Болашақтың баянды бағдарламасы
Тілектес ЕСПОЛОВ,Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры,ҚР ҰҒА академигі.
Стратегия – біздің өмірімізде
Өткен жылғы желтоқсанда жария етілген «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы қағидаттық идеялар, пікірлер және ұсыныстар бүгінде бүкіл республика халқының қолдауына ие болды. Сөйтіп, жаңа бағдарлама елдің жалпыұлттық идеясына айналды. Себебі, бұл құжатта халқымыздың өткен жетістіктері, бүгінгі міндеттері және алдағы жоспарлары синтезделген болатын.
Елбасы Қазақстанның болашағын «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуымен байланыстырады. Республикамызда осындай тарихи міндеттерді шешу үшін табиғат, шикізат, ғылым, техника және адам ресурстары жеткілікті. Мәселе ел халқының «Қазақстан-2050» Стратегиясында топтасуында, тарихи бағдарламаны орындау ісіне бір кісідей болып жұмылуында.
Ұлттық идеялар: ел халқының этносаралық татулығы, саяси тұрақтылық, қоғамдық-әлеуметтік келісім, қазақ тілінің дамуы болса, осы құндылықтардың барлығын өзіне жинақтаған бағдарлама іс-қимыл қайнаркөзіне айналуда. Оны қолдау, іске асыру үшін жан аямай еңбек ету – әрбір қазақстандықтың борышы және міндеті. Мұндағы негізгі басты қозғаушы күш тетіктерінің бірі әлемдік озық білімнің иесі «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндіктері болуға тиісті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдық мерейтойына байланысты кешегі Астанада өткен форумда «Болашақ» негізінде «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды.
Осындай жасампаздық міндеттерді халқымыз «Қазақстан-2050» қозғалысына қатысу арқылы шешеді деген сенім күшті. Елбасы отандастарын жаңа жалпыұлттық қозғалысқа қатысуға шақырды. Мұның мемлекет алдындағы өзекжарды, тағдырлық міндеттерді шешуге кірісуі елдегі зор әлеуметтік жаңарудың басталуы деп сенеміз. Елбасының идеясымен «Қазақстан-2050» қозғалысы барлық еңбек ұйымдарында зор өрлеу тудыратындығы даусыз.
Біздің Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы Мемлекет басшысының ел агрокешенінің алдына қойған міндеттерін өте жақсы түсініп отыр. Ғалымдар ауыл шаруашылығын жаңарту ісіне белсене атсалысуда. Қазір әлем халықтарын алаңдатып отырған өткір мәселенің бірі – мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі. Сондықтан, Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында табиғат ресурстарының азаюы жағдайында Қазақстан мемлекетінің шешетін міндеттерін жеке басымдық ретінде атап көрсетті. Бұл орайда Қазақстан өзінің қолда бар табиғат ресурстарын пайдалана отырып, тұрақты экономикалық даму мәселелерін шешу үстінде. Осы бағыттағы ғылымға негізделген инновациялық іс-шаралар білімді жас мамандарға жүктеліп отыр.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы «Қазақстан-2050» қозғалысын қолдайды, оның идеяларын қуаттап, ел халқын биік тарихи белестерді бағындыруға шақырады.
//Егемен Қазақстан.-2013.-30 қараша.-7 б.
Қызылорда облысының ғылымы, білімі
және мәдениеті
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.
ӨРЕЛІ ҰРПАҚ – ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫНЫҢ ЖЕМІСІ
Соңғы уақытта отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі тақырыбы биік мінберлерден жиі-жиі айтыла бастады. Азуы алты қарыс жаһанданудың құлқынына жұтылып кетпеуді ойлаған ұлт өзінің түп-тамырына байланған қасиеттерді қадір тұтады. Тоқсаныншы жылдардағы қиындық қамыты мойнына киілген ата-аналар бала тәрбиесі мен отбасындағы берекеге жеткілікті көңіл бөлінбегенін бүгінгі қоғамдағы өрескел жағдайлардан анық байқап отыр. Ажырасушылардың көбейгені, тастанды балалар тағдыры, жат діни ағымдардың жетегіне ерген жастардың келешегі ата-ананың арқасына аяздай батады. Сондықтан аймағымыздағы Батыр аналардың басын біріктірген қоғамдық ұйымдар, ұстаздар мен зейнеткерлер ұрпақ игілігіне бағытталған бірнеше жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірқатары ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен өткен семинарда таныстырылды.
Семинарда облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен шараға қатысушылармен ой бөлісті.
Әрбір адамның күнделікті қарбалас тірліктен кейінгі маңдай тірейтін, қиналғанда қолдау күтетін нысаны – отбасы, жақын-жуығы екені белгілі. Ұлттық комиссия төрайымы жақында қабылданған "Нұр Отан” партиясының доктринасында «Отбасы және дәстүр» қағидаттарының ұлықталғанын, қыркүйектің екінші жексенбісінің Отбасы күні болып белгіленгенін атап өтті. Отбасында ата-ананың бала алдындағы, баланың ата-ана алдындағы жауапкершіліктері, үлкенді сыйлау, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық сияқты қасиеттер қалыптасады. Алайда, жылына 170-180 мыңдай неке тіркелсе, 40 мыңдай отбасының шаңырағы шайқалады. Тастанды балалардың арасында ата-анасының көзі тірі жетімдер көбейді. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы жиіледі. Осы келеңсіз құбылыстардың алдын алу үшін қоғамның тәрбиешілік, насихатшылық қуаты аса қажет.
Сыр өңірі – алтын құрсақты Батыр аналардың мекені. Бүгінде аймақтағы туу көрсеткіші жоғары деңгейде. Нәрестелердің шетінеуі, ана өлімі азайды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық тәрбиеге алушылардың қатары көбейіп келеді. Балалар үйі тәрбиеленушілерін оқыту, баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру мәселелерінде үлкен істер атқарылуда. Батыр аналардың еліміздегі санаторийлерде демалуы мен ем алуына мүмкіндік жасалды.
Семинарда "Ақ босаға”, "Батыр ана” қоғамдық қорларының жетекшілері Меруерт Аңсатова, Рая Бәкірова жүзеге асырылған іргелі жобалар жөнінде қысқаша мағлұмат берді. Сондай-ақ, облыстық балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Арман Қаржаубаев, патронат тәрбиеші Сәбит Сүгірәлиев, облыс әкімінің кеңесшісі, облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Рахима Ахметова, Батыр ана Пісте Сауқанова, ҚМУ-дың профессоры Темірбек Жайсаңбаев, тағы басқа қатысушылар сөз сөйлеп, семинарда көтерілген мәселелерге байланысты ойларын ортаға салды.
//Сыр бойы.-2013.- 2 қараша.- 2 б.
Айғали ҚАРАБАЛАЕВ,
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРҒАНДАР
Бейсенбі күні Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында әлеуметтік сала жүйесі қызметкерлерінің бірінші форумы өткізілді. Оның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова қатысты. Форум басталмас бұрын оған қатысушылар алдымен сарай фойесінде өңірімізде жүзеге асырылып жатқан көрмені тамашалап, ең үздік әлеуметтік жобалармен танысты.
Мұнан кейін форум жұмысын ашқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева осыдан үш жыл бұрын, яғни, ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні белгіленгенін атап өтті. Шындығында әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі аса ауқымды. Олар дүниеге келген сәбиден бастап ақылман қарияларға дейін қамқорлық көрсетіп, өз қызметтерін адалдықпен атқарып келеді. Осы орайда айта кету керек, біздің өмір сүруіміздің сапасы, әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамның молшылығы көп жағдайда әлеуметтік қорғау саласының даму деңгейіне тікелей байланысты. Бүгінде облыста бұл бағытта түрлі салалық бағдарламалар бойынша кең ауқымдағы жұмыстар жүзеге асырылуда. Әрі олар жеміссіз де емес.
Сала қызметкерлері мен форумға қатысушыларды құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова әлеуметтік сала қызметкерлерінің атқарып отырған қызметтері үлкен екеніне тоқталды. Атап айтқанда, олар көмекті қажет ететіндердің жанынан дер кезінде табылады. Әрі қолдарынан келген қайырымдылық көмегін де аямайды. Бүгінде облыстың әлеуметтік саласында 1800 адам жұмыс істейді. Олар 200 мыңға жуық адамды өз қамқорлығына алып, көмек көрсетуде. Жалпы әлеуметтік қызметкерлер қоғамдағы адамдар өмірінің сапасы жақсы болуына айрықша көңіл бөледі. Сондықтан да олар сонысымен ерекшеленеді.
Әлеуметтік салаға мемлекет әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Кешегі нарыққа көшкен ауыр кезеңдердің өзінде жалақы, жәрдемақы, зейнетақы секілді әлеуметтік төлемдер жыл санап көтеріліп, уақытылы берілді. Бүгінде Елбасының тапсырмасына орай әрбір адамның жағдайы мен тұрмыстық ахуалын жақсартуға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама шеңберінде азаматтарды оқыту мен қайта даярлау, жастар тәжірибесі мен кіші несиелерді алып жұмыс істеуге зор мүмкіндіктер бар. Сондай-ақ, бұл саланы қаржыландыру да жыл санап өсіп келеді. Атап айтқанда, бір биылдың өзінде әлеуметтік қамтамасыз етуге 3 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылған. Соңғы үш жылда мемлекеттің әлеуметтік қызмет көрсету саласына бөлген қаржысы 2,5 есеге артқан.
Дегенмен, Наталья Николаевнаның әңгімесіне қарағанда бұл салада әлі де қолға алуды қажет ететін істер жетерлік. Соның бірі жасы ұлғайған қарт кісілерге көмек көрсетуді жақсарта түсу керек. Жалпы облыста 93 мыңдай зейнеткер бар. Олардың 8 мыңға жуығы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соғыс жауынгерлерінің жесірлері, тылда және басқа да ауыр кезеңдерде жұмыс істегендер. 58 мың адам жасына байланысты зейнетке шыққандар. Осы кісілер әрдайым қолдау мен көмекті сезіне білуі керек. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл 1100 ардагер мен 400 көпбалалы аналар республиканың жақсы деген санаторийлерінде ем алды әрі демалды. Бұл іс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, қарт кісілерге медициналық қызмет көрсету ісін де жақсарта түсу қажет. Бұл жолда олар үшін кездесетін кедергілерді азайту керек.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да айрықша көңіл бөлінуі тиіс. Қазіргі күні облыста 27 мыңнан астам мүгедек бар. Олардың өмір сапасын жақсарту үшін облыста көптеген әлеуметтік нысандар салынды. Осы орайда айта кету керек, облыс әкімінің тапсырмасына орай 2013-2014 жылдарға арналған жол картасы дайындалды. Осы бағдарламаға орай, келер жылы атқарылатын жұмыстарға 3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Мұнан кейін мінберге көтерілген тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Қызылорда аймақтық қорының атқарушы директоры, «Сыр мейірімі» жобасының жетекшісі Сапура Абдрахимова соңғы үш жылдан бері облыс әкімдігінің қолдауымен аталмыш жобаның жүзеге асырылып келе жатқанын тілге тиек етті. Анығын айтқанда, «Сыр мейірімі» жобасын іске асыруда. Сыр елінің азаматтары ауызбіршілік танытып, тұрмысы төмен азаматтарға ұдайы көмек қолын созып, көмек көрсетуде белсенділік танытып келеді. Жалпы жоба аясында 20 адам жұмыспен қамтылған.
Жалпы сүрінгенді сүйеп, жығылғанды демеп, адам баласына тек қана жақсылық жасап жүрген абзал да қайырымды жандарға арналған форумда сөз сөйлеген «Ұмай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің басшысы Анар Ізден мен «Домашний персонал» агенттігінің директоры Ажаркүл Боранбаева және «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында несие алып, кәсібін дөңгелентіп отырған Алтынай Іздіқұлова өз жұмыстары жөнінде айтып берді.
Форум соңында облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова әлеуметтік салада жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматтарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісі мен Құрмет грамоталарын және Алғыс хаттарын табыс етті. Ол сондай бірқатар азаматтарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын да табыс етіп, әлеуметтік қорғау саласында ұзақ жылдар жұмыс істеп жүрген сегіз азаматқа аймақ басшысы арнайы белгілеген 500 мың теңгенің сыйақы сертификатын тапсырды.
***
Осы күні кәсіби мерекеге орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында дөңгелек үстел өткізілді. Оған қатысқан басқарма және департамент басшылары мен мамандары жұмыссыздық деңгейін төмендету мен зейнетақы жүйесін жаңғырту және зейнетақы қорларының жұмысын жандандыру секілді бірқатар мәселелер жайында хабарламалар жасап, олар туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
/
/Сыр бойы.- 2013.- 2 қараша.- 3 б. (фотосуреттермен)
Алибек БАЙШУЛЕНОВ,
СОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА
ПОМОЩЬ В ВИДЕ ГРАНТОВ НА ОБУЧЕНИЕ
В нынешнем году 123 кызылординца из социально уязвимых слоев населения начали учебу по востребованным специальностям в отечественных вузах — в порядке оказания им социальной помощи по инициативе акима области из областного бюджета было выделено 51,7 млн. тенге.
По итогам ЕНТ специальная комиссия рассмотрела документы 194-х претендентов. 100 из них стали обладателями грантов. Еще 23 гранта были выделены за счет сэкономленных средств, полученных в результате уменьшения стоимости оплаты за учебу в вузах. Подчеркнем, все обладатели грантов — из числа наиболее уязвимых слоев населения.
Как известно, в регионе остро не хватает специалистов по ряду профессий, что учтено при распределении грантов. Сейчас 58 студентов осваивают азы специальностей в сфере биотехнологии, горного дела, радиотехники, электроники и телекоммуникаций, химической технологии неорганических веществ, электроэнергетики и т.д. 39 обладателей грантов после вуза станут агрономами, дигаюмированными гидромелиораторами, специалистами в области рекультивации и охраны земель, технологии производства продуктов животноводства. 16 кызылординцев выбрали музыкальное творчество, хо- реографию и дизайн. Еще 9 наших земляков станут ветеринарами, один — учителем иностранного языка.
Остается отметить, что обладатели грантов проходят обучение в шести вузах Казахстана: 77 студентов — в КГУ им. Коркыт Ата, 18 - Казахском агротехническом университете им. С. Сейфуллина, 11 — Казахском национальном техническом университете им. К.Сатпаева, 7 — в Алматинском технологическом университете, 4 — в Южно-Казахстанском государственном университете им. М.Ауэзова и 6 — в Западно-Казахстанском аграрно-техническом университете им. Жангирхана.
//Кызылординские Вести.-2013.- 5ноября.- С.3
//Кызылординские Вести.-2013.-23 ноября.-С. 3
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
АУЫЛДАН АНГЛИЯҒА ДЕЙІН
шетелдерде 70-ке жуық аймақ жастары білім алды
Тәуелсіздік алған кезеңдегі ел өмірі қилы-қилы қиындықтарға толы болды. Бір қоғамнан екінші дәуірге алмасып жатқан аласапыран уақытта Елбасының идеясымен еліміздің саяси-экономикалық әлеуетін көтеретін білікті кадрлар дайындауды мақсат еткен «Болашақ» бағдарламасы өмірге келді. Мұндай озық тәжірибені біздің ел ТМД-да бірінші болып енгізді. 1993 жыл еліміз тәуелсіздікке жаңа қол жеткізіп, барлық тұғырлы заңдық қалыптарымыз өзгеріп жатқан кез еді. Бізге ең алдымен құқықтану, саясаттану мамандары қажет болды. Ұлттық заңнаманы түзу мен ел экономикасын көтеру мақсаты қатар тұрды. Осыған орай «Болашақтың» алғашқы легімен халықаралық қатынас, экономика мен қаржы саласындағы егемен Қазақстан үшін қажетті халықаралық деңгейдегі мамандардың бастапқы буыны даярланды.
Бүгінде «Болашақ» бағдарламасына 20 жыл толды. Әлемнің үздік оқу орындарынан білім алып келген стипендиаттар Елбасы ұсынған реформаларды экономикаға енгізуде елеулі үлес қосып жүр. Өткен жиырма жыл ішінде он мыңға жуық қазақстандық жасқа шетелдерде білім алуға мүмкіндік берілді. Оның ішінде 70-ке жуық сырбойылық та бар екенін атап өткен жөн.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттардың бірі –білім жүйесін модернизациялау екендігі белгілі. Соңғы жылдары тек стипендиаттар саны біршама өсті, талапкерлерді қабылдайтын оқу орындарының географиясы ретке келтірілді. Қазір болашақтықтар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Австралия, Венгрия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Малайзия, Швеция сынды тағы басқа елдердің ең үздік оқу орындарында білім алып, біліктілігін көтеріп, тәжірибе жинақтап жүр. Бағдарламаның алғашқы кезеңі 1993-2000 жылдар аралығын қамтиды. Осы жылдары әлемнің он шақты елінде мыңға жуық стипендиат экономикалық-гуманитарлық және техникалық-инженерлік мамандықтар бойынша білім алды. Бірақ, сол жылдары топ жарып шыққан стипендиаттар мемлекет алдындағы борыштарын дұрыс орындай алмай, ел сеніміне селкеу түсіргендері рас. Осындай олқылықтарды ескере келе, 1997 жылы Президенттің «Болашақ» стипендиясын беру тәртібінің жаңа ережесі жасалды. Ережеде білім білігіне қарай таңдау және олар оқуды аяқтағаннан кейін еліміздің мемлекеттік органдарында жұмысқа орналастыру мәселелері қамтылды. Бұған қоса, жастардың өркениетті елдердің жоғары оқу орындарында мемлекет есебінен тегін оқуына мүмкіндік туды.
Екінші кезең 2000-2004 жылдарды қамтыды. Бұл тұста бағдарлама Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолдаған Жолдауында белгіленген басым бағыттарға негізделді. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасының түлектері докторантура бойынша білім ала бастады. Бұл жерде инженерлік-техникалық мамандықтарға басымдық берілді. Аталған мамандықтар бойынша талапкерлерді іріктеуде олардың шет тілдерін еркін білу міндеттері алынып тасталды. Өз кезегінде бағдарлама кәсіби өсу мен жетістіктерге жетудің кілтіне айнала бастады. Үшінші кезең, 2005-2007 жылдар арасында үш мыңдай стипендиат шетелдерде білімдерін жалғастырды. Шетелдерде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссияның арнайы отырысында «Болашақ» халықаралық бағдарламасын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған нақты жоспары қабылданды. Төртінші кезең, бұл бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталды. Осы кезеңде бағдарлама шын мәнінде жалпы халықтық сипатқа ие болды.
Аталған бағдарламаның игілігін көрген біздің өңірдің талантты жастары да баршылық. Мәселен, Айгүл Yмбетова – Англияда, Нұрділдә Оспанов – Американың Нью-Йорк штатында, Ысқақов Асхат – Техас штатында, Гүлімбетов Шыңғыс – Монтанада, Бауыржан Желібаев – Лондонда, Руслан Шаймағанбетов Прага қаласының ірі оқу орындарында білім алып, қазіргі таңда ел дамуына үлес қосуда. Олардың көпшілігі облыстағы қазақ-түрік лицейінің түлектері екенін де айта кету керек. Біз осы ретте Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі департамент директоры Темірболат Кеншінбаевпен пікірлескен едік. Оның айтуынша, қазірге дейін «Болашақ» бағдарламасы аясында 70-ке жуық жас шетелдің жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Онын ішінде 20-30 студент өз білімін шыңдаса, университеттің бірқатар оқытушылары кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында ғылыми-тағылымдамалардан өтті. «Өткен жылдан бастап тұңғыш рет педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық мамандық иелерін шетелдерде тағылымдамадан өткізу жобасы іске қосылды. Бүгінде 4-5 жылдың көлемінде бағдарлама бойынша бес жылға оқуға жіберу тоқтатылды. 2012 жылдан бастап бағдарламаға түбегейлі өзгерістер енді. Биыл алғаш рет құжаттар өңірлерде қабылданды. 2011 жылдан бастап мамандарды даярлау ұлттық және салалық бағдарламаларға сәйкес келетін және тапсырыс берушілердің нақты кадрлық қажеттіліктері есепке алынды. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-техникалық және медицина мамандықтары үшін тағылымдамалардың жаңа тәсілі енгізілуде»,–дейді Т.Кеншінбаев.
«Болашақтықтардың» елге алып келген әлеуметтік капиталы зор екені рас. Бағдарлама ең алдымен тәуелсіз мемлекетімізде басқарудың тиімді тетігін білетін жастардың шоғырын қалыптастыру ниетінде қабылданды. Бұл бағдарлама жастарды шетелдің ең озық университеттерінде оқытты. Ал онда әлемнің кез келген студенті емес, әлемдік элиталар ұрпағы, әр ұлттардың үміт артқан ең білімділері, болашақ әлем басқарушылары оқиды. Олардың әрқайсысын ертең өз елінде биік лауызымдар күтіп тұр. Яғни, ертең ел тізгінін ұстар жастарымыз әлемдік элита ізбасарларымен жолдас болып араласып жүр.
//Сыр бойы.-2013.-28 қараша.- 1,2 б.
За опытом в Швейцарию
Группа педагогов КГУ им. Коркыта Ата недавно прошла научную стажировку в Швейцарии в Montreux School of Business в рамках программы «Болашак».
Среди обладателей Международной стипендии Президента Республики Казахстан «Болашак» директор института экономики, истории и права при КГУ им. Коркыта-Ата Гулышат Дузельбаева. Тема научной стажировки — «Педагогическая диагностика. Оценка и управление качеством образования».
— Целью швейцарского учебного заведения, в котором мы с коллегами проходили стажировку, является подготовка профессиональных управленцев XXI века через комплексное образование, включаюшее такие деликатные навыки, как управление эмоциями, — говорит Г. Дузельбаева. — Ведущие исследователи и педагоги считают, что вузы должны создавать новые модели обучения, которые готовят из студентов успешных бизнес-лидеров. Montreux School of Business внедрила инновационные методы обучения, которые способствуют критическому мышлению, лидерству, работе в команде, решению проблем, а также развитию коммуникативных навыков. Во время стажировки продолжительностью десять недель мы ознакомились с системой образования Швейцарии, сопоставляли системы образования ведущих вузов мира.
Как известно, успешное обновление национальной системы образования Глава государства объявил одним из ключевых факторов успеха всего модернизационного процесса. Предлагаемая центром международных про- грамм «Болашак» программа стажировки «Pedagogical diagnostics. Evolution and education quality management» как раз направлена на профессиональную подготовку менеджеров образования в современных условиях. Во время стажировки я подкрепила теоретическое представление о зарубежном опыте менеджмента в образовании практикой, буду сравнивать, выбирать лучшее и внедрять наиболее приемлемые, инновационные формы в своем вузе.
//Кызылординские Вести.-2013.-30 ноября.- С.2
Канат Ахметов,
Самый ценный капитал - знания
В1993 году на заре независимости РК Глава государства учредил Международную стипендию «Болашак». За 20 лет существования программа «Болашак» стала одним из важнейших «прорывных проектов», нацеленных на формирование конкурентоспособной нации. Резулътатом этого проекта стали сотни талантливых ребят, получивших блестящее образование за рубежом. Свое применение они находят во всех отраслях Казахстана сегодня.
Программа «Болашак» вносит существенный вклад в развитие человеческого капитала в стране. Особенно важный момент - финансовая поддержка и поощре- ние обучения в университетах мирового класса в странах, не являющихся общим местом назначения для обучения иностранцев (например, университеты Великобритании и США), а также поддержка получения академических специальностей, необходимых работодателю, но недоступных в казахстанских университетах.
Программа также помогает развивать человеческий капитал путем поощрения знания иностранных языков (в особенности английского языка, требуемого для установления международного делового сотрудничества) и приобретение технических навыков и знаний, необходимых для поддержания глобальной конкурентоспособности.
Результаты анализа показали, что за последние 20 лет программа достигла также и других вершин в развитии общества. Во-первых, с увеличением количества стипендий до 3000 в год, концентрированием усилий на распространении информации о программе и стандартизации критериев отбора программа перестала считаться доступной только тем, кто имеет хорошие связи с влиятельными политическими деятелями (особенно в ранний период), но стала доступной любому, кто отвечает критериям отбора.
Во-вторых, за последние 20 лет увеличилось не только количество обладателей стипендии, но расширен список зарубежных стран для обучения. Также изменен и уровень обучения. Теперь по программе «Болашак» можно получить не только степень магистра и доктора, но и пройти кратко- срочные стажировки.
За 20 лет своего существования профамма «Болашак» принесла пользу не только отдельным стипендиатам, но и всему казахстанскому обществу. Программа могла бы стать примером для подражания для других переходных экономик. Продвижение вперед, усиленный сбор данных и поддержка возвращающихся выпускников позволят повысить значимость программы.
//Кызылординские Вести.-2013.-30 ноября.- С.2
КӘСІПТІК БІЛІМ
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,
КӘСІПТІК БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕС
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР, АҚПАРАТ
Өткен жұма күні Әйтеке би кентінде «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» деп аталған ІV облыстық форум болып өтті. Форумның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысып, мәжілісті жүргізіп отырды.
Келелі кеңеске қазалылықтар тыңғылықты әзірленіпті. Ұрпақтар сабақтастығын жаңғыртқан білім ордасы ерекше мерекедегідей безендірілген. Аумақты алаңға түрлі көрмелер, жас өнертапқыштар дайындаған бұйымдар қойылыпты. Білікті мамандардан жасақталған комиссия мүшелері әрбір затты сараптан өткізуде. Бізді Қазалы агротехникалық колледжінің студенттері ойлап тапқан стартер ақауын анықтайтын стенд қатты қызықтырды. Мұнан өзге де жан жадыратар жаңалықтар мол екен. Көлік-техникалық колледжінің шебері Еділ Ешнияздан арнайы шеберханада түрлі тұтыну тауарлары дайындалатынын естідік.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын, тиімділігін арттыру, инфроқұрылымын жаңарту, дамыту, ғылыми-әдістемелік, кадрлық қамтамасыз ету, басқару, қаржыландыру жүйесін жетілдіру, әлеуметтік серіктестікті дамыту, өзге де талаптарға бейімделген форумның секциялық жұмысы бірнеше бағытты қамтыды. Оған байырғы басшылар, тәжірибелі мамандар модераторлық жасады. Сондай-ақ «Қамқор вагон» ЖШС студенттердің өндірістік тәжірибесі таныстырылды.
ТжКББ дамытудың өңірлік кеңесінің мүшелері, техникалық, кәсіптік білім беретін оқу орындарының басшылары, сала ардагерлері, әлеуметтік серіктестіктер, басқа да меймандар қатысқан пленарлық мәжілісте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Байқадамов кең сипатты баяндама жасады. Кеңесте Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Сұлтан Махашов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, Арал балық өңдеу зауытының технологы Роза Ашкенова, Қазалы көлік-техникалық колледжінің директоры Болат Ахметов және басқалары өз пікірлерін білдірді. Форумда техникалық және кәсіптік білім жүйесін үйлестіру мақсатында құрылған облыс әкімі жанындағы аймақтық кеңестің облыс экономикасына керекті мамандар даярлауда тиянақты тірліктерді қолға алғаны, дуалды оқытуды енгізуде жергілікті ірі өндіріс орындары, шағын және орта бизнес компанияларымен жасалған меморандумдардың ықпалы зор екендігі аталып өтілді. Бұл бағытта облыстық білім басқармасы, білім беру ұйымдары, әлеуметтік серіктестіктер үш жақты келісім-шартқа отырған. Сонымен қатар оқу орнын бітірген түлектерді тұрақты жұмыспен қамтуға, білім ошақтарының мамандануына, материалдық-техникалық базасын, кадрлық әлеуетін шоғырландыру арқылы маман даярлаудың сапасын арттыруға басымдық берілетіні, нәтижесінде оқу орындарын салаландырудың бірінші кезеңінде алдағы оқу жылына бірнеше оқу орындарында қатар даярланатын мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс қысқартылып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті жаңа мамандықтарға жол ашылғаны көпшіліктің назарына ұсынылды. Сондай-ақ келешекте аймақтың экономикалық дамуын білікті маманмен қамтамасыз етуде оқу орындарының ұтқырлығын, дербестігін сақтай отырып оралымды және тез бейімделе алатын мүмкіндіктер ескерілетін болады деген лебіз де жұртшылық тарапынан қызу қолдау тапты.
Форумда көрме, өнертапқыштар байқауының жеңімпаздары, үздік әлеуметтік серіктестіктер білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Әлеуметтік серіктестіктері мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастық әріптестікке қол қойылды. Колледж бітіруші түлектерге еңбек кітапшасы тапсырылды.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары, техникалық және кәсіптік білімді дамытудың өңірлік кеңесінің төрайымы Ақмарал Әлназарова бүгінгі форумның жоғары деңгейде өткенін, мол тәжірибе алмастырылғанын айта келе колледж студенттерінің біркелкі үлгіде киінуі, топ басшыларының болуы өзге де кәсіптік оқу орындарына енгізілсе құба-құп деп сөзін түйіндеді.
Достарыңызбен бөлісу: |