Сөздік жұмыс:қанқыз.
Көптілділік:жәндіктер – насекомые –insects, қаңқыз – божья коровка – bogia cow.
Сергіту жаттығуы.
Қолымызды көтереміз, тербетеміз, бұл – ормандағы ағаштар,
Қолымызды бүгеміз,
Саусақтарымызды сілкілейміз – желжапырақтарды тербейді, Қолымызды жаймен бұлғаймыз – жазбен кездесеміз.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог кейбір балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды.
Балалармен жұмысты талдайды.
Ата-аналарға көрме ұйымдастыру.Балаларды таза ауаға шығарып, серуен кезінде қанқыздың тіршілігін бақылауұсынылады.
№35 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Айнұр балапандарға жем шашты.
Мақсаты: балаларға кесек ермексаздан балапан бейнесін мүсіндеуді үйрету.
Міндеттері:
білімдік:еңбек үрдісі арқылы бала қиялын жетілдіру; дамытушылық: қол-қимыл әрекеттерінің қозғалғыштығын,
үйлесімділігін дамыту; тәрбиелік: ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:балапан бейнесін мүсіндеуді;
түсінеді:ермексаздан түрлі геометриялық пішіндерді жасауды; қолданады:мүсіндеу әдіс-тәсілдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, слайд, суреттер, үнтаспа, түрлі түсті ермексаз, тақтайша.
Сөздік жұмыс: балапан.
Көптілділік: балапан – цыпленок– chick, балапандар – цыплята –chicken, дән – зерно–grain.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Армысың шапағатты Күн-Ана!
Армысың, қайырымды Аспан-Ана!
Армысың, мейірімді Жер-Ана!
Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!
Үнтаспадан құстардың даусы естіледі.Педагог балалармен құстар жайлы әңгіме жүргізеді. Слайд арқылы құстардың суретін көрсетіп, олардың атауларын, түрлерін сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |