Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы ғылымы, зерттеу нысаны, салаларын сипаттаңыз



бет1/3
Дата15.12.2023
өлшемі122.08 Kb.
#486664
түріҚұрамы
  1   2   3
fonetika emtihan suraktar (копия) (копия) (копия)


Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары
1.Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы ғылымы, зерттеу нысаны, салаларын сипаттаңыз.
Фонетика – тіл білімінің басты саласы. Оның зерттеу объектісі – тіл дыбыстары, олардың құрамы мен жүйесі.
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Фонетиканың зерттеу нысандары: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жіктелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дұрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, тағы басқа.
Зерттеу, сипаттау тәсілдеріне қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетикатілдіңдыбыстық жүйесін өзі өмір сүріп тұрған уақыт тұрғысынан қарастырады. Сипаттамалы фонетиканың негізгі тұжырымдары 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында баяндалған.
Тарихи фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. «Дыбыстардың даму заңдылықтарын, дыбыстық жүйедегі өзгерістер, буын, екпін, үндесу заңдылықтары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары арқылы айқындалады, - деп, М.Томанов атап көрсетті.
Салыстырмалы фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әр түрлі басқа тілдермен салыстыра зерттейді.
Қазақ тілі мен орыс тілінің, қазақ тілі араб тілінің байланыстылығын тіл дыбыстары деңгейінде зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін анықтау салғастырмалы фонетиканың міндетіне жатады.
Сонымен фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет