Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті



Pdf көрінісі
бет1/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу




ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
Б.Ж. Қоқымбаева, Ж.А. Кожахметова 
ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ 
Музыкалық білім беру мамандығы бойынша 
элективтік курсқа арналған оқу құралы 
Павлодар 
2021 



УДК 781. 7 (574) (0758) 
ББK 85. 313 (5 Каз) я 73 
Қ 61 
Басуға Павлодар педагогикалық университеті Ғылыми кеңесінің 2021 ж. 
24.02-дегі №6 хаттамасымен ұсынылды. 
Пікір жазғандар:
Қазақ ұлттық университетінің Музыкатану және композиция кафедрасының 
профессоры, өнертану кандидаты Курмангалиева М.С., Нұрсұлтан қ., 
Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, PhD философиясы- 
ның докторы, қауымдастық профессоры А.С. Ахметов, Павлодар қ. 
Қ 61 Қоқымбаева Б.Ж. Қазақ музыкалық мәдениеті: оқу құралы / 
Б.Ж. Қоқымбаева, Ж.А. Кожахметова. – Павлодар: ППУ, 2021. – 172 б. 
ISBN 978-601-267-653-2 
Оқулықта ғылыми мәліметтер материалына сүйене отырып, қазақ 
музыкалық әлемі туралы авторлық тұжырымдама көрсетілген. Кітап «Қазақ 
музыкасының тарихы», «Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы», 
«Қазақ музыкалық мәдениеті» курстарын оқып жатқан студенттер мен 
магистранттарға, сондай-ақ мектептегі «Музыка» пәнінің мұғалімдеріне, 
осы бағыттағы әріптестерге және Ұлы Даланың сарқылмас үн әлеміне 
терең қызығушылық танытқандардың барлығына арналған.
УДК 781. 7 (574) (0758) 
ББK 85. 313 (5 Каз) я 73 
ISBN 978-601-267-653-2 
© Б.Ж. Қоқымбаева, Ж.А. Кожахметова, 2021. 
© Павлодар педагогикалық университеті, 2021. 



АЛҒЫ СӨЗ 
 
Қазақстан Республикасының
30 жылдық Тәуелсіздікдігіне арналған 
Қазақ музыкалық мәдениеті – ұзақ тарихи эволюция барысында 
танылған жалпы адамзаттық өркениетінің әмбебап және сонымен 
қатар бірегей феномені. Оның типологиялық қабатын екі – шығыс 
ауызша сазы және батыстық жазба музыкасы құрастырады. Және де 
олардың өзара әрекеттесуі қазақ музыка мәдениетінің ерекше көрісін 
құрайды. 
Түпнұсқасы – автохтонды, яғни ең ежелгі жергілікті тұрғындары- 
ның сазы, ол дәйекті дамумен сипатталады және біздің күндерімізде 
өміршеңдігін дәлелдеді. Саздың мәдени-тарихи маңызы, біріншіден, 
мәдениетті жалпы адамзаттық игілік ретіндегі ауызша трансляциялау 
тәсілі әмбебап көздері сақталғандығында. Басқаша айтқанда, тасымал- 
даушы ретіндегі тәсілі деген мағынада. Екіншіден, ол қазақтың құнды 
мәдениеті ретінде жоғары деңгейде дамыды, оның дәлелі – жырау, 
әнші, сал, сері, күйші және ақындардың ауызша кәсіби шығармашы- 
лығы. Үшіншіден, саз мәдениеті қазақ үн дәстүрінің әлемдік музыка- 
лық мәдениеттің негізі ретінде танылған. 
Бұл оқу құралының мақсаты – қазақ музыкалық мәдениетінің 
тарихы мен теориясының маңызын біртұтас феномен ретінде пәнар- 
алық байланыста көрсету.
Курстың міндеттері: қазақ музыкалық мәдениетінің мәні, мақсаты 
мен міндеттерін музыкалық-педагогикалық жүйесі аясында сипаттау
даланың ауызша тарихнамасы (ДАТ) және жазбаша тарихнамасы, 
мәдениеттану, көшпеліліктану, тәңірліктану, музыкатану және тағы да 
басқа ғылыми бағыттарың пәннің аясында талдау; ата-бабаларымыз- 
дан келе жатқан ұлы қазынамыздың морфологиясы туралы, атап 
айтқанда: өнер, білім беру және ғылым туралы мәдени-тарихи өлшемде 
түсінік беру; еліміздің музыкалық мәдениетінің әлеумет динамикасын 
әлемдік тарихи процестің аясында көрсету болып табылады. 
Оқу құралының мазмұны мен құрылымы айтылғанмен анықталады 
және үш модульді қамтиды. 1-модульде мәдени-тарихи өлшемдегі 
қазақ музыка әлемі сипатталған. 2-ші модульде қазақ музыкалық 
әлемінің мәдени-тарихи өлшемдегі морфологиясы талданған. 3-ші 
модуль – қазақ музыка мәдениетінің әлеуметтікдинамикасы. 
Әр тақырып бойынша дәріс материалы, өзіндік бақылауға арнал- 
ған сұрақтар, жалпыға қолжетімді ұсынылған әдебиеттердің тізімі
соның ішінде Б.Ж. Қоқымбаеваның дайындап Youtube арнасында 
орналастырылған 12 видеодәрістеріне сілтемелер келтірілген.



«Қазақ музыкалық мәдениеті» оқу құралы 
Қ
орытынды, Пайдалан- 
ған әдебиеттер тізімі, Мазмұны, Өзіндік жұмыс үшін арналған тапсыр- 
малар тізімі, Пән бойынша тест тапсырмалары, Тест тапсырмаларына 
кілттер тараушылармен аяқталады. Пайдаланған әдебиеттер тізімінде 
ғылыми еңбектер мен қатар компакт-дискілер және видеомонтаждар 
енгізілген. 
Қорыта келе, музыканы түсінудің ең үздік тәсілі – оны тыңдау 
екенін ескерту орынды деп санаймыз. Сондай-ақ, байсалды кітап оқу 
сияқты, музыка тыңдау да зейіннің шоғырлануын, эмоционалды-
сенсорлық және психикалық салалардың шоғырлануын қажет ететін 
интеллектуалды іс-әрекет болып табылады. Бұл әсіресе Саз мәдениетіне 
қатысты. Сонымен қатар байланыс мүмкіндігі Ұлы Даланың сарқыл- 
майтын дыбыстық-шығармашылық әлемімен жаңалықтар қолжетімді. 
Интернетте күйлер мен әндердің, айтыс пен жырлардың көптеген 
жазбалары орналастырылған. Атап айтқанда, «Қазақтың дәстүрлі 1000 
күйі» мен «Қазақтық дәстүрлі 1000 әні» CD дискілерінің де үлгілері 
бар. 
Ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді мына baglan54@mail.ru
e-mail-ға жіберлеруіңіздерді өтінемін: 
 
Құрметпен: 
Бағлан Жиеншеқызы. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет