Қазақстанның ТӨлем жүйелерін


БАНКАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМЫ ЖҮЙЕСІ



бет4/11
Дата01.07.2016
өлшемі2.87 Mb.
#170304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


БАНКАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМЫ ЖҮЙЕСІ

Қазақстандағы әрбір төлем жүйесі жұмыс істеуінің өз ерекшелігі бар және нарықтың белгілі бір бөлігіне бағдарланған. Елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ-да төлемдері есептеу нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, яғни әрбір төлем құжаты жүйеге келіп түскеннен кейін дереу бірнеше секунд ішінде есептеледі. Жүйе мереке және демалыс күндерін қоспағанда аптаның барлық күнінде жұмыс істейді.

БААЖ-ның операциялық күні сағат 9:00 басталады. Ұлттық Банк операциялық күн басталар алдында пайдаланушылардың төлем тапсырмалары негізінде олардың Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттарынан Ұлттық Банктегі БААЖ-ның арнайы шотына ақша аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте пайдаланушымен жасалған шарт бойынша ақша аударымдары тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырыла алады, бұл тапсырма пайдаланушы оның күшін жою туралы жазбаша нұсқау бергенге дейін қолданылады. Әрбір пайдаланушы бойынша аударылған ақша сомасы туралы ақпаратты Ұлттық Банк ҚБЕО-ға жібереді. ҚБЕО осы ақпараттың негізінде БААЖ-ның шотынан сомаларды ҚБЕО-дағы пайдаланушылар позициясында көрсетеді және осы сәттен бастап операциялық күн басталады.

БААЖ операциялық күн ішінде нақты уақыт режимінде қайтарымсыз және түпкілікті есеп айырысуды қамтамасыз етеді. БААЖ-ға ақша аудару пайдаланушының Ұлттық Банктегі БААЖ шотына олар аударған ақша сомасы, сондай-ақ БААЖ басқа пайдаланушыларынан түскен ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады.

БААЖ мынадай схема бойынша жұмыс істейді. Кепілгер Банк (А Банкі) БААЖ-ға ақша аудару туралы хабарлама (электрондық төлем тапсырмасы түрінде) жібереді. БААЖ хабарламада көрсетілген ақша сомасының ҚБЕО-дағы пайдаланушының позициясы бойынша ақша сомасының жеткіліктілігін тексереді. Жүйе пайдаланушының позициясында ақша сомасы жеткілікті болған кезде ақшаны аударады және Кепілгер Банк (Банк А) оның шотын дебеттеу туралы және Бенефициар Банкті (Б Банкі) оның шотын кредиттеу туралы хабардар етеді.

Төлемді жүзеге асыру үшін ақша жеткіліксіз болған жағдайда төлем құжаты кезекке қойылады. Кезекте тұрған төлем құжаттары басымдық кодтарына сәйкес өңделеді. Басымдық кодтары шегінде төлем құжаттарын орындау олардың кезекке келіп түсу тәртібімен FIFO қағидаты бойынша (кіріске бірінші, шығысқа бірінші) жүзеге асырылады. Жүйенің пайдаланушылары төлем құжаттарын орындаудың кезектілігін белгілеуге және ауыстыруға құқылы. Бұған қоса, пайдаланушылар кезекте тұрған төлем құжаттарын қайтарып ала алады. Осыған байланысты, пайдаланушылардың жүйедегі шотына басқа пайдаланушылардан ақша келіп түскеннен кейін БААЖ кезекте тұрған осы пайдаланушының-алушының төлемдерін өткізу мүмкіндігін тексереді.

Операциялық күн ішінде пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша орындалған төлемдер туралы, кезекте тіркелген төлем құжаттары туралы пайдаланушының жүйедегі ақша қалдығы туралы ақпаратты береді. Сондай-ақ БААЖ-де Бөлшек төлемдер жүйесі клирингінің нәтижелері бойынша қалыптастырылған пайдаланушылардың таза позицияларын аудару жүзеге асырылатындығын атап айту қажет.

Операциялық күнді жабу сағат 19:00 жүзеге асырылады. Алайда жүйені пайдаланушының өтінімі бойынша Ұлттық Банк операциялық күнді ұзарта алады. БААЖ операциялық күн аяқталғаннан кейін жүйенің әрбір пайдаланушысына операциялық күнді аяқтайтын құжатты қалыптастырады. Бұл ретте Ұлттық Банк пайдаланушылардың позицияларымен сальдоның электрондық ведомосын жібереді. Ұлттық Банк осы ведомості тексереді және тексеру нәтижелері туралы ҚБЕО-ға хабарлайды, бұдан кейін Ұлттық Банк Ұлттық Банктегі БААЖ шотынан позициялар сальдосы сомасындағы ақшаны осы пайдаланушылардың Ұлттық Банкте ашылған шотына аударуды жүзеге асырады.

БААЖ-да әрбір төлемді жеке есептеу жүзеге асырылатынын ескере отырып, және тиісінше техникалық ресурстар көбірек пайдаланылады, бұл жүйеде төлем құжаттарын өңдеуге неғұрлым жоғары тарифтер белгіленген (3-кесте).
3-кесте.

БААЖ-да бір төлем құжатын өңдеуге арналған тарифтер


Төлемді өңдеу уақыты

Құны, теңге

сағат 8-00 - 13-00 аралығында

57-00

сағат13-00 - 19-00 аралығында

114-00

сағат 19-00 - 8-00 аралығында (операциялық күн ұзартылған кезде)

740-00

БААЖ пайдаланушысы Ұлттық Банкте теңгедегі корреспонденттік шот ашылған кез келген банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болуы мүмкін. Бұл ретте жүйеге кіруге рұқсат алу үшін төлем жүйесінің операторымен – «ҚБЕО» РМК-мен шарт жасау қажет. БААЖ пайдаланушыларының саны 01.01.2011 жылғы жағдай бойынша 511 болды, оның ішінде екінші деңгейдегі 39 банк және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, Мемлекетаралық банк және Еуразия даму банкі, Ұлттық Банк, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Қазпочта» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстанның қор биржасы» АҚ, «ҚБЕО» РМК және ҚБЕО клиринг палатасы).

Ел экономикасы үшін жүйелік маңызы бар БААЖ-дың «Ондық топ» орталық банктерінің Төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитеті әзірлеген және қауіпсіз әрі тиімді төлем жүйелерін құруға ықпал ету мақсатындағы директивалар ретінде арналған Негізгі Қағидаттарға сәйкестігіне аса мән беріледі. Қазақстан Ұлттық Банкінің БААЖ-ды жетілдіру бойынша халықаралық стандарттарға бағдарланған жұмысын Халықаралық қаржы ұйымдарының консультанттары жоғары бағалады. БААЖ-дың Төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитетінің Негізгі Қағидаттарына сәйкестігі мынадай фактілерге негізделген.



  1. Жүйенің барлық тиісті юрисдикцияларда жақсы пысықталған нормативтік базасы болуы тиіс.

БААЖ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Банктер және банк қызметі туралы» және «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында берілген мықты құқықтық негізге негізделген. Сондай-ақ БААЖ ақша аударымы ережесі2, Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «ҚБЕО» РМК3 төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулық, өзге де ережелер мен стандарттар, сондай-ақ жүйенің рәсімдері дәл ашылған шарттар әзірленді және қазір қолданыста.

  1. Жүйенің ережелері мен рәсімдері қатысушыларға олар жүйеге қатысу салдарынан өздеріне алатын қаржы тәуекелдерінің әрқайсысына жүйенің ықпалы туралы анық түсінік беру тиіс.

БААЖ ережелері мен рәсімдері жүйеге барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне анық айқындама береді. Барлық ережелер мен рәсімдер тиісті құжаттар түрінде рәсімделген және жүйенің барлық қатысушылары үшін қол жетімді. Мәселен, БААЖ-ға ақша аудару ережелерінде жүйенің жұмыс істеу сипаттамасы, жүйенің әрбір қатысушысының жауапкершілігі, сондай-ақ олар ұшырауы ықтимал тәуекелдер, мониторинг және тәуекелдерді басқару әдістері нақты берілген.

  1. Жүйеде кредиттік тәуекелді және өтімділік тәуекелін басқарудың нақты айқындалған рәсімдері болуы тиіс, оларда жүйе операторының және оған қатысушылардың тиісті міндеттері келісілген, сондай-ақ осы тәуекелдерді басқаруға және оларды шектеуге тиісті ынталандыру болуы тиіс.

Кредиттік тәуекелді және өтімділік тәуекелін басқару үшін кезекті басқару, нақты уақыт режимінде жүйенің мониторингі тетіктері пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілгендей, жүйені пайдаланушының өз кезегін басқару мүмкіндігі болады: төлем құжаттарын орындау кезектілігін белгілеу, кезекте тұрған төлем құжатын кез келген сәтте қайтарып алу. Пайдаланушы операциялық күннің ішінде олардың сұратуы бойынша орындалған төлемдер туралы, кезекке тіркелген төлем құжаттары туралы және пайдаланушының жүйедегі ақша қалдығы туралы ақпарат беріледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тәуекелдерді басқару мақсатында нақты уақыт режимінде пайдаланушылар жүйесі позицияларының мониторингін жүзеге асырады.

  1. Жүйе валюталау күнгі жедел түпкілікті есеп айырысуды қамтамасыз етуі, күн ішінде артықшылықпен немесе кем дегенде күннің аяғында қамтамасыз етуі тиіс.

БААЖ нақты уақыт режимінде есеп айырысуды қамтамасыз етеді. Шотта аударымды жүзеге асыру үшін ақша жеткілікті төлем құжаты қолма-қол есептеледі. Шотта ақша жеткіліксіз болған кезде төлем құжаты кезекке қойылады және жеткілікті сома шотқа түскен кезде осы төлемді жүзеге асыру үшін күн ішінде есептеледі.

  1. Көпжақты клиринг жүзеге асырылатын жүйе ең аз дегенде қатысушының ірі жекелеген есептік міндеттемемен есеп айырысуды жүргізуге қабілетсіз болған жағдайда күн сайынғы есеп айырысуларды уақтылы аяқтауды қамтамасыз етуге қабілетті болуы тиіс.

БААЖ есеп айырысуды жалпы негізде нақты уақыт режимінде жүзеге асырады.

  1. Есеп айырысу үшін пайдаланылатын активтер негізінен орталық банкке талаптар болуы тиіс; егер өзге активтер пайдаланылса, олардың аз ғана немесе нөлдік кредиттік тәуекелі, аз ғана немесе нөлдік өтімділік тәуекелі болуы тиіс.

Орталық банктегі шоттардағы ақша әдетте есеп айырысу үшін пайдаланылатын неғұрлым қанағаттанарлық активтер болып табылады, себебі ұстаушының кредиттік тәуекелі болмайды. БААЖ-ға ақша аудару Қазақстан Ұлттық Банкінде жүйені пайдаланушылардың шоттарындағы сома шегінде жүзеге асырылады.

  1. Жүйе жоғары дәрежеде қауіпсіздікті және операциялық сенімділікті қамтамасыз етуі, сондай-ақ күн ішіндегі деректерді өңдеуді уақтылы аяқтау үшін қор рәсімдері болуы тиіс.

БААЖ-да электрондық хабарламаларды беру фактісін растау және оларды беру кезіндегі қателерді анықтау үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері сақталуы тиіс. БААЖ-да бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланушының жүйеге қауіпсіз кіруін, сондай-ақ олардың арасында қорғалған ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. ҚБЕО-да және пайдаланушылар өңдеген барлық электрондық хабарламалар ішкі бағдарламалық жүйелерде аудиторлық із қалдыруы тиіс. Сондай-ақ алынған хабарламалардың түпнұсқалығын белгілеу үшін электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланылады. БААЖ жұмысының тоқтатылу тәуекелін азайту мақсатында жүйенің резервтік орталығының жұмысы көзделген.

  1. Жүйе ұсынған төлемдерді жүзеге асыру құралдары пайдаланушылар үшін қолайлы және экономика үшін тиімді болуы тиіс.

БААЖ қарсы агенттер арасында қаражат аударуды дереу және тәуекелсіз аударуға мүмкіндік беретін толықтай автоматтандырылған электрондық жүйені білдіреді. Электрондық хабарламалармен алмасу рәсімдері ҚБЕО және пайдаланушыларға ҚБЕО мен пайдаланушылар арасындағы шартта белгіленген мерзімде жіберіледі. Тиісінше, барлық қатысушылар жүйенің қалай жұмыс істейтінімен таныстырылған.

  1. Жүйеде оған қатысу үшін объективті, оған әділ және ашық кіруді қамтамасыз ететін баршаға жарияланған критерийлер болуы тиіс.

БААЖ-ның пайдаланушылары Қазақстанның Ұлттық Банкінде шот ашылған кез келген банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болуы мүмкін. Жүйеге қатысу үшін критерий ережелерде және ережелік рәсімдерде айқындалған және жүйеге барлық қатысушылар олармен қиындықсыз таныса алады. БААЖ-дың жұмыс істеуі туралы негізгі мәліметтер және оның жұмыс ережесінің көшірмесі Қазақстан Ұлттық Банкінің және ҚБЕО-ның веб-сайттарында берілген.

  1. Жүйені басқару режимдері тиімді, есеп берілетін және транспарентті бо­луы тиіс.

Жоғарыда көрсетілгендей, жүйеге қатысушылардың құқықтары мен жауапкершілігі әр түрлі ережелерде және рәсімдік ережелерде анық тұжырымдалған және баяндалған. Жүйенің әрбір қатысушысы өзінің рөлі мен жауапкершілігі туралы толық таныстырылған. Қазақстанның Ұлттық Банкі, нақты уақыт режимінде жүйе мониторингін жүргізумен қатар сондай-ақ БААЖ-ды тиімді дамытудың кейінгі мониторингін де жүзеге асырады. Бұл ретте БААЖ-ды дамыту туралы ақпарат мерзімдік басылымдарда жарияланады.

Осылайша, БААЖ Төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитетінің барлық Негізгі Қағидаттарына сәйкес келеді, бұл жүйені ең жоғары қазіргі заманғы стандарттар деңгейіне қоятынын оны дамытудың қорытындылары растайды. Мәселен, соңғы он жылда БААЖ-да өңделген төлемдер сомасы 19,0 есе, ал төлемдер саны – 3,1 есе өсті (3-сурет).



3-сурет.

2001 - 2010 жылдар аралығында БААЖ-дағы төлемдер ағыны динамикасы

Тұтастай алғанда, 2010 жылы БААЖ арқылы 184 490,9 млрд.теңге сомасына 11,5 млн. транзакция жүргізілді. 2009 жылмен салыстырғанда төлемдер саны 14,7% (1 467,7 мың транзакция) өсті, ал төлемдер сомасы - 17,5% (27 447,6 млрд. теңге). БААЖ-да төлемдер сомасының өсуі негізінен Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен операциялар бойынша төлемдер көлемдерінің 33,3% ұлғаюына негізделді.



4-сурет.

2009 және 2010 жылдарда БААЖ-дағы төлемдердің көлемі

Төлемдер саны



Төлемдер сомасы



2010 жылы БААЖ арқылы орташа алғанда бір күнде 740,8 млрд. теңге сомасына 46 мың транзакция жүргізілді, бұл 2009 жылғы деңгейден сан бойынша 5,9 мың транзакция көп (14,7%) және сомасы бойынша 110,2 млрд. теңге (17,5%) көп. Бұл ретте 2010 жылы БААЖ-да бір төлем құжатының орташа сомасы 16,1 млн. теңге болды және 2009 жылмен салыстырғанда 2,4% (382,5 мың теңге) ұлғайды.

Пайдаланушылар тобы бөлігінде 2010 жылы төлемдер көлемінің неғұрлым көп үлесі ірі банктердің бестігіне тиесілі болды – 29,5% (4-кесте), олардың ішінде «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Ситибанкі» АҚ, «БТА Банк» АҚ және «Қазкоммерцбанк» АҚ, сондай-ақ ұйымдарға – 27,3% тиесілі болды, бұл осы топта «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ және «Қазақстан Қор биржасы» АҚ болуы тән екендігін көрсетеді.



4-кесте.

БААЖ-да пайдаланушылар топтары бойынша төлемдер ағыны


Топ

2009 жыл

2010 жыл

Өзгерістер

млрд.теңге

жалпы көлемге %

млрд.теңге

жалпы көлемге %

млрд.теңге

пайыздық тармақтардағы үлес (п.т.)

Бес ірі банк

39 737,4

25,3%

54 493,5

29,5%

14 756,1

4,2%

Басқа да банктер4

34 763,5

22,1%

34 713,1

18,8%

-50,4

-3,3%

МЗТО

1 405,1

0,9%

1 751,0

0,9%

345,8

0,1%

Қазынашылық комитеті

5 439,0

3,5%

7 317,6

4,0%

1 878,6

0,5%

ҚҰБ

35 669,5

22,7%

34 872,4

18,9%

-797,1

-3,8%

Ұйым

39 988,8

25,5%

51 303,4

27,8%

11 314,6

2,3%

Жалпы жиынтық

157 003,3

100,0%

184 450,9

100,0%

27 447,6

-

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы қаржы секторының операциялары бойынша неғұрлым ірі және мерзімдік төлемдер жүргізіледі. Осыған байланысты 2010 жылы осы жүйе арқылы елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемнің жалпы сомасының 98,3% және олардың жалпы санының 38,6% өткізілді. Негізінен БААЖ арқылы Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен операциялар бойынша (БААЖ-дағы төлемдердің жалпы көлемінің 47,8%), банкаралық депозиттермен және банктердің және олардың клиенттерінің өз қаражаттарын аударумен (тиісінше 25,8%), сондай-ақ шетел валютасымен және қымбат металдармен операциялар бойынша (10,7%) төлемдер жүргізілді. Тауарларға және қызмет көрсетуге ақы төлеу көлемі 2010 жылғы төлемдердің жалпы көлемінің 7,2%, ал бюджетке төлемдер мен бюджеттен төленетін төлемдердің көлемі тиісінше – 4,0% болды.

2010 жылы сомалардың аралықтары бойынша неғұрлым көп төлем саны 3 млн. теңгеге дейінгі аралықта байқалды (үлес 92,5%), ал неғұрлым аз –1 млрд. теңгеден астам (үлес 0,3%) және 500 мыңнан 1 млрд. теңгеге дейін (0,2%). Уақыт аралықтары бөлігінде төлемдердің ең көп саны мен сомасы сағат 15:00 - 18:00 дейінгі аралықта жүргізілді (БААЖ арқылы жүргізілген төлемдердің жалпы санының 62,5% және жалпы сомасының 55,1%) (5-сурет).

5-сурет.

Уақыт және сома аралықтары бөлігінде БААЖ-дағы төлемдер

Сома аралығы бойынша төлемдер саны



Сома аралығы бойынша төлемдер сомасы



Уақыт аралығы бойынша төлемдер саны



Уақыт аралығы бойынша төлемдер сомасы




Тәуекелдер және оларды басқару әдістері
Елдің қаржылық жүйесінің тұрақтылығына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін өтімділік тәуекелдерін5 және жүйелік тәуекелдерді6 басқару мақсатында Ұлттық Банк және жүйені пайдаланушылар тұрақты негізде жүйедегі пайдаланушылардың позицияларына мониторинг жүргізеді және бақылау жасайды.

БААЖ-да осы тәуекелдерді басқару үшін кезекті басқару тетігі пайдаланылады (төлем құжаттарын орындау басымдығын белгілеу және төлем құжаттарының кезектілігін өзгерту), пайдаланушының корреспонденттік шотынан оның жүйедегі позициясына қаражатты қосымша аудару жүзеге асырылады.

Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі өтімділік тәуекелін және жүйелік тәуекелді басқару мақсатында күн сайынғы негізде БААЖ-да ақша айналымы коэффициентін (ААК)7 және өтімділік коэффициентін (АӨК)8 есептеуді, сондай-ақ олардың белгіленген мәндерге сәйкес келуін талдауды жүзеге асырады. Мәселен, жүйеде АӨК және ААК шекарасының мынадай дәліздері: ААК <0,5 болған кезде АӨК >1,5 жоғары шекарасы, ал ААК >1,5 болған кезде АӨК <0,5 төменгі шекарасы белгіленеді, бұл ретте өтімділік тәуекелі және жүйелік тәуекел барынша аз болып саналады (6-сурет).
6-сурет.

БААЖ-да 2001 – 2010 жылдар аралығында пайдаланушылардың өтімділік көрсеткіші

Жүйедегі өтімділіктің орташа күндік көлемі (пайдаланушылар жүйеге төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыру үшін жүргізетін ақша сомасы) 2010 жыл үшін 732,4 млрд. теңгені құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 26,7% (154,1 млрд. теңге) ұлғайды. 2001 жылмен салыстырғанда жүйедегі өтімділік 16 еседен астам өсті, бұл кредиттік және өтімділік тәуекелдерінің айтарлықтай азаюына себепші болды.


Тұтастай алғанда 2010 жылы БААЖ пайдаланушылары өтімділігінің күндік орташа көлемі күндік орташа төлемдер сомасының 98,9% құрады, бұл жүйені пайдаланушылардың төлемдер жүргізу үшін өтімділікпен жеткілікті қамтамасыз етілгенін сипаттайды. (7-сурет).

7-cурет.

2010 жылы БААЖ-дағы пайдаланушылар өтімділігінің өзгеру динамикасы

БААЖ-ғы күндік орташа ақша айналымдылығының коэффициенті (ААК) 1,02 болды, ақша өтімділігінің коэффициенті (АӨК) – 1,39, бұл кредиттік, өтімділік, және жүйелік тәуекелдер ең төменгі болып саналатын мәндерге сәйкес келеді.

Сондай-ақ, тәуекелдерді басқару үшін БААЖ операциялық күні бойы кезекте тұрған, пайдаланушылар қайтарып алған және өтімділік жеткіліксіз болуы себебімен орындалмаған төлем құжаттарына күнделікті талдау жүргізіледі. Бұл ретте, банктермен төлем құжаттарының кезегіне жүргізілетін мониторинг орындалмаған төлемдер көлемін азайтуға ықпалын тигізді. Мысалы, 2010 жылы өтімділіктің жеткіліксіздігіне байланысты 15,3 млн. теңге сомасына 4 төлем орындалмады, сондай-ақ пайдаланушылар 7,1 млрд. теңге сомасына 4 төлемді қайтарып алды, ал 2009 жылы өтімділік жеткіліксіздігі себебімен 367,1 млн. теңге сомасына 14 төлем орындалмады, сондай-ақ, пайдаланушылар 7,5 млрд. теңге сомасына 16 төлемді қайтарып алды. БААЖ пайдаланушылары барлық орындалмаған және қайтарып алынған төлем құжаттарын сол күні немесе кейінгі операциялық күндері қайта өткізді.
Операторы ҚБЕО болып табылатын банкаралық төлем жүйелерінің тиімді дамуы көрсеткіштерінің бірі жоғары төлем жүйелерінің үздіксіз жұмысы (жұмыс қабілеттілігінің) коэффициентін9 (ҮЖК) ұстап қалу болып табылады, бұл Қазақстан Республикасының аумағында төлемдерді уақтылы жүргізуге ықпалын тигізеді.

Төлем жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі коэффициентінің белгіленген кем деген-де 90% мәніне сәйкестендіру мақсатында ҚБЕО тұрақты негізде төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне мониторингті, операциялық және техникалық тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырып отырды. Төлем жүйелерінің жұмысында іркілістер болған жағдайда олардың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру шаралары уақтылы қолданып отырды.

Жалпы, 2010 жылы ішінде БААЖ жұмыс қабілеттілігі коэффициенттерінің мәні 99% деңгейден жоғары сақталып отырды, бұл белгіленген мақсаттарға сәйкес келеді.

2010 жылы орташа алғанда БААЖ жұмыс қабілеттілігі коэффициенті 99,34% болды, бұл осы төлем жүйесінің жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды. (8-сурет).


8-сурет.

2010 жылы БААЖ жұмыс қабілеттілігі коэффициентінің өзгеру динамикасы

Төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және резерв орталығын үнемі дайын күйінде ұстау мақсатында «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК 2010 жылы ішінде төлем жүйелерінің жұмысын резерв орталығының бағдарламалық-техникалық кешеніне ауыстыруын екі рет жүзеге асырды. Мысалы, 2010 жылғы 27 қаңтарда «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК төлем жүйелерінің жұмысын резерв орталығының бағдарламалық-техникалық кешеніне 07:05 сағаттан бастап 12:30 сағатқа дейін ауыстырды. 2010 жылғы 14 желтоқсанда төлем жүйесінің жұмысы БААЖ толық операциялық күні бойы 08:13 сағаттан бастап 20:00 сағатқа дейін резервтік серверлерде жүзеге асырылды. БААЖ төлем және коммуникациялық жүйелері, Банкаралық клиринг жүйелері және банктік хабарламалармен алмасу жүйелері үзіліссіз резерв орталығының серверлерінде жұмыс істеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет