ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ
Жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы бөлімі
2012 жылдың бірінші тоқсанындағы
Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына
қысқаша ақпараттық шолу
Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банктердің жеке тұлғалардың депозиттері бойынша жиынтық мәліметтеріне сәйкес, 1 тоқсан бойынша ағымдық және карт-шоттардағы қалдықты қосып есептегенде қабылданған депозиттер мөлшері 111,9 млрд. теңгені құрайды (немесе 4,1%). Осылайша, жұртшылықтың депозиттік қоржыны 2,87 трлн. теңгеге дейін өсті, ал ұлттық валюта бойынша ақша салымы 1 тоқсанда алдыңғы тоқсандағыдай деңгейде, яғни жиынтық депозиттер қоржынының 58%-ін құрайды.
2012 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жұртшылықтың жиынтық депозиттік қоржынының құрылымы келесідей: негізгі бөлікті жалпы үлесі 87,4% немесе 2,51 трлн. теңге және оның тоқсандық өсімі 5,4% болатын мерзімді және шартты салымдар құрайды. Одан кейінгі орында жиынтық депозиттер сомасының 11,5% немесе 331,2 млрд. теңгені құрайтын ағымдық және карт-шоттардағы қалдықтар болып табылады. Тоқсан бойынша оның мөлшері 4,7% немесе 16,2 млрд. теңгеге қысқарды. Содай-ақ тоқсан ішінде 1,5% немесе 0,5 млрд. теңгеге қысқарған талап етілгенге дейінгі салымдар жеке тұлғалар депозиттері қоржынының 1,1% құрайды. Ағымдық және карт-шоттардағы қалдықтардың орташа сомасы 24,3 мың теңгеге жетті, ал талап етілгенге дейінгі салымдар – 14,5 мың теңге. Жалпы, 5 млн. теңгеден аспайтын барлық депозиттер түрінің сомасы жеке тұлғалар депозиттерінің жиынтық сомасының 44, 4% құрайды (шоттардың жалпы санының 99,7%-і). (1 суретті қараңыз).
Сурет 1. Жұртшылықтың депозиттер қоржынының құрылымы
Мөлшері 5 млн. теңгеге дейінгі мерзімді және шартты салымдар көлемі тоқсан ішінде 60,1 млрд. теңгеге өсті. Қарастырылып отырған кезеңде 5-тен 15 млн. теңгеге дейінгі мерзімді салымдар 19,0 млрд. теңгеге көбейді. Мөлшері 15 млн. теңгеден жоғары мерзімді салымдар бар болғаны 4,2%-ке өсті. Таза өсім 49,6 млрд. теңгені құрайды, ал сомасы 1,2 трлн. теңге деңгейінде (немесе жалпы көлемнің 43,1%).
Қосымша айта кететін болсақ, барлық жеке тұлғалар депозиттерінің 5,1% немесе 146,3 млрд. теңге, соның ішінде ағымдық және карт-шоттардағы сомалар банктік басқарушы қызметкерлерге, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі. Есептік тоқсан ішінде мұндай депозиттер сомасы 48,8 млрд. теңгеге немесе 50%-ке өсті.
Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша Қор өтеуге қажетті кепіл берілетін өтемақының мөлшері 2012 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 1,38 трлн. теңгеге жетті. Ал есептік тоқсандағы Қордың арнайы резерві 166,9 млрд. теңгені немесе кепіл берілетін жиынтық соманың 12,1%-ін және жалпы депозиттер сомасының 5,8%-ін құрайды.
Есептік тоқсанның жалпы қорытындысы бойынша басқы қаржылық көрсеткіштерге негізделген және сәйкесінше тоқсандық жарналарымен бес жүйеленген топтарды - «A», «B», «C», «D» және «E» - анықтайтын «БАТА» міндетті күнтізбелік сараланған жарна мөлшерін есептеу жүйесіне сәйкес, банктердің басым бөлігі 0,19% тоқсандық жарналы «D» (10 банк) және 0,11% тоқсандық жарналы «C» (14 банк) топтарына жатады. Бұл тоқсанда үш банк-қатысушы өзінің көрсеткіштерін жақсартып, жарна мөлшері аздау топқа көшті.
1 мамырдағы жағдайы бойынша Қор төлеген кепілдік берілген өтемақынының жиынтық сомасы Наурыз Банкі бойынша 679,5 млн., ал Валют-Транзит Банкі бойынша 13,87 млрд. теңгені құрады. Қордың Наурыз Банкінің ликвидациялық комиссиясынан кепілдік берілген өтемақыны төлеу сомасы бойынша талаптарын қанағаттандыру барысында алынған сома мөлшері 679,4 млн. теңге немесе ликвидациялық коммиссиясына қойылған барлық талап сомасының 88,01%, ал Валют-Транзит Банкі бойынша 5,86 млрд. теңге немесе Қордың ликвидациялық коммиссиясына қойылған талап сомасынның 41,3% өндірілді.
Қосымша
2012 жылдың 1 сәуіріне сәйкес
банк-қатысушылардың жеке тұлғалар депозиттері бойынша мәліметтерінің жиынтығы
|
|
|
мың теңге
|
№
п/п
|
Аталуы
|
Сомасы
|
1 тоқсандағы өзгерісі
|
1.
|
Талап етілгенге дейінгі салымдар, соның ішінде:
|
31 705 222,00
|
-474 248,60
|
1.1.
|
теңгемен
|
17 963 937,00
|
-622 858,10
|
1.2.
|
шетел валютасымен
|
13 741 285,00
|
148 609,50
|
2.
|
Мерзімді және шартты салымдар, соның ішінде:
|
2 507 649 687,93
|
128 717 358,80
|
2.1.
|
теңгемен, соның ішінде:
|
1 366 753 761,10
|
89 490 056,80
|
|
1 млн. теңгеден аспайтын
|
249 672 767,23
|
11 630 005,20
|
|
1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын
|
269 779 495,54
|
26 924 897,04
|
|
3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын
|
132 098 845,42
|
15 808 180,40
|
|
5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын
|
144 844 347,64
|
10 834 370,61
|
|
10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын
|
60 637 726,07
|
2 974 549,17
|
|
15 млн. теңгеден жоғары
|
509 720 579,20
|
21 318 054,37
|
2.2.
|
шетел валютасымен, соның ішінде:
|
1 140 895 926,83
|
39 227 301,99
|
|
1 млн. теңгеден аспайтын
|
73 612 189,16
|
-1 694 529,84
|
|
1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын
|
111 539 040,00
|
3 165 286,62
|
|
3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын
|
74 452 981,65
|
4 267 374,61
|
|
5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын
|
101 369 879,91
|
3 216 333,13
|
|
10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын
|
52 826 740,20
|
1 967 177,27
|
|
15 млн. теңгеден жоғары
|
727 095 095,90
|
28 305 660,20
|
3.
|
Ағымдық шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттағы қалдықты қоса есептегенде) соның ішінде:
|
331 159 963,10
|
-16 303 789,90
|
3.1.
|
теңгемен
|
289 222 029,00
|
-12 902 543,00
|
3.2.
|
шетел валютасымен
|
41 937 934,10
|
-3 401 246,90
|
|
Жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасы бойынша барлық депозиттері, соның ішінде:
|
2 870 514 873,02
|
111 939 320,29
|
Достарыңызбен бөлісу: |