Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы бөлімі



Дата03.07.2016
өлшемі66.22 Kb.
#174146

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры

2012 ж. 2 тоқсандық ақпараттық шолу



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ

Жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы бөлімі

2012 жылдың үшінші тоқсанындағы

Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына

қысқаша ақпараттық шолу


  1. Жеке тұлғалардың депозиттер нарығының тенденциясына шолу

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банктердің жеке тұлғалардың депозиттері бойынша жиынтық мәліметтеріне сәйкес, 3 тоқсан бойынша ағымдық және карт-шоттардағы қалдықты қосып есептегенде қабылданған депозиттер мөлшері 122,2 млрд. теңгені құрайды (немесе 4,0%). Осылайша, жұртшылықтың депозиттік қоржыны 3,2 трлн. теңгеге дейін өсті, ал ұлттық валюта бойынша ақша салымы 3 тоқсанда алдыңғы тоқсандағыдай деңгейде, яғни жиынтық депозиттер қоржынының 58,3%-ін құрайды.

2012 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жұртшылықтың жиынтық депозиттік қоржынының құрылымы келесідей: негізгі бөлікті жалпы үлесі 87,2% немесе 2,8 трлн. теңге және оның тоқсандық өсімі 4,9% болатын мерзімді және шартты салымдар құрайды. Одан кейінгі орында жиынтық депозиттер сомасының 11,7% немесе 370,0 млрд. теңгені құрайтын ағымдық және карт-шоттардағы қалдықтар болып табылады. Тоқсан бойынша олардың мөлшері 2,1%-ке кеміді. Содай-ақ талап етілгенге дейінгі салымдар тоқсан ішінде 0,1% кеміп, жеке тұлғалар депозиттері қоржынының 1,1% немесе 34,3 млрд. теңгені құрайды.



Сурет 1. Жеке тұлғалар депозиттерінің негізгі категориялар бойынша құрылымы (млрд.тенге)

Мөлшері 5 млн. теңгеге дейінгі мерзімді және шартты салымдар көлемі тоқсан ішінде 30,2 млрд. теңгеге өсті. Қарастырылып отырған кезеңде 5-тен 15 млн. теңгеге дейінгі мерзімді салымдар қоржыны 20,7 млрд. теңгеге көбейді. Мөлшері 15 млн. теңгеден жоғары мерзімді салымдар бар болғаны 6,1%-ке өсті. Таза өсім 79,2 млрд. теңгені құрайды, ал сомасы 1,4 трлн. теңге деңгейінде (немесе жалпы көлемнің 43,8% құрайды).

Қосымша айта кететін болсақ, барлық жеке тұлғалар депозиттерінің 4,9% немесе 154,5 млрд. теңге, оның ішінде ағымдық және карт-шоттардағы сомалар банктік басқарушы қызметкерлерге, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі. Есептік тоқсан ішінде мұндай депозиттер сомасы 8,9 млрд. теңгеге немесе 6,1%-ке өсті.

Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша Қор өтеуге қажетті кепіл берілетін өтемақының мөлшері 2012 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 1,58 трлн. теңгеге жетті. Ал есептік тоқсандағы Қордың арнайы резерві 186,6 млрд. теңгені немесе кепіл берілетін жиынтық соманың 11,8%-ін және жалпы депозиттер сомасының 5,9%-ін құрайды.

Есептік тоқсанның жалпы қорытындысы бойынша басқы қаржылық көрсеткіштерге негізделген және сәйкесінше тоқсандық жарналарымен бес жүйеленген топтарды - «A», «B», «C», «D» және «E» - анықтайтын «БАТА» міндетті күнтізбелік сараланған жарна мөлшерін есептеу жүйесіне сәйкес, банктердің басым бөлігі 0,19% тоқсандық жарналы «D» (10 банк) және 0,11% тоқсандық жарналы «C» (12 банк) топтарына жатады. Бұл тоқсанда үш банк-қатысушы өзінің көрсеткіштерінің төмендеуіне байланысты жарна мөлшері жоғары топқа көшті, сондай-ақ үш банк-қатысушы өзінің көрсеткіштерін жақсартып, жарна мөлшері төменгі топқа көшті.

1 қарашадағы жағдайы бойынша Қор төлеген кепілдік берілген өтемақынының жиынтық сомасы Наурыз Банкі бойынша 679,5 млн., ал Валют-Транзит Банкі бойынша 13,9 млрд. теңгені құрады. Қордың Наурыз Банкінің ликвидациялық комиссиясынан кепілдік берілген өтемақыны төлеу сомасы бойынша талаптарын қанағаттандыру барысында алынған сома мөлшері 679,4 млн. теңге немесе ликвидациялық коммиссиясына қойылған барлық талап сомасының 88,01%, ал Валют-Транзит Банкі бойынша 6,7 млрд. теңге немесе Қордың ликвидациялық коммиссиясына қойылған талап сомасының 47,1% өндірілді.



Қосымша

2012 жылдың 1 қазанына сәйкес



банк-қатысушылардың жеке тұлғалар депозиттері бойынша мәліметтерінің жиынтығы











мың теңге


п/п


Аталуы

Сомасы

3 тоқсандағы өзгерісі

1.

Талап етілгенге дейінгі салымдар, оның ішінде:

34 328 442,00

-34 842,00

1.1.

теңгемен

19 220 706,00

-1 333 000,00

1.2.

шетел валютасымен

15 107 736,00

1 298 158,00

2.

Мерзімді және шартты салымдар, оның ішінде:

2 762 659 969,86

130 136 261,31

2.1.

теңгемен, оның ішінде:

1 504 807 996,79

83 825 216,03

 

1 млн. теңгеден аспайтын

253 467 808,55

-74 968,11

 

1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

299 584 295,95

14 200 230,76

 

3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

150 938 409,78

8 335 051,03

 

5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

160 549 814,32

8 537 522,58

 

10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

65 143 052,23

4 273 310,59

 

15 млн. теңгеден жоғары

575 124 615,96

48 554 069,17

2.2.

шетел валютасымен, оның ішінде:

1 257 851 973,07

46 311 045,28

 

1 млн. теңгеден аспайтын

72 767 866,53

-516 334,23

 

1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

117 331 661,76

3 140 116,58

 

3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

84 911 228,58

5 114 215,39

 

5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

114 728 940,37

4 915 572,66

 

10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

55 796 859,62

3 006 079,07

 

15 млн. теңгеден жоғары

812 315 416,22

30 651 395,81

3.

Ағымдық шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттағы қалдықты қоса есептегенде) оның ішінде:

370 004 571,00

-7 881 551,00

3.1.

теңгемен

323 723 050,00

-8 208 590,00

3.2.

шетел валютасымен

46 281 521,00

327 039,00

 

Жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасы бойынша барлық депозиттері, оның ішінде:

3 166 992 982,86

122 219 868,31


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет