БАҒдарламасы алматы 2012 Бұл бағдарлама 6M060600-



Дата15.06.2016
өлшемі266.11 Kb.
#136855
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ғылыми-әдістемелік кеңесінің

мәжілісінде БЕКІТІЛГЕН

хаттама №_______________

«___»_______ 2012 жыл



6M060600 – «ХИМИЯ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАГИСТРАТУРАСЫНА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Бұл бағдарлама 6M060600–«Химия» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыбілімдендіруші стандарты негізінде құрастырылған. Бағдарлама құрастырушылар х.ғ.д., доцент Турмуханова М.Ж., х.ғ.д., проф. Жилкибаев О.Т., х.ғ.д., проф. Оспанова А.К., х.ғ.д., проф. Абрамова Г.В., п.ғ.д., проф. Бекишев К.Б., х.ғ.к., доц.Сыздыкова Л.И.


Бағдарлама физикалық химия, катализ және мұнайхимия

кафедра мәжілісінің отырысында қаралған
Хаттама № ____ _______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі

х.ғ.д., профессор _______________ М.К. Алдабергенов

Химия және химиялық технология факультетінің әдісбюросының мәжілісінде расталған


Хаттама № ______ _______________ 2012 ж.
Әдісбюро төрайымы

х.ғ.к., доцент _____________________ Л.И. Сыздыкова

Химия және химиялық технология факультетінің Ғылыми кеңес отырысында бектілген
Хаттама № ____ ___________ 2012 ж.

Ғылыми кеңес төрағасы

факультет деканы _________________ Е.К. Оңғарбаев
Ғылыми хатшы __________________ А.С. Түсіпбекова




МАЗМҰНЫ
1. 6M060600 – Химия мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері

6M060600 – Химия мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының мақсаты – білім деңгейін анықтау болып табылады.

6M060600 – Химия мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының негізгі міндеті – үміткерлердің әрі қарай магистратурада оқуын табысты оқуын жалғастыра алатындай білім деңгейін; магистрлік диссертацияны орындау барысында химия саласындағы қажетті теориялық және практикалық мәселелерді шешуге қажетті білімді жүйелі түрде меңгеру мүмкіндігін анықтау болып табылады.

Мамандық бойынша қабылдау емтиханының формасы – жазбаша. Емтихан тапсырушы өзінің билетіндегі сұрақтардың жауабын өзінің жауап парағына жазады. Жауап парағы шифрленген түрде болады және оны комиссия тексереді.


2. Білім беру бағдарламасына түсушілерге талаптар

Дайындықтың алдыңғы дәрежесі:

бакалавриат – 050606-Химия, 050721-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 050720-Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 050112-Химия, 543930- Мұнай химиясы;

арнайы жоғары білім – 390240-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 390140- Органикалық заттардың және материалдардың химиялық технологиясы, 390640-Мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы, 390840-Полимерлерді өндіру мен қайта өңдеудің химиялық технологиясы, 390540-Жарылғыш және пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы, 090640-Химиялық, криминалистикалық және экологиялық экспертиза, 390011-Химиялық өндіріс пен химиялық кибернетика процестерінің негізі, 390340-Химиялық электротехнология және плазмохимия


3. Білімдендіруші бағдарламаның пререквизиттері

  1. «Бейорганикалық химия», 3 кр.

  2. «Органикалық химияның теориялық негіздері», 3 кр. («Органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы»

  3. «Химиялық термодинамика. Ерітіндідегі тепе-теңдік», 3 кр. («Физикалық химия»)



  1. Емтихан тақырыптарының тізімі


«БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ» пәні
Атом молекулалық ілім

Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары. Эквивалент, эквиваленттік фактор, эквиваленттің молярлық массасы. Эквиваленттер заңы. Атомдық және молекулалық массаларды анықтау әдістері.


Атом құрылысы

Атом құрылысының күрделілігін дәлелдейтін тәжірибелер. Радиоактивтік және радиоактивтік ыдырау заңы. Изотоптар. Ядролық реакциялар. Атомдық спектрлер. Э. Резерфордтың тәжірибелері. Атом құрылысының Н.Бор теориясы. Кванттық теорияның негізгі идеялары. Квант сандары. Көп электронды атомдардың орбитальдарының электрондармен толу принциптері: Энергияның минимум принципі, Паули принципі, Хунд ережесі. Клечковский ережелері.


Периодтық заң мен периодтық жүйе

Периодтық заң. Атомдардың электрондық құрылымы және Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесі. Атомдар мен иондардың периодты түрде өзгеретін қасиеттері. Элементтердің периодтық кестесінің түрлері.


Комплексті қосылыстар

Координациялық теорияның ең маңызды түсініктері. Комплексті қосылыстардың негізгі типтері мен аталу жүйесі. Комплексті қосылыстардың кеңістіктегі ұрылысы мен изомериясы. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты.

Валенттік байланыс әдісі. Кристалдық өріс теориясы. d-орбитальдардың тетраэдрлік және октаэдрлік өрісте жіктелуі. Жіктелу знергиясы. Спектрохимиялық қатар. Лигандалардың өзара әсері. Чугаев ережесі.
Сутек

Сутек, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Сутектік технология. Су және оның аномальдық қасиеттері. Судың табиғаттағы айналымы. Сутек пероксиді, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


Оттек

Оттек, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Озон, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


17 топ элементтері (галогендер )

Галогендердің жалпы сипаттамасы, табиғатта таралуы, алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. Галогендердің сутекті қосылыстары. Тұз қышқылы және оның тұздары. Галогендердің оттекті қосылыстары: оксидтері, қышқылдары және олардың тұздары. Галогендердің және олардың маңызды қосылыстарының қолданылуы.


16 топ элементтері

16 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Күкіртсутек, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Ең маңызды сульфидтер, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Күкірт (IV) оксиді, күкіртті қышқыл және сульфиттер. Күкірт (VI) оксиді, күкірт қышқылы және сульфаттар. Олеум. Ең маңызды сульфаттар және олардың қолданылуы. Тиокүкірт қышқылы және тиосульфаттар. Натрий тиосульфатының химиялық қасиеттері. Күкірттің галогендермен қосылыстары.


15 топ элементтері

15 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Азот, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Аммиак, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Аммоний тұздары. Гидразин, гидроксиламин, азидсутек. Азоттың оксидтері. Азотты қышқыл және оның тұздары. Азот ангидриді. Азот қышқылы, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Маңызды нитраттар. Азот қышқылын өнеркәсіпте алу. Азот тыңайтқыштары. Азот өнеркәсібінің экологиялық мәселелері.

Фосфор, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Фосфордың оксидтері. Фосфордың оттекті қышқылдары және олардың тұздары. Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор өнеркәсібінің экологиялық мәселелері.


14 топ элементтері

14 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Көміртектің аллотропиясы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Көміртектің оттекті қосылыстары. Көміртек (II) оксиді. Карбонилдер. Көміртек (IV) оксиді, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Көмір қышқылы және оның тұздары. Судың уақытша кермектігі және оны жоюдың жолдары. Көміртектің басқа маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.

Кремний, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Кремнийдің жер қыртысындағы ерекше ролі. Кремний қышқылдары және силикаттар. Жасанды силикаттар (шынылар, силикаттар, цементер, бетондар және т.б.)
13 топ элементтері

13 топ элементтерінің жалпы сипатамасы. Алюминий, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Алюминийді электролиттік жолмен алудың технологиясы.


1 топ элементтері

1 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. Сілтілік металдардың ең маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


2 топ элементтері

2 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Бериллий, магний және сілтілік жер металдар, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. Сілтілік жер металдардың ең маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Судың тұрақты кермектігі және оны жою жолдары.


d-элементтер

d-элементтердің жалпы сипатамасы. Металдардың жалпы сипатамасы. Металдарды физикалық және химиялық қасиеттері бойынша жіктеу. Металдарды алу әдістері. Металлургияның негізгі салалары. Металдардың құймалары және олардың қолданылуы. Қарапайым күй диаграммалары. Металдардың химиялық қасиеттері. Металдардың коррозиясы және онымен күресу жолдары.


3-5 топ элементтері

3-5 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 3-5 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


6 топ элементтері

6 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 6 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


7 топ элементтері

7 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 7 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.




8-10 топ элементтері

8-10 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 8-10 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.

Темір, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Домна процесі. Темірдің құймалары. Шойын және болат. Темірді домна пешінсіз тікелей алу жолдары.

Кобальт, никель және платиналық металдардың жалпы сипаттамасы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Кобальт, никель және платиналық металдардың ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.



11 топ элементтері

11 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 11 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


12 топ элементтері

12 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 12 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


Радиоактивтік элементтер уяластығы

Радиоактивтік элементтер (лантаноидтар мен актинидтер), олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


Қорытынды

Периодтық заң химиялық элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерін жүйелеудің негізі.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер

  1. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия.- Алматы: Қазақ университеті, 2001.- 744 б.

  2. Бірімжанов Б.А., Нурахметов Н.Н., Муратбеков Б.М. Жалпы және анорганикалық химияның теориялық негіздері. В 2-х томах. - М.: Мир, 2002. - Т.1. 540 с; Т.2. 528 с.

  3. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.- М.: Высш.шк., 2001.- 743с.

  4. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.- М.: Высш.шк., 2006.- 527 с.

  5. Карапетьянц М.Х., Дракин С.И. Общая и неорганическая химия.– М.: Химия, 2000.-592 с.

  6. Зубович И.А. Неорганическая химия.- М.:Высш. шк., 1989.- 432 с.

  7. Глинка Н.Л. Общая химия. /Под ред. А.И.Ермакова.- М.: Интегралл-Пресс, 2004.-728с. (Переработанное издание, содержащее новую главу по прикладной химии).

Қосымша әдебиеттер

  1. Неорганическая химия /Под ред. Ю.Д. Третьякова. В 3-х томах. –М.: Академия, 2004.- т.1. 240 с.; т.2. 368 с.; т.3.

  2. Бекішев Қ. Химия есептері.- Алматы: Білім, 2007.- 238 б.

  3. Дей К., Селбин Д. Теоретическая неорганическая химия.- М.: Химия, 1976.- 568 с.

  4. Спицын В.И., Мартыненко Л.И. Неорганическая химия. Часть 1. -М.: Изд-во МГУ, 1991.-480 с.

  5. Спицин В.И., Мартыненко Л.И. Неорганическая химия. Часть 2. М.: Изд-во МГУ, 1994.- 624 с.

  6. Суворов А.В., Никольский А.Б. Общая химия.-СПб: Химия, 1997.- 624 с.

  7. Степин Б.Д., Цветков А.А. Неорганическая химия.-М.: Высш.шк, 1994.-608 с.

  8. Шрайвер Дж., Эткинс Дж. Неорганическая химия. В 2-х томах. М.: Мир, 2004.

  9. Штраус С. Решебник к учебнику «Неорганическая химия» Д. Шрайвера, П.Эткинса.- М.: Мир, 2004.- 271 с.

  10. Хьюи Дж. Неорганическая химия.- М.: Химия, 1987.- 696 с.

  11. Гринвуд Н., Эрншо. Химия элементов. – М.: Бином. Лаборатория знаний, 2008.- т.1. 607 с., т.2. 670 с.

  12. Коттон Ф, Уилкинсон Дж. Современная неорганическая химия.- М.: Мир, 1969.- Часть 1, 224 с.; часть 2, 494 с.; часть 3., 592 с.

  13. Коттон Ф, Уилкинсон Дж. Основы неорганической химии.- М.: Мир, 1979.- 678 с.

  14. Кемпбелл Дж. Современная общая химия.- М.: Мир,1975. т.1. 550 с.; т.2 480с.; т.3. 448с.

  15. Анорганикум /Под ред. Л.Кольдица.- М.: Мир, 1984.т.1.672 с.; т.2.632 с.

  16. Химия и периодическая таблица /Под ред. К.Сайто.- М.: Мир, 1982.-320 с.

  17. Джонсон Д. Термодинамические аспекты неорганической химии.- М.: Мир, 1985.- 328с.

  18. Костромина Н.А., Кумок В.Н., Скорик Н.А. Химия координационных соединений - М., 1990.

  19. Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.А., Цветков А.А. Основы номенклатуры неорганических веществ. - М.: Химия, 1983.-112с.

  20. Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.А. Реакции неорганических веществ: справочник.- М.: Дрофа, 2007.- 637 с.

  21. Эмсли Дж. Элементы (Справочник). - М.: Мир, 1993.- 256 с.

  22. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей и неорганической химии. – Л.: Химия, 1986. – 272 с.

  23. Гольбрайх З.Е. Сборник задач и упражнений по химии. – М.: Высш. шк., 1984. – 224 с.

  24. Романцева Л.М., Лещинская З.Е., Суханова В.А. Сборник задач и упражнений по общей химии. – М.: Высш. шк., 1991. – 288 с.


«ХИМИЯЛЫҚ ТЕРМОДИНАМИКА. ЕРІТІНДІДЕГІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК» пәні
Химиялық термодинамика. Термодинамиканың бірінші бастамасы.

Термодинамиканың негізгі ұғымдары мен анықтамалары. Термодинамиканың нөлінші және бірінші заңдары. Ішкі энергия, жылу, жұмыс, олардың физикалық және термодинамикалық мағнасы, өзара байланысы.


Термохимия

Гесс заңы, оның термодинамикалық тұрғыдан негізделуі. - Энтальпия, оның ішкі энергиямен байланысы. Жай заттар мен қосылыстардың түзілу және жану жылулары, олардың белгіленуі. Химиялық реакцияның жылуын есептеу үшін стандартты түзілу және жану жылуларды қолдану.

Жылусыйымдылық, оның түрлері және өзара байланысы.Жылусыйымдылық пен химиялық реакцияның жылу эффектісінің температураға тәуелділігі, Кирхгофф теңдеуі. Әр түрлі температурада химиялық реакциялардың және фазалық өзгерістердің жылу эффектілерін есептеу.
Термодинамиканың екінші бастамасы.Энтропия.

Термодинамиканың II-ші бастамасы, оның анықтамалары. Карно принципі және Карно циклі. Идеал жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті.

Энтропия. Тепе-теңді және тепе-теңді емес процестердің энтропиясы. Энтропия — процестің бағытының критерийі. Әр түрлі процестердің және химиялық реакцияның энтропиясының өзгерісін есептеу теңдеулері. Планк постулаты. Заттың абсолютты әнтропиясы, оның температураға тәуелділігі.
Сипаттамалық функциялар

Сипаттамалық функциялар және олардың табиғи айнымалылары. Максвелл қатынастары. Жабық жүйелердегі тепе-тендік жағдайлары және фундаменталды теңдеулері. Гиббс-Гельмгольц теңдеуі.

Химиялық потенциал, оның термодинамикалық функциялар және жүйе құрамымен байланысы. Идеал және реал газдардың химиялық потенциалы. Ұшқыштық (фугитивтік), ұшқыштық (фугитивтік) коэффициенті. Идеал және реал ерітінділердегі компоненттің химиялық потенциалы. Активтілік, активтілік коэффициенті.
Химиялық тепе-теңдік

Фундаменталды теңдеулер және ашық жүйедегі тепе-теңдік жағдайлары. Әр түрлі типті гомогенді жүйелер үшін: идеал және реал газдар мен сұйық жүйелер үшін химиялық реакцияның изотерма теңдеуі. Химиялық реакцияның изотерма теңдеуі және процесс бағыты. Массалар әрекеттесу заңы және химиялық реакцияның тепе-теңдік константасы.

Химиялық реакция теңдеуінің жазылу түріне және реакциялық қоспа құрамының әр түрлі әдістермен өрнектелуіне байланысты тепе-теңдік константалары, олардың өзара қатынасы.

Гетерогенді химиялық жүйелер, олардағы тепе-теңдік шарттары.Түрлі типті гетерогенді жүйелердегі тепе-теңдік константалары.

Тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі. Вант-Гоффтың изобара және изохора теңдеулері.

Ле-Шателье-Браунның жылжымалы тепе-теңдік принципі. Абсолюттік энтропия арқылы тепе-теңдік константасын есептеу (Темкин-Шварцман әдісі).


Фазалық тепе-теңдіктер

Гетерогенді тепе-теңдік. Бір- және екікомпонентті жүйелердің
күй диаграммалары

Гиббстің фазалар ережесі. Клапейрон – Клаузиус теңдеуі. Бірінші және екінші текті фазалық ауысулар.

Бір компонентті жүйелердің күй диаграммаларының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері.Су және күкірттің күй диаграммалары.

Екікомпонентті жүйелердің балқу диаграммалары: бip эвтектикалы, компоненттері химиялық әрекеттесетін жүйелер балқу диаграммалары.

Әр түрлі типті балқу диаграммаларының алыну шарттары.Нода, рычаг ережесі. Барлық типті балқу диаграммаларында сұйық және қатты фазалар құрамдарының өзара байланысы.

Сұйықфазалы жүйелердегі гетерогенді тепе-теңдік.

Екі және үш сүйықтықтың бір-бірінде epігіштігі. Yш компонентті жүйелердің құрамын белгілеу әдістері.

Бір-бірінде ерімейтін екі сүйықтық арасында үшінші компоненттің таралуы. Таралу коэффициенті және таралу константасы. Нернст-Шилов және Нернст-Лепинь теңдеулері. Экстаркция.

Ерітінділер. Идеал ерітінділердің заңдары

Ерітінділер, Ерітінділер теориясындағы негізгі бағыттар. Ерітінділер түзілуінің термодинамикалық шарттары.

Аддитивті және аддитивті емес қасиеттер. Идеал ерітінділердің термодинамикалық қасиеттері. Реал ерітінділер, олардың жіктелуі. Рауль заңы. Рауль заңынан ауытқулар және олардық себептері.

Қайнау температурасы (бу қысымы) - құрам (t, P-x) диграммасы. Гиббс -Коноваловтың бірінші заңы.Фракциялық айдау. Азеотропты ерітінділер. Коноваловтың екінші заңы. Гетероазеотропия.

Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері.Эбулиометрия. Криометрия. Осмос. Еріген заттың молекулалық массасын және молекулалық күйін эбулио-, крио- және осмометрия мәліметтері арқылы анықтау. Вант-Гоффтың изотондық коэффициенті.
«ХИМИЯЛЫҚ КИНЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОХИМИЯ» пәні
Химиялық кинетиканың негіздері

Жабық жүйедегі элементар және формальды гомогенді бір бағыттағы реакциялардың формальды кинетикасы. Жабық жүйедегі реакция реттілігі мен қарапайым реакциялардың жылдамдық константасы.

Химиялық реакция жылдамдығына температура әсері. Активтену энергиясы. Активтену энергиясын анықтау әдістері.
Күрделі реакциялардың кинетикасы

Қайтымды, параллельді, тізбектелген реакциялардың кинетикалық теңдеулері. Боденштейннің станционарлы концентрация әдісі.


Цепные и фотохимические реакции

Основные характеристики цепных реакций. Кинетика линейных цепных реакций. Кинетика разветвленных цепных реакций, теория Семенова. Основные характеристики фотохимических реакций. Кинетика фотохимических реакций.


Тізбекті және фотохимиялық реакциялар

Тізбекті реакциялар. Тармақталмаған тізбекті реакиялардың кинетикасы. Тармақталмаған тізбекті реакциялардың кинетикалық теңдеулерін құру үшін стационарлық әдісін қолдану. Тармақталған тізбекті реакциялардың кинетикалық ерекшеліктері. Тұтану жартылай аралы (Н.Н.Семенов теориясы).

Фотохимиялық реакциялар. Фотохимиялық реакциялардың кинетикасы.
Гетерогенді реакциялардың кинетикасы

Гетерогенді реакциялардың кинетикасы. Ішкі және сыртқы диффузия заңдылықтары. Гетерогенді химиялық реакциялардың кинетикалық жіне диффузиялық режимдері. Процестің лимиттеуші сатысын анықтау.


Электролиттердің теориялары

Льюис активтілігінің термодинамикалық теориясы. Активтілік, активтілік коэффициенті. Дебай-Гюккельдің күшті электролиттер теориясы. Дебай-Хюккельдің негізгі теңдеулерінің анализі.



Электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігі

Меншікті және молярлы электрөткізгіштік, олардың концентрациясына тәуелділігі. Тасымалдау саны, оларды анықтау әдістері.


Электрохимиялық процестердің термодинамикасы

Гальваникалық элементтің термодинамикасы. ЭҚК және электродтық потенциал. Электродтардың және гальваникалық тізбектердің жіктелуі.


Катализдің теориялық негіздері

Катализдік процестердің негізгі сипаттамалары. Гомогенді катализ, каталитикалық процестердің кинетикасының ерекшеліктері. Гетерогенді катализдік реакциялардың кинетикасының ерекшеліктері.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер

1. Оспанов Х.К., Қамысбаев Д.Х., Абланнова Е.Х., Шәбікова Г.Х. Физикалық химия. : Өскемен: ШҚМУ баспасы,- 1997- 575 б.

2. Оспанов Х.К., Қамысбаев Д.Х., Абланнова Е.Х., Шәбікова Г.Х. Физикалық химия. Алматы: Қазақ ун-ті,- 2002.- 688 б.

3. Жанабаев Б., Өтелбаев Б. Физикалық химия. Алматы: Респ. Баспа,-1994.-


236 б.

4. Түсіпбекова А.С., Мырзагалиева М.Г. «Физикалық химия» курсы бойынша бағдарламалар және есептер. Алматы: Қазақ ун-ті,- 2006.- 100 б.


Қосымша әдебиеттер

1. Жайлауов С. Физикалық химия. Алматы: Рауан,-1992.-251б.

2. Қоқанбаев Ә.Қ. Физикалық химияның қысқаша курсы. Алматы: Білім,-1996.-223 б.

3. Шабикова Г.Х, Қайырбекова А.Ж. Физикалық химиядан есептер жинағы. Шымкент: ОҚТУ.- 1998.- 169 б.


«ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» пәні
Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы

Льюистің октеттер ережесі. Химиялық байланыстың түрлері (σ-, π-байланыс). Байланыстардың гомолиттік, гетеролиттік үзілуі.

Орынбасарлардың электрондық (идуктивті, мезомерлі) эфекттері. Индуктомерлі және электромерлі эффекттер.

Резонан теориясы. Правила составления Резонансты құрылымдарды құрастыру ережелері.

Бренстедтің қышқылдық және негіздік теориясы. Қосарланған қышқыл. Қосарланған негіз. Органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негіздігіне орынбасарлардың әсері.

Льюистің қышқылдар және негіздер теориясы. Льюис қышқылы (- және - қышқылдар).

Льюис негіздері (.-негіздер, n- негіздер, - негіздер)

Алифатты көмірсутектер

Алканда. Алкандардағы С-С және С-Н байланыстардың табиғаты. Алкандардың конформерлері және конформация туралы түсінік. Ньюменнің проекциялық диаграммалары. Этан, пропан және жоғарғы алкандардың конформациялары. Конформерлер, көлеңкеленген, тежелген, тасаланған конформациялар. Асимметриялы көміртек атомы. Оптикалық изомерия, оптикалық активтілік. Энантиомерлер, диастереомерлер, рацематтар. Хиральдылық.

Алкандардың табиғи көздері. Синтездеу әдістері: қанықпаған көмірсутектерді гидрлеу, карбон қышқылдары тұздарының электролизі, карбонилді қосылыстарды тотықсыздандыру.

Химиялық қасиеттері: галогендеу, сульфохлорлау, нитрлеу. Қаныққан көміртек атомындағы радикалды орын басу. Радикалды реакциялардың селективтілігі және алкил радикалдарының салыстырмалы тұрақтылығы. Термиялық және катализдік крекинг. Алкандардың электрофилді реакциялары.

Алкендер. Қос байланыстың табиғаты. Геометриялық изомерия (цис-, транс- және Z, E-номенклатура).

Синтездеу әдістері: элиминирлеу, Гоффман, Виттиг реакциялары, алкиндерді тотықсыздандыру.

Химиялық қасиеттері. Электрофилді қосылу, рекция механизмі туралы жалпы түсінік. Марковников ережесінің жиынтығы. Галогендеу: механизмі, стереохимиясы. Гидрогалогендеу, гидраттау.

Алкендердің тотығуы (Прилежаев және Вагнер бойынша). Алкендердің озонолизі және озонидтердің ыдырауы.

Радикалды реакциялар: бромсутектің Хараш бойынша қосылуы, Циглер бойынша аллилді галогендеу.

Алкендердің тотығуы. Алкендердің көміртек қаңқасын сақтай тотығуы. Алкендердің тотыға ыдырауы.



Алкиндер. Үш байланыстың табиғаты. Алкиндерді алу әдістері. Алкиндерге электрофилді қосылуы. Алкиндер мен алкендердің реакция қабілеттіліктерін салыстыру. Галогендеу, гидрогалогендеу, гидраттау (М.Г. Кучеров реакциясы). Нуклеофилді қосылу.

Алкиндердің тотықсыздануы. Ацетиленнің СН-қышқылдығы, карбаниондар туралы түсінік. Алкиндердің альдегидтер мен кетондармен конденсаттануы (Фаворский, Реппе реакциялары).



Алкадиендер. Диендердің түрлері. Аллендер, қосарланған диендер. 1,3-Диендерді синтездеу әдістері.

Бутадиен-1,3 құрылысындағы ерекшеліктер. 1,3-диендерді галогендеу, гидрогалогендеу, аллил-катион. 1,2- және 1,4-қосылу. Алкендер және алкиндермен Дильс-Альдер реакциясы, оның органикалық синтезде қолданылуы.



Қаныққан көміртек атомындағы нуклеофилді орынбасу. Алкилгалогенидтердегі қаныққан көміртек атом бойынша нуклеофилді орынбасу реакциялары. Нуклеофилді орынбасу реакциялары механизмдері-нің классификациясы. SN1 және SN2 реакцияларының негізгі сипаттамалары.

SN2 реакциялары: стереохимиясы. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар.

SN1 реакциялары: стереохимиясы. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Карбкатиондар, олардың тұрақтылығын анықтайтын факторлар.
Алициклды қосылыстар

Циклоалкандар. Алициклдердің классификациясы. Циклоалкандардың кернеу энергиясы. Кернеу түрлері, циклдердің бөлінуі. Циклопропан, циклобутан, циклопентан, циклогексанның құрылысы. Циклогексанның конформациялық анализі, аксиалды және экваториалды байланыстар. Циклопропан, циклобутан, циклопентан, циклогексан және олардың туындыларын алу әдістері. Циклопропанның химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктер.

Ароматты көмірсутектер
Ароматты көмірсутектер. Ароматтылық. Бензолдың құрылысы. Кекуле формуласы. Бензолдың молекулалық орбитальдары. Аннулендер. Ароматтылықтың концепциясы. Хюккель ережесі. Конденсирленген ароматты көмірсутектер: нафталин, фенантрен, антрацен, азулен және т.б. Гетероциклді ароматы қосылыстар (пиррол, фуран, тиофен, индол, азолы, пиридин, хинолин).

Ароматты қатардағы электрофилді орынбасу реакциялары. Реакция механизмі туралы жалпы түсінік. ,-комплекстер туралы түсінік. Өтпелі күй. Орынбасушылардың электрофилді орын басу реакцияларының бағыты мен жылдамдығына әсері. Үйлесімді және үйлесімсіз бағыттау.

Нитрлеу. Нитрлеуші агенттер. Реакция механизмі. Бензол және оның туындыларын нитрлеу. Нафталин мен бифенилді нитрлеу.

Галогендеу. Галогендеуші агенттер, реакция механизмі.

Сульфирлеу. Сульфирлеуші агенттер, реакция механизмі.

Фридель-Крафтс бойынша алкилдеу және ацилдеу. Алкилдеуші агенттер. Реакция механизмі.

Нуклеофилді ароматты орынбасу реакциялары. Жұлып алу-қосылу механизмі. Дегидробензолдың құрылысы. Аринді орынбасудағы құрылым эффекттері.

Жұлып алу-қосылудың бимолекулярлы механизмі. Анионды σ-комплекстер. Органикалық синтездегі Мейзенгеймер комплексі. SNAr механизміндегі бағыттау.


«ОРГАНИКАЛЫҚ МОЛЕКУЛАЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ ХИМИЯСЫ» пәні
Спирттер мен жай эфирлер

Бір атомды спирттер. Номенклатурасы мен изомериясы. Спирттердің қасиеттері. Спирттер – әлсіз О-Н қышқылдар. Спирттер – Льюс негіздері ретінде. Спирттердегі гидроксил тобын галогеннің орынбасуы Орынбасудың механизмі мен стереохимиясы, гидридтік ауысу қайтатоптасуы. Спирттердің дегидраттануы. Біріншілік және екіншілік спирттердің тотығуы. Спирттердің хром ангидридімен тотығуының механизмі.

Екі атомды спирттер: қасиеттері. 1,2-Диолдардың тотыға ыдырауы (йодты қышқыл, қорғасын тетраацетаты). Пинаколинді қайтатоптасу.

Фенолдар. Алу әдістері: аренсульфонаттардың сілтілік балқуы, гидроксилдің орнын галогеннің басуы, арендиазоний тұздарының гидролизі. Өнеркәсіпте фенол алудың кумолды әдісі.

Қасиеттері: фенолдар ОН-қышқылдар ретінде, орынбасарлардың фенолдардың қышқылдығына әсері. Фенолдардың ароматты ядросындағы электрофилді орынбасу реакциялары: галогендеу, сульфирлеу, нитрлеу, алкилдеу. Кольбе бойынша сілтік металдар феноляттарын карбоксилдеу. Реймер-Тиман бойынша фенолдарды формилдеу, салицил альдегидінің түзілу механизмі. Вильсмейер бойынша фенолдарды формилдеу. Фенолдардың аллилді эфирлерінің қайтатопталуы (Кляйзен).
Альдегидтер мен кетондар

Альдегидтер мен кетондар. Номенклатурасы мен классификациясы. Карбонил тобының құрылысы, оның полярлығы мен полярланғыштығы. Альдегидтер мен кетондардың карбонил тобы бойынша нуклеофилді қосылудың механизмі туралы жалпы көзқарастар. Қышқылдық және негіздік катализ. Судың, спирттердің, тиолдардың қосылуы. Карбонил тобын қорғау. Бисульфитті туындылар, циангидриндердің алынуы. Альдегидтер мен кетондардың фосфор имидтерімен әрекеттесуі (Виттиг) – алкендерді синтездеу әдісі ретінде. Альдегидтер мен кетондардың азотты негіздермен әрекеттесуі. Иминдер мен енаминдерді алу. Оксимдер, гидразондар, фенилгидразондар. Кижнер реакциясы. Альдегидтер мен кетондардың металлорганикалық қосылыстармен реакциясы. Спирттер синтезі.

Кето-енолды таутомерия. Альдегидтер мен кетондардың α-СН байланыстары және карбонил тобы бойынша реакцияларындағы қышқыл-негіздік катализ. Енолдық формаларының реакциялары. Бензоин конденсаттануы.

Альдольды-кротонды конденсация: қышқылдық және негіздік ортада жүруі, механизмі. Альдегидтер мен кетондардың малон эфирімен және басқа да активті метилен тобы бар қосылыстармен конденсаттануы.

Альдегидтер мен кетондардың спирттерге дейін тотықсыздануы, тотықсыздандыру реагенттері СО тобының СН2-ге дейін тотықсыздануы Кижнер-Вольф және Клемменсен реакциялары.

Альдегидтердің тотығуы, тотықтыру реагенттері. Кетондарды асқынқышқылдармен тотықтыру. Канниццаро бойынша диспропорциялануы тура және қиылысу реакциялары.

-,-Қанықпаған альдегидтер мен кетондар. Алыну әдістері: конденсациялау, аллилді спирттерді тотықтыру және т.б. Карбонилді топтың СС қос байланысымен қосарлануы. Винилогия. Литийорганикалық қосылыстар, триалкилборандар, диалкил- және диарилкупраттар, аминдер, цианді сутек, галогенсутектердің 1,2- және 1,4-қосылу реакциялары. Еноляттар мен енаминдердің (Михаэль қосарлана қосылуы. Селективті тотығу және тотықсыздану. Акролеиннің тотығуы және полимерленуі. Карбонилді -,-қанықпаған қосылыстардың тотықсыздануы.


Карбон қышылдары және олардың туындылары

Карбон қышылдары. Синтездеу әдістері біріншілік спирттер, альдегидтер, алкендер және алкилбензолдарды тотықтыру нитрилдерді және карбон қышқылдарының өзге де туындыларын гидролиздеу металл-органикалық қосылыстар және малон эфирі негізіндегі синтездер. Құмырсқа және сірке қышқылдарын алу.

Карбоксил тобының құрылысы. Қышқылдардың физика-химиялық қасиеттері: ассоциация, диассоциация, орынбасарлардың қышқылдыққа әсері. Қышқылдарды Гель-Фольгард-Зелинский бойынша галогендеу. Пиролитикалық кетондау, Кольбе бойынша электролиздеу, Хунсдиккер бойынша декарбоксилдеу.

Галогенгидридтер. Фосфор галогенидтері, тионилхлорид, бензоилхлорид көмегімен алу. Қасиеттері нуклеофилді реагенттермен (су, спирттер, аммиак, аминдер, гидразин, металлорганикалық қосылыстар) әрекеттесуі. Розенмунд бойынша және металдардың комплексті гидридтерімен альдегидтерге дейін тотықсыздандыру. Диазометанның карбон қышқылдарының галогенангидридтерімен әрекеттесуі (Арндт-Эйстерт реакциясы).

Ангидридтер. Алу әдістері: қышқылдарды фосфор және фталь ангидридтері көмегімен дегидраттау; карбон қышқылдары тұздарын хлорангидридтермен ацилдеу. Қышқыл ангидридтерінің реакциялары.

Күрделі эфирлер. Алу әдістері: карбон қышқылдары этерлендіру (механизмі), спирттер мен олардың алкоголяттарын ацилгалогенидтермен және ангидридтермен ацилдеу, карбоксилат-иондарды алкилдеу, қышқылдардың диазометанмен реакциясы. Циклді күрделі эфирлер – лактондарды синтездеу әдістері.

Күрделі эфирлердің реакциялары: гидролиз (қышқылдық және негіздік катализ механизмі), аммонолиз, қайта этерлеу; магний- және литийорганикалық қосылыстармен әрекеттесуі, металдардың комплексті гидридтерімен спирттер мен альдегидтеге дейін тотықсыздандыру. Күрделі эфирлі және ацилоинді конденсаттау.



Ацетосірке эфирі және оның синтезде қолданылуы. -кетоқышқылдар эфирлерінің кето-енолды таутомерленуі, енолят-ионның амбидентті сипаты.

Амидтер. Алыну әдістері: аммиак пен аминдерді ацилдеу, аммоний карбоксилаттарын пиролиздеу. Циклды амидтер – лактамдардың синтезі. Қасиеттері: гидролизі, аминдерге дейін тотықсыздануы, амидтердің дегидраттануы. Секстетті қайтатоптасулар туралы түсінік. Гофман, Курциус қайтатоптасулары.

Нитрилдер. Алыну әдістері қышқыл амидтерін (Р2О5, SOC12, РOC13 көмегімен) дегидраттау, амбидентті цианид-ионды алкилдеу. Қасиеттері гидролиз, аммонолиз, металдардың комплексті гидридтерімен аминдерге дейін тотықсыздандыру.

Екі негізді қышқылдар. Синтездеу әдістері циклоолефиндер мен циклді кетондардың тотыға ыдырауы, полиалкилбензоилдардың тотығуы. Негізгі өкілдері: қымыздық қышқылы, күрделі эфирлі конденсациядағы диэтил-оксалат. Малон қышқылы: малон эфирі арқылы жүретін синтездер. Михаэль реакциясы, альдегидтермен конденсаттануы (Кневенагель). Янтарь қышқылы, оның ангидриді, имиді, N-бромсукцуинимиді. Адипин қышқылы. Дикман конденсаттануы. Орташа макроциклдерді синтездеу әдісі ретінде дикарбон қышқылдары эфирлерінің ацилоинді конденсаттануы. Фталь және терефталь қышқылдары, өнеркәсіптік алу әдістері. Фталь ангидриді, фталимид және оның синтезде қолданылуы.
Азотты органикалық қосылыстар

Нитроқосылыстар

Нитроалкандар. Нитроалкандарды алкилгалогенидтерден синтездеу әдістері (нитрит-ионның амбидентті сипаты). Нитротоптың құрылысы. Нитроалкандардың қышқылдығы және таутомериясы. Нитроалкандардың азотты қышқылмен реакциялары. Карбонилді қосылыстармен конденсаттануы. Аминдерге дейін тотықсыздануы.

Ароматты нитроқосылыстар. Нитроарендерді қышқылдық және негіздік ортада тотықсыздандыру. Тотықсызданудың аралық өнімдерінің қайтатоптасулары. Бензидин қайтатоптасуы. Полинитроарендердегі бір нитротоптың тотықсыздануы. Полинитроқосылыстар қатысында заряд тасымалдаушы комплекстер.

Аминдер. Номенклатурасы мен классификациясы. Амин тобының құрылысы. Аминдердің негізділігі.

Карбонилді қосылыстарды тотықсыздандыра аминдеу. Альдегидтер мен кетондардың аммоний формиатымен әрекеттесуі (Лейкарт).



Ароматты аминдер. Ароматты аминдер типтері. Ароматты сақинадағы орынбасарлардың аминдер негізділігіне тигізетін әсері. Алифатты және ароматты аминдердің негіздік қасиеттерін салыстыру. Амин тобы қатысуымен жүретін реакциялар. Аминдерді алкилдеу және ацилдеу. Амин тобын қорғау. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік алифатты және ароматты аминдердің азотты қышқылмен әрекеттесуі. Аминдерді тотықтыру және галогендеу. Аминарендер қатарындағы электрофилді орынбасу реакциялары (галогендеу, сульфирлеу, нитрлеу, нитроздау).
Диазоқосылыстар

Диазоқосылыстар. Электрондық құрылысының ерекшеліктері. Диазоқосылыстар карбендер мен 1,3-диполдердің бастапқы өкілдері ретінде.

Ароматты диазоқосылыстар. Біріншілік ароматты аминдерді диазоттау реакциялары. Механизмі, нитрлеуші агенттің табиғаты. Диазоний тұздарының құрылысы мен тұрақтылығы. Диазоқосылыстардың тұрақты ковалентті формалары. Диазоқосылыстардың азот бөліну арқылы жүретін реакциялары: диазотопты гидроксил-, галоген-, циан-, нитротопқа және сутекке алмастыру. Диазоқосылыстардың азот бөлінбей жүретін реакциялары: арилгидразиндерге дейін тотықсыздандыру, азоүйлесу. Азоүйлесу электрофилді орынбасу реакциясы ретінде. Азо- және диазоқұрамдастар, аминдермен және фенолдармен үйлесу жағдайлары. Азобояулар, олардың құрылысының орта рН-на тәуелділігі. Индикаторлар.

Хинондар: о- және п-бензохинондарды, антрахинонды алу. Хинондар Дильса-Альдера реакцияларында диенофил ретінде.
Амин қышқылдары, пептидтер және белоктар

Амин қышқылдарының номенклатурасы. Табиғи амин қышқылдары. Протеин түзетін амин қышқылдарының хиральдылығы. Табиғи амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік, амфотерлі қасиеттері. -амин қышқылдарының синтезі және рацематты формаларын бөлу. Пептидтердің номенклатурасы. Полипептидтер синтезінің негізгі принциптері: амин тобын қорғау және карбоксил тобын активтендіру. Пептидтерді қатты фазалы синтезі. Пептидтер мен белоктардың құрылымын анықтаудың жалпы принциптері.



Көмірсулар

Моносахаридтер мен полисахаридтер. Моносахаридтердің классификациясы мен стереохимиясы. Альдозалар альдотреозалар, альдо-пентозалар, альдогексозалар және кетозалар. Фишер проекцияларындағы альдозалар мен кетозалардың стереохимиясы. Альдогексозалардың циклді жартылай ацетальдары – глюкопиранозалар мен глюкофуранозалар, - және -аномерлер. Аномерлі моносахаридтер үшін Хеуорс формулалары. Моносахаридтер ерітінділеріндегі циклді және ашық формалардың таутомериясы, глюкозаның мутаротациясы, пиранозды цикл конформациясы. Моносахаридтер реакциялары. Циклді ацетальдардың ерекше формасы ретінде гликозидтерді алу. Моносахаридтердің йод қышқылымен тотығуы. Фенилгидразинмен озозондар түзуі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер


  1. Шайқұтдінов Е.М., Төреханов Т.М., Шəріпқанов А.Ш. Органикалық химия. Алматы, «Білім», 1997.

  2. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. –М., ВШ, 1981.

  3. Утелбаева А., Утелбаев Б. Органикалық химия. Гетерофункционалды қосылыстар. Химия 5. Алматы, 2007.

  4. Утелбаева А., Утелбаев Б. Органикалық химия. Көмірсутектер және синтез жолдары. Химия 4. Алматы, 2007.

  5. Ескаиров М.Е., Әзербаев Е.Н. Органикалық химия. Алматы: Білім, 1981.

  6. Сейтқалиев Қ. Органикалық химия. Алматы: Қайнар, 1993.

  7. Несмеянов А.Н., Несмеянов К.А. Начала органической химии. М.: Химия, 1974 г.-Т.1,2.

  8. Робертс Дж., Кассерио М. Основы органической химии. М.: Мир, 1978.- Т. 1, 2.

  9. Реутов О.А., Курц А.Л., Бутин К.П. Органическая химия. М.: МГУ, 2005. – Т.1-4.

  10. Моррисон Р., Бойд Р. Органическая химия. М.: Мир, ВШ, 1990.

  11. Шабаров Ю.С. Органическая химия. М.: Химия, 2000. -Т.1,2.

  12. Нейланд О.Я. Органическая химия. М.: Высшая школа, 1990.

  13. Терней А. Современная органическая химия. /под ред. Суворова Н.Н. М.:Мир, 1981.- Т. 1,2.

  14. Кери Ф, Сандберг Р. Углубленный курс органической химии. М.: Химия, 1981. – Т. 1,2.

  15. Травень В.Ф. Органическая химия. М.: Академкнига, 2004. – Т.1,2.


Қосымша әдебиеттер

  1. Общая органическая химия. /под ред. Д. Вартона. М.:Химия, 1981.- Т.1-12.

  1. Потапов В.М. Стереохимия. М.: Химия. 1984.

  2. Марч Дж. Органическая химия. М.: Мир, 1987-1988. – Т. 1-4.

  3. Казицина Л.А., Куплецкая Н.Б. Применение УФ-, ИК-, ЯМР-спектроскопии в органической химии. М.: МГУ, - 1984.

  4. Органический синтез. Учебное пособие для студентов./ под ред. Н.В. Васильева, Т.А. Смолина. М.: Просвещение, 1986.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет