tourism

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет