БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе


Дене шынықтыру мен спортты дамыту



бет2/23
Дата23.02.2016
өлшемі4.53 Mb.
#8960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Дене шынықтыру мен спортты дамыту;


  • Дамыған сервис жүйесі бар жоғары тиімділікті және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру;

  • Мемлекеттік тілді дамыту;

  • Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

  • Инфокоммуникацияны дамыту;

  • Құрылысты дамыту;

  • Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігін дамыту;

  • Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы;

  • Қоршаған ортаны тұрақтандыру және сапасын жақсарту;

  • Мемлекеттік қызметті дамыту;

  • Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;

  • Жоғары және орта даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамыту;

Міндеттері

  • ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету;

  • Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту;

  • Электр қуатының жаңартылған көздерін дамыту және «жасыл» экономикаға көшу;

  • Прогрессивті технологияларды енгізу негізінде агроөнеркәсіп кешені салаларының көрсеткіштерін тұрақты өсіру;

  • Кәсіпкерлік секторды дамыту;

  • Сауданы дамыту;

  • Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту;

  • Инновациялық өнімдерді өндіруге инвестицияларды тарту;

  • Қазақстандық үлесті ұлғайту;

  • Педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін және мұғалім кәсібінің беделін арттыру;

  • Жалпы орта білім беру қызметтерінің сапасын арттыру;

  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және көрсетіліп жатқан мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын жақсарту;

  • Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдай жасау;

  • Жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

  • Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;

  • Өмір сүру ұзақтығының артуын қамтамасыз ету;

  • Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу;

  • Халық табысын арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру;

  • Мүгедектерді, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қызмет көрсету;

  • Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;

  • Отандық мәдениет пен қолөнерді дамыту;

  • Спорт инфрақұрылымын дамыту;

  • Туризмді дамыту;

  • Қоғамдық тәртіпті нығайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Апаттар мен дүлей зілзалдың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру;

  • Байланыс қызметтерін жетілдіру;

  • Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы мәселелерін кешенді шешу;

  • Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу;

  • Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігін дамыту;

  • Тұрғын үй-коммуналдық жүйені жетілдіру және дамыту;

  • Атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының ластану деңгейін төмендету, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын азайту;

  • Ормандарды қорғау, күзету, өсімін молайту, орман өсіру және жер ресурстары;

  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру.

  • Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту;

  • Ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту;

  • Ауылдық елді мекендерде өндірістік саланы дамыту;

Іске асыру кезеңдері

  • I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру.

  • II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру.

Мақсатты индикаторлары

  • Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, % алдыңғы жылға;

  • 2009 жылғы деңгейге жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі (жоспар);

  • Халық санының өсуі/азаюы;

  • Өнеркәсіптік өнімінің нақты көлем индексі;

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің жалпы қосылған құнын арттыру;

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі;

  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымының жалпы көлемінің индексі;

  • Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі;

  • Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша);

  • Жалпы өңірлік өнімнің негізгі капиталына инвестициялар үлесі;

  • Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі

  • Өткен жылмен салыстырғанда үш ауысымдық және авариялық мектептер санының төмендеуі;

  • Мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі;

  • Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы;

  • Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

  • Оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы техникалық және кәсіптік білім беретін орындары түлектерінің жұмысқа орналастырылғандардың үлесі;

  • 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training);

  • 14-29 жас аралығындағы тұрғындардың жастарға қатысты мемлекеттік саясатпен қанағаттандырылу деңгейі;

  • Халықтың туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы;

  • Жұмыссыздық деңгейі;

  • Жұмыскерлердің тізімдік санының жалпы құрамындағы тартылған шетелдік жұмыскерлердің үлесі;

  • Ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;

  • Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде);

  • 1000 жұмыскерге шаққанда, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны;

  • Облыста өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны;

  • Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту;

  • Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны (резиденттер, резидент емес);

  • Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

  • Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

  • Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету;

  • Жергілікті маңызы бар тасқындар мен су басулар, көшкіндер, жер сілкінулер, селдер, өрттерден болған адам шығынын төмендету;

  • Байланыс қызметінің нақты көлемінің индексі;

  • Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі;

  • Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

  • Нормативтік пайдаланумен қамтамасыз етілген кондоминиум объектілерінің үлесін ұлғайту;

  • Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар халықтың үлесі;

  • Су бұру қызметтеріне қолжетімділігі бар халықтың үлесі;

  • Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі: (жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұрумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау);

  • Стационарлық көздерден шығатын анықталған зиянды заттарды Мемлекеттік орман қорының орманды алқаптарының алаңы;

  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту;

  • Ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлерде ауыспалы егіс жүйесін қолдану;

  • Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру;

  • Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;

  • Өңірлік ақпараттық өнімді тұтынушылардың талап ету деңгейін арттыру;

  • Конституцияның негіздерін түсіндіру мен насихаттауға бағытталған шаралар мен қамтылған тұрғында үлесі;

  • Мемлекеттің тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған шаралар мен қамтылған тұрғында үлесі;

  • Жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамытудың санын арттыру.

Қаржыландыру көздері және қажетті қаржыландыру көлемдері*

2011 жыл – 80132,3 млн.теңге;

2012 жыл – 132311,7 млн.теңге;

2013 жыл – 157383,4 млн. теңге;

2014 жыл – 171138,6 млн.теңге;

2015 жыл – 159950,3 млн.теңге.

* - қаржыландыру көлемдері бюджет шығындарының нақтылануына байланысты өзгереді



2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫҢ ТАЛДАУЫ
2.1. Өңір ахуалының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері

Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан және батысы мен шығысында Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, оңтүстігінде – Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Жамбыл облысының аумағы 144,2 мың шаршы км-ді немесе Республика аумағының 5,3%-ын құрайды.

Аумағының басым көпшілігі жазық жер болғанына қарамастан, Жамбыл облысы табиғатының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Шу өзенінің солтүстік бөлігі - сазды немесе тасты Бетбақдала шөлі. Шу өзенінің оңтүстігіне қарай айдар-айдар, жон- жон болған құмдары бар Мойынқұм құмы жатыр. Облыстың оңтүстік-батысында Қаратау сілемдері (биіктігі 1600 м.) бар. Шығысы мен оңтүстік-шығысында Іле Алатауына барып бітетін Кіндіктас тауы (биіктігі 1503 м.) орналасқан. Облыстың климаты континентальды, бұл температураның барынша құбылмалылығына және жауын-шашын көлемінің аздығына алып келеді. Қаңтардағы орташа температура жазық жерлерде - 15°С, таулы жерлерде -6 -8°С; шілдеде тиісінше +16°С и +24 +25°С. Жауын-шашынның жылдық көлемі жазық жерлерде 300 мм-ге дейін, таулы аймақтар мен тауларда 500-700-ден 1000 мм-ге дейін. Таулы аймақтар мен жазық жерлердегі вегетациялық кезең – 205-225 күн. Өңірде су объектілері өте көп: Балқаш көлі, Көккөл көлі, өзендер, сарқырамалар, Тасөткел және Теріс Ащыбұлақ су қоймалары.

Облыста 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала бар. Облыс халқы 1098,7 мың адам немесе Республика халқының 6,4%-ын құрайды. Әкімшілік орталығы – Тараз қаласы.

Облыстың инвестициялық тартымдылығын минералдық-шикізат ресурстары көлемінің көптігі мен оңды табиғи-климаттық жағдайларының болуы белгілейді, бұл өнеркәсіп дамуының дәстүрлі бағыттарымен бірге жаңа өндіріс орындарын ашуға да жағдай жасайды.

Жамбыл облысында пайдалы қазбалардың бай қорлары бар: олар – фосфориттер, плавиктік - шпаттық шикізат, алтын, Амангелді кен орнындағы газ.

Облыста сонымен бірге төмендегідей пайдалы қазбалар қоры бар:


  • түсті металл (мыс, молибден, алтын, күміс, селен, теллур, қорғасын және мырыш және т.б.);

  • уран;

  • барит (Шығанақ кен орны);

  • көмір (Шу көмір бассейні, Құлан кен орны);

  • әрлеу, көркемдеу және техникалық тастар (гранит, амазонитті гранит, мәрмәрлар, әктас, техникалық және түсті халцедон, үлгілік шикізаттар, гематит-қантас, хлорит-анартастар);

  • құрылыс материалдары (асбест, тальк, слюда, құмтас, цементтік және керамзиттік шикізаттар, гипс және ангидрит және т.б.);

  • газ;

  • минералды тұздар (ас тұзы –Майдагенкөл көлі, жемдік тұздар – Тұзкөл);

  • жерасты сулары.

Облыс аумағынан ТРАСЕКА көлік дәлізі өтеді. Сондай-ақ, 2016 жылы «Батыс Европа – Батыс Қытай» автобанынының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жоба облыс арқылы өтетін тасымалдаудың 300 млн. тоннаға дейін жетуіне мүмкіндік береді.
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының талдауы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет