Қазіргі қазақ Әдебиеті сессия жауаптары томми



Дата09.12.2022
өлшемі20.49 Kb.
#466927
ЖУМАМУРАТОВА ТУМАРИС ӘДЕБИЕТ ЖАУАПТАРЫ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ ТОММИ



  1. 1960-2000 жылдардағы қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы мен дамуына сипаттама беріңіз.

Жалпы қазақ әдебиетінің даму тарихына көз жүгіртсек, әріден келе жатқан ақын-жыраулар кезеңін алмай, діни-ағартушылық, демократтық, ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әдебиетпен салыстырғанда 1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиет өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктер: жаңашыл көзқарас, жаңа заман, жаңа бағыт. Қаламдары қатая, шығармашылықтары шыңдала түскен қылқалам шеберлері мен шалқар шабыт иелері тудырған шығармаларда енді жаңашыл пайымдаулар, көзқарастардың белең алуы айқын аңғарылады. Сонымен қатар бұл кезеңдегі әдебиетке тән ерекшеліктердің бірі-жазушы шыншылдығы, туынды тарихилығы, шығарма ақиқаттылығы, яғни кешегі күнде көлеңкеде қалып қойған ащы шындыққа сәуле нұрын шашып, өмірді күңгей жағынан алып, боямалап көрсетпей, қоғамдағы маңызды мәселелерді барынша шынайы көре аламыз. Мал шаруашылығы, тың игеру, егіншілік, өндіріс жұмыстары, күнделікті күйбең тіршілік қарбаласындағы қара жұмыс адамының образын жасау барысында сол кездегі дәуір көрінісін бейнелей келе, әдебиетте қазіргі заман шындығын суреттеп, адамның бүгінгі бейнесін танытуға ұмтылады. Сонымен қатар осы кезеңдегі әдебиетке тән бір ерекшелік, бұл-адам психологиясы, яғни адамгершілік қасиеттер: ар-намыс, қажырлылық, жігер, ұят, борыш, еңбекқорлық сынды рухани құндылықтар мен іштарлық, көре алмаушылық, жемқорлық, жағымпаздық сияқты жағымсыз мінездер арпалысып, замана сомдаған адам бейнесін айқын танытады. Ә.Тәжібаевтің «Өмір және поэзия» (1962), Б.Шалабаевтың «Қазақ романының тарихы» (1966), Ш.Ахметовтың «Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі» (1960) Ә.Сатыбалдиевтің «Рухани қазына», «Аударма проблемалары жайында» (1964), М.Базарбаевтың, Т.Кәкішевтің, З.Ахметовтың, Қ.Жұмашевтың көптеген монографиялары мен зерттеу еңбектері жарық көре бастауы қазақ әдебиетінің дамуының айқын көрінісі болды. 1960-2000 жылдардағы әдебиетте проза саласының қарқын алып дамуына үлкен үлес қосқан қаламгерлер М.Әуезов, Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, С.Жүнісов, З.Шашкин, І.Есенберлин, Қ.Исабаев, тағы басқалар қатарына сөз өнерінің жас күштері Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Ә.Тарази, Қ.Жұмаділов, Д.Исабеков, Ә.Әлімжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Нұршайықов, Х.Есенжановтар қосылды.

  1. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әйелдер бейнесіне мінездеме жазыңыз.

Әйел образдарының басым көпшілігінің прототипі бар. Жазушы басты кейіпкерлердің ішінен Ділдәні, Әйгерімді көрген. Әйел кейіпкерлердің ішінде әр түрлі топтың адамдары бар. Бәйбішелер де, тоқалдар да, қыз-келіншектер де, бай, ауқатты адамдардың, кедей жатақтардың әйелдері де кездеседі. Бұлар кескін-кейпі, ой-санасы, мінез-әдеті жағынан сан түрлі, әр алуан. Атап өтсек, кәрі, мейірімді, ақылды әже - Зере, байсалды, сабырлы, ойлы ана – Ұлжан, ызғармен, ұрысса сөйлейтін, іші тар, сұлу тоқал – Айғыз, шолпысы сылдырап жүретін, сыпайы қозғалып қимылдайтын, аппақ жүзді көркем қыз – Тоғжан, әні-сәні-бәрі де Тоғжандай келген Абайдың жақсы жары, сезімтал Әйгерім, асқақ, өрескелдеу мінезді, еркек үнді Ділдә, сері қыз Салтанат, ауыр еңбек, өнімсіз бейнеттің адамы кәрі кемпір – Иіс, жайдары-жарқын ақкөңіл қыз – Керімбала-бұлар ең бастылары ғана. Осы кейіпкерлер өткендегі өмірдің талай сырын ақтарып, талай тарихи шындықтың бетін ашып береді. Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі орны, өмірдегі жағдайы, тұрмыс салты мол көрініп, көркем бейнесін тапқан. Сонымен қатар, Қамқа сияқты жазықсыз жандардың іште кеткен кегі, қарындасы Кәмшаттың кісі қолында аянышты өлімі, сүймеген Ділдаға әке ырқымен жастай үйленуі де мұның бәрі әйел бейнесін ашуда шебер сомдалған бейнелер. Балаларды тәрбиелеу ісі әйелдердің мойнында, бірақ олардың тағдырын шешесі, анасы шеше алмайды. Ол шығармада Камшатты Бөжейге беру сияқты істі ру басылары шешеді немесе өр, өктем шеше – Зере де, ойлы, саналы әйел – Ұлжан да Тәкежанның қалыңдығын түсіруде, Абайға Алшынбайдың қызын айттыруда, Оспанға Байтас қызы Еркежанды айттыруда – бәрін Құнанбайдың өзі сөйлесіп, өзі шешеді, ал олар шетте қалып қояды. «Абай жолы» роман-эпопеядасында Зерені жазушы шығарманың еш жерінде сырттай суреттеп оқушыға таныстырмайды. Кәрі әже Зеренің жас кезі, бұрынғы өмірі туралы да ештеме айтылмайды. Оның шығармада алғаш көрінуі Абайдың Семейден, оқудан қайтқан кезі.

  1. О.Бөкейдің «Қар қызы» шығармасының тақырыптық-идеялық ерекшеліктеріне әдеби-теориялық талдау жасаңыз.

Қар қызына мифтік желі, үш жігіттің көрген түстері, Нұржанды Қар қызының үсікке ұрындырмай оятып алуы. Қар қызын бейнесін жасаудағы мақсаты-жақсылық, адалдық ұғымын оқырман санасына сіңіру. Алмажан мен қар қызы арасындағы сабақтастық мифтен-дірілу сипатымен танылады. Повестегі жас жігіттердің совхозға шөп жеткізу мақсатымен шаруашылық сапарға шығуы, жол қиындығы релистік тұрғыдан суреттелген. Бірақ Нұржанның сол сапарға шыққандығы негізгі мақсаты- шөп жеткізу емес, Қар қызын көру еді. Романтикалық сипат шығарманың Нұржанның Қар қызымен кездесетін тұстарында анық көрінді.
Оралхан Бөкей адам мен табиғаттың терең байланысын, бұзылмас бірлігін пантеистік сенім дәрежесіне дейін көтерген адам болмысының мәңгілік мәселелерін романтикалық, философиялық тұрғыдан бейнелей білген. Жазушы шығармаларында кейіпкердің жан күйзелісі, сезімі табиғат құбылыстарымен егіз бейнеленіп, адам мен табиғат арасы ажырамас бірлікте болады. Табиғат – жазушы үшін рухани тарудың, рухани жаңарудыің түрі, тазалық таразысы. Ол табиғат пен шыңарма кейіпкерлерінің тіршілігін байланыстыра суреттеген.

  1. Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбына жазған әңгімелеріндегі ана образына сипаттама беріңіз.

Ғабит Мүсірепов ұлт әдебиетіндегі ана бейнесін ашуда өлшеусіз еңбек сіңірді. Отбасының ұйытқысы саналатын, жылы жүректі әйелдің, ананың болмысын боямасыз етіп жасауда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Қаламгердің әдеби-шығармашылығының шыңдалуына Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой секілді орыс классиктері мен батыс классиктерінің әсері мол болғаны анық. Өз дәуірінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық шығармалары баурап алды. Гуманист жазушының аяулы тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі туралы жазған шығармалары Ғ. Мүсіреповтің жігерін жаныды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ер ана», тақырыптарындағы әңгімелерін жазды.
Оның ана бейнесін сомдаудағы жиынтығы ретінде «Ұлпан» атты ірі эпикалық туындысы жарыққа шықты. Ақиқатында, Ұлпан – бүкіл аналардың жиынтық бейнесі, ана тақырыбында жазылған шығармалардың көлемдісі.
Романға қазақ ауылының ғасырлық бейнесі, әдет-ғұрпы, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде арқау болған. Елді ырқына көндіріп, парасатымен бір қауым жұртты баурау – Ұлпан сияқты ақылды, дана әйелдердің болмысына, табиғатына тән қасиет. Қаламгер қиялында жасалған Ұлпан – аналардың анасы.
Ғабиттен бөлек, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев сынды ұлт әдебиетінің ұстындары қазақ қызының тағдыры, бүгіні деген мәселені көркем әдебиетке әкелуде орыс әдебиетіндегі Ф.Достоевский, Л.Толстой, И.Тургенов сияқты классиктердің қатыгез реалистік шығармаларына емес, сентименталды сезімге құрылған туындыларға кеңінен назар аудара отырып қаузаған сыңайлы. Содан да болар, Қамар сұлудың тағдыры оқырманды баурай түседі. Ақбілек, Шұға, Ғазиза, Күнікей, Шолпандар – реалистік прозаның жемісі. Оның әрқайсысы өткен ғасырдағы бейнелерді ашып берді.

  1. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әйелдер бейнесіне мінездеме жазыңыз.

Әйел образдарының басым көпшілігінің прототипі бар. Жазушы басты кейіпкерлердің ішінен Ділдәні, Әйгерімді көрген. Әйел кейіпкерлердің ішінде әр түрлі топтың адамдары бар. Бәйбішелер де, тоқалдар да, қыз-келіншектер де, бай, ауқатты адамдардың, кедей жатақтардың әйелдері де кездеседі. Бұлар кескін-кейпі, ой-санасы, мінез-әдеті жағынан сан түрлі, әр алуан. Атап өтсек, кәрі, мейірімді, ақылды әже - Зере, байсалды, сабырлы, ойлы ана – Ұлжан, ызғармен, ұрысса сөйлейтін, іші тар, сұлу тоқал – Айғыз, шолпысы сылдырап жүретін, сыпайы қозғалып қимылдайтын, аппақ жүзді көркем қыз – Тоғжан, әні-сәні-бәрі де Тоғжандай келген Абайдың жақсы жары, сезімтал Әйгерім, асқақ, өрескелдеу мінезді, еркек үнді Ділдә, сері қыз Салтанат, ауыр еңбек, өнімсіз бейнеттің адамы кәрі кемпір – Иіс, жайдары-жарқын ақкөңіл қыз – Керімбала-бұлар ең бастылары ғана. Осы кейіпкерлер өткендегі өмірдің талай сырын ақтарып, талай тарихи шындықтың бетін ашып береді. Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі орны, өмірдегі жағдайы, тұрмыс салты мол көрініп, көркем бейнесін тапқан. Сонымен қатар, Қамқа сияқты жазықсыз жандардың іште кеткен кегі, қарындасы Кәмшаттың кісі қолында аянышты өлімі, сүймеген Ділдаға әке ырқымен жастай үйленуі де мұның бәрі әйел бейнесін ашуда шебер сомдалған бейнелер. Балаларды тәрбиелеу ісі әйелдердің мойнында, бірақ олардың тағдырын шешесі, анасы шеше алмайды. Ол шығармада Камшатты Бөжейге беру сияқты істі ру басылары шешеді немесе өр, өктем шеше – Зере де, ойлы, саналы әйел – Ұлжан да Тәкежанның қалыңдығын түсіруде, Абайға Алшынбайдың қызын айттыруда, Оспанға Байтас қызы Еркежанды айттыруда – бәрін Құнанбайдың өзі сөйлесіп, өзі шешеді, ал олар шетте қалып қояды. «Абай жолы» роман-эпопеядасында Зерені жазушы шығарманың еш жерінде сырттай суреттеп оқушыға таныстырмайды. Кәрі әже Зеренің жас кезі, бұрынғы өмірі туралы да ештеме айтылмайды. Оның шығармада алғаш көрінуі Абайдың Семейден, оқудан қайтқан кезі.

  1. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романына талдау жасаңыз.

Тахауи Ахтанов дәл майдан үстін емес, майдан мен ел шакарасындағы нәзік жандылардың өліммен арпалысын суреттейді. «Шырағың сөнбесінді» оқыған соң осыған дейін оқыған күйретіші күш-соғыс жайлы тамаша туындылардан Тахауи атамыздың шығармасын дара, кейіпкерін дана дер едім.
Біріншіден, Нәзира-ұлтжанды, қайсар, «қаһарман» қыз.
Бұлай деуімнің себебі-он тоғыз жастағы жас келіншектің қолына қару алып соғыспаса да, жолшыбай жау бомбасының астында қалуы, вагонда «тілсіз жаумен», одан бөлек фашистермен кездесуі, осының бәрінен ұрпақ ұрпақ үшін ерлікпен өтуі. Құрсағындағы баламен: «Қайран туған жер! Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар. Кішкентай болса да үміт жетелеп, әйтеуір жақындай берейікші деп шығысқа қарай жетелеп келеміз»-деген сөздері келешектен үміт үзбеген, әрі туған елі үнемі жүрегінде жүретін жан екендігін айғақтайды. Қаршадай қыздың «тар жол тайғақ кешкенін» көріп, бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп жатқандығыма шүкіршілік етемін. Бүгінгі күні кей замандастарымның тәуелсіз елде әлеуметтік желілер мен ішімдік, нашақорлық секілді кесапаттарға қарсы тұра алмай, жауды емес, жауды емес, өз нәпсісін жеңе алмай жатқандығына көңіл құлазиды.
Екіншіден, Нәзира- ана!
Енді ғана балалықпен қош айтысқан ару құрсағындағы сәбимен «ауыздықпен су ішеді». Оның «ана» деген мәртебесі тым биік атауды арқалап жүруінің өзі туындының бар мәнін ашып тұрғандай. Кім біледі, ол жай ғана келіншек болса, шығарма осыншалықты әсерлі болар ма еді? «Мен жападан жалғыз қалдым. Көз жасым шықпай ағыл-тегіл кеудеме құйылып жатты. Бірақ мені тоқтататын бір-ақ жан сол. Бүйірімді түртіп-түртіп қалатын сол тірі жан иесі...» Бұл жердегі «сол»- Нәзираның әлі жарық дүние есігін ашпаған нәрестесі. Жары Қасымбектің артынан бала қалсын деп, ұлтының бір ұрпағы үшін Нәзира «ана» деген атқа лайық болып, қиындыққа мойымайды.
Бүгін де Нәзирадай жас аналар қоғамда көп. Бірақ бәрін бірдей ана деп атай алмаймыз. Өмірдің сынағына төзе алмай, не болмаса жастықпен шалыс басып, нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кететін тас бауырлар баршылық. Сол себептен Нәзираны қазақ қыздарының «эталоны» десек артық емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет