Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


«Антропологиялық тӛңкерісінен»



Pdf көрінісі
бет175/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   217
философия хасанов

«Антропологиялық тӛңкерісінен» кейін философияда ғарыштағы және 
қоғамдағы адамның рӛлі, бақыт пен ӛмірдің мәні, барлық жаратылыстың 
бағасы туралы сұрақтар туа бастады. Платонизм адам танымының алдыға 
жылжуына үлкен қадам жасайды. Ол адам жанының денесімен байланысын 
айтады. Жан кӛрінбейтін идея әлеміне тән. Адам жекеліктен тыс жанның 
тасымалдаушысы болып табылады. Жан тәнге тиесілі. Сонымен, адам 
табиғаты екіжақты, ол бір-біріне қарама-қарсы бӛліктер – жан мен тәннен 
тұрады. 
Адам ақыл емес, жүрек ұстанымымен бағаланады. Адамның ішкі 
әлемін құрайтын ақыл, жүрек және ерік – ұлы үштіктің пайда болуы үшін 
барлығы дайын. Бірақ, негізінен ішкі християндықта қаншалықты тән мен 
жанның арасын емес, «адам тәні» және «рухани адам» арасын ажыратып алу.
Ренессанс философиясы адамды автономдық тіршілік иесі ретінде, тірі 
тұтастық ретінде қарастырады. Тән мен жанның бірігуі – бұл адамның басқа 
тіршілік иелерінен басымдылығы болып табылады. Адам сан қырлы 
эстетикалық қадір-қасиеттерімен сипатталатын сезгіш тән.
Жаңа кезеңде Декарт ойлауды адамның тіршілік етудің жалғыз сенімді 
растаушы айғақ ретінде қарастырады. Адамның ӛзгешелігі ақылда, ойлауда 
анықталады. Ақыл жүректен маңызды, ол құмарлықтардан үстем. Адам – бұл 
ақылды тіршілік иесі. Тән мен жан арасында ешқандай ортақ нәрсе жоқ. Тән 
жуылады, жан ойлайды. Жанның айқын мазмұны – бұл ес.


 Кант үшін табиғат, адам да екі жақты. Ол табиғи қажеттілік үстемдік 
ететін табиғат әлеміне, сондай-ақ бостандық әлеміне жатады. Адамның 
ерекшелігі оның тәртібінің ӛнегелілік еркіндігімен анықталады.
Марксизм – адамның тұрмыс-тіршілігінің бірегейлігін пәндік-
практикалық іс-әрекеті ұстанымы негізінде қарастырады. Адам – тарихи іс-
әрекеттің, танымның және қарым-қатынастың субъектісін белгілеу үшін 
шегінен тысқары ортақ ұғым. «Адам» ұғымы жалпы барлық адамдарға тән 
қаситтері мен қабілеттіліктерін сипаттау үшін қолданылады. Марксистік 
философия ерекше тарихи дамыған қауымдастық, яғни ӛзге құбылыстардан 
ӛзгешеленетін, тіршілік қарекетінің әлеуметтік тәсілі ғана оған тән, соның 
арқасында ол барлық тарихи даму кезеңдерінде ӛзіне-ӛзі ұқсас – осындай 
ерекше тарихи дамушы қауымдастық, яғни адами түр ретінде кӛрсетуге 
ұмтылады. 
Сонымен бірге, марксизм адамның тіршілігінің алдын ала табиғи 
келісілгендігін мойындайды. Оның табиғаты дүниеге келумен, ӛмірдің 
ұзақтығымен, жынысы, тұқым қуалаушылықпен себептеседі. Адамзат 
биологиялық түр ретінде тұрақты вариациялары бар, солардың ішіндегі ең 
ірісі – нәсілдер. Нәсіл – бұл арнайы анатомиялық және физиологиялық 
белгілерімен айқындалатын, тіршілік ету ортасының нақты жағдайларына 
бейімделген белгілі бір генотиптің жиынтығы. 
Алғаш рет кең кӛлемде адам және антропологиялық дағдарыс 
мәселелері адамның табиғатын, толық жетілген адамның мақсат-мұратын, 
индивидтің қалыптасуына әлеуметтік ортаның және т.б. әсер етуін 
қарастырған Ницшенің шығармашылығында айтылады. Қазіргі еуропалық 
тарихтың субъектісі – бұл ӛзінің құндылық бағдарларын жоғалтқан «мұңды 
шизо». Бұл – әуелгі «дағдарыс» адам, сол себепті философиялық тұрғыдан 
антропологиялық мәселелерді ұғыну құндылығы арта түседі. 
Фуконың айтқанын толықтай мойындау керек, «адам» тарихи 
философиялық ұғымда шынайы үлгі ретінде түсіндіріледі және осы кӛзқарас 
бойынша ол философия үшін небәрі екі-үш ғасыр ғана тіршілік етеді. 
Философиялық антропология кең мағынада айтсақ – табиғат және 
адамның тіршілігі туралы философиялық ілім. Қазіргі уақытта әр түрлі 
пәндердің қатары бар, соның ішінде термин атаулары «антропология» 
(«физикалық антропология», «медициналық антропология», «мәдени 
антропология», «Анналдар мектебінің тарихи антропологиясы», «саяси 
антропология», 
«педагогикалық 
антропология», 
«психологиялық 
антропология». Барлық бұл сан қырлы және әртүрлі бағыттағы адам 
мәселелерін философиялық тұрғыдан ұғынуды, мән-мағынасын түсінуді 
мұқтаждық етеді.
Философиялық антропология ХХ ғасырдың ортасында адамды ақыл-
ойы жетілген (марксизм) әлеуметтік табиғи тіршілік иесі ретінде ғана емес, 
сондай-ақ оның тіршілік етуі ғарыштық факторларға (космизм) байланысты 
екенін белгілеп кӛрсететін бірнеше концепцияларды қамтиды. Адам, сондай-
ақ персонализм, феноменология, ӛмір философиясы, неотомизм, психоанализ 
және экзистенциализм ұстанымынан қарастырылады. 


 Философиялық антропология тар мағынада адам мәселелерін жан-
жақты қарастырылуына арналған философиялық білім бӛлімі болып 
табылады. Одан басқа, «философиялық антропология» ұғымы негізінен 
нақты философиялық мектепке бекітілген. Аталған мектептің негізгі ӛкілдері 
неміс философтары М.Шеллер, А.Гелен, Г. Плеснер және т.б. Бұл неміс 
философтары адамның философиялық таным бағдарламасын жасады. Олар 
адам тіршілігінің әр түрлі салаларын тұтас философиялық тұрғыдан түсіну, 
мағынасын ұғынумен онтологиялық, жаратылыс ғылыми және гуманитарлық 
оқуды біріктіруді ұсынды. Олардың пікірінше, «философиялық антропология 
– бұл адамның тіршілік құрылымы мен тіршілік мәні туралы базистік 
ғылым». Олар адамның тіршілік маңызын нақты қалай қарастырады? 
Аталған сұрақтың шешімінде олардың кӛзқарастары келіспейді. 
«Адамның ғарыштағы жағдайы» атты еңбегінде – неміс философы 
және 
әлеуметтанушы, 
философиялық 
антропологияның 
негізін 
қалаушылардың бірі М.Шеллер былай кӛрсетеді – адами табиғаттың екі 
негізгі бастамасы болады: бұл ӛмірлік бастама және «ӛмірлік құлшыныс»- 
Құдайдан берілетін рух. Адам белгілі бір «макрокосмо-әлем шегінен 
тысқары» қатынаста болатын тұтастық-микрокосмо болып табылады. 
Ӛмірлік құлшыныс қарқын бойынша адам – жануар, тірі тіршілік иесі, бірақ 
сондай-ақ ақылды, Құдай берген рухы бар тіршілік иесі.
Олар адамның 
ғарыштағы хал-ахуалы, оның психикалық бастамасы (сезім құлшынысы, 
ырықсыз сезім, ассоциативтік ес, тәжірибелік интеллект) және рухтың 
(ӛмірлік құлшыныс) қалыптасуымен және эволюциясымен анықталады деп 
белгілейді. 
Шеллер «адам тұлға ретінде әлемге ашық», жануарларға қарағанда
әлемге әрқашанда «иә» деп айтатын, ол «жоқ» деп сӛйлеуге қабілетті, ол – 
«ӛмір сапасы», «мәңгі протестант», «мәңгі Фауст» деп кӛрсетеді. Адам 
жанды тәнде оқшауланған, бірақ «ӛмірлік тыс рух, құндылық әлемінде 
онымен шегеріледі» деп жобаланады. 
Сонымен, адам бастапқыдан екі жақты, ол әрқашанда «әлемде» және 
«әлемнен тыс». Осы (яғни екі жақтылығы) оның құпиясы болып табылады. 
Адамның ғарыштағы хал-ахуалы, сол арқылы екі жақты табиғатқа ие әлемдік 
рухты таниды, сезінеді және ӛзін жүзеге асырады. Бұл байланыс макро және 
микрокосмоның бүтін және бӛлшегімен арақатынаста үйлесімді. Екі бӛлікте 
бірі біреуін болжайды және бір-біріне деген мұқтаж. 
Құдайдан берілетін рух, адамды тұлға ретінде жобалайды, оны әлемге, 
құндылық жүйесіне (қанағат, ӛмір, рух және дін құндылығына) айқындайды. 
Шеллер бойынша кӛптеген адамдар қанағаттық құндылықты ең негізгі 
құндылық деп есептесе, кейбіреулер ӛмір және рухтық құндылықтарды 
кӛрсетеді, тек жалғыз қасиеттілер ғана дін құндылығында ӛмір сүреді. Рух 
игілігі бар мәдениет айқындалатын
сӛздердің нәтижесінде мақсатқа жетеді. 
Сӛз сондай-ақ бір символ ретінде болып табылады, ол арқылы адам Құдайды 
тани алады, дүниедегі барлық құпия сырларды біле алады. Сондықтан 
философиялық антропология Шеллердің пікірінше философияның бӛлімі 
емес, керісінше оның ішінен барлық философия шығуы керек. 


Шеллердің идеялары Хельмут Плеснердің (1892-1985) «Органикалық 
және адам сатылары. Философиялық антропологияға кіріспе» атты еңбегінде 
дамыған 
– 
адамды 
рухани 
шығармашылық 
пен 
адамгершілік 
жауапкершіліктің субъектісі ретінде ғана емес, сондай-ақ биологиялық 
жағынан қарастырады. Оның пікірі бойынша адам биологиялық жағынан 
«жеткіліксіз» тіршілік иесі және ӛзінің тірі қалудың тәсілдерін шешуге 
амалсыздан мәжбүр. 
Ӛзінің жеткіліксіздігін жеңіп шығу үшін адам ӛзінің ӛмірлік әрекетін 
қамтамасыз ету мақсатында табиғатты ұғыну үшін әс-әрекет ететін тіршілік 
иесі болуы керек. Плеснердің «ауыртпалықтан босату ұстанымының» 
мағынасы адам тіршілік етуін ӛзіндік жағдайға айналдырады, «оның 
ӛмірқабілеттілігі үшін шамадан тыс ауыртпалық болып табылады. 
Жаратылыс, жануарлар жағдайында адами құрылымдардың жиынтық 
кемшіліктерінде негізделеді. Оның нәтижесі ретінде адамның мәдени 
тіршілік иесі ретінде қалыптасуында болып табылады. Басқаша айтқанда, 
мәдениет, рухани бастама адамның тіршілік мәнін айқындайды. 
Плеснердің айтуына сәйкес, «адамның даму сатылары» үш заңға 
негізделеді: 
– табиғи жасандылық заңы (оның іс-әрекетінің квазитабиғи 
нәтижелерімен орнын қалпына келтіреді); 
- утопиялық орын заңдары (абсолюттілікті теріске шығара отырып, 
адам әлемде «ӛзін сақтап қалу үшін» үнемі оған амалсыздан мәжбүр). 
Бұл заңдар адамның арнайы, экцентристік табиғатын анықтайды. Яғни 
сана жалпы ӛзінің және әлемнің «негізсіздігі» адамды Құдайға, сенімге 
итермелейді. Дін адамды тағдырымен табыстырады, оның ӛмірдегі орнын 
және ӛлімін ретке келтіреді. Алайда рух болашаққа қарай ұмтылуды 
мәжбүрлейді. 
Арнольд Гелен философиялық антропологияның міндетін «адами 
тіршіліктің ұстанымдық тұрғыдан мәнін ұғыну» деп кӛрсетеді. Мұндай 
тұрғыдан ұғыну, оның кӛзқарасы бойынша сұраққа жауап талап етеді «адами 
тіршілік мүмкіншіліктерінің жағдайлары қалай, және жалпы тіршілікте 
адамның орнын белгілеп кӛрсету. Оның «Адам. Оның табиғаты және 
әлемдегі оның жағдайы» атты кітабы осы сұрақтың жауабына арналған.
Ол адамды «жарымжан» тіршілік иесі деп атайды, ӛйткені ол ырықсыз 
сезімге нашар бейімделген және таза табиғи тіршілік ете алмайды. Адам 
Гелен бойынша әлемнен ӛзінің тіршілік ету жағдайларын қайтарып алу 
керек. Жануарға қарағанда адам мәдени ортада ӛмір сүреді, ол оған 
«күтпеген жерден қапылыс жазығы» болып табылады. Мәдениет жасанды 
ӛңделген, 
адамға 
бейімделген 
әлем 
ретінде 
адамның 
табиғи 
жетіспеушіліктерін қалпына келтіреді. 
Адам ӛмір сүру үшін Гелен бойынша әр түрлі әлеуметтік институттар, 
ұйымдар, тәртіп ережелері мен үлгілерін жасау керек, әрекет ету қажет. 
Мәдениет (мемлекеттік және басқа әлеуметтік институттар) адамның басқа 
адамдарға ӛшпенділіктерін жою керек. Тарих, қоғам, әлеуметтік институттар 
және қағидалар адамның биологиялық кемшіліктерін түзейтін, орнын 


толтыратын және оның виталдық талпыныстарын үйлесімді жүзеге асыратын 
қалып ретінде ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет