Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Алматы қаласының санаторийлері мен пансионаттары



Pdf көрінісі
бет23/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   153
suraganova turizm inf

Алматы қаласының санаторийлері мен пансионаттары
«Ақ қайың» санаторийі
Санаторий Алатау тауының шатқалында, теңіз деңгейінен 
1450 м биіктікте, Алматы қаласының маңындағы Каменское пла-
то ауылында орналасқан. Санаторийдің емдік-профилактикалық 
профиліне: бронхит, астма, гастрит, гипертоникалық аурулар, осте-
охондроз, радикулит, холециститтер, невроздар, гинекологиялық 
аурулар жатады.
Емдеу кешеніне мыналар кіреді: қала сыртындағы бұлақтың
суы мен минералды ванна, су асты душ массаж, механикалық мас-
саж, парафин, тренажерлер, физио-процедуралар, жылдың жылы 
мерзімінде гелиоем, пирамидалық бөлмедегі демалыс орындары.
«Қарғалы» пансионаты
Қарғалы пансионаты Алматы қаласының экологиялық 
таза ауданында орналасқан. Пансионаттың үлкен аумағы жəне 
ағаштардың алуан түрлілігі, емделуге жəне шаршағанды кетіруге 
ықпал ететін микроклимат құрады. Пансионат теңіз деңгейінен 
580-610 м биіктікте орналасқан. Аз жолдама бойынша кешенді 
ем қабылдай аласыз: жасанды ванна, аппаратты физиотерапия, 
жылы-ылғалды ингаляция, жылумен емдеу, классикалық массаж, 
бассейн, кардиолог, гинеколог, уролог кеңесі.


44
«Қазақстан» санаторийі
«Қазақстан» санаторийі АҚ Алматы қаласының оңтүстік-
шығыс бөлігінде Іле Алатауының етегінде, теңіз деңгейінен 1080 м
биіктікте орналасқан санаторийдің таулы климаты, айналадағы 
табиғаттың əсемдігі, жүйке жүйесі жəне жүрек ауруларына, тыныс 
алу жолдарының ауруларына, сонымен қатар, гинекологиялық 
жəне кардиологиялық ауруларға жағымды əсер етеді.
Алматы қаласының мəдени мекемелері мен концерттік ойын-
сауық ұйымдары, кітапханалар, мұражайлар жəне т.б. ойын-сауық 
орындары төмендегі кестелерде көрсетілген. 
4-кесте. Алматы қаласының мəдени мекемелері

Аты
Мекен-жайы, телефоны
Мемлекеттік
1.
Абай атындағы мемлекеттік опера 
жəне балет театры
Қабанбай батыр көшесі.тел.
72-44-41, 72-84-45, 72-79-63
2.
Əуезов атындағы қазақ 
мемлекеттік акдемиялық театры
Абай даңғылы 103. Тел. 92-53-00
3.
Лермонтов атындағы мемлекеттік 
академиялық драма театры
Абай даңғылы 43. 
Тел. 67-31-45, 67-31-31
4.
Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ 
мемлекеттік академиялық бала-
лар жəне жасөспірімдер театры
Абылайхан даңғылы 38. 
Тел.71-40-56, 71-38-12, 73-22-48.
5.
Н. Сац атындағы мемлекеттік 
академиялық балалар жəне 
жасөспірімдерге арналған орыс 
театры
Шаляпин көшесі 227. 
Тел.21-43-10, 28-42-35.
6.
Мемлекеттік республикалық 
неміс театры.
Сəтбаев көшесі 64. Тел. 46-57-75, 
46-57-74
7.
Мемлекеттік қуыршақ театры
Пушкин көшесі 63. Тел. 73-56-56, 
73-69-21
8.
Мемлекеттік республикалық 
музыкалық комедиялық корей 
театры
Папанин көшесі 70/1. 
Тел.95-56-27, 90-95-48
9.
Мемлекеттік республикалық 
музыкалық комедиялық ұйғыр
театры
Наурызбай батыр көшесі 83. 
Тел. 61-18-17, 61-50-72




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет