3. Қазақстандағы репатриация мəселесіндегі қиыншылықтар
Алғашқы Дүниежүзілік Құрылтай 1992 жылы болып өтті. Осы тұстан бастап қазақ репатрианттарының оралу тарихы бас- талған еді. 2004 жылы келер жылға деп Қазақстан Республика- сының миграция жəне демография агенттігі республикалық бюд- жетке 4,5 млн қаржы салған болатын. Бұл тұрғын үй мəселесінің тек 60%-ын ғана өтей алады.
Келесі үлкен қиыншылықты мəселе – жұмысқа орналастыру. Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 жылғы 19 нау- рыздағы «2000 жылға дейін көші-қон саясатының негізгі бағыты жөнінде» жарлығында мынадай шешім шығарды: «Өзінің тарихи мекеніне оралушылардың орналасуын ұйымдастыратын құқық- тық актілер талдап, бекітілсін», сондай-ақ «облыс əкімдері жер- гілікті бюджет есебінен қаржыландыруды қолға алсын» делінген.
Алайда оралмандардың жұмысқа тіркелу, тарихи отанына тез бейімделуіне кейбір жағдайлар қиындық туғызып отыр.
Моңғолиядан оралған азаматтардың көпшілігі тек мал шару- ашылығы мен егіншілік саласында жұмыс істеуге қабілеттілігін көрсетіп отыр.
Бəрімізге де белгілі квота бойынша мамандығы бар кадрлар да оралуда. Бұл Қазақстан кадрларының сапасын жоғарылатуға үлес қосуда. Сонымен, Қазақстан тарапынан беріліп отырған кө- мек қандай болды? Соған қысқаша тоқталсақ, ол мынадай, 1992
2002 жылдары 29390 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіл- ді. 2002 жылы 1 қазанда 151018 адам Қазақстан Республикасы-
ның көші-қон жəне демография агенттігінің мəліметі бойынша 126252 адамнан 74035-і жұмысқа тұрғызылды. Одан басқа 544 отбасы 400 доллардан микрокредит алды.
Шаруашылық орнымен 15424 отбасы қамтылды, оның ішін- де жер бөліктерін 12878, 11096-сы мал ұстайды. Оралман отба- сында 38419 мектепке дейінгі балалар тұрады. 11349 зейнеткер (оның ішінде 11020 зейнетақы алады), 1957 адам еңбекке жарам- сыз. Одан басқа Қазақстан Республикасында 17835 көп балалы оралман отбасы өмір сүруде. Оның ішінде 13720 отбасы бала- ларына жəрдем ақы алады. Жоғары оқу орындарында жəне орта білім беру орындарында 4378 адам оқиды, 383 адам Қазақстан Республикасының Қарулы күш қатарында қызмет етеді.
Сонымен, Қазақстан тарапынан оралмандарға жүргізіліп отырған көмек, барлық ыждағаттылықпен назарға алынуда. Мұның Қазақстанға ауыр тиіп отырғанын ескерсек, сондай-ақ оралман тарапынан да қиыншылыққа тіреліп тұрғанын айтуы- мыз керек. Мұндай қиындықтарға қарамастан, қандас бауырла- рымыздың отанына оралуын мақұлдауда. Ұрпақтың өсуі бары- сында бұл өтпелі кезең қиындықтары түгелімен шешіледі деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |