Бағдарламасы «Металды өндеу технологиясының тәжерибесі»



Дата12.07.2016
өлшемі146.5 Kb.
#195499
түріБағдарламасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласынын ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК



ПОӘК 042-18-8.1. 110/02- 2014

ПОӘК

Пәннің бағдарламасы

«Металды өндеу технологиясының тәжерибесі»

студенттерге арналған


№1 басылым

11.09.2014


ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК К ЕШЕНІ

«Металды өндеу технологиясының тәжерибесі» пәнінен

5В012000 – «Кәсіптік оқыту»

мамандығына арналған
ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ


Семей



2014

1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы Жайлаубаев Д.Т.

«Машина жасау технологиясы және механика» кафедрасының профессоры, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.





2. ТАЛҚЫЛАНҒАН

2.1. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Машина жасау технологиясы және механика» кафедрасының отырысында
« 02 » 09 2014 жылғы № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі т. ғ. к.,Токаев С.Д.

    1. Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік

бюро отырысында

« _ 05_» 09 2014 жылғы № _1_ хаттама
Төрайымы Толеубекова С.С.

3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

« _ 11_ » 09 2014 жылғы № 1 хаттама
ОӘК кеңесінің төрайымы Искакова Г.К

4.Бірінші рет енгізілді



М А З М Ұ Н Ы




1.

Жалпы ережелер




2.

Пән мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу




3.

Пәнді оқып үйрену бойынша әдістемелік нұсқау




4.

Курс форматы




5.

Курс саясаты




6.

Баға қою саясаты.






  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1. Оқытушы мен пән туралы жалпы мәліметтер


  • Жайлаубаев Д.Т., профессор «Машина жасау технологиясы және механика» кафедрасы

  • Ақпараттық байланыс – № 10 оқу корпусы, № 3 кабинет

  • Сабақ өткізу орны Металды өңдеу технологиясының тәжерибесі – № 10 оқу корпусы, № 3 аудитория

  • Пәннің атауы – « »

  • Кредиттер саны – 2.


1.2. Жұмыстық оқу жоспарынан көшірме (3.1-кесте)
Кесте 3.1 – Жұмыстық оқу жоспарынан көшірме


Курс

Семестр

Кредиттер

ДС

ЗС

СОӨЖ

ОӨЖ

Барлығы

Қортынды бақылау формасы

2

2

2

15

15

30

30

90

емтихан


1.3. Пән мазмұнының қысқаша сипаты
«Металды өңдеу технологиясының тәжерибесі» – конструкциялық және аспаптық материалдардың құрлысын, құрылымын, қасиеттерін және олардың беріктендірілу тәсілдерін; сонымен бірге машина бөлшектері мен бұйымдар жасаудың өндірістегі прогрессивті технологиялық тәсілдерін оқытады. Олар: әртүрлі құю тәсілдері және қысыммен өңдеу, пісіру, механикалық кесу сияқты дайындамалардың пішінін қалыптастыру технологиясы.

Болашақ маман технологиялық машиналар мен қондырғылардың эксплуатациялық техникалық сипаттамаларын және машиналар мен олардың тораптарының жұмыс сенімділігін қамтамасыз етуді, сонымен бірге оларды жасап шығарудың экономикалық тиімділігін білуі керек.


1.4. Курстың мақсаты
Аталған курстың мақсаты – студенттерге, келешекте арнаулы пәндерді оқып-үйренуге және мамандық бойынша практикалық қызметіне қажетті, материалдардың құрлысы мен қасиеттері, машина бөлшектері мен дайындамалар жасаудың негізгі технологиялық әдістері туралы білім беру; қазіргі заманғы өндірістің мүмкіншіліктерімен, өңдеудің әртүрлі технологиялық әдістерінің даму және жетілдірілу перспективаларымен, сондай-ақ конструкциялық материалдарды өңдеу және беріктендіру тәсілдерімен таныстыру.
1.5. Курстың негізгі міндеті
Курсты оқытудың негізгі міндеті – студенттерге:

 конструкциялық материалдардың құрлысы мен қасиеттерінің негізгі заңдылықтарын;

 термиялық және химия-термиялық өндеу режимдерін белгілеуді;

 көміртекті және қосындылы болаттар мен шойындар, түсті металл қорытпаларын топтастыру мен маркалауды;



 металл және металл емес материалдарды дұрыс таңдап, қолдана білуді және сонымен бірге, аталған курстың негізгі міндеті студенттерге белгілі мәліметтер (анықтамалар, заңдылықтар, есептерді шешу тәсілдері) қорын ғана беру емес, оларды қолдана білуді үйрету.
1.6. Пәнді оқыту нәтижесінде студент:


5В012000 – «Кәсіптік оқыту»мамандығының бакалаврі жоғары базалы білімнің (бакалавриат) мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес:

  • технологиялық машиналар мен қондырғылардың қажетті эксплуатациялық қасиеттерін қамтамасыз ететін материал, оның құрлысы, қасиеттері сонымен бірге бастапқы және соңғы термиялық өңдеу режимдері туралы түсінігі болуы керек;

  • өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін машина бөлшектері мен дайындамаларын алу мен өңдеудің технологиялық тәсілдерін білуі керек;

  • конструкциялық материалды дұрыс таңдап, қажетті қасиет мен құрылым алу мақсатында өңдеу тәсілдерін белгілеуді меңгеруі керек;

  • материал құрылымын металлографиялық талдауды; әртүрлі өңдеу тәсілдерінен кейінгі дайындаманың механикалық қасиеттерін; қалып, өзекше, поковка және пісірілген конструкциялар жасауға практика жүзінде дағдылану керек;

  • конструкциялық және аспаптық материалдар, олардың құрлысы мен қасиеттері, металл және металл емес материалдардан машина бөлшектері мен бұйымдар жасау технологиясына, термиялық өңдеудің әртүрлі тәсілдерінің технологиясына компетентті болу керек.


1.7. Курстың басты деректемелері:


  • Физика;

  • Химия;


1.8. Курстың деректемелері:


  • Машина жасау технологиясы;

  • Машина бөлшектері және құрастырмалау негіздері.

2. ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
Кесте 2.1 – Пән мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу





Тақырыптар атауы

Сағаттар




ЛК

ТЖ

СОӨЖ

СӨЖ




1

2

3

4

5

6




Модуль 1 Металдардың атомдық-кристалдық құрлысы

1

Металдардың атомдық-кристалдық құрлысы

2

2

2

6

8.1.1-бет81-105

8.1.2-бет5-36

8.2.1-бет21-54

8.2.2-бет8-45

2

Кристалдану кезіндегі металл құрылымының қалыптасуы

2

2

2

6

8.1.1-бет125-154

8.1.2-бет68-117

8.2.1-бет51-88

Модуль 2 Қорытпалар теориясы

3

Қорытпалар теориясы

2

2

2

6

8.1.1-бет106 -125, 155-168

8.1.2-бет119-131

8.2.1-бет100-142

8.2.2-бет142-160

4

Металдардың пластикалық деформациясы мен механикалық қасиеттері

2

2

2

6




Модуль 3 Термиялық өңдеу теориясының негіздері

5

Термиялық өңдеу теориясының негіздері

2

2

2

6

8.1.1-бет169-219

8.1.2-бет156-227

8.2.1-бет199-283

6

Термиялық өңдеу технологиясы

2

2

2

6

8.1.1-бет169-219

8.1.2-бет156-227

8.2.1-бет199-283

Модуль 4 Конструкциялық және аспаптық болаттар мен қорытпалар

7

Конструкциялық болаттар мен қорытпалар

2

2

2

6

8.1.1-бет249- 272

8.1.2-бет144-155, 252-376

8.2.1-бет181-198, 303-471

8

Түсті металдар мен олардың қорытпалары

1

1

1

3

8.1.1-бет707- 745, 773-775

8.1.2-бет434-494


Б а р л ы ғ ы

15

15

15

45

90



3. ПӘНДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Курсты оқып-үйренуге кірісер алдында тақырыптың негізгі мәселесін меңгеріп шығуға ерекше көңіл бөлу керек.

Бұл мақсатқа пайдалануға осы оқу-әдістемелік кешен ұсынылып отыр. Оқу-әдістемелік кешеннің міндеті – студенттердің оқулықтармен жұмыс істеуін жеңілдету болып табылады. Әрбір тақырыптың қысқаша дәрістер конспектісі студенттің өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтарымен аяқталады.

Пәнді игерудегі ең маңызды мәселе – оқулықты дұрыс таңдай білу. Бір мезгілде бірнеше кітапты пайдалануға болмайды. Ұсынылған әдебиеттер арасынан – біреуі, негізгі оқулық ретінде таңдалып алынуы шарт. Қалған оқулықтар немесе методикалық әдістемелер, егер қажетті материал негізгі оқулықта болмаған немесе жеткіліксіз қамтылған жағдайда пайдаланылады.

Пәнді арнайы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, көрсетілген ретпен тақырыптар бойынша оқып-үйренуді мақсат еткен жөн. Оқулықпен жұмыс істегенде міндетті түрде берілген материалды сараптап, қажетті схемалар (сызықтар) мен диаграммаларды өздігінен салып үйренуге бейімделу шарт. Осыдан кейін бақылау сұрақтарына жауап беру керек.

Оқу материалдарын, егер сен практикалық шешімдерге теорияны дұрыс қолдана білген жағдайда ғана толық меңгердім деп есептеу керек.
4. КУРС ФОРМАТЫ
Дәріс сабақтары аптасына бір рет СОӨЖ-бен бірге 50 минуттан, практикалық сабақтар аптасына бір рет (СОӨЖ-ді қоса есептегенде) 50 минуттан, ал тәжрибелік сабақтар аптасына бір рет (СОӨЖ -ді қоса есептегенде) 100 минуттан өткізіледі. Курс форматы – аралас. Дәріс сабақтары неғұрлым күрделі, проблемалық сұрақтарға арналады. Дәріс құрылымы – тақырыпты талқылау немесе блиц-сұрақтар (10-15 минут), дәріс (25-30 минут), материалды қайталау, және ОСӨЖ-ға бөлінген 5-10 минут уақыттан тұрады. Сабақ жүргізудің мұндай формасы студенттен жеке, жүйелі жұмыс істеуді және жаңа дәріс тақырыбы бойынша материалды білуін қажет етеді.

Тәжрибелік сабақтар теориялық материалды неғұрлым терең меңгеруге мүмкіндік беретін практикалық жұмыстарға арналады.

Аудиториялық ОСӨЖ уақыты дәріс немесе тәжрибелік сабақтарға әзірлену процесінде, сонымен бірге жеке үй жұмыстарын орындау кезінде туындайтын сұрақтарды қарастыруға арналады.

Сонымен бірге, аптасына бір рет, кафедра бекіткен график бойынша әрбір студентпен жеке немесе топ студентерімен консультация түрінде бір сағаттық ОСӨЖ сағаты өткізіледі.

Пәнді оқып-үйренуге бөлінген оқыту уақытының үштен бір бөлігінде, сендер әрбір аудиториялық сабаққа міндетті даярлық; үй тапсырмаларын орындау; пәннің кейбір теориялық сұрақтарын оқып-үйрену сияқты жеке, менің көмегімсіз жұмыс істеулерің шарт.

Жеке жұмыстарға арналған тапсырмалар түрлері СОӨЖ және СӨЖ жоспарының кестесінде келтірілген.
5. КУРС САЯСАТЫ
Мен, пәнді оқып-үйренуге бөлінген барлық кезең барысында, Сіздерге мен қоятын талаптар бойынша біз өзара түсіністік табамыз деп үміттенемін.

1. Сабаққа міндетті түрде қатынасу. Мен Сіздерден сабаққа кешікпеуді және сабақ уақытында әңгімелеспеуді сұраймын. Әрбір дәріс және тәжрибелік сабақтарға қатынасу 1 баллмен бағаланады, ал әрбір босатылған сабақ үшін Сіздерге минус 1 балл қойылады.

Әрбір атқарылмаған сабақ үшін Сіздер тағы екі баллмен жазаға тартыласыздар. Сонымен бірге, атқарылған сабақ үшін Сіз максимал баллға ие бола алмайсыз.

2. Белгілі себеп бойынша сабаққа келмеу, сізді пәнді міндетті әрі толық игеруден босатпайды. Мен, сіздің факультет басшылығы берген анықтама-рұқсат қағазыңызды маған көрсеткеннен кейін, сізді сабаққа кіргіземін. Сіз босатылған сабақтар бойынша, өз еркіңізбен меңгеру үшін, өтеу мерзімі белгіленген тапсырма аласыз. Мұндай жағдайда, ешқандай айып санкциясын қолданбаймын, бірақ сіз босатылған сабақ үшін бірде-бір балл алмайсыз.

3. Сіз оқу процесінде аудиториялық сабақтарға белсенді қатысып, үй жұмыстарын белгіленген мерзімінде уақытымен және тиянақты орындауға міндеттісіз. Жауапкершілікті әрі пунктуальды болу керек. Бұл сізге жоғары рейтингтік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді.

4. Аудиториялық сабақ кезінде сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіріліп тұруы керек.

5. Сіздер шыдамды, ашық әрі курстастарың мен оқытушыға мейірімді болуларыңыз керек.

6. Қорытынды бақылау (емтихан) компьютерлік тестілеу формасында өткізіледі. Әрбір тест сұрағына 5 жауап беріледі, олардың біреуі дұрыс жауап болып табылады. Тест тапсырмалары қатаң түрде жұмыстық бағдарламаға сай құрастырылған. Емтиханға дайындалу үшін оқу-әдістемелік кешенде сұрақтар келтірілген.
6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

«Материалтану және машина жасау технологиясы» пәні бойынша баллдардың бөлінуі апта бойынша кетеде көрсетілген.

Кесте 2


Апта

Тексеру түрі

Барлық

баллдар

Ескерту

1

2

3

4




Барлық аудиториялық сабақтарға қатысуы 1 –дан 7-ші аптаға дейін

30




1

Лекция тақырыптары мен лабораториялық сабақтар бойынша ағымдағы тексеру 1




Лабораториялық жұмысты қорғау

2

Лекция тақырыптары мен лабораториялық сабақтар бойынша ағымдағы тексеру 2

5

Лабораториялық жұмысты қорғау

3

Лекция тақырыптары мен тәжірбиелік сабақтар бойынша ағымдағы тексеру 1

20

Тәжірбиелік жұмыс бойынша отчет

т

Лекция тақырыптары мен лабораториялық сабақтар бойынша ағымдағы тексеру 3

10

Лабораториялық жұмысты қорғау

5

Лекция тақырыптары мен лабораториялық сабақтар бойынша ағымдағы тексеру 4

20

Лабораториялық жұмысты қорғау

Үй тапсырмасы

15

СӨЖ

Бақылау жұмысы

15

СОӨЖ орындау

6


Лекция тақырыптары мен тәжірбиелік және лабораториялық сабақтар бойынша ағымдағы тексеру

25

Лабораториялық жұмысты қорғау

7

Аралық бақылау 1 – лекция материалдары бойынша тестілеу 1-6

60

Тест-бақылау

Лекция тақырыптары мен тәжірбиелік сабақтар бойынша ағымдағы тексеру2

25

Тәжірбиелік жұмыс бойынша отчет




Үй тапсырмасы

45

СӨЖ




Бақылау жұмысы

30

СОӨЖ орындау

1-ші және 7-ші оқу апта аралығындағы корытынды балл саны

300







Барлық аудиториялық сабақтарға қатысуы 8 –ден 15-ші аптаға дейін

30




8

Лекция тақырыптары мен лабораториялық сабақтар бойынша ағымдағы тексеру Қалыпты жағдайдағы көміртекті болаттың микроструктурасы мен құрылымын зерттеу

5

Лабораториялық жұмысты қорғау

Тәжірбиелік жұмыстың ағымдағы бақылауы

5

Тапсырманы орындау

9

Лекция тақырыптары мен лабораториялық сабақтар бойынша ағымдағы тексеру Чугун микроструктурасы мен құрылымын зерттеу

5

Лабораториялық жұмысты қорғау

Тәжірбиелік жұмыстың ағымдағы бақылауы

15

Тапсырманы орындау

10

Лекция тақырыптары мен лабораториялық сабақтар бойынша ағымдағы тексеру Мыс қортпалары негізіндегілердің құрылымы мен қасиеті

5

Лабораториялық жұмысты қорғау

Лекция тақырыптары мен лабораториялық сабақтар бойынша ағымдағы тексеру Көміртекті болат күйдіру

5

Тәжірбиелік жұмыс бойынша отчет

11

Лекция тақырыптары мен лабораториялық сабақтар бойынша ағымдағы тексеру Алюмини қортпалары негізіндегілердің құрылымы мен қасиеті

10

Лабораториялық жұмысты қорғау

12

Лекция тақырыптары мен лабораториялық сабақтар бойынша ағымдағы тексеру

5

Лабораториялық жұмысты қорғау

Текущий контроль практической работы Тәжірбие жұмысын ағымдағы тексеру

10

Тапсырманы орындау

Үй тапсырмасы

30

СӨЖ

Бақылау жұмысы

30

СОӨЖ орындау

13

Лекция тақырыптары мен лабораториялық сабақтар бойынша ағымдағы тексеру Болатты шынықтыру және босату

5

Тәжірбиелік жұмыс бойынша отчет




Аралық бақылау 2

60

Тест-бақылау




Үй тапсырмасы

30

СӨЖ




Бақылау жұмысы

15

СОӨЖ орындау

8-ші және 15-ші оқу апта аралығындағы корытынды балл саны

300




Экзамендегі қорытынды балл

400




Академиялық аралықтағы қорытынды балл

1000





Егер студент сырқаттанып қалуына немесе белгілі себепке байланысты сабақ босатуына байланысты межелік бақылауды белгіленген уақытында тапсыра алмаған болса, онда студент межелік бақылауды жеке тапсыруына құқығы бар. Мұндай жағдайда факультет деканы студентке емтихан сессиясына дейін жеке межелік бақылауды тапсыру мерзімін белгілейді. Пән бойынша қорытынды бақылауға (емтихан) семестрдегі екінші рейтингілік баллы 50%-ке тең немесе одан жоғары студенттер жіберіледі.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет