1999 жылғы мəлімет бойынша Қазақстанда ажырасқан ерлі-зайыптылардың 18 жасқа дейінгі аралықтағы балаларының жалпы саны
Облыстар
|
Ажырасқан- дардың сан- дары
|
Соның ішінде, %
|
баласыз
|
балала- ры- мен
|
Соның ішінде
|
1 бала
|
2 жəне одан жо- ғары
|
Қазақстан
|
25583
|
32,2
|
67,8
|
42,6
|
25,2
|
Ақмола
|
1454
|
38,0
|
62,0
|
39,5
|
22,5
|
Ақтөбе
|
1035
|
33,9
|
66,1
|
39,9
|
26,2
|
Алматы
|
2137
|
33,0
|
67,0
|
37,3
|
27,7
|
Атырау
|
543
|
19,3
|
80,7
|
37,6
|
43,3
|
Батыс Қазақстан
|
759
|
24,8
|
75,2
|
48,0
|
27,2
|
Жамбыл
|
1021
|
27,4
|
72,6
|
46,3
|
26,2
|
Қарағанды
|
3010
|
35,2
|
64,8
|
44,8
|
20,0
|
Қостанай
|
2190
|
32,1
|
67,9
|
49,1
|
21,8
|
Қызылорда
|
732
|
9,4
|
90,6
|
40,6
|
50,0
|
Маңғыстау
|
738
|
23,8
|
76,3
|
38,2
|
37,9
|
Оңтүстік Қазақстан
|
1580
|
26,9
|
73,0
|
36,1
|
36,9
|
Павлодар
|
1961
|
34,5
|
65,5
|
43,8
|
21,7
|
Солтүстік Қазақстан
|
1081
|
35,1
|
64,9
|
46,8
|
18,1
|
Шығыс Қазақстан
|
3366
|
28,7
|
71,3
|
43,8
|
24,5
|
Астана қ.ə.
|
695
|
41,2
|
58,8
|
40,4
|
18,4
|
Алматы қ.ə.
|
385
|
40,1
|
59,9
|
40,7
|
19,2
|
Осы статистикалық мəліметтердің артында тағы бір өте ма- ңызды мəселе жасырылуда. Ажырасып жатқан ата-аналар жүрек- ке өте ауыр тиетін маңызды мəселемен бетпе-бет кездеседі – ба- лаға отбасының бұзылғаны туралы жəне ата-анасының біреуінің, көбінде, əкесінің жаңа отбасын құру үшін немесе суынып кеткен байланыстарды үзу үшін отбасынан кететіндігін айтпау немесе айту мəселесі. Алайда бұл мəселені шешу бойынша бірыңғай жа- уап немесе шешу жолы жоқ, өйткені барлығы тек ерлі-зайыпты- лардың қарым-қатынастарының бұзылуына не себеп болғанына байланысты. Егер бұл жағдай үнемі отбасындағы жағдайларға жағымсыз əсер еткен қақтығыстармен, ұрысулармен қатар жүріп отырған болса, онда ата-анасының біреуінің отбасынан кеткені балаға ешқандай əсер етпейді. Ал егер, керісінше, ерлі-зайыпты- лар арасындағы күрделі қатынастар балалардан жасырын түрде дамып, бала ата-анасының екеуінде жақсы көретін болса, онда ата-анасының біреуінің отбасынан аяқ астынан кетуі баланың түсініспеушілігін тудырып, оның жүрегін ауыр жарақаттауы да мүмкін.
Сондықтан əр осындай мəселе ешкімді де ойландырмай қой-
майды. Бұған мысал ретінде Алматы қаласының тұрғындары- на 1989 жылы жүргізген этносоциологиялық сұрауларымыздың материалдарын келтіруге болады (8-кестені қараңыз). Кестедегі мəліметтер сұралғандардың көпшілігі олардың ұлттық қатынас- тарына қарамастан, «бұл жерде ешқандай қысым да, өзгелердің ақыл-кеңесі де қажет емес» деп есептеген. Жауаптардың осы- лай қалыптасуына респонденттердің жас ерекшелігі де өз ықпа- лын тигізбей қоймайды. Мысалы, жаңашыл жас буын өкілдері жауаптың үшінші түріне бағыт бұрған, яғни мəселені маңызды деп санады. Оларға қарағанда, орта жəне аға буын өкілдерінің жауаптары бала болған жағдайда отбасын сақтап қалу керек де- ген тұжырымдарға тірелді. Бір ерекшелігі сұралған респондент- тердің барлығы, қазақтар да, орыстар да жас ерекшеліктеріне қа- рамастан, «ол отбасынан кетуі тиіс» деген жауаптан бас тартқан. Алайда отбасылардың ажырасуының жылдан-жылға кө- беюге беталысы көңілді алаңдатады. Егерде еліміздің 1950 жыл- дары əрбір жүзінші ерлі-зайыптылар ажырасқан болса, ал 1960 жылдары əрбір оныншы, 1980 жылдары əрбір төртінші, ал 1990 жылдары əрбір үшінші отбасы ажырасқан. Мысалы, Қазақстан- да 1990 жылы 164,6 мың неке тіркеліп, 43,6 мың неке бұзылған
(26,5%) болса, ал 1995 жылы 116,3 мың неке тіркеліп, 39,0 мың неке бұзылған (33,5%), ал 1999 жылы 116,3 мың неке тіркеліп, 25,6 мың неке бұзылған (29,8%).
кесте
Алматы қаласында балалы отбасылардың ажырасуға көзқарасы
Респонденттердің жастары
|
Жауап берушілер
|
cоның ішінде,%
|
ол отбасының бірлігін бұз- бауы тиіс
|
ол отбасы- нан кетуі тиіс
|
бұл жерде еш- қандай қысым да, өзгелердің ақыл-кеңесі де қажет емес
|
Қазақтар
|
18-19
|
35
|
40,0
|
2,9
|
57,1
|
20-24
|
132
|
38,6
|
6,1
|
55,3
|
25-29
|
159
|
34,0
|
10,3
|
55,7
|
30-39
|
223
|
48,9
|
8,1
|
43,0
|
40-49
|
108
|
50,9
|
9,3
|
39,8
|
50-59
|
58
|
58.6
|
8,6
|
32,8
|
60+
|
40
|
65,0
|
-
|
35,0
|
Барлығы
|
752
|
45,5
|
7,7
|
46,8
|
Еркектер
|
348
|
50,6
|
6,6
|
42,8
|
Əйелдер
|
404
|
41,2
|
8,7
|
50,1
|
Орыстар
|
18-19
|
25
|
32,0
|
8,0
|
60,0
|
20-24
|
73
|
34,2
|
9,6
|
56,2
|
25-29
|
94
|
30,8
|
16,0
|
53,2
|
30-39
|
200
|
36,5
|
11,0
|
51,5
|
40-49
|
122
|
42,6
|
10,7
|
46,7
|
50-59
|
104
|
50,0
|
12,5
|
37,5
|
60+
|
155
|
61,9
|
7,7
|
30,3
|
Барлығы
|
773
|
43,3
|
10,9
|
45,8
|
Осы аталған қайғылы жəне күрделі жағдайға байланысты бұ- рынғы ерлі-зайыптылардың, олардың жақын туыстарының жəне қоғамның алдында төмендегідей мəселелерді шешу міндеті туады:
ресми түрде ажырасқаннан кейін баланы ата-анасының қайсысымен қалдыру керектігі;
өз еркімен немесе сот шешімі бойынша отбасынан кетуге тиіс болған ата-анасының біреуі баланы асырау үшін ай сайын ақшалай немесе басқа да көмекті қандай мөлшерде беруі тиіс;
отбасынан кеткен ата-анасының баласымен қашан, қалай жəне қанша уақытқа кездесе алатындығы жəне оның қар- жылық жəне материалдық көмектен басқа бала тəрбиесіне қаншалықты қатыса алатындығы.
Бұл жерде мүлікті, пəтерді жəне басқа да тұрмыстық бұй- ымдарды бөлу мəселесін қозғамаймыз жəне де өзінің туған ба- лаларының тағдырын ойламастан отбасын қиындыққа тастап кеткен ерлі-зайыптылар туралы айтып отырған жоқпыз. Тек қандай да бір объективті жəне субъективті себептерге байла- нысты өзара түсініспеушілік қалыптасып, бұл жағдайдан ажы- расу арқылы шығу керек деп шешкен отбасыларға тоқталып отырмыз.
Бірінші мəселені, əдетте, елімізде жəне басқа елдерде де сот анасының пайдасына шешеді, өйткені тек анасы ғана баланы то- лығымен қорғап, қамқорлық жасап, оған дұрыс бере алады деп есептеледі. Алайда баланың əкесімен немесе анасымен қалағысы келетіндігі сотта есепке алынбайды.
Ал екінші мəселенің шешімі толығымен ер адамның – əкесі- нің мойнына жүктеледі. Сондықтан да көптеген ер адамдар осы жағдайға мойынұсынады, олар нақты өмірде жəне сотта көптеген жылдар бойы қалыптасып келе жатқан жағдай – баланың анасы- мен қалуын өзгертуге ұмтылас жасамайды.
Сондықтан да үшінші күрделі жəне шешуі қиын мəселенің шешімін ашуға тырыстық. Ата-анасының біреуі тастап кеткен баланы тəрбиелеу мəселесі бойынша бірыңғай тұжырымға келу мүмкін емес, алайда отбасы бұзылып, ерлі-зайыптылар ажырас- қаннан кейін, осындай отбасындағы балалардың немесе жасөспі- рімдердің жағдайының екі нұсқасы қалыптасады.
Ең алдымен баланың мүддесіне негізделген қолайлы жəне кең таралмаған жағдай. Мұндай жағдайда, біріншіден, ерлі-зай- ыптылар балаларының қамы үшін қалыпты қарым-қатынастарын сақтаған жағдайда балаларға жеңіл болады. Екіншіден, ажырас- қан ата-аналары оларды тəрбиелеу барысында бірлесіп жұмыс жасап, мəселе бойынша тиісті шешімдерді келісе отыра қабыл- дайтын болса, балаларға бұл жағымды ықпал жасайды.
Бұл жағдайда бұрынғы ерлі-зайыптылар өздерінің балалары- ның қамы үшін тұрақты өзара əрекет жасау кезінде келесі бірқа- тар позитивті жəне маңызды əрекеттерді естен шығармауы тиіс.
балаларды себепсіз өзінің жағына тартпау керек;
балалар олардың арасында кек қайтару құралына айнал- мас үшін оларды ата-анасының біреуіне қарсы қоюға бол- майды;
қандай да бір отбасы мəселелері бойынша өздерінің келіс- пеушіліктерін, соның ішінде өзара ұрыс-керістерді бала- ларға көрсетпеу керек.
Көп кездесетін, қолайсыз, деструктивті нұсқасы. Бұл жағ- дайда өзімшіл бұрынғы ерлі-зайыптылар балаларын тəрбиелеу- ге жəне оларға ықпал етуге байланысты келісілген əрекеттер мен ережелерді қалыптастыру үшін өзара келісімге келе алмайды. Отбасының қирауына алып келген күнделікті ұрыс-керістер, қақ- тығыстар ажырасқаннан кейін де жалғасын табады. Ата-анала- рының біреуі, əдетте, балаларының қасында қалған анасы əрқа- шан бейтарап ұстанымды ұстап тұра алмайды. Сондықтан да ол бұрынғы күйеуінің əркеттеріне жол бермей жəне балаларын оған қарсы тəрбиелеу арқылы бұрынғы күйеуіне өзінің басымдығын анық байқатып отырады.
Алайда кейбір кезде, керісінше, анасы өзінің бұрынғы күйеуіне деген ренішін, қанағаттанбауын, шаршағандығын өзі- нің баласына аударып, оған үнемі ұрысып, өмірін уландыратын жағдай кездеседі. Ал бұл соңында анасы мен баласының арасын суындырып, əкесі көптеген жағдайда дұрыс болмаса да жəне өзі- нің əкелік сезімдерін көрсетпесе де, əкесінің жағдайының басым болуына ықпал етеді.
Нақтылы өмірде ортақ баланың əлеуметтенуі барысында- ғы теңсіз серіктестікті анық байқаймыз. Бұл жағдайда бұрынғы күйеулердің басым бөлігі саналы түрде немесе ойланбастан ба- ла үшін өте қажет болып келетін үрдістен бас тартады. Ал бас- қа жағдайда бұрынғы əйелі бұрынғы күйеуін бұл аталған үрдіске əдейі қатыстырмайды. Алайда баласын жақсы көретін əкесі бала- ның тəрбиесіне анасына қарағанда əлдеқайда басым ықпал жасай алатын кездері де аз болмайды.
Жоғарыда аталған факторларға дұрыстап назар аударатын болсақ, мұндай жағдайды келесі түрде жіктеп қарастыруға бола- ды. Бірінші жағдайда үй мен өндіріс арасында жүгіріп шаршайт-
ын, жұмыс істейтін аналар өсіп келе жатқан балаларының тəр- биесіне жауапкершілік алғысы келмейтін немесе ала алмайтын бұрынғы күйеулерінің бейтарап күйіне үнемі реніш білдіреді. Ал екінші жағдайда бұрынғы күйеуі өзін отбасы мəселелеріне жеңді- ре отырып, көңіл күйіне немесе бұрынғы əйелі мен тұратын əйелі арасындағы қашықтыққа тəуелді болып келеді жəне балалары арасындағы қатынасты соған қарай қалыптастырады. Егер оның екінші əйелі оның бірінші некеден туған балаларын жақтырмай- тын болса, қарым-қатынастың мұндай түрінен ешқандай жақ- сылық болмайды. Сондықтан да бұл жағдайда балалар мектеп- ке дейін немесе мектеп жасында болсын əкелерін қысқа мерзімді демалыс, мейрам, туған күндерде ғана көре алатын болады. Бұл жерде отбасынан мүлдем қол үзген немесе басқа қалада тұратын ата-аналарды қарастырып отырған жоқпыз.
Сонымен қатар анасы, əсіресе қазақ əйелі баланы əлеумет- тендіру құқығына ие болғандықтан, бұрынғы күйеуінің қарсы болғанына қарамастан, баласын өзінің ата-анасының қамқорлы- ғына беретін жағдайлар да кездеседі. Өзінің жеке істерінен ба- сын босата алмаған анасы баласына қарапайым назар аудара да алмайды. Көбінде мұндай аналар өзінің бұл əрекетін уақыттың жетіспеушілігімен немесе жаңадан отбасын құруға ұмтылуымен түсіндіреді. Соның нəтижесінде бұл қайғылы жағдайға əкелуі мүмкін, себебі есейе келе бала өзінің кəрі ата-əжесінен басқа еш- кімге, анасына да, əкесіне де керексіз екенін түсінеді. Олардың ата-анасының тағдыры осы уақытқа дейін олар отбасыларын құ- рып үлгермесе, əрі қарай жақсы болып кетпейді.
Балаларды, əсіресе есейіп қалған балаларды өзіне ыңғайлы- сын алып қалып, қарсы шығатынын əкесіне қалдыру арқылы, тіп- ті кейбір жағдайда интернатқа, балалар үйіне беру арқылы бала- ларды бір-бірінен күштеп ажыратуға болмайды.
Сондай-ақ отбасылардың ажырасу үрдістерін зерттеу көрсе- тіп отырғандай, ата-аналарының сəтсіз некелерін олардың бала- ларының қайталауы аз кездеспейді. Мысалы, ерімен ажырасқан- нан кейін қызын жалғыз өсіріп отырған жалғыз басты ана «сүтке күйген суға үрлейді» деген мəтелге сəйкес, қызының бала жасы- нан оның əкесіне ғана емес, барлық ер адамдарға деген жеккөру- шілігін қалыптастырады. Осының нəтижесінде қызы анасының аталған стереотипін ала отырып жəне күйеуімен жеңіл ажыра- са салып, анасының тағдырын қайталайды. Бұл жерде ол анасы
үшін əкесіне кек қайтарғандай болып, өзінің балаларының тағды- рын ойламастан күйеуінің кез келген кемшілігіне, қызығушылы- ғына түсіністікпен қарап, сабырлылық танытпайды.
Екінші бір жағдайда бұрынғы əйелі ұлын əкесіне қарсы қоя отырып, оның алдында əкесін жағымсыз жақтарынан көрсету- ге тырысады. Бұл жерде ол, бір жағынан, жеңіске жетеді, екін- ші жағынан, оның болашақ отбасылық өмірге деген қызығушы- лығын жоғалтады. Бұл көбінде анасының басынан бастап ұлын болашақ күйеу жəне əке болуға, болашақ отбасы мен балалары үшін жауапкершілікке дайындамағанымен түсіндіріледі. Бала- сының ер адамның міндеті туралы көзқарасы негізсіз кездейсоқ жағдайлардың əсерінен қалыптасады жəне олар алғашқы сынақ- тан-ақ сүрініп жатады. Басынан бастап-ақ ата-анасының тəжір- биесімен бағдарланған мұндай толық емес отбасыларында от- басының бұзылуына сабырлықпен қарау қалыптасады. Аталған көзқарастың қалыптасуы, сондай-ақ неке қатынастарының бұ- зылуына дайын болу бұл əрекеттің жүзеге асуына мүмкіндік ту- дырады, себебі мұндай балалардың ата-ана міндетін орындауға деген қабілеті төмен болады. Олардың əкелік сезімі болмайды, өзінің баласына бауыр баспайды, өйткені тəрбие беру кезінде өткізіп қалған кездердің ықпалынан, олар өздерінің балаларын жұбайымен қарым-қатынас жасауда кедергі ретінде көреді. Бұл жерге сондай-ақ өзінің баласына деген қызғанышын жатқызуға болады, оның ойынша əйелі оған қарағанда баласына көп көңіл бөледі, баласын көбірек жақсы көреді. Ал оған мұндай əділет- сіздік ұнамайды, осыдан келіп оның жұбайына жəне баласына деген көңілі қалады.
Сонымен қатар басқа да кемшіліктермен бетпе-бет келіп жат-
қан кездер аз емес. Мысалы, ер адамның ықпалы болмағандық- тан, əйел адамның – анасының көңіліне қарау. Мұндай балалар
«анасының ұлы» болып кетуі де мүмкін жəне олар соңында өзі- нің ата-анасының қайғылы өмірін қайталайды. Мұндай алдын ала бағдарланған сəтсіз адамдар отбасын құра сала одан көңілі қалады немесе мүлдем үйленбеуге бел буады. Нəтижесінде олар əлеуметтік салаға бейімделу барасында қиындықтарға кездеседі, айналасындағылармен де қарым-қатынас жасауы қиынға соғады. Сондықтан анасының ұлын отбасылық өмірдің өзіне тиімді түрі- не көндіру, ұлы оған көнген күннің өзінде жақсылыққа əкелмейді, соңында аталған неке де сəтсіз аяқталады.
Ажырасқан əйелдің тағдыры да қуантарлықтай емес: уайым- дар, жалғыздық, бала тəрбиесіндегі қиындықтар, материалдық жетіспеушіліктер. Ажырасқан ер адамдардың да қысқа мерзімді кездесулер кезінде балаларына ықпал ету мақсатында, үнемі үз- діксіз күрес барысында педагогикалық əдептілікті сақтауы сирек кездеседі. Бұл жерде кез келген құралдар мен əдістер қолданыла- ды: алдау, өтірік айту, ақша, сыйлықтар, алданыш сөздер, т.б.
Осылайша, қарастырылып отырған материал тек біз зерттеп отырған отбасылар мен ерлі-зайыптылар ғана емес, сонымен қа- тар ата-анасының біреуімен қалған кəмелетке толмаған балалар күнделікті өмірде бетпе-бет кездесетін мəселелердің күрделілігі мен маңыздылығын көрсетіп отыр. Бұл қиындықтар өтпелі на- рықтық қатынастардың, инфляцияның, жасырын жұмыссыздық- тың əсерінен мəселелер одан əрі күрделене түсіп, оларды шешу толық отбасылар үшін қиынға түсуде. Отбасының қалыпты, реп- родуктивті, регулятивті, коммуникативті, экономикалық қызмет етуінен басқа олардан өсіп келе жатқан буынды аккультурациялау міндетін ешкім алып тастаған жоқ. Сондықтан да балалардың əлеуметтену үрдісіне өзара сабырлылық, түсінушілік көрсете отырып бұрынғы ерлі-зайыптылармен қатар кəмелетке толмаған балалар олардың қиындықтары əрқашан шешімін табатындығын жəне олар қоғам үшін қажет екендігін сезінуі үшін мемлекет өзі- нің əкімшілік, соттық, əлеуметтік жəне басқа да атқарушылары арқылы тең құқықта қатысуы тиіс.
Бақылау сұрақтары
Бір ұлтты отбасыларындағы ажырасу мəселелері.
Ұлтаралас отбасыларындағы ажырасу мəселелері.
Ажырасудың халық демографиясына əсері.
Бір ұлтты жəне ұлтаралас отбасыларындағы ажырасудың себептері, факторлары жəне зардаптары.
Тұрақсыз отбасылардың этникалық құрамы, динамикасы.
Ұсынылатын əдебиеттер
Негізгі:
Аронс К. Развод: крах или новая жизнь / К. Аронс: пер. с англ. – М.: МИРТ, 1995. – 448 с.
Калыш А.Б. Внутрисемейные конфликты и разводы в современном Казахстане: монография. – Алматы: Арыс, 2013. – 160 с.
Королев Ю.А. Брак и развод. Современные тенденции. – М.: Юрид. литература, 1978. – 240 с.
Королев Ю.А. Супруги, родители, дети. – М.: Юрид. литература, 1985.
– 176 с.
Кузнецов Л.Р. Разводимость: динамика, факторы, тенденции. – М.: Политиздат, 1988. – 186 с.
Навек Ф. Развод глазами судьи: пер. с чешского. – М.: Юрид. литера- тура, 1976. – 168 с.
Сысенко В.А. Устойчивость брака: проблемы, факторы, условия. – М.: Мысль, 1981. – 201 с.
Чуйко Л.В. Брак и разводы: демографическое исследование на приме- ре УССР. – М.: Статистика, 1981. – 146 с.
Қосымша:
Баудиярова Қ.Б. Оңтүстік Қазақстандағы бірұлтты жəне ұлтаралас не- келердің тұрақтылығы мен сақтау мəселелері: тарих ғыл. канд. дисс.
…авторефераты. – Алматы, 2009. – 26 б.
Джаманбалаева Ш.Е. Методологические аспекты социологического исследования девиантного поведения подростков // Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. – 2001. – №2(7). – С. 102-103.
Женщины и дети Республики: статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 1993. – С. 27-28.
Казахстан в цифрах: статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2000. – С. 111.
Демографический ежегодник Казахстана, 1999: статистический сбор- ник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2000. – С. 35.
3.1. Отбасындағы мəдениеттің дəстүрлер мен ... 119
ІІІ бөлім
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ МƏДЕНИЕТІНІҢ ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |