БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



бет1/26
Дата22.02.2016
өлшемі4.65 Mb.
#1769
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


Жамбыл облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы

№30-5 шешімімен бекітілген




ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

МАЗМҰНЫ





Кіріспе………………………………………………………………


3

1

Бағдарлама паспорты……………………………………………...…..


4

2

Ағымдағы ахуалдың талдауы………………………..………………….


14

3

Өңір дамуының болашақ көрінісі…………………………………………..

116


4

Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары

……………………………………...




121


5

Қажетті ресурстары………………………………………………


202

6

Бағдарламаны басқару…………………………………………….


203



КІРІСПЕ
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Дамыту бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» (2009 жылғы 18 маусымдағы №827), «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (2010 жылғы 19 наурыздағы №958) Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №925 Жарлығымен бекітілген 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 9-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының шешуші бағыттарына сәйкес әзірленді.

Дамыту бағдарламасы бағдарламасы облыстың барлық өңірлерінің тұрақты және теңдей дамуын, әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы экономиканың өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дамыту бағдарламасы бағдарламасы шеңберінде облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалына талдау жүргізіліп, оның күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталды.

Облыстың негізгі бәсекелестік артықшылықтарына мыналар жатады: қолайлы географиялық орналасуы, пайдалы қазбалардың бай қорларының болуы, еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың көптігі, инвестициялық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік беретін өндірістік инфрақұрылымның болуы.

Қолда бар бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіптерді ескере отырып Дамыту бағдарламасы бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты ел азаматтарының лайықты өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге қабілетті күшті және тиімді мемлекетті құруға лайықты үлес қосуды қамтамасыз ету болып табылады. Халық өмірінің деңгейі мен сапасын жоғарылату сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалану, табиғи кешеннің әлеуетін молайтуды сақтай және қоршаған ортаны сауықтыра отырып экономикалық және әлеуметтік саланы қарқынды дамытуды қамтамасыз ету арқылы көзделеді.
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ


Бағдарлама атауы

Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 1.02.2010 жылғы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» №922 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бұдан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» №958 Жарлығы



Өңірдің негізгі сипаттамалары

Жамбыл облысының аумағы 144,2 мың шаршы километрді немесе республика аумағының 5,3% құрайды және Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, батыс және шығыс жағынан Оңтүстік-Қазақстан және Алматы облыстарымен, солтүстігінен – Қарағанды облысымен, оңтүстігінен – Қырғыз Республикасымен шекаралас.

Облыс құрылымында 10 аудан, облыстық бағыныстағы Тараз қаласы және аудандық бағыныстағы 3 қала - Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бар.

Әкімшілік орталығы - Тараз қаласы.

Облыс халқы 1042,9 адамды немесе республика халқының 6,4% құрайды.

Өз бағыты бойынша облыс индустриалды-аграрлық болып табылады.

Жалпы өңірлік өнім өндірісінің көлемі 2009 жылы 348,9 млрд. Теңгені құрады, бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 2% сәйкес, оның ішінде өнеркәсіп - 59,4 млрд. теңге (облыс ЖӨӨ-дегі үлес салмағы – 17%). Сыртқы сауда айналымының көлемі 455,9 млн. АҚШ долларын, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 115,6 млрд. теңгені құрайды.



Нақты сектордың негізгі салалары мыналар болып табылады: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа кондиционерлеу, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауға және таратуға бақылау жасау.

Бағыттары

  • Агроөнеркәсіп кешенінде, химия, жеңіл өнеркәсіпте өнімділігі жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;

  • Әлеуметтік саланың және адами әлеуеттің дамуы, халық өмірі сапасы деңгейінің жоғарылауы, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз етілу;

  • Экономиканы үдемелі индустриаландыруға және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметтерімен қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау;

  • Ауылдық аумақтарды жеделдетіп дамыту есебінен облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру;

  • Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.

Бағдарламаның мақсаттары

    • Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету;

    • Өңірлік экономиканы үдемелі индустриаландыру бойынша инновациялық жобаларды іске асыру арқылы басымды салалардағы жоғары шекті өнімге өту, нығайту және тиімділігін арттыру арқылы Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін жоғарылату;

    • Өнеркәсіптің энергетикалық тиімділігін арттыру;

    • Тұрақты өсім қарқынымен және осы заманғы, прогрессивтік технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін және тамақ өнімдері өндірісін құру;

    • Еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызметтер нарығына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігінің өсімі үшін қолайлы орта жасау;

    • Тиімді сауда саясатын жүргізу;

    • Дамыған сервистік жүйесі бар тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру;

    • Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту;

    • Білімге қолжетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету, балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;

    • Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету;

    • Атаулылық пен тиімділікке негізделген әлеуметті қорғау жүйесін жасау;

    • Мүгедектерді, қарт азаматтар мен ауыр тіршілік жағдайын бастан кешіріп отырған азаматтарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту;

    • Бұқаралық спортты және жоғары табыстар спортын дамыту;

    • Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, отандық мәдениет пен өнерді кеңінен насихаттау;

    • Көлік инфрақұрылымын дамыту;

    • Тұрғын үй құрылысын ынталандыру;

    • Азаматтардың қолайлы өмір сүруі;

    • Экономиканың электр энергиясына сұранысын қамтамасыз ету;

    • Ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға өту мақсатында инфокоммуникация саласын дамытуға жағдайлар мен тетіктер жасау;

    • Ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың негіздерін жасау, ауылдық тұрғындардың тіршілгін қамтамасыз етудің жоғарырақ деңгейін қамтамасыз ету;

    • Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту;

    • Ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

    • Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту;

    • Өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру тиімділігін арттыру;

    • Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру шеңберінде жамбылдықтардың әлеуметтік өміршеңдігін қалыптастыру;

    • Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру;

    • Жастарды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту үшін олардың салауатты өмір салтын қолдау үшін жағдайлар жасау;

    • Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту;

    • Гендерлік теңділікті нығайту;

    • Көшелер мен басқа қоғамдық орындардағы құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту;

    • Қылмысқа қарсы күрес, есірткі заттарының заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл;

    • Облыс аумағындағы авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру;

    • Жамбыл облысының мұрағат саласын дамыту.

Міндеттері

  • ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету;

  • Әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту;

  • Инновацияларды дамыту және технологиялық модернизацияға ықпал ету;

  • Химия өнеркәсібі өнімдері өндірісі және экспорты көлемдерін арттыру;

  • Металлургиялық өнімдердің жалпы көлемін арттыру;

  • Машина құрастыру өнімдерінің жалпы көлемін арттыру;

  • Құрылыс материалдары өнімдері өндірісінің көлемдерін арттыру және жаңа өндірістер ашу;

  • Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемін арттыру;

  • Мұнай өнімдері өндірісінің көлемін арттыру;

  • Өнеркәсіп салалары бойынша энергия сыйымдылығын төмендету көрсеткіштері;

  • Озық технологияларды ендіру және материалдық-техникалық базаны жақсарту негізінде өсімдік шаруашылығын дамыту көрсеткіштерінің тұрақты өсімі;

  • Облыс мал шаруашылығының негізгі құрамдас бөлігі ретінде асыл тұқымды және өнімділігі жоғары мал шаруашылығын дамыту;

  • Облыс аумағында мал шаруашылығының қызмет көрсететін инфрақұрылымын дамыту;

  • АӨК-тегі қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту;

  • Үстіңгі қабаттағы су көздерінен су алуды азайту;

  • Облыс халқын балық өнімдерімен қамтамасыз ету;

  • Облыстың жыртылған жерлерін пайдалану деңгейін арттыру;

  • Бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторын сауықтыру, экспортқа бейімделген өндірістерді қолдау;

  • Бәсекелестікті дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

  • Сауда инфрақұрылымын жетілдіру арқылы сауда тиімділігін арттыру, сауда саласындағы еңбек өнімділігін жоғарылату;

  • Туризм инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету;

  • Туристік қызметтер сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

  • Жамбыл облысының туристік өнімін халықаралық және ішкі туристік қызметтер нарығында алға жылжыту;

  • Әйелдер мен балалар денсаулығын нығайту;

  • Әлеуметтік елеулі аурулардың ауыртпашылығын азайту;

  • Салауатты өмір салтын дамыту;

  • Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;

  • Дәрілік қамтамасыз етудің жаңа үлгісін ендіру;

  • Медициналық мекемелерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

  • Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және мектепке дейінгі білім беру бойынша көрсетіліп отырған қызметтердің сапасын жақсарту;

  • Орта жалпы білім беру қызметтерінің сапасын жоғарылату;

  • Электрондық оқыту жүйесін ендіру үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;

  • Педагог кадрлардың кәсібилігін және мұғалім мамандығының беделін жоғарылату;

  • Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • Қаңғыбастықтың, қадағалаусыздықтың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілерін отбасыларына орналастыруды жолға қою;

  • Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау;

  • Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу;

  • Халықтың кірістерін арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру;

  • Мүгедектерге, қарт азаматтар мен ауыр тіршілік жағдайын бастан кешіріп отырған азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;

  • Мүгедектер мен қарт азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсету;

  • Бұқаралық спортты дамыту;

  • Жоғары табыстар спортын дамыту;

  • Облыстың тарихи-мәдени мұрас объектілерін қалпына келтіру және сақтау;

  • Мәдениет және өнер саласын жалпыға таныту;

  • Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын дамыту;

  • Республикалық мәндегі автомобиль жолдарын дамыту;

  • Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы проблемаларын кешенді шешу;

  • Аумақтар мен елді мекендерге құрылыстар салу және тиімді дамыту;

  • Тұрғын үй-коммуналдық жүйелерді модернизациялау және дамыту;

  • Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру;

  • Үйлерді нормативтік пайдалануды кондоминиум объектілерімен дербес қамтамасыз ету;

  • Электр өткізу желілері мен кіші станцияларды модернизациялай отырып электр энергиясы өндірісін арттыру;

  • Халыққа қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру;

  • Жоғары органдардың нормативтік және деректі құжаттарын орындаудың жеделдігін арттыру;

  • Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;

  • Әкімдік АҚ деңгейін 100% көтеру;

  • Әкімдік бастамаларын жалпыға тарату;

  • Байланыс қызметтерін жетілдіру;

  • Ауылдық жерлерде берілетін білім сапасын жақсарту;

  • Ауылдық жерлердегі медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету;

  • Ауылдық жерлерде мәдениет пен спортты дамыту;

  • Ауылдық елді мекендерді газдандыру;

  • Ауыл халқын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету;

  • Облыстық және аудандық мәндегі жолдардың жағдайын жақсарту;

  • Әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерлерге тарту;

  • Шағын несиелеу арқылы ауыл халқының кірістерін арттыру;

  • Атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының ластану деңгейін төмендету, өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтардың шоғырлану көлемін азайту;

  • Ормандарды қорғау, сақтау және өсімін молайту, орман егу;

  • Жануарлар әлемін қорғау және өсімін молайту;

  • Этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту;

  • Азаматтық қоғам институттарының еліміздің даму Стратегиясын іске асыруға қатысуын кеңейту;

  • Өңірлік ақпараттық кеңістіктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Өңірлік электрондық және баспа БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;

  • Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық мәдениетін арттыру және заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету;

  • мемлекеттің даму Стратегиясын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпараттық қолдаудың тиімділігін арттыру;

  • Өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жандандыру;

  • Жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

  • Жастарды жұмысқа орналастыруда әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;

  • Жастар ортасында салауатты өмір салты қағидаттарын, бағдарламалық үрдістерді насихаттау;

  • Жастардың кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетін дамыту;

  • Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру функцияларын кеңейту;

  • Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау;

  • Әйелдердің атқарушы және өкілетті билік органдарына жылжуына қатысу;

  • Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір қауіпсіздігінің, денсаулығының, конституциялық құқықтары мен еріктерінің қажетті деңгейін ұстау;

  • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Қылмысқа қарсы күрестің және қылмыскерлерді іздеудің тиімділігін арттыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес;

  • Зардап шеккен тұрғындарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді ұйымдастыру, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге құралдардың қорларын құру және оларды өз мақсаты бойынша пайдалану үшін тұрақты дайындықта ұстау;

  • Тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттерге қарсы іс-қимыл;

  • Жамбыл облысының мұрағаттарында сақталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құрамын және мазмұнын байыту, сақталуын қамтамасыз ету.

Іске асыру кезеңдері

  • I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру.

  • II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру.

Мақсатты индикаторлары

  • 2015 жылға қарай ЖЖӨ нақты өсімі 2009 жылдың деңгейіне қатысты 132,3% құрайды (2009 ж. – 101,2%);

  • 2015 жылға қарай ЖЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кем дегенде 15,0% дейін ұлғаяды (2009 ж. – 12,6%);

  • 2015 жылға қарай экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 91% дейін ұлғаяды (2009 ж.-84,9%);

  • Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің бірлескен көлемінен шикізаттық емес экспорттың көлемі 35,8% дейін ұлғаяды (2009 ж. – 28,5%);

  • 2015 жылға қарай өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кем дегенде 1,5 есеге ұлғаяды (2009 ж. – 2190 мың теңге/адам.);

  • 2014 жылға қарай ЖӨӨ энергия сыйымдылығы 2009 жылдың деңгейінен кем дегенде 10% төмендейді;

  • Инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 10% дейін ұлғаяды (2009 ж.-4,4%);

  • Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрайтын кәсіпорындардың тауарлар сатып алуындағы қазақстандық үлес 64% дейін ұлғаяды (2009 ж.-58%);

  • Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрайтын кәсіпорындардың жұмыстар мен қызметтер сатып алуындағы қазақстандық үлес 2015 жылы 90% дейін ұлғаяды (2009 ж.-83,6%);

  • Менеджмент жүйесін ендірген және сертификаттаған (ИСО және ХАССП) кәсіпорындардың саны 295 бірлікке дейін ұлғаяды (2009 ж.- 148 бірлік);

  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің ФКИ 2015 жылы 118,9% немесе 84,5 млрд. теңгені құрайды ( 2009 жылы – 117,4% немесе 68,4 млрд. теңге);

  • Аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 2015 жылы экспорттың жалпы көлемінде 22% дейін ұлғаяды (2009ж. – 18,5%);

  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2015 жылы 2,2 есеге ұлғаяды (2009 ж. - 370 мың теңге);

  • 2015 жылы етті қайта өңдеу үлесі 35%, сүт - 50%, жеміс пен көкөніс - 15% артады (2009ж.: ет – 27,2%, сүт – 18,9%, жеміс пен көкөніс – 0,01%);

  • 2015 жылға қарай АӨК жалпы қосымша құн кем дегенде 28,7% ұлғаяды (2009ж.- 44,6 млрд. теңге);

  • 2015 жылға қарай жер үсті көздерінен су алу 0,8 млн. м3 қысқартылады;

  • 2015 жылға қарай каналдардың пайдалы әрекетінің коэффициенті 0,05 құрайды;

  • 2015 жылы жылдық балық аулау 350 тоннаға жетіп немесе 2009 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғаюы тиіс;

  • Жер ресурстарын басқару тиімділігі артады;

  • Белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 1000 тұрғынға шаққанда 43 бірлікке көбейеді (2009 ж. – 37);

  • 2015 жылы бөлшек сауда айналымы өсімінің қарқыны 105% құрайды (2009 жылы -102,9% );

  • 2015 жылы сауда ФКИ 105% құрайды (2009 жылы -102,9% );

  • 2015 жылы сыртқы сауда айналымы өсімінің қарқыны 103,9% құрайды (2009 жылы -62,6% );

  • Ірі объектілер мен сауда желілерінің бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі үлесінің өсімі 1,9% құрайды (2009 жылы -1,1% );

  • Туристік салада қызметтер көрсететін ұйымдардың бірлескен кірістері 2015 жылы 2008 жылдың деңгейінен 15% ұлғаяды;

  • Тұрғындар өмірінің күтілетін ұзақтығы – 2015 жылы 70,3 жас (2009ж. – 68,7 жас).

  • 1000 тұрғынға шаққандағы жалпы өлім көрсеткіші - 2015 жылы 6,6 (2009ж. – 7,82);

  • 1000 тірі туылғандарға шаққандағы ана өлімі – 2015 жылы 25,9 (2009 ж.- 40,0);

  • 1000 тірі туылғандарға шаққандағы нәресте өлімі – 2015 жылы 12,3 (2009 ж.-18,4);

  • Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 2013 жылы - 56,1% және 2015 жылға қарай - 70%;

  • 12-жылдық бағдарламамен жұмыс істейтін мектептер үлесі (1,5,11 сыныптар) – 2015 ж. – 100%;

  • Табиғи-математикалық бағыттағы мектептердің профильдік мектептердің жалпы санындағы үлесі 2013 жылы – 4,3 %, 2015 жылға қарай –8,3 %;

  • Орта-техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады - 2013 жыл - 20,7%, 2015 жылға қарай - 49,7 %;

  • Жоғары және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің педагогтардың жалпы санындағы үлесі - 2013 жыл - 46,4%, 2015 жылға қарай 47%;

  • Инклюзивтік білім алу үшін жағдайлар жасаған білім ұйымдарының жалпы білім ұйымдарының санындағы үлесі - 2013 жыл - 17,7%, 2015 жылға қарай - 20,0%;

  • Отбасыларына орналастырумен қамтамасыз етілген жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілерінің үлесі -2013 жыл - 8,5%, 2015 жылға қарай - 10,5%;

  • ТжКБ оқу орындарын бітірушілердің оқуды аяқтағаннан соң бірінші жылы жұмысқа орналасқандарының және жұмыспен қамтылғандарының үлесі - 2013 жылы - 60%, 2015 жылға қарай - 60%;

  • 2009 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,5% құрады, 2020 жылы 5%, 2015 жылға қарай – 5,8 % аспайды;

  • 2009 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыруға ықпал етуге өтініш білдірген тұлғалар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 83,9% құрады, 2015 жылға қарай 72,5% құрайды;

  • Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтылғандар құрамындағы біліктілігі жоғары жұмысшы күшінің үлесі 2009 жылы 54,8%, 2010 жылы – 44,1% құраған, 2015 жылға қарай деңгейі 46,5% жетеді;

  • Тартылған ЖЖК құрамындағы білікті мамандардың үлесі 2009 жылы 71,2%, 2010 жылы – 50,0% құраған, 2015 жылға қарай бұл көрсеткіш 52,5% жетеді;

  • Өмір сүру деңгейінен төмен кірістері бар тұрғындардың халықтың жалпы санындағы үлесі 2009 жылы 4,8% құраған, 2010 жылы 9,7% құрайды, облыс бойынша 9% төмендейді;

  • Облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатындардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2009 жылы 39% құраған, 2010 жылы 38,2% құрайды, ал 2015 жылға қарай 30% төмендейді;

  • Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар әлеуметтік қызмет көрсетілетін тұлғалардың жалпы санындағы үлесі 2009 жылы 100% құраған, 2015 жылы – 100%;

  • Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны - 2013 жылы – 19,4%, 2015 жылға қарай – 22% (2009 жылы – 12%);

  • Облыстың спорт мекемелеріндегі 6 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны - 2013 жылы – 11,1%, 2015 жылға қарай – 12,9% (2009 жылы-6,2%);

  • Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі (2009ж. – 45%) 2013 жылы - 50%, 2015 жылға қарай - 52%;

  • Орташа алғанда жергілікті мәндегі автомобиль жолдарының 80% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

  • Орташа алғанда республикалық мәндегі автомобиль жолдарының 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

  • Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй енгізу 2015 жылға қарай (2011-2015 жж. ішінде) 1081,9 мың шаршы м. жетеді;

  • Қалалардағы орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділік 2015 жылға қарай - 100% құрайды (2009 ж. – 74,2%);

  • Ауылдық жерлердегі орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділік 2015 жылға қарай - 68% құрайды (2009 ж. – 40,9%);

  • Экономиканың сұраныстарын қанағаттандыратын өз көздерінен энергия өндіру 2015 жылы 50% құрайды;

  • 50% кем емес әлеуметтік-елеулі мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету;

  • 2015 жылға қарай халықтың компьютерлік сауаттылығын 40% көтеру;

  • ҚР ЖӨӨ инфокоммуникациялық инфрақұрылымын қосқанда ИКТ секторының үлесі 2015 жылға қарай – 2% құрайды (2009 ж. – 1,95%);

  • Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендердің саны 2015 жылы 152 бірлікке жетеді (2009 ж. - 137);

  • Стационарлық көздерден ауаға зиянды заттардың жалпы шығарылуы нормативтерінің белгіленген көлемі 2015 жылы 62,7 мың тоннаны құрайды;

  • Ластағыш заттардың жалпы шығарылуының белгіленген көлемі 2015 жылы 46,458 мың тоннаны құрайды;

  • заттардың жалпы шығарылуы нормативтерінің белгіленген көлемдері 2015 жылы 62,7 мың тоннаны құрайды;

  • Қалдықтарды қайта өңдеудің олардың құралуына көлемі 2015 жылы 5% құрайды;

  • Облыстың ормандануы артады;

  • Мемлекеттік орман қоры аумағындағы тұяқты жануарлардың жалпы санының өсімі 2015 жылы – 1000 га-ға 0,88 бірлікті құрайды;

  • Қоғамдық санада мемлекеттің даму Стратегиясын және мемлекеттің саясатын қолдау деңгейі 2009 жылы 86% құраған, 2015 жылға қарай 93% құрайды;

  • Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалаған халық үлесі 2009 жылы 52% құраған, 2015 жылға қарай 58 % құрайды;

  • Тұтынушылардың өңірлік ақпараттық өнімге қажеттілік деңгейі 2009 ж. – 45,5%, 2015 жылға қарай 49,5% құрайды;

  • Мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы халықтың ел дамуының негізгі басымдықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылу деңгейі 2009 ж. – 87,5%, 2015 жылға қарай 94% құрайды.;

  • Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі 2009 жылғы 21%-дан 2015 жылы 25%-ға дейін ұлғаяды;

  • Жастар саясатын іске асыруға қатысатын жастар ұйымдарының үлесі 2015 жылы 38%-ға дейін ұлғаяды;

  • Жастар отансүйгіштігінің деңгейі (социологиялық сауалнаманың мәліметтері бойынша) 2009 жылғы 70%-дан 2015 жылы 73%-ға дейін ұлғаяды;

  • 14 жастан 29 жасқа дейінгі халық арасындағы жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі 2009 жылғы 7,3 баллдан 2015 жылы 7,8 баллға дейін ұлғаяды;

  • Жастар арасындағы нашақорлық деңгейі 2009 жылғы 17%-дан 2015 жылы4%-ға дейін төмендейді;

  • Жастардың жастар саясаты саласындағы бағдарламалық құжаттар және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпараттану деңгейі 2009 жылғы 77%-дан 2015 жылы 83%-ға дейін ұлғаяды;

  • Мемлекеттік тілді меңгерген облыс халқының үлесі (2009ж.-85,5%) 2013 жылы - 94,0% , 2015жылға қарай 96 % құрайды;

  • Атқарушы және өкілетті билік органдарындағы әйелдер үлесі 2013 жылы - 10%, 2015 жылы -15% құрайды, 2009 жылы 4,9% құраған;

  • Әйелдердің айлық жалақысының ерлердің айлық жалақысына қатынасы 2011-2015 жылдары кем дегенде 75% қамтамасыз етіледі;

  • Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімінің болжамдық деңгейі 2015 жылы 50% деңгейден кем емес (2009 ж. – 50%);

  • Жалпы қылмыстардың болжамдық деңгейі (10 мың тұрғынға шаққанда) 2015 жылы 45-тен жоғары емес (2009 ж. – 38,7);

  • Халқы 5 мың және одан көп адамды құрайтын қалалар мен елді мекендердің ТЖ кезінде шұғыл әрекет ету күштерімен қамтылуы;

  • Мұрағат ақпаратын пайдаланушылар сұрақтарына оңды жауаптар беру үлесі 2015 жылы 80% құрайды (2009 жылы– 68%).

Қаржыландыру көздері және қажетті қаржыландыру көлемдері*

2011 жыл – 141 596 млн.теңге;

2012 жыл – 161 640,3 млн.теңге;

2013 жыл – 212 809,3 млн. теңге;

2014 жыл – 194 987,5 млн.теңге;

2015 жыл – 162 339,2 млн.теңге.

* - қаржыландыру көлемдері 2011-2013 жылдарға арналған бюджет бекітілгеннен кейін нақтыланатын болады



2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫҢ ТАЛДАУЫ
2.1. Өңір ахуалының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері
Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан және батысы мен шығысында Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, оңтүстігінде – Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Жамбыл облысының аумағы 144,2 мың шаршы км-ді немесе Республика аумағының 5,3%-ын құрайды.

Аумағының басым көпшілігі жазық жер болғанына қарамастан, Жамбыл облысы табиғатының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Шу өзенінің солтүстік бөлігі - сазды немесе тасты Бетбақдала шөлі. Шу өзенінің оңтүстігіне қарай айдар-айдар, жон- жон болған құмдары бар Мойынқұм құмы жатыр. Облыстың оңтүстік-батысында Қаратау сілемдері (биіктігі 1600 м.) бар. Шығысы мен оңтүстік-шығысында Іле Алатауына барып бітетін Кіндіктас тауы (биіктігі 1503 м.) орналасқан. Облыстың климаты континентальды, бұл температураның барынша құбылмалылығына және жауын-шашын көлемінің аздығына алып келеді. Қаңтардағы орташа температура жазық жерлерде - 15°С, таулы жерлерде -6 -8°С; шілдеде тиісінше +16°С и +24 +25°С. Жауын-шашынның жылдық көлемі жазық жерлерде 300 мм-ге дейін, таулы аймақтар мен тауларда 500-700-ден 1000 мм-ге дейін. Таулы аймақтар мен жазық жерлердегі вегетациялық кезең – 205-225 күн. Өңірде су объектілері өте көп: Балқаш көлі, Көккөл көлі, өзендер, сарқырамалар, Тасөткел және Теріс Ащыбұлақ су қоймалары.

Облыста 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала бар. Облыс халқы 1042,9 мың адам немесе Республика халқының 6,4%-ын құрайды. Әкімшілік орталығы – Тараз қаласы.

Облыстың инвестициялық тартымдылығын минералдық-шикізат ресурстары көлемінің көптігі мен оңды табиғи-климаттық жағдайларының болуы белгілейді, бұл өнеркәсіп дамуының дәстүрлі бағыттарымен бірге жаңа өндіріс орындарын ашуға да жағдай жасайды.

Жамбыл облысында пайдалы қазбалардың бай қорлары бар: олар – фосфориттер, плавиктік - шпаттық шикізат, алтын, Амангелді кен орнындағы газ.

Облыста сонымен бірге төмендегідей пайдалы қазбалар қоры бар:



    • түсті металл (мыс, молибден, алтын, күміс, селен, теллур, қорғасын және мырыш және т.б.), уран

    • барит (Шығанақ кен орны)

    • көмір (Шу көмір бассейні, Құлан кен орны)

    • әрлеу, көркемдеу және техникалық тастар (гранит, амазонитті гранит, мәрмәрлар, әктас, техникалық және түсті халцедон, үлгілік шикізаттар, гематит-қантас, хлорит-анартастар)

    • құрылыс материалдары (асбест, тальк, слюда, құмтас, цементтік және керамзиттік шикізаттар, гипс және ангидрит және т.б.)

    • газ

    • минералды тұздар (ас тұзы –Майдагенкөл көлі, жемдік тұздар – Тұзкөл)

    • жерасты сулары.

Облыс аумағынан ТРАСЕКА көлік дәлізі өтеді. Сондай-ақ 2012 жылға қарай «Батыс Европа – Батыс Қытай» автобанынының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жоба облыс арқылы өтетін тасымалдаудың 300 млн. тоннаға дейін жетуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ облыс облыстық мәндегі және қатты төсенішті автокөлік жолдарының жоғары тығыздылығымен сипатталады.

Жол төсеніштері сапасының төмендігі (аудандық мәндегі жолдардың 42%-ы қанағаттанарлықсыз деңгейде), жүк көліктерін жөндейтін сертификатталған сервистік орталықтардың жоқтығы, автобустық жылжымалы құрамның ескіруінің жоғары деңгейі (автобустардың жартысынан астамы 13-14 жылдық автобустар) Жамбыл облысының көлік саласының негізгі мәселелері болып табылады.

Алғашқы құрылыс материалдары: гипспен, шағылмен, құммен, сары топырақпен жабдықталуы Жамбыл облысының құрылыс саласының күшті жағы болып табылады.

Облыста биязы жүнді қой шаруашылығын дамытуға оңды жағдайлар бар, алайда мал шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау және оны алғашқы өңдеу бойынша инфрақұрылымның жоқтығы бұл саланың даму әлеуетіне кедергі болуда. Сонымен қатар, көкөніс өсіруге оңтайлы табиғи-климаттық жағдайлар да көкөніс сақтау жөніндегі өндіріс қуаттарының шектеулілігіне байланысты толығымен іске асырыла алмауда.

Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін өнеркәсіптің экспортқа бағытталған ірі саласы – тыңайтқыштар өндірісі белгілейді.

Өндіріс саласында кокс пен күкірт қышқылы сияқты шикізаттың базалық түрлерінің жоқтығынан тыңайтқыштар өндіру шектелуде.

Әлеуметтік саладағы ахуал халықтың табиғи өсімінің оңды қарқынды демографиялық жағдайымен көрініс беруде.

Денсаулық сақтауды дамытудың проблемалық мәселелерін мақсатты түрде қаржыландыру бойынша қабылданған шаралар медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын барынша жақсартуға, ана мен бала өлімінің, әлеуметтік маңызды аурулармен ауырудың көрсеткіштерін, медициналық кадрлардың жетімсіздігін төмендетуге мүмкіндік берді.

Білім беру саласын дамытумен қатар бұл халықтың ауылдық жерлерде тұрақтандыруға оңды алғышарт береді.

Соңғы жылдары экономикалық белсенді халық саны артуда және жалпы жұмыссыздық деңгейі төмендеуде.

Сонымен бірге, қолда бар әлеуетті толық қолдануға мүмкіндік бермейтін және экономиканың дамуын кешеуілдететін жағымсыз жақтары да бар.

Өндіріс күштерін таратудағы аумақтық сәйкессіздік, қосымша құн шеңберіндегі өнеркәсіптік буындарының жоқтығы аудандар мен қалалардың дамуындағы әркелкілікке алып келуде.

Көптеген кәсіпорындардың қазіргі заманғы технологиялық жабдықтарымен жарақтандырылуының төмендігі және негізгі өндірістік қорларының барынша ескіруі энерго-, еңбек-, материал сыйымдылығының өсіміне және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Аграрлық өнеркәсіп кешенінің негізгі проблемаларына мыналар жатады: еңбек сыйымдылығы процесінің әлсіз механизациясы, ауыл шаруашылығы техникаларының ескіруінің жоғары деңгейі, мал шаруашылығында жоғары өнімді генетикалық материалдың және өсімдік шаруашылғында асылтұқымды тұымдардың үлесінің төмендігі, мал шаруашылығының шикізаттарын дайындау, сақтау және алғашқы өңдеу және көкөністерді сақтау жөніндегі инфрақұрылымның жоқтығы.

Агроөеркәсіптік кешен құрылымындағы жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың үстемдігі (шаруалардың мал союының көптігіне, санитарлық бақылау нормаларын сақтамаумен және әлсіз жемдік базамен байланысты), сондай-ақ қайта өңдеу өндірістерінің технологиялық жарақтануының әлсіздігі өнім сапасына әсер етеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақтауарлылығы кең ауқымды асыл тұқымды сұрыптау жұмыстарын жүргізуге, ғылыми негізді ауыспалы егісті сақтауға, қазіргі заманғы технологияларды кеңінен пайдалануға, өндіріс процестерін механизациялау мен автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.

Өнеркәсіпті дамытудың жағымсыз жақтарына өндірісті әртараптандырудың төмен деңгейін жатқызуға болады.

Инфрақұрылым дамуының жеткіліксіз деңгейі ауылдық елді мекендерді тұрақты дамытудың негізгі мәселесі болып табылады.

Коммуналдық шаруашылық объектілерінің ескіруі жалпы алғанда жоғары деңгейде. Қаратау және Жаңатас қалаларының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындар сумен қамсыздандыру жүйесінің ескіргендігінен (65-70%) суды тәулік бойы беруді қамтамасыз ете алмайды. Төмен тарифтер, халықтың қызмет төлемдерін төлеу деңгейінің төмендігі бұл саланы инвестиция мен жеке бизнес үшін тартымсыз етеді.

Негізгі қорлардың өте қатты ескіруінен жылу қуатының суммарлық шығындары 2009 жылы 21,5%-ды құрады. Электр қуатының нормативтік шығындары 22%-ды құрайды.

Денсаулық сақтауды дамытудың әлсіз жақтарына дәрігерлік кадрлардың жетімсіздігін, денсаулық сақтау мекемелері ғимараттарының физикалық және моральдық ескіру деңгейінің артуын, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемелерінің қаржылық ресурстарға үздіксіз қосымша қажеттілігін жатқызуға болады.

Білім беру саласының әлсіз жақтары 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылуының төмендігінен, педагогикалық кадрлардың жеткіліксіздігінен, білім беру ғимараттарының физикалық және моральдық жағынан барынша ескіруінен көрініс береді.



2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының талдауы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет