БАҒдарламасы қарағанды, 2005 ж. Мазмұны: Бағдарлама төлқұжаты 4 Кіріспе 6


Е-әкімдіктің ақпараттық инфрақұрылымын түзу



бет6/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#123962
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5.3.Е-әкімдіктің ақпараттық инфрақұрылымын түзу

5.3.1. Е-үкіметтің базалық және типтік компоненттерін пайдалану


Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық инфрақұрылымын түзу барысында ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Агенттігінің Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өткізетін е-үкіметтің базалық және типтік компоненттері әзірленуін және болуын ескеру керек.

Базалық компоненттерге жатады:



      1. Жұмыс істейтін магистральды байланыс арналарын жалға алудың негізінде жүзеге асырылатын және жергілікті атқарушы органдардың өзара ақпарат алмасуын, орталық атқарушы органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерімен және жергілікті басқару органдарымен ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың біртұтас көлік ортасы. Бұған қоса, «электронды үкімет» түзу шеңберінде құрылатын біртұтас көлік ортасын оптоталшықты байланысты (ОТБ) қолданудың негізінде іске қосқанға дейін және оны енгізген соң құрамалы шешімдерді қолданған орынды:

- егер басқару органдары ОТБ кіру нүктесінен (көбінесе бұл қалалық (аудандық) әкімдік) үлкен емес қашықтықта және тікелей көру шеңберінде болса, Wi-Fi технологиясы бойынша радиобайланыс қолданған орынды;

- егер қашықтық пен жергілікті топология Wi-Fi технологиясы бойынша радиобайланыс қолдануға мүмкіндік бермесе, спутник байланысын қолданған орынды.



      1. Авторлықты және электрондық құжаттар мен қатынастарды талассыз айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін және «электронды үкімет» инфрақұрылымы шеңберінде құрылатын Ұлттық идентификациялық жүйенің Тіркеу орталықтары.

      2. «Жеке тұлға», «Заңды тұлға», «Мекен-жай регистрі», «Жылжымайтын мүлік регистрі» жүйе құрушы мемлекеттік базалары.

      3. Қоғамдық сектордың, соның ішінде почта бөлімшелерінің, кітапханалардың және тұрғын халыққа мемлекеттік органдардың тиісті ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын пайдаланудың базасында құрылған мемлекеттік органдардың ашық ақпараттық ресурстарына қоғамдық қолжетімділік инфрақұрылымы.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ресурстарының орталық органдардың ақпарат жүйелерімен ақпарат ресурстарының интеграциясын қамтамасыз ету мақсатында е-үкіметтің инфрақұрылымының типтік ақпарат жүйесін пайдалану жоспарланған. Е-үкімет шеңберінде жасақталатын осындай типтік жүйеге мыналар жатады:

  1. Мемлекеттік басқарудың жағдайлық жүйесі;

  2. Әкімшілік-шаруашылық қызметінің ақпарат жүйесі;

  3. Интернет-портал;

  4. Интернет-портал.

Әкімдіктің әкімшілік-шаруашылық қызметінің автоматтандырылған ақпарат жүйесіне құрамды басқару, еңбекақыны есептеу, аймақ бюджетін қаржылық жоспарлау және меммекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу кіреді.

Ақпаратты тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің Интернет-порталы жүзеге асырылады, ол облыстың мемлекеттік қызметшілерінің жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ресурстары мен жүйелеріне регламентті қолжетімділікті қамтамасыз етеді.



Тұрғын халық пен бизнес-құрылымдардың жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ресурстары мен жүйелеріне қолжетімділігін ұйымдастыру Интернет-портал арқылы жүзеге асырылатын болады.

5.3.2. Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық ресурстары мен жүйелерін пайдалану


Облыс аумағында орталық мемлекеттік органдардың ақпарат жүйелері жұмыс істейді. Жергілікті атқару органының ақпарат ресурстарын түзуде қайталаудың алдын алу мақсатымен бұл ресурстар базалық ретінде пайдаланылады. Осы мақсаттармен бұл ақпарат жүйелеріне қолжетімділік және қажетті электрондық бірлескен іс-әрекет, соның ішінде on-line режимінде ұйымдастырылады. Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық ресурстарына мына ақпараттық жүйелермен түзілетін ақпарат ресурстары жатады:

  • ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті;

  • ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі Комитеті;

  • ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитеті;

  • ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі;

  • ҚР Жер ресурстары жөніндегі Агенттігі;

  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі;

  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі;

  • ҚР Статистика жөніндегі Агенттігі;

  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі;

  • ҚР Ішкі істер министрлігі;

  • ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;

  • ҚР Индустрия және сауда министрлігі;

  • Және оларды жүзеге асыру бойынша басқа да бірқатары.

5.3.3. Әкімдіктің ақпараттық ресурстарын, жүйесін және е-қызметін түзу


Е-әкімдікті түзудің басты мақсаттары мыналар болып табылады:

  • жергілікті басқару органдарының е-қызметін түзу;

  • аймақтағы жоспарлау мен басқару жүйесін жетілдіру;

  • аймақты дамытуға және жедел басқаруға байланысты Әкімдіктегі жұмыстарды оңтайландыру;

  • Әкімдіктің қоғамға ұсынатын ақпарат көлемін барынша кеңейту;

  • азаматтарға барынша қолайлы түрде ақпарат қызметін ұсынудың тиімді жүйесін құру;

  • әкімдіктің, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметіне қоғамдық бақылау жасау тетіктерін түзуге жағдай жасау, басқару органдарының қызметінің ашықтығын арттыру.

Әкімдіктің ақпараттық жүйесінің электронды қызметтері ақырғы нәтижеде аймақтағы азаматтар өмірі мен ұйымдар қызметінің барлық негізгі салаларын қамтуға тиісті:

  • жергілікті нормативті-құқықтық қамтамасыз ету;

  • энергетика және отын;

  • кәсіпкерлік;

  • ауыл, орман және балық шаруашылығы;

  • құрылыс және жылжымайтын мүлік;

  • көлік және байланыс;

  • денсаулық сақтау;

  • экономика және сауда;

  • қаржы және салық салу;

  • еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту;

  • қоршаған ортаны қорғау;

  • білім және ғылым;

  • құқық тәртібі;

  • коммуналдық сала;

  • мәдениет, спорт және туризм;

  • әлеуметтік сала.

1 Қосымшаға сәйкес қызметтер тізбесі е-қызметтің бірінші кезекте іске асырылуға жатады.

Электронды қызмет ұсыну рәсімдерін іске асыру үшін әкімдіктің Интернет-порталы әзірленеді және енгізіледі. Бұл жағдайда әкімдіктің электронды қызметтеріне қолжетімділік е-үкіметтің Интернет порталы арқылы ұсына алады.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ресурстарын түзу үш көз бойынша жүзеге асырылады:

1. Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері;

2. Облыстық бағыныштағы ұйымдар;

3. Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері.

Жергілікті басқару органдарының е-қызмет ұсыну рәсімін жүзеге асырулары үшін атқарушы органдардың компьютер паркін толықтырып, оны қызметшілер санына шаққанда 80-85% деңгейіне дейін жеткізу қажет. Есептеу техникасы соңғы бағдарламалық қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келуі керек. Жергілікті басқару органдары қызметкерлерінің бірлескен жұмысын қамтамасыз ету мақсатында әлі олар орнатылмаған ұйымдарда оқшауланған есептеу желілерін ұйымдастыру қажет.

Е-әкімдіктің базалық ақпарат жүйесі мына функциялар мен жүйелерді бірінші кезекте және кезеңдермен енгізумен ақпаратты-аналитикалық жүйе болады:



  • әкімдік қызметін басқару және жоспарлау;

  • Интернет-портал және әкімдік буындарының ақпараттық жабдықталуы;

  • электронды құжат айналымы (ЭҚА). Әкімдіктер мен оның құрылымдық бөлімшелерінің құжат айналымының технологиялық процестерін іске асыруға мыналар кіреді: құжаттарды жүйеге дайындау мен енгізу, тіркеу, бөлу және жөнелту, редакторлық жасау және модификация, оперативті сақтау және мұрағаттау, құжаттарды іздеу және қарау, алу және өндіру, олардың орындалуын бақылау, қолжетімділікті шектеу, құжаттардан ақпарат алу және оны талдау. «Электронды құжат айналымы» жүйесі басқарудың барлық деңгейлерінде ақпаратты өңдеудің біртұтас технологиясын қолданады және ақпарат тасқындарын ұтымды ұйымдастыруды, ақпараттың қайталануын болдырмауды, оның дәлдігін, маңыздылығын және қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз етеді.

  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және отын-энергетика кешенін басқару (коммуналдық төлемақыны, су және энергетика ресурстарын, қалдықты, есепке алу, ТКШ негізгі қорлары жағдайының мониторингі жүйесі және тағы басқа);

  • тұрғын үй қорын, тұрғын үй қорынан тұрғын үй емес қорға немесе керісінше ауыстыру реестрін, аяқталмаған құрылыстардың, тұрғын үй қорының ескі және апатты нысандарының реестрі;

  • тұрғын халықты және ұйымдарды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, аймақтық даму бағдарламаларының орындалуы туралы хабардар ету;

  • заңнамаға сәйкес әлеуметтік көмек пен жәрдемақыға құқығы бар азаматтарды есепке алу;

  • мүгедектер мен ардагерлерге атаулы мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және әлеуметтік қызметтер ұсыну тәртібі туралы тұрғын халықты хабардар ету;

  • тұрғын халықты еңбек рыногының жағдайы туралы хабардар ету;

  • тұрғын халықты аймақтардағы экологиялық жағдай, су айдындарының ахуалы туралы хабардар ету;

  • тұрғын халықты қала құрылысы қызметі туралы хабардар ету және оның осы мәселелер бойынша талқылаулар мен шешімдер қабылдауға қатысуын қамтамасыз ету;

  • инвесторларды инвестициялық жағдайлармен құрылыс алаңына бөлінетін учаскелер туралы мәліметтермен хабардар ету;

  • жолаушылар тасымалдауды бақылау мен дамытудың ақпараттық-анықтамалық шағын жүйесі;

  • табиғи монополиялар субьектілерін есепке алу, олардың ұсынатын тарифтері туралы ақпарат;

  • мүдделі адамдарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану туралы хабардар ету;

  • ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалары туралы ақпаратты-анықтамалық шағын жүйе (ішкі және сыртқы рыноктар);

  • жергілікті атқарушы органдардың құжаттарын мұрағаттау, мұрағат және құжаттама бөлімдерін дамыту, олардың қорларын электронды формаға кезеңмен ауыстыру, қорлардың құрылымы мен құрамы туралы ақпараттан тұратын іздеу жүйесін құру;

  • Интернет-порталды пайдаланумен мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту бойынша іс-шаралар өткізу;

  • пайдаланушыларға транзакциялы қызмет көрсету мүмкіндігімен аймақтық кітапханалар желісі;

  • басқа да шағын жүйелер.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ресурстары мен жүйелерін қалыптастыру, электрондық қызметтерді жүзеге асыру мыналарға ықпал ететін жағдай тудырады:



  • орталық және жергілікті атқарушы органдардың аймақ тұрғындарын маңызды және анық ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • тұрғын халықтың ақпаратқа қолжетімділік құқығын іске асыру;

  • жергілікті атқарушы органдардың қоғам үшін ақпараттық ашықтығы артуына, олардың іс-әрекеттерінің тиімділігі мен тұрғын халық пен ұйымдарға көрсететін қызмет сапасының артуына;

  • облыстың іскерлік өмірінің белсенділігіне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет