БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



бет5/26
Дата22.02.2016
өлшемі4.65 Mb.
#1769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Балық шаруашылығы


Облыста 13281 га балық шаруашылығы қоры бар. Бұл қосымша жемсіз су қоймалары өнімді болса, жылына 60 кг/га-дан 797 тоннаға дейін балық өндіруге мүмкіндік береді.

1980-1990 жылдарға дейін облыстағы балық балық аулау 550 тонна деңгейінде болатын. Қайта жаңғыртылмаған балық аулау ісі мен браконьерлік салдарынан балық аулау 2007-2009 жылдары 140 тоннаға дейін түсіп кетті. Сондықтан сала алдында бұл көрсеткішті 2015 жылға дейін 350 тоннаға жеткізу міндеті тұр.

Облыста бүгінгі күнде жергілікті мәндегі балық шаруашылығын жүргізуге жарамды деген тізімге қосылған 87 балық шаруашылығы су қоймалары бар, оның ішінде 60 су қоймасы пайдаланушыларға бекітілген.

Республикалық бюджет есебінен 2010 жылы бекітілмеген су қоймаларына 11 млн. теңге сомасында балықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Саланың негізгі мәселелері мыналар: облыста балықты тереңінен өңдеумен айналысатын жеке меншік балық өңдеу кәсіпорындары аз. Көптеген су қоймаларын пайдаланушылар балық қорын өндіруде өздерінің алдарында тұрған міндеттерін толығымен түсінбейді де. Олар жүргізіп отырған шаруашылық саясаты қалпына келтіруді ойламай тек балықты аулай беруге саяды. Балық шаруашылығы саласындағы әлсіз бәсекелестік және оның өнімдерінің бағаларының жоғарылығы да су қоймаларын балықтандыруды кешеуілдетуде.

Су қоймаларындағы су деңгейінің тұрақсыздығынан, кейбір жағдайларда тіптен судың жоқтығы алдағы жылдары жүргізілген жұмыстарды жоққа шығаруы мүмкін, себебі кішкене шабақтың тауарлық балыққа айналуына дейінгі кезең 3 жылдай уақытты керек етеді.

Электр тогын пайдалануға негізделген браконьерлік шаралары су қоймалары үшін үлкен қауіп төндіреді.
Су шаруашылығы

Облыс өзендерінің суммарлық жылдық орташа көпжылдық ағыны 4,2 млрд. м3 деп бағалануда, оның 70%-ға жуық беткі ағыны облыс шекарасынан тыс жерде – Қырғызстан Республикасында қалыптасады.

Шу, Аса, Талас өзендерінің және тағы басқа өзендердің ағыны су қоймаларындағы су тораптарымен ретке келтірілген, ал Жамбыл облысындағы суару жүйелері суару жүйелеріндегі судың таралуын қамтамасыз ететін тежеуіш-реттеуіш бас тоған имараттарымен жабдықталған.

Қазақстан Республикасының шеңберінде Шу өзенінің бассейнінде 109 мың га жер суарылады. Мұнда облыстағы ірі суару жүйелері орналасқан: Георгиевка - 24 мың га, Тасөткел - 47 мың га, ЗБЧК-ның Меркі бұтағы - 19,7 мың га, Далақайнар - 3,0 мың га, және орта және төменгі ағыстағы бірқатар кіші жүйелер.

Шу өзенінің бассейніндегі ірі гидротехникалық объектілер мыналар: басты шығыны 43 м3/с Георгиевка суару каналы, көлемі 620,0 млн. м3 Тасөткел су қоймасы, екі каналы бар Тасөткел су торабы, Фурмановка су торабы.

Талас өзенінің бассейнінде Қырғызстан Республикасының аумағында сыйымдылығы 520 млн. м3 Киров су қоймасы салынған, ол облыс объектілерін маусымдық су беруді реттеуде пайдаланылады. Тараз қаласының аймағында Талас бөгеті салынған, одан Базарбай (19 м3/с), Таластың сол жағалауы (34 м3/с), Сеңкібай (10 м3/с) магистралдық каналдарына жіберілетін бас тоғандар іске асырылады.

Байзақ ауданының суармалы жерлеріне Талас өзенінен су беру үшін магистралды каналдарға екі жағынан да су бере алатын, шығыны 3 м3/с Темірбек бөгеті салынған. Темірбек бөгетінен төменіректе Талас ауданының суармалы жерлеріне су жіберуді қамтамасыз ететін шептік бас тоғаны бар Жиембет бөгеті орналасқан. Жиембет магистралды каналының су жіберу қабілеті 6,0 м3/с, каналға 4,3 мың га суармалы жерлер қарайды. Талас өзенінің төменгі жағында шеттік бас тоғаны бар Ойық бөгеті салынған, оның су жәберу қабілеті 23 м3/с және оған 4,36 мың га суармалы жерлер қарайды.

Аса өзенінің бассейнінде, Теріс өзенінің ағынында сыйымдылығы 158 млн.м3 Теріс-ащыбұлақ су қоймасы салынған.

Аса өзенінің жоғары жағында Күркіреу су өзенінің сарқырамасының тұстамасынан төменде торламалы су түбі бас тоған ғимараты салынған, одан 2,93 мың га жерді суаруға арналған су өзеннің сол жағалауына Райыс каналына (3 м3/с) атқылайды.

Аса су торабы ғимараттың құрылымы жағынан ірі және бірегей су торабы болып табылады, одан шығатын су химиялық зауытқа , Жамбыл ауданының суармалы жерлеріне беріледі және су ағыны Аса-Талас каналымен Талас өзенінің бассейніне бұрылады. Тараз қаласынан төменде Талас каналының суынан Талас өзені ағынының бір бөлігі Аса өзенінің бассейніне беріледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы «Бірқатар су шаруашылығы объектілерінің мемлекеттік меншік түрлерін өзгерту туралы» № 255 қаулысын орындау барысында Жамбыл облысы әкімдігінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 107 қаулысымен облыстағы су шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары облыстың 6 ауданына – Байзақ, Жамбыл, Меркі, Қордай, Талас және Шу, аудандарында ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 280 бұйрығына сәйкес Жамбыл облысындағы жалпы ұзындығы 3398,27 км суару каналдарының есепке алу жүргізілді, оның ішінде 1543,83 км магистралдық және шаруашылық аралық каналдар, 1854,41 км шаруашылық ішілік желілер бар. Коллекторлық-кәріздік желілердің ұзындығы - 376,08 км, гидротехникалық ғимараттар саны - 16, су қоймалары мен әуіттер - 127.

1543,86 км магистралдық және шаруашылық аралық каналдардың 383,265 км-і республикалық мемлекеттік меншікке, 896,31 км-і – коммуналдық мемлекеттік меншікке, 17,51 км-і – су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері, 176,68 км-і – жеке меншікке тиесілі болса, 70,1 км-і – иесіз каналдар.

376,08 км коллекторлық-кәріздік желілердің 190,58 км-і - коммуналдық мемлекеттік меншікке, 48,0 км-і - жеке меншікке тиесілі болса, 137,5 км-і – иесіз болып табылады.

Су шаруашылығы – Жамбыл облысы экономикасының базалық саласы, халықтың өмір сүруі мен экологияның тұрақтылығы осы салаға байланысты, гидротехникалық ғимараттардың ескіргендігінен су шаруашылығы қызметінде судың барынша көп шығын болуы орын алуда.

Саланың проблемалары. Суару мәдениеті болмасы да суармалы жерлердің барынша жылдам дамуынан экожүйенің тұрақтылығын ескерместен өзен ағындарын реттеу жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол берді: 1995 жылға дейін барлық гидрометрикалық посттарда өзеннің төменгі сағаларында ағын көлемін төмендету әлеуеттері байқалған, бұл флора мен фаунаның тозуына, топырақтың сорлануына және шөлдену процесінің өсуіне алып келеді.

Экономиканы реформалау нәтижесінде су шаруашылығының бірегей жүйесі ұсақталып кетті және оны басқару қиындады, су пайдаланушы суды тиімді пайдалануды ескермеуде, Гидромелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайы нашарлауда, суару жерлері шаруашылық айналымынан шығуда.

Бір жүйенің түрлі бөліктерін иелік ететін жеке меншік иелерінің бірлесе жұмыс атқармауынан су беруде ауытқушылықтар болуда, гидротехникалық ғимараттарда апаттар орын алып, су беру қызметінің тарифтері артуда.

Жамбыл облысының АӨК-і шекарааралық, мемлекетаралық су объектілерінің ағынан бөлуге толығымен байланысты.

Бөгеттерді жөндеуге көп мөлшерде мемлекеттік капитал салымдарының бөлінгендігіне қарамастан, облыстың бір де бір су қоймасы толық көлемде жұмыс жасау алмауда: Тасөткел су қоймасының жобалық қуаты 620 млн. м3 болғанымен 350 млн.м3 –ден аспайтын су жинайды, ал Теріс-ащыбұлақсу қоймасының жобалық қуаты - 158 млн. м3, жиналатын су – 100 млн.м3.

Облыстағы су шаруашылығының коммуналдық кәсіпорындары жыл сайын 850 млн.м3 суды тұтынуға береді. Бұл ретте бірқатар су шаруашылығы жүйелеріндегі су шығыны 50%-ға дейін жетеді, жер асты сулардың деңгейінің көтерілуіне және топырақтың екінші қайтара тұздануынан суару аумақтарының жоғалуына алып келеді.

Мелиоративтік және ирригациялық жүйе жағдайларының нашарлауы суару жерлерін шараушылық айналымынан шығарды. 1986 жылы жүргізілген есепке алу нәтижелері бойынша қолда бар 278 мың га суармалы жерлерден бүгінгі таңда 226,5 мың га бар, оның 126,7 мың га жеріне облыстың коммуналдық кәсіпорындары, 27,6 мың га-на - «Таразсу шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының меншігінде. Басқа 72,2 мың га жердің жағдайын зерделеу үшін мониторинг жүргізу қажет.

Көптеген шаруашылықішілік науалық суармалар иесіз қалды және қирап бітті, суару жүйелері қазір негізінен судың барынша ысырап болуы мен тазалануымен болатын каналдардан тұрады.

Суаруға арналған суларды тиімді пайдалану жүйесінің жоқтығы судың нормадан тыс көп мөлшерде ысырап болуына алып келеді және оның бәсекеге қабілеттілігін төмендете отыра, өнімнің өзіндік құнының құрылымында суаруға арналған шығындардың үлесін арттырады.

Мелиорацияланған жерлерді кепілді түрде сумен қамсыздандырса Жамбыл облысы еліміздің барлық өнеркәсіптік өңірлеріне және экспортқа ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткеруші бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет