Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


мұсылмандық туралы», «Кӛшпенді қырғыздар туралы», «Сот



Pdf көрінісі
бет148/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   217
философия хасанов

мұсылмандық туралы», «Кӛшпенді қырғыздар туралы», «Сот 
реформасы жӛнінде хат» деп аталатын «Хаттарында» баяндалады.
Шоқан Уәлихановтың қызметіне Ресей географиялық қоғамы мен 
ғалымдарының атынан баға бере келіп, ірі шығыстанушы-ғалым 
И.И.Веселовский: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану әлемінде 
құйрықты жұлдыздай жарқ етті. Орыс шығыстанушылары оның ерекше 
құбылыс болғанын бірауыздан мойындады және одан түркі халықтарының 
тағдыры туралы әлі де ұлы әрі маңызды жаңалықтарды күткен еді: бірақ 
Шоқанның мезгілсіз қазасы бізді осы үмітімізден айырды» деп жазған еді. Ол 
30 жасқа жетпестен құрт ауруынан қаза болды.
Абай Құнанбаев (1845-1904 жж.) – ұлы ақын, жазушы, ағартушы, 
қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Оның ӛмірі 
мен шығармашылығы руханилықтың жоғары үлгісі болып табылады. Әлі 
күнге дейін халық Абайды ұлттық ар-ұжданы деп есептейді. Ӛмірінің 
соңында ол барлық адамдар секілді ӛзіндік тоқтамға келеді. Адам қылып 
жүрген ісінің баянсызын, байлаусызын, қоршылық екеніне күші кетіп, жаны 
қажыған кезде кӛзі жететіндігін айтады. Оның шығармашылығының басты 
ұраны «Адам бол!» қағидасына құрылады.
Адам Құдайға тән барлық қасиет-сапаларға әуел бастан ие болып 
дүниеге келеді. Бұл қасиет-сапалар ӛсіп-ӛнетін қасиетке ие. Оны саналы 
түрде дамытса, адам Құдайға жақындай алады және – толық Адам болу 


арқылы Құдайға жақындауы тиіс. Толық адам болып ӛзіңді-ӛзі жетілдіруде 
ең бастысы – ешкімге зияныңды тигізбеу. Ол адамның басты міндеті – жақсы 
кӛру арқылы іске асқанда ғана мүмкін болады. Абайдың ойынша, адам 
Құдайдың сүйіктісі болғандықтан да, адам да ең алдымен Құдайды, содан 
кейін – адамзатты, сосын – әділдікті шексіз сүюге үйренуі тиіс. «Шын 
мәнісінде Абай үшін Құдай – бәрінен де жоғары тұрған адамгершілік заңы 
болып саналады» (Ә. Қодар). Құдай туралы ойларында Абай исламды және 
мұсылмандық фатализмді дәріптеуден аулақ. Ол макро- және микрокосма, 
әлем және адамның тұтастығын сопылық-тәңірлік тұрғыдан түсіндіруге 
жақын.
Абайдың 
«Адам 
бол!» 
деген 
идеясындағы 
«адамдық 
... 
адамгершілікпен, рухпен бірегей ұғым және ол «боқ дүниеден» бӛлек нәрсе, 
бұл ойлары адамның қайшылықты, әрі екі жақты табиғатына меңзейді» 
(М.С.Орынбеков). «Идеалдылық ұғымын қозғаушы күш ретінде және 
материалдылықты идеалдылықпен біртұтас» (А.Ф. Лосев) деп түсіндіру 
арқылы Абай орыстың діншіл философтары Вл. Соловьевтің, П. 
Флоренскийдің, Н. Бердяевтің кӛзқарастарына жақындайды.
Абай әлемдік қана емес, ең алдымен кӛшпенділер мәдениетінің ӛкілі 
ретінде сӛз қадірін терең түсінеді. Оның ӛлеңдері «бата» – ӛсиеттерімен, 
ӛнегесімен құдіретті. Бүгінде оның қарасӛздері (ойшылдың ӛзіндік «бата-
тілектері») ӛзінің ӛзектілігін жоғалтқан жоқ, ол әлі күнге халыққа жақын. 
Абай онда қазақ халқының мәдениетіне негізін құрайтын сӛз құдіреті мен 
ата-бабалар рухын – даналықтың кӛзі екенін шебер жеткізе алған. Ол 
мәдениеттің осы екі қазығын құштар, қайратты, адамгершілікті, әрбір ерікті 
кӛшпенді сияқты ӛзін әлемнің және Аспан мен Жердің арасын 
байланыстырушысымен деп сезінетін толық адамның образымен байытты. 
Тағдырдың бұйрығымен ХІХ ғасырдағы ӛмірге «куә» болған бұл эпикалық 
кейіпкер Абайдың ойынша, Ақылы мен Қайратына, Жүрегіне бағынып, қазақ 
мәдениетіндегі ғарыштың орта, жоғары және тӛменгі деңгейлеріне жетеді
сӛйтіп, микро- және макрокосмостың үйлесімділігіне ие болады. Ӛз 
ӛлеңдерінде осыны бағдарға алған Абай замандастарына бұл ӛмірде қайтсе 
тірі қалып, «толық адам» болудың жолын кӛрсетеді. Сонымен қатар, ол ескі 
рулық-таптық 
қоғамның 
қалдықтарын, 
адам 
болмысының 
толық 
жетілмегенін, адам баласының құлдық сезім мен жалқаулықтан, біреулерінің 
сараңдықтан, ал екіншілерінің уайымсыз, салғырттықтан арыла алмай 
жатқанын тура айтады. Абай ата-бабаларымыздың жақсы мінездерін 
дәріптеп, әлем мәдениетіне жетеледі, лайықты ӛмірге шақырды.
Ойшылдың кӛзінің тірісінде ешбір шығармасы баспа бетін кӛрмеді. 
Ақын дүниеден озғаннан кейін 5 жылдан соң ғана Петербургте оның ӛлеңдер 
жинағы басылып шықты, ал әдебиеттің ерекше жанры – «ғақлият» немесе 
қарасӛздер жанрында жазылған прозалық шығармалары тек кеңес заманында 
ғана жарияланды.
Абайдың ойынша, адам дүниеге келгенде екі түрлі мінезбен туады. 
Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деген тәннің құмары, онсыз сәбидің тәні 
жанға қонақ үй бола алмайды, ӛзі де ӛспейді, қуат таппайды дейді. Екіншісі – 


білсем екен демек. Адам дүниенің кӛрінген һәм кӛрінбеген сырын түгелдеп, 
ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайтынын айтады. Адам 
жанының хайуан жанынан басты айырмашылығы да осында, ақыл мен ерік-
жігерге ие болуында. Абайдың сӛздеріне жүгінетін болсақ, адам ӛзге тіршілік 
иелерінен ӛзінің ақылымен, ерік-жігерімен және табиғи, әлеуметтік 
табиғатымен ерекшеленеді.
Адамның білімге, ғылымға, даналыққа құштарлық адамгершілік қасиет-
сапаларға негіз болады. Себебі тек «Құдайға деген шынайы сенім, иман кӛзі 
бар адамның жүрегіне ғана ұялайды», сенім діни екіжүзділік, алдау және 
тұрпайылық бар жерде болмайды.
Дүниені ақылмен тану арқылы адам діндегі алдамшы Құдайды емес, 
ғылымдағы Құдайдың мәнділігіне кӛзін жеткізе алады. Сол арқылы нағыз 
адами болмысқа ие болады. Махаббат пен әділеттілік Құдайдың ең жоғары 
формасы болғандықтан да, адам үшін олар ерекше мәнді болуы тиістігін 
түсінетін белсенді адамға айналады.
Абайдың «жиырма жетінші қарасӛзі» Сократ пен шәкірті Аристодемнің 
диалогі түрінде жазылған. Онда Құдай адамды қандай жоғары қасиет-
сапалармен жаратқанын және Құдайдың «махаббатын кӛргені үшін» адам 
Құдай алдында «қаншалықты қарыздар» екендігін талқылайды.
Абай қарасӛздерінде халықты қанап отырған болыстар мен билер 
туралы жиіркенішпен айтады. Жиырма екінші қарасӛзінде «Болыс пен биді 
құрметтейін десең, Құдайдың ӛзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып 
алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ» 
дейді. Бірақ Абай ӛзі біраз жыл би болып, халықтың шексіз сенімі мен 
махаббатына, құрметіне ие болды.
Шоқан Уәлиханов сияқты Абай да болыстар мен билерді сайлаудың 
ӛзіндік реформасын ұсынды. Ол болыс билеушісінің қазақша да, орысша да 
білім алған адам болса екен деп армандады. Оның халықпен ұзақ мерзімге 
сайланып, халықтың мүддесін қорғағанын, пайдалы еңбекпен, кәсіппен, 
ағартушылықпен айналысқанын қалады. 
Оқу мен білімді, ғылымды Абай ең бірінше орынға қойды. Ғылымсыз 
екі дүниеде де жетістікке жету мүмкін емес деді. Қырық бесінші мынадай 
сӛздермен аяқталады: «Ғаделет, махаббат, сезім кімде кӛбірек болса, сол кісі 
– ғалым, сол – ғақил».
Ал қырық бірінші сӛзінде «Ғылымның жолдары бар, әрбір жолда 
үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға 
салып, мұндағы халыққа шығынын тӛлетіп жіберсе, хатта қыздарды да ең 
болмаса мұсылман ғылымына жіберсе, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, 
сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып кӛзден қалғанда түзелсе болар 
еді» дейді.
Абай ӛзінің ӛлеңдерінде патша отаршылдары мен олардың саясатын 
орыс халқынан және оның демократиялық мәдениетінен ажыратып қарауға 
үйретті. Абай туған халқына пайда әкеліп, әлем мәдениетімен үндесу үшін 
орыс тілі мен мәдениетін, ғылымын үйренуге шақырады. Экономика мен 
мәдениет салаларында жетістікке жетудің жолы адамның, халықтың, 


Отанның игілігі үшін адал еңбек ету. «Ақыл, ғылым – бұлар кәсіби», яғни 
еңбекпен табылады дейді қырық үшінші қарасӛзінде.
Абайдың философиясы қоғамда сенім, махаббат пен ақыл, 
адамгершілік, арлылық, жауапкершілік, ӛзгені құрметтеу, адамды сүю, 
бірімге 
талаптану 
сияқты 
гуманистік 
құндылықтарды 
нығайтуға 
бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет