Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет1/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
«Білім беру және педагогика » жоғары мектебі
«Жаратылыстану және спорт» кафедрасы

6B01404 - Дене шынықытру және спорт
VOA3206 «Волейболды оқыту әдістемесі» пәнінін
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қызылорда, 2023 жыл
«VOA3206 «Волейболды оқыту әдістемесі» пәнінің оқу бағдарламасы
1.Пәнінің жұмыс бағдарламасы № 604 Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары үшін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды
Оқу бағдарламасын құрастырушы: М.А.Измаханова

«Волейболды оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқу бағдарламасы «Жаратылыстану және спорт» кафедрасының мәжілісінде қаралды.


№___ хаттама, «___» ___________ 2023 жыл


Кафедра меңгерушісі: ___________ Г.Б.Алибекова

Рецензент: 1) Қызылорда облысы бойынша,акционерлік қоғам филиалы


"Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы "Өрлеу" кәсіби даму институты директоры
Б. Т. Елеусінов
2) Қ.Р.енбек сіңірген жаттықтырушы Абдраев Арман Базарбаевич
Пәннің оқу бағдарламасы «Білім беру және педагогика» бағыты бойынша Академиялық комитет мәжілісінің отырысында мақұлданды.

№___ хаттама, «___» ___________ 2023 жыл


Академиялық комитет төрағасы: ______________ Муратбаева Г.А.


Түсініктеме


Білім беру әдістемесінің мақсаты: волейбол ойыны туралы студенттерге заман талабына сай білім бере отырып, дене тәрбиесінің орыны мен мақсаты туралы түсінік беру, шеберлік білімдерін қалыптастыра отырып білім беру мекемелері, колледж, гимназияларда білімділік мақсаттарын арттыру мен қатар, дене шынықтыру қимылдарын, жалпы спорт жұмыстарын жүйеге келтіру.
Оқытудың негізгі мақсаттары:
Волейбол бойынша арнайы білім мен қозғалыс дағдыларын игеру. Спорттық шеберлігінің жетістіктеріне жетелейтін ойын ережелерін орындау. Волейболдың техникасы мен тактикасының әдіс-тәсілдерін қалыптастыру. Жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу әдістерін игеру. Оқушылардың жеке жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, спорт ойындарын ұйымдастыру мен өткізу әдістерін игеру.
Типтік бағдарлама волейбол ойынына тиісті теориялық білім, іскерлік пен кәсіби-педагогикалық әдіс-тәсілдерін, дене шынықтыру пәні мұғалімдерін дайындау үшін қажетті жалпы білім беру және спорттық құрылымдарға қажетті спорттық ойындары қарастырады.
Оқыту барысында студенттер білім беру әдісі және педагогика жұмысында волейбол ойынын өткізуде, спорт жарыстарындағы әділқазы алқасының қалыптсауын, сондай-ақ қимыл ойындарын ұйымдастырудағы білімдік жаттығулардың әдіс-тәсілідерін қарастырады.
«Волейбол бойынша білім беру» әдістемесінің оқулық пәндерінің жұмысы дәріс, семинар, әдістемелік пен тәжірбиелік сабақ, оқу шеберлігі, студенттердің өзіндік жұмыстары ретінде жүргізіледі.
Дәріс барысында студенттерге тарих, волейбол ойынының ұйымдастырылуы мен жарыстардың өткізілуі туралы негізгі мәлімет беріледі.
Семинар сабақтарында берілген дәрістер бойынша білімдері тексеріле отырып, әдістемелік пен тәжірбиелік білімдері, оқу тәжірбиесі, студенттердің өзіндік жұмыстарына баға қойылып, білім сапасы тексеріледі. Студенттер өз баяндамалрын, мәліметтерін оқиды, сонымен қатар арнайы тақырып бойынша студенттердің білім сапасын тексеру мақсаттарында бақылау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріледі.
Әддістемелік сабақтарда дәріс пен тәжірбиелік сабақтарда берілген білімдері тереңде оқытылады, жаттығуларды көрсету мен түсінік беру әдістері беріледі, студенттер волейбол ойынының кәсіби-тактикалық әдістерін меңгере отырып, аталған пәннің оқыту мен дамыту жолдарымен танысады.
Тәжірбиелік сабақтар студенттердің теориялық білімдерін тереңдету мен бекітуге мүмкіндік беру мен қатар оқу барысында педагогикалық әдіс-тәсілдерін қалыптастырып, оқыту әдістемелік жұмыстарына енгізу негіздері қарастырады. Тәжірбие сабақтарында студенттер волейбол ойынының, әдіс-тәсілдерін, орындау рационалдық кәсібін меңгереді, оқыту мен білім беру әдісін, спорт жарыстарын ұйымдастыру жолдарына үйрете отырып, негізгі дене шынықтыру дайындықтарын волейбол мектеп бағдарламасына сәйкес білім беру әдістерін оқиды.
Оқу тәжірбиесі студенттерге өзіндік жұмыс үшін қажетті кәсіби тәжірбиелік дағдылары қалыптасу мақсатында өткізіледі.
Оқу тәжірбиесі сабақтарында оқытушы студенттерге педагогикалық кәсіби меңгертеді, ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, оқытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді үйретеді, сонымен қатысушылардың спорт жігерліктері ұйымдастыруды қалыптастырады.
Студенттердің өзіндік жұмысында оқытушымен белгіленген қолданатын әдебиетке негізделеді, реферат жұмыстары әдеби қайнар көзіне сүйене отырып жойылады, сабақ жоспарларының жазылу, психофизиологиялық зерттеулер мен педагогикалық бақылаулардың жүргізілуі, қатысушылардың тактикалық қарым-қатынасымен негізгі техникалық тәсілдердің оқытылуы, спорт ойындары мен жарыстардың зерттелуі, ойын әділеттігі, негізгі хаттаманың жүргізілуі қарастырылады.
Волейбол ойынының негідерін үйрену мерзімінде студенттер спорт алаңын, спорт инвентарын, сабақ пен жарыстың құрал-жабдықтарын дайындауға үйренеді.
Студенттердің білім сапасы оқу жоспарының мерзіміне сәйкес рейтингі ретінде емтихан арқылы бағаланады.
Сабақ өткізу барысында спорттық есепке алынады.
«Волейбол ойынын өткізу әдісі» пәні бойынша студент келесі әдіс-тәсілдерді меңгеру керек:
«Оқу әдісіндегі ойын әдісі мен шеберлігі және оқыту сабақтарының жүргізілуі».
Волейбол ойындары бойынша сабақ өткізу мен оқыту әдісін меңгеру.
Топты жаттығу орындау үшін сапқа тұрғызу мен қатар арнайы тапсырма беру.
Тактикалық қарым-қатынастарын қалыптастыра отырып, жаттығулардың орындалуын көрсету, қателерді түзету мен түсіндіре білу.
Дене шынықтыру жаттығуларды орындау құжаттарын дайындап, жаттығуларды белгілеп, жүйелей білу.
Волейбол ойынын ұйымдастыру мен іс-шараны өткізу.
Волейбол ойыны бойынша әділ баға бере білу. Өткізетін жарыс бойынша хаттамаларды дұрыс жүргізу әдісін білу.
Тәжірбиелік сабақтар бойынша конспект жүргізу.
Сабақ өтетін орны мен құрал-жабдықтарды дайындау.
Оқу-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс жүргізе білу.
Дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында, оқу ойындарын өткізу үстінде тәрбие жұмысын сабақтастыру.
Толық курсті меңгеру соңында студент міндетті:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет