Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет157/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   217
философия хасанов

И. Киреевскийдің (1806-1856) айтуынша, Ресейді құтқару – Еуропа 
мәдениетіне еліктеуден емес, православяндық ағарту мен православьяндық 
мәдениетті дамытуда. Ол ӛзінің «Еуропаны ағарту сипаттамасы және оның 
Ресейді ағартуға қатынасы туралы» мақаласында протестантизм мен 
католицизмнің ішкі байланысын кӛрсетті. 
Протестантизмде реформаның жүруі ортағасырлық схоластикада 
негізделген протестантизмнің реформасының жүруінде таласты шешудің 
бастамасы күшейе бастады. Осыған байланысты Еуропа мәдениеті ӛмірдің 
рухани негіздерін тиісті дәрежеде бағаламады, онда прагматизм мен атеизм 
басым бола бастады. Оның ойынша, католицизм де, протестантизм де бірлік 
пен еркіндікті қарама-қарсы қойып, діни ілімге толып тұрған... ӛзара 
махаббаттың мінез-құлықтық заңы негізінде бірлікке, еркіндікке шақырған 
христиандықтың бастапқы рухын бұрмалады. 
Киреевский: «Шығыстың шіркеу иелерінде ақылдың жиынтығы, – 
«рухтың бүлікшіл емес ішкі тұтастығы» барлық мінез-құлық пен ойлаудың 
негізі бар, мұны орыс халқы иемденген», – деп есептеді. Ол Ресей 
«православиелік ағарту ісі қазіргі заманғы бүкіләлемдік қозғалыстарды 
меңгерсін, әлемдік даналықты байыта отырып, христиандық ақиқат 
толығынан адам ақыл-ойы үстемдік етуі қажет» деп сенеді. 
А.С. Хомяковтың (1804-1860 жж.) «Дүниежүзілік тарих туралы 
жазбаларында» славянофилдік тарих толығырақ берілген. Онда ол адам 
баласының алғашқы бірлігі туралы айтып, тұрақты мәдени, географиялық 
немесе этникалық орталықтарынан айырылған халықтардың дамуының 
тарихи моделін баяндайды. Мұндай модель адамзат тарихына екі рухани 
бастаманың 
(архетиптер) 
(рухтың 
еркіндігін 
мойындағандар 
мен 
мойындамайтындар) айқасына негізделген. 
Әртүрлі этностар, Хомяковтың айтуынша, ӛздерінің мәдениеттерін 
дамыта отырып, дүниежүзілік тарихқа қатысушылар болып қалады. 
Сондықтан ол халық ӛмірінің тұтастығын күшпен бұзуға және оған 
мәдениеттің бӛтен формаларын кіргізуге қарсы болды. 
Киреевский мен Хомяков орыс мәдениетінің ӛзіндік ерекшеліктерін 
жоғары бағалады: – Ресей Еуропадан жоғары тұр, Еуропа мәдениеті тірек 
ететін ұстанымдар керемет деп айта алмаймыз – деп есептеді. Олар І Петр-ді 
«Еуропаға еліктеу салауатты мемлекет пен мәдени құрылысқа кепіл болады» 
деп қателескенін айтып сендірді.
Олардың ойынша, орыстар Еуропаға қарағанда ұлы, ӛзіндік ерекшелігі 
бар мәдениетті енгізушілер. Бірақ бұл мәдениеттер бірін-бірі жоққа 
шығармауға тиіс. Әйтпесе, олар біржақты болып кетеді.
Бұл ойларды жазушы, әрі публицист К.Н.Леонтьев (1831-1891ж.ж.) 
ескере отырып, тотальдылық (ұжымдық) философияны дамытады. Оның 
ойынша, кез келген қоғамның тарихы ӛзінің даму жолында 3 кезеңді ӛтеді: 
жасӛспірім – қарапайым; кемеліне келіп, гүлденіп тұрған күрделі және 
кәрілік аралас жеңілдік. Соңғы кезең қиындау, ӛйткені үкімет, идеология 


оның тууына қолынан келгенше кедергі болады. Ең нәтижелі кезең – екінші 
кезең. Бұл Батыс Еуропада орта ғасырларда болды, сондықтан ол бұзылу 
кезеңіне де жетті.
Леонтьев капитализмді құлдырау толық «арсыз және арамза» 
құбылысы деп қарастырды. Жазушының ойынша, Ресей эмансипацияға, 
прогреске, ӛтірікке байланысты үшінші кезеңге жақындап келе жатты. Осы 
кезде оны ұстап тұру үшін барлық консервативтік күштерді, соның ішінде 
патшаның ӛз бетімен билеуі мен православиені жұмылдыру керек. 
Леонтьев «прогресті рационалды түрде тануға да, түсіндіруге де 
болмайды, ӛйткені ол сенім пәні» деп сендірді. Даму үдерісінің ӛзі 
натуралистік тұрғыда түсіндірілді. Ол ішкі деспоттық бірлікпен бекітілген 
түрсіз және қарапайымдылықтан күрделіге, гүлденуге бірте-бірте кӛшу 
ретінде болды.
Мұндай бірлік ондағы бекітілген күрес пен азап шегуге қарамастан ӛте 
ыңғайлы болды. Ал әдемілік адамнан да қымбат.
Тәңірі адамдарды бірдей ғып жаратқан жоқ, ол біркелкілікті қажет деп 
санамады. Публицист құлдық пен зорлық-зомбылықты ақтай отырып, ол 
ұлттық қамалдың, рухани ерекшеліктің, мәдени жанданудың құнды бағасы 
деп есептейді. 
Леонтьев қоғамның ең керемет болып іске асырылуын византиялық 
модель деп есептейді. Діни тұрғыда ол аскетизмді және православиелік 
догматизмді, саяси тұрғыда – абсолюттік монархияны, мінез-құлықтық 
тұрғыда – жеке ұстанымдардан бас тарту, жер бетіндегінің бәріне кӛңілі 
толмау т.б. насихаттады. Леонтьев революцияның жақындап келе жатқанын 
сезе отырып, бұл үрдістердің себебі жеке меншіктік пен байлықты қуу деп 
сендірді. 
Бұл жағдайдан шығудың жолын Ресейдің Шығысқа қарай қайта 
бағдарлануы мен саяси экспансия жолымен жаңа әлемдік христиан 
орталығына айналдырудан кӛрді. Қоғамдағы тұрақтылықтың негізі, 
Леонтьевтің пікірінше, селолық қауым мен қатаң сословиелік бӛліну. 
Славянофильдіктің идеяларына сүйене отырып Н.Я. Данилевский (1822-
1885 жж.) еуразиялық тұжырымдама жасады.
Г.В.Фроловскийдің анықтамасы бойынша, «Еуразиялықтар Рухтан 
емес, Тәннен және Жерден күш алғысы келеді». Негізі, бұл кӛзқараста 
кейіпкер бейнесі мәдениеттің жаңа үлгісін кӛрсетеді, адамның ӛз-ӛзіне деген 
қарым-қатынасы, эгоизмсіз, адамдардың ӛз-ӛзімен, табиғатпен, қоғаммен 
үйлесімді қарым-қатынасы ретінде түсіндірілетін «соборлық» негіздегі 
адамдардың қарым-қатынасы. 
Ол «Ресей мен Еуропа» кітабында ӛз-ӛзімен болып, тұйықталып қалған 
адамдардың, адамдар бірлігін бұзушы ретінде мәдени-тарихи типтердің 
теориясын дамытады.
Ол ұлттық мәдениет имманентті (ішкі) түрде басқа мәдениеттермен 
ӛзара әрекет етушілік бағытта дамиды дегенді дәлелдейді, сонымен қатар бұл 
теория бойынша ұлттық мәдениеттің дамуы жеке ӛзіндік негізде ӛтуге тиіс, 
басқа 
мәдениеттің 
әсеріне 
ермей 
немесе 
оның 
табыстарына 


шығармашылықпен қайта қарастыру арқылы ӛтеді. Н.Я. Данилевскийдің 
айтуынша, 
бұл 
шарттарды 
орындағанда 
ӛзінің 
ерекшелігімен 
қайталанбайтын еуразиялық мәдени салтты жасауға болады. Оның бұл 
теориясы мәдениеттің кӛптігімен, әртүрлі салалығымен, мәдени-тарихи 
прогрестің еуроцентралистік идеяларынан бас тартуды болжайды. Бұл теория 
бір мәдениетті басқамен ауыстыруды болдырмайды.
Данилевский адамдарға бірыңғай «жалпыадамзаттық құндылықтарды» 
зорлап беру қаупін кӛрсетеді, ӛйткені құндылықтар нақты тарихи сипатта 
болады. Бұл жағдайда жалпыадамзаттық құндылықтар ұғымын Батыс 
қоғамының құндылықтары мағынасында қолданады.
Шындығында, еуропалық, соңғы жылдары американдық мәдениеттің 
экспансиясы басқа халықтардың мәдениеттерін дамытуға тиімсіз жағдай 
жасайды.
Кең контексте мәдениеттің жаhандануы (еуропаландыру мен 
америкаландыру) этностарды таратуға, басқа ұлттардың тұтастығы мен 
ынтымақтастығын жоюға әкеп соғады. Данилевский мұны сол кездегі 
әлеуметтік-тарихи қауымдастық ретіндегі елестен шығарған болар. Осы 
ұлттарға территория, тіл, мәдениет, тарихи тағдырлар бірлігі тән болатын. 
Бұлардың социомәдениеттік негізін тұрақты этностар құрайтын. 
Тарихи-мәдени үрдістің мультижелілік сызбасы С.Н. Трубецкойдың 
(1862-1905 жж.) «Еуропа мен адамзат» атты кітабында дәлелденді.
Онда ол мәдени-тарихи үрдістің желілік даму тұжырымдамасын сынға 
алады.
Ресей ойшылы прогресті әртүрлі халықтардың мәдениеттеріндегі 
әртүрлі мүмкіндіктерді жүзеге асырушы ретіндегі прогресс идеясын қарама-
қарсы қойып, прогресс туралы дәстүрлі алға апарушы күш ретіндегі 
кӛзқарасты қайта қарастырады.
Трубецкой «Ақиқат және жалған ұлтшылдық туралы» мақаласында 
ұлтшылдықтың жалған 3 түрі туралы айтады. Біріншісі – ӛзіндік ұлттық 
мәдениетті елемеуге негізделіп, мәдениеттің денационализациясына әкеп 
соғады; екіншісі – соғысушы шовинизм, сол мәдениетті таза жеткізушілерді 
жоғалтуға әкеп соғады; үшіншісі – мәдени консерватизм. Ол лаң туғызатын 
мәдени тоқырауға толы, бұл «мәдениетті ӛлтірудің» жаршысы болып 
саналады. Трубецкой жалған ұлтшылдықтың бұл түрлерінен сақтану керек 
дейді. Олардың біріге алатын қабілеттері бар және аралас типтер құра алады, 
оларға ортақ бір қасиет – шын ұлтшылдыққа қарама-қарсылық. Олар ұлттық 
санаға негізделмейді, ылғи да ұлттық мәдениетке шақырады.
Кӛпұлттық мемлекетке шынайы жалпы еуразиялық ұлтшылдық оған 
кіретін ұлттарға конгениальдықты болжайды. Осындай мемлекетте «хор» 
және «полифониялық», тұтас ұлт мәдениет секілді мемлекетті де жасайды. 
Трубецкой Еуразия халықтары ӛз менталитеттеріне орай еуропалық 
болып кетпейді, батыс ӛркениеті шеңберінде ӛз құндылықтарын да 
дамытпайды. Олардың мәдениеті «еуропалықтардан кем емес», жай ӛзінше, 
басқаша болып келеді. Ол әртүрлі мәдениетті салыстыра отырып талдағанда 
барлық мәдениеттердің және халықтардың теңдігі мен сапалы мӛлшерлеуге 


болмайтындығы туралы қорытындыға келеді. Соборлық идеяларға 
негізделген православие мәдениеті рационалдық қарама-қарсы қойылды. 
«Жалпыеуразиялық ұлтшылдық» еңбегінде Трубецкой осы мәселелер 
тӛңірегінде қызықты ойлар айтады.
Оның Батыс адамы «тұтастық» категориясын түсінуге қабілетсіз, ол 
логикалық абстракцияны, этиканы казуистикаға, ал ғылымды таза 
деструктивті талдауға жатқызуға деп қабылдайды дегеніне келісуге болады. 
Оның талдауында ғарыш біртектес, әмбебеп нәрсе емес, кӛпшілік 
«әлемдерге» ыдырайтын, мәні әртүрлі деп айтылады. Осыдан келіп 
Трубецкой «мәдениет пен тілдер әрқайсысы ӛзінше бӛлек» деп қорытады. 
Ресейдің мәдени полифонизмі, геосаяси жағдайы оның ерекше тарихи 
жолымен байланыстырды. Ол орыс мәдениетіне әртүрлі бағыттарда ізденуге 
тура келеді, әртүрлі халықтардың элементтеріне келісуге байланысты барлық 
күштерін жұмсауға, бір-бірімен сәйкес келетін екі мәдениеттің 
құндылықтарын іздеуге тура келеді – деді. 
Трубецкойдың айтуынша, адамға (халыққа) шынайы ӛзін-ӛзі тану ғана 
оның ӛмірдегі орнын кӛрсетіп береді. Сонымен қатар ол ӛзіндік ұлттық 
мәдениет дұрыс, тек сол ғана этикалық, эстетикалық, улитарлық талаптарға 
сай деп кӛрсетіп, оны кез келген мәдениет арқылы жоғарылатады. 
Еуразиялықтардың жаңа ілімінде жаңалық – қоғам дамуы әлеуметтік-
табиғи тұтастықтың қалыптасуы ретінде қарастырылады және оны әр 
халықтың мәдени-тарихи орны ретінде түсінуге болады. 
Сол елдің немесе басқа елдің мәдени-тарихи дамуын зерттегенде олар 
«орнын дамыту» деген кӛпмағыналылық ұғымын пайдаланады. Ол тарихи 
зерттеулерде қоғамның жүйе құрушы уақытша емес, кеңістіктік үйлестіруші 
факторы ретінде ғана пайдалануға мүмкіндік береді. Л.Н. Гумилев ӛзін 
«соңғы еуразиялықпын» деп санап, былай деді: «Евразиялық болудың, 
идеократиялық мемлекеттің ӛзіне тән басты сипаты – оның барлық 
элементтерінің ӛзара байланыстылығы мен ӛзара тәуелділігі». 
Гумилевтің пайымдауынша, Идеократия, яғни идеялар ӛкіметі 
«евразиялық болудың негізі». Ол евразиялық болудың сипаты идеократиялық 
мемлекеттің теориясында барлық теориялық элементтердің ерекшелігі болып 
ӛзара байланыстылық пен ӛзара тәуелділік саналатынын айтты.
«Мәдени және тарихи салт-дәстүрлерінде жалпылық» бар халықтар 
жиынтығы белгілі бір «даму жерінде» автаркиялық шаруашылық (жердің 
ерекшелігене қарай) жүргізеді, – деді. 
Гумилевтің пікірінше, «тұтастықты» құрайтын «жекелей де», «тұтастай 
да» мәдениеттің ұлттық сипаты мен асыраушы ландшафт пен этностың ӛзара 
әрекеттерінің сабақтастығы сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет