Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҮРЛІ ЭТНОСТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ, КҮНТІЗБЕЛІК, ДІНИ МЕРЕКЕЛЕРІ МЕН ОЙЫНДАРЫ



бет57/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҮРЛІ ЭТНОСТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ, КҮНТІЗБЕЛІК, ДІНИ МЕРЕКЕЛЕРІ МЕН ОЙЫНДАРЫ





      1. Қазақстандағы халықтық, күнтізбелік жəне т.б. мереке-мейрамдар.

      2. Қазақстан халықтарының ойын-сауықтары.


  1. Қазақстандағы халықтық, күнтізбелік жəне т.б. мереке-мейрамдар

Халықтық, күнтізбелік жəне діни мерекелер, ойындар түрлі этникалық орталарда кең таралған. Осының бəрін «қабылданған» жəне этникалық дəстүрлер призмасы арқылы қайта пайымдау қа- жет болып отыр.



Наурыз мерекесі. Парсы тілінде «нау» – жаңа, «руз» – күн деген сөз, бұл екі сөз қосылып, «жаңа күн», яғни «жаңа жыл» де- ген ұғымды береді. Шығыс халықтарының уақыт есептеуде бағзы заманнан бері байырғы дəстүрге айналған он екі жылдық мүшел- дік күнтізбенің басында (22 наурыз) күн мен түннің көктемдегі теңелуіне байланысты, осы күн «Ұлыс күні» немесе «Наурыз» деп аталады. «Наурыз» мейрамының түпкі төркіні байырғы қазақ жəне басқа да түркі тектес немесе мұсылман халықтарының күн- тізбесі – мүшел жыл есебімен тығыз байланысты.

Ораза айт. Бұл айт – ислам дінінің қағидасы бойынша жыл сайын ұсталатын отыз күн ораза аяқталғаннан кейін өт- кізілетін үш күндік айт мейрамы. Ораза айт мейрамының сол айттың алғашқы күні таңертең оқылатын екі ракағат айт нама- зынан басталады. Бұл мейрамның төркіні ислам дінінен келге- німен, кейін келе ұлттық əдет-ғұрыпқа, бұқаралық мейрамға айналып кеткен. Осы мейрам кезінде түрлі ұлттық ойындар өткізіліп отырады.

Құрбан айт. Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң құрбан айт басталады. Құрбан айт күні таңертең тұрғындар белгіленген бір орынға жиналып, екі ракағат құрбан айт намазын оқиды. Осы- дан соң жұрт үй басын санап айтшылап, «айт қабыл болсын» деп, айттық құрбандықтың етімен тамақтанады. Қазақ, басқа да мұсылман қауымы арасында осы құрбан айттан бір күн бұрын ата-бабаларының аруағына арнап мал сойып, «құрбандық жасау»
салты қалыптасқан. Құрбан айттың төркіні діни нанымнан туға- нымен, кейін келе ұлттық мейрамға айналған.

Масленица – славян халықтарының көктемгі бір апталық ме- рекесі. Масленица салтының символикасы қысты шығарып са- лу мен көктемді қарсы алатын ежелгі славян дəстүрлеріне бай- ланысты. Масленица аптасында барлық адами əрекетке рұқсат етілген. Кең көлемде, көңілді əуенмен мерекеленетін қыдырым- паздық масленицаны əрқашан да ауқымды, бұқаралық түрде атап өткен. Масленицада бұл би билеу, əн салу, таудан сырғанау, күл- діргі ұрыстар, масленица қарақшысын жасау жəне т.б. көптеген ойындар ойналады.

Славян халықтары атап өтетін неғұрлым елеулі христиан мерекелерінің қатарына Христостың туған күнін, Жаңа жылды, Пасханы, Троицаны, Иван Купала күнін атауға болады.



Қазақстан халықтарының арасындағы отбасылық-туыс- тық мерекелер мен салтанаттар. Этникалық дəстүрдің қалып- тасқан функциялық көрінісіне күнтізбелік жəне рəсімдік мей- рамдардар жатады. Мейрам – бүкіл қауым жиналған салтанатты жағдай, ол маңызды оқиғаларға, республика тарихына жəне т.б. қатысты болады. Ұлттық мейрам жəне салтанатты жиын қоғамдық ортаның дəстүрлі жиынтығы ретінде белгілі. Жаңадан бекітілген мейрамдар мен жиындар интернационалдық, революциялық, əс- кери, еңбек, азамат, отбасыға, т.б. байланысты болған. Қоғамдық мейрам мен салт-дəстүрге жаңа жыл, 1 мамыр, Конституция күні, 8 наурыз жатады. Кəсіби мейрамға мұғалімдер, құрылысшылар күні, мөр басушылар күні, т.б. жатады. Ауылшаруашылық мей- рамдар күнтізбелік цикл бойынша өткізіліп отырған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет