БАҒдарламасы мойынқұм ауылы 2012 жыл мазмұны кіріспе



бет2/7
Дата21.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#151766
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7




ИСО сапа менеджменті жүйесі аудандағы 4 кәсіпорындар мен ұйымдарда енгізілді.

Оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында 1 ұйым, телекоммуникациялық және байланыс қызметін көрсетуде – 2, басқа салаларда – 1.

Халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген мемлекеттік старндарттарға, оның ішінде менеджмент жүйесі стандарттарына деген сұраныс 2009 жылмен салыстырғанда 25%-ға артты.

9001 сериялы ИСО талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және ендіру ауданның 1 кәсіпорнында жүргізілуде.


Агроөнеркәсіптік кешен



Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларынан тұратын агроөнеркәсіптік кешеннің аудан экономикасындағы ролі зор. 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1468,3 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 79,7%-ды құрады. Ал ЖӨӨ-дегі үлесі 18,2% . Оның ЖӨӨ-дегі үлесінің 2005 жылғы 22,5%-дан төмендеуі, өнеркәсіп және байланыс салалары үлесінің артуынан болды.

Аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің үлес салмағы ауыл шаруашылықтың облыс көлемінде 3,7%-ды құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенде ауданның еңбекке жарамды халқының 1,2%-ы жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы дақылдары 2565,5 мың га. жерді алып жатыр, бұл аудандағы жалпы жер алқабының 50,8%-ын құрайды. Егіс алқаптарының негізгі алаңдарын дәнді және жемдік дақылдар (жалпы егіс алқаптарының 76,9%-ын) құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымының 80%-ын халық шаруашылығының өнімдері, 20%-ын – шаруа қожалықтарының өнімдері, құрайды, бұл ретте шаруа қожалықтарының саны аудандағы барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарының 100%-ын құрайды.

Ауыл шаруашылығының өңірлік өнімдерінің құрылымында мал шаруашылығы 84,2%, өсімдік шаруашылығы 15,8% үлеске ие. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өңірлік өнімінің құрылымындағы өсімдік шаруашылығының үлесі төмендеді, ол 2005 жылы 29,8% болса, 2009 жылы – 15,8%-ды құрады.

Өсімдік шаруашылығы үлесінің төмендеуі егіс алқаптарының және дәнді дақылдар өндірісі көлемінің қысқаруымен негізделген. Дәнді дақылдардың егіс алқабы 2009 жылы 3,7 мың га. құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 2,6% -ға кем.

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндіруді арттыруда оңды серпілістер байқалуда, жабдықтармен және ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталу артуда.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымы

Кесте 6




2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, барлығы

1200,8

100

1216,7

100

2016,7

100

1842,1

100

1468,3

100

оның ішінде:

- өсімдік шаруашылығы


358,4

29,8

318,3

26,2

945,7

46,9

519,6

28,2

232,1

15,8


- мал шаруашылығы

842,4

70,2

898,4

73,8

1071,0

53,1

1322,5

71,8

1236,2

84,2

2005-2009 жылдардағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,2 есеге артты және 2009 жылы 2005 жылғы 1,2 млрд. теңгеге қарсы 1,5 млрд. теңгені құрады. 2009 жылы нақты көлем индексі 122,8% болды (6 кесте).



2009 жылы өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 0,23 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 35,2%-ға кем. 2008 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырауы (НКИ – 92,7%) байқалғандығын атап өтуіміз керек, бұл жағымсыз табиғи жағдайларға байланысты өсімдік шаруашылығы (85,3%) өнімінің құлдырағандығымен негізделді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру

Кесте 2




2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

мың тонна

мың тонна

мың тонна

мың тонна

мың тонна

Өсімдік шаруашылығы өнімдері

Дәнді және дәндібұршақты дақылдар

1,1

0,6

0,6

1,3

1,4

Күнбағыс

0,06

0,02

0,04

0,03

0,03

Картоп

2,9

1,9

2,1

1,0

1,1

Көкөністер

4,9

2,0

2,6

2,34

2,5

Бақша дақылдар

5,9

6,8

6,7

7,1

6,2

Мал шаруашылығы өнімдері

Тірі салмақтағы ет

3,4

3,4

3,5

3,5

3,5

Еттің сойыс салмағы

1,8

1,8

1,8

1,8

1,9

Сүт

7,7

7,8

7,9

8,0

8,1

Жұмыртқа млн.дана

2,8

2,39

2,9

2,9

2,9

Жүн

0,3

0,4

0,33

0,3

0,3






2010жыл

2011 жыл










мың тонна

мың тонна










Өсімдік шаруашылығы өнімдері

Дәнді және дәндібұршақты дақылдар

1,1

0,6










Күнбағыс

0,06

0,02










Картоп

2,9

1,9










Көкөністер

4,9

2,0










Бақша дақылдар

5,9

6,8










Мал шаруашылығы өнімдері

Тірі салмақтағы ет

3,4

3,4










Еттің сойыс салмағы

1,8

1,8










Сүт

7,7

7,8










Жұмыртқа млн.дана

2,8

2,39










Жүн

0,3

0,4










2009 жылы дәнді дақылдардың жалпы жиналымы 1,4 мың тоннаны, картоп 1,1 мың тоннаны, көкөніс 2,5 мың тоннаны және бақша дақылдары – 6,2 мың тоннаны құрады.

Ауданда мал шаруашылығы өндірісінің көлемінің тұрақты өсу қарқыны байқалуда, ол 2005-2009 жылдары 1,5 есеге арты және 2009 жылы 2005 жылғы 0,8 млрд. теңгеге қарсы 1,2 млрд. теңгені құрады.

Жылдан жылға ет, сүт, жүн өндіру, барлық мал түрлерінің өнімділігі мен мал басы артуда. Мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіруде халықтың жеке меншік қосалқы шаруашылықтарының үлесі басым, мұнда 72,7% ет, 67,7% сүт, 100% жұмыртқа, 60,9% жүн өндірілген.

2005-2009 жылдары ет өндіру (тірі салмақта) 3%-ға артты және 2009 жылы 2005 жылғы 3,4 мың тоннаға қарсы 3,5 мың тоннаны құрады. Сүт сауу 2005 жылдан бері 5%-ға артты және 2009 жылы 8,1 мың тоннаны құрады. Мал басының артуына қарамастан жүн өндірісінің өсімі байқалмайды.

Мал басын арттыру, қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыстарының тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда. Бүгінгі таңда 2 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істеуде.

Ауданда ветеринарлық биологиялық препараттарды пайдалану бәсекелес ортаға берілген, емдеу-сауықтыру шараларын лицензияланған 20 ветринар дәрігерлер іске асырады. Аудан аумағында малдың 25 жұқпалы аурулары бойынша алдын-алу шаралары жүргізіледі, ол республикалық бюджеттен қаржыландырылады, басқа науқастар бойынша шаралар мал иелерінің өз қаржылары есебінен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасындағы 2006-2010 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде аудандағы ауылшаруашылығы құрылымдарын қолдауға республикалық бюджеттен 2010 жылға – 10,7 млн. теңге бөлінді.

Ауданда ауылдық кредиттік серіктестіктерді дамыту бағдарламасы мен ауылдағы микрокредиттеу бағдарламасы дамуда, оның мақсаты ауылдық кредиттік серіктестіктерді кредиттік қаржылармен қамсыздандыру болып табылады. Құрамында 46 шаруа қожалығы бар 1 ауылдық кредиттік серіктестіктер құрылды. 2010 жылы жалпы сомасы 20,8 млн. теңге кредит берілді, бұл 2009 жылға қарағанда 9,4 млн. теңгеге кем.

Су шаруашылығы

Аудан шеңберінде Шу өзенінің бассейнінде 40 мың га жер суарылады.

Шу өзенінің бассейніндегі ірі гидротехникалық объектіге Фурмановка су торабы жатады.

Саланың проблемалары. Суару мәдениеті болмаса да суармалы жерлердің барынша жылдам дамуынан экожүйенің тұрақтылығын ескерместен өзен ағындарын реттеу жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол берді: 1995 жылға дейін барлық гидрометрикалық посттарда өзеннің төменгі сағаларында ағын көлемін төмендету әлеуеттері байқалған, бұл флора мен фаунаның тозуына, топырақтың сорлануына және шөлдену процесінің өсуіне алып келеді.

Экономиканы реформалау нәтижесінде су шаруашылығының бірегей жүйесі ұсақталып кетті және оны басқару қиындады, су пайдаланушы суды тиімді пайдалануды ескермеуде, Гидромелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайы нашарлауда, суару жерлері шаруашылық айналымынан шығуда.

Бір жүйенің түрлі бөліктерін иелік ететін жеке меншік иелерінің бірлесе жұмыс атқармауынан су беруде ауытқушылықтар болуда, гидротехникалық ғимараттарда апаттар орын алып, су беру қызметінің тарифтері артуда.

Мойынқұм ауданының АӨК-і ауданаралық су объектілерінің ағынан бөлуге толығымен байланысты.

Су шаруашылығы жүйелеріндегі су шығыны 50%-ға дейін жетеді, бұл жер асты сулардың деңгейінің көтерілуіне және топырақтың екінші қайтара тұздануынан суару аумақтарының жоғалуына алып келеді.

Бәсекелестікті дамыту


Ауданда бәсекелестікті дамыту үшін, кәсіпкерлік қызметті дамыту мен жалпы бәсекелес ортаны жақсарту үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі шаралар іске асырылуда.

Шағын және орта бизнес барынша жоғары қарқынмен дамуда, белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілері 2009 жылы 2005 жылғы 975 бірлікке қарсы 1220 бірлікті құрады.

Соңғы үш жылда 154 сауда объектілері, оның ішінде 146 дүкендер, 60 қоғамдық азық-түлік объектілері, 13 қызмет көрсету объектілері енгізілді, онда 472 жұмыс орындары ашылды.

Ауданда негізгі азық-түлік тауарларына деген бағаның артуына жол бермеу туралы қажетті шаралар қабылданды. Негізгі азық-түлік тауарларының 27 түрі бойынша баға мониторингі күн сайын жүргізіледі, оның ішінде 18-і Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік-маңызды тауарлар. Азық-түлік тауарлары мен олардың қоймаларда қалған қалдықтарының қорының апталық мониторингін жүргізу іске асырылуда. Көтерме және бөлшек сауда жасайтын кәсіпорындармен азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың бағаларын негізсіз көтеруді болдырмау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Азық-түлік нарығы мен жанар-жағар май нарығындағы жағдайды реттеу жөнінде аудандық Штаб құрылды және ол жұмыс істеуде. Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына деген бағаның күрт өсуін болдырмау жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Ауданның ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімдерімен толтыру мақсатында Қырғызстаннан және Шу қаласынан жеміс-көкөніс өнімдері (картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, қызылша, қызанақ, қияр, жемістер, цитрустық өнімдер) әкелінеді, сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тегін және жеңілдікпен сауда орындары беріледі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады, арнайы белгіленген орындарда өз өнімдерін сатуға рұқсат берілген.

Жыл сайын күзгі мерзімде ауыл әкімдіктерінің ұйымдастыруымен апта сайын төмен бағамен жеміс-көкөніс өнімдерінің жәрмеңкелері өткізіледі.

Шағын және орта кәсіпкерлік


Өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік жолға қойылған экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең көлемді саласын қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің маңызды үлесін қамтамасыз етеді. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері өсу динамикасына ие, бұл экономиканың осы саласының дамуының оңды үрдістерінен көрініс береді. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жалпы атқарған жұмысы мен көрсеткен қызметтері 657,1 млн.теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2 пайызға артық.

2005-2009 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік

көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

8 кесте

Көрсеткіштер атауы

Жылдар




2005

2006

2007

2008

2009

Белсенді субъектілер саны, бірлік

975

1050

1154

1211

1220

Өнім шығару, млрд. теңге

364,6

370,0

461,7

644,1

657,1

Барлық жұмыс істейтіндер саны, мың адам.

2,0

2,0

2,1

2,5

2,6

Инвестициялар


Мойынқұм ауданындағы халықтың жан басына шаққанда инвестиция тарту көлемі 2009 жылы 52,9 мың теңгені құрады.

2008 жылы Мойынқұм ауданына тартылған инвестициялар көлемі күрт өскен, бұл құрылыс материалдарын (цемент, гранит өңдеу) өндіру салаларындағы жаңа жобалармен байланысты.

2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 16,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 3,3 есе артық.

Инновациялық белсенділік


Ауданның инновациялық белсенділігі өте төмен деңгейде. Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 2009 жылы 2,1%-ды құрады.

Өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның ұзақ мерзімді болашаққа даму әлеуетін жасау, экономикалық өсімнің инновациялық бағытын қамтамасыз ету төмендегі стратегиялық қимылдарды іске асыруды көздейді:

- инновациялық инфрақұрылым объектілерін құру және дамыту, инновациялық қызмет саласындағы кеңес беру қызметін көрсету жөніндегі желілерді ұйымдастыру,

- 2011-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық салаға инвестициялар салу мен инновациялық қызмет үшін жағымды қаржылық-экономикалық жағдайды қамтамасыз ету.



Сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2009 жылы 286,4 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2008 жылғы деңгейге – 104,2%.







2005

2006

2007

2008

2009

Сауда кәсіпорындары-ның тауар айналымы, млн. теңге

39,4

180,0

293,1

219,0

286,4


НКИ, %

122,9

4 есе

151,5

66,1

104,2


Халықтың жұмыспен қамтылуындағы сауданың үлес салмағы





2005

2006

2007

2008

2009

Жұмыспен қамтылған халық – барлығы: мың адам

17,33

17,49

17,59

17,84

18,67

Оның ішінде:

Сауда, автокөлік, жеке қолданыстағы тұрмыстық заттар мен бұйымдаржөндеу, – мың адам



0,22

0,22

1,6

0,87

0,80

Үлес салмағы, %-бен

1,3

1,3

9,1

4,9

4,3

Аудан халқын сауда аумақтарымен қамсыздандыру орташа облыстық деңгейден жоғары және ол 1000 адамға 40 шаршы метрді құрайды.

2009 жылы аудандағы сауда нүктелерімен қамсыздандыру 1000 адамға 4,6 бірлікті құрады, ең аз азық-түлік кәрзеңкесінің құны бір адамға 6,9 мың теңге.
Қоғамдық тамақтандыру қызметтері

млн. теңге




2005

2006

2007

2008

2009

Қызмет көлемі, барлығы:

7,9

37,4

34,6

37,3

27,3


2005-2009 жылдардағы бөлшек сауда динамикасы

млн. теңге




2005

2006

2007

2008

2009

Бөлшек тауар айналымы

39,4

180,0

292,5

219,0

286,4

Азық-түлік тауарлары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі

7,6

131,2

208,7

123,2

236,5

Азық-түлік емес тауарлар бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі

31,8

48,8

83,8

95,8

49,9

Соңғы үш жылда 11 сауда объектілері, оның ішінде 2 дүкен, 7 қоғамдық тамақтану объектілері, 4 қызмет көрсету объектілері іске қосылды, онда 26 жұмыс орындары ашылды.



Өңірлік экспорт



Тиімді сауда саясатын жүргізу өңірдің аумақтық дамуын, халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Мойынқұм ауданында экспорт көлемі 2009 жылы 1,3 млн. теңге болды. Негізінен барит концентратының 0,4 пайызы Ресейге экспортталады.




2.2.2 Әлеуметтік сала



Білім беру

Білім беру жүйесінде компьютерлермен, жаңа үлгідегі және кең ауқымды Интернеті бар кабинеттермен жабдықтау негізінде мектептерді материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттырудың тұрақты үрдісі байқалуда, бұл сапалы білімге қол жетімділікті арттырады. Гимназияларда оқығысы келетіндердің саны артуда. Бұл білім беру қызметтерінің деңгейіне және қазіргі заманғы талаптарға сай жағдайлар жасауға деген сұраныстың (конкурс мектептерге) артқандығының белгісі болса керек.

1 компьютерге келетін оқушы саны - 10, орнатылған мультмедиялық кабинет саны – 10, сатып алынған интерактивті тақта саны – 30.

Кәсіби мектепті бітірушілердің жұмысқа орналасу деңгейінің артуы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне және өңірдегі экономиканың әртүрлі салаларының маман кадрлармен қамтылуына мүмкіндік беруде.

Сонымен қатар, қолда бар әлеуетті толық пайдалануға және экономиканың дамуына кедергі келтіретін жағымсыз жайттар да бар, олар мектепке дейінгі білім берумен балалардың төмен деңгейде қамтылуы, техникалық және кәсіби біліммен қамтылудың кемдігі. Білім беру ғимараттарының физикалық және моральдық тұрғыдан барынша ескіргендігі 42-43%-ды құрайды, мектептердің 29,6%-ы ыңғайластырылған жайларда орналасқан, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру объектілерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы деңгейі талаптар мен стандарттарға сай емес.
Мектепке дейінгі білім беру

Соңғы бес жылда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 5 бірлікке және 1 шағын орталыққа көбейді.

2009 жылы 8 мектепке дейінгі ұйымдарда 530 тәрбиеленуші тәрбиеленді, 23,3%-дық қамту бар, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 15 %-ға артық (2007 - 6 МДБҰ, ондағы балалар- 453, қамту-11,8%). Статистикалық мәліметтер бала туудың арту үрдісінің тұрақтылығын көрсетуде. 2007-2009 жылдары 2259 бала туылған, бұл жыл сайын орташа 753 балаға сай келеді. 0-ден-15-ке дейінгі балалар санының артуы байқалуда, 2007 жылы -8450, 2009 жылы – 9506, өсім 756 бала.

Демографиялық өсім балабақшалардағы орыннның жетімсіздігіне алып келуде, ауданда 3672 мектеп жасына дейінгі бала бар, оның ішінде 2418 немесе 65,8% бала үйлерінде тәрбиеленуде. 253-тен (о.і.: аудан орталығында 148 бала) астам балалар мектепке дейінгі ұйымдарда кезекте тұр. Мектепке дейінгі білім берумен қамту ең өзекті мәселе болып отыр.

Бүгінгі таңда 17 ауылдық елді мекендерде балабақшалар жоқ. Ауданда балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 35%. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жеткіліксіздігі өте қатты байқалады.

Балабақша жүйесінде 48 педагогтар қызмет етеді, оның ішінде жоғары және бірінші санаттағылары – 42,9%. Мектепке дейінгі бала санының арту болжамы мен аудан бойынша 2015 жылға дейін жобалық қуаты 605 орындық балабақша құрылысының жоспары бұл салаға әлі де 95 маманды қажет етеді.

Жағымсыз жағдайларды, күрделі ұйымдастыру, құрылымдық қайта құру сияқты жағдайларды жеңіп шығу үшін мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту, республика дамуының қазіргі заманға әлеуметтік-экономикалық талаптарына сай мектепке дейінгі білім беру мамандарының дайындық сапасын жетілдіру қажет.
Орта білім беру

2007 жылы білім беру қызметін 29 мектеп, 1.10.2009 жылға 28 мектеп, 1.10.2010 жылға - 27 мектеп атқарды.

Аудан мектептерінде 2009 жылы 936 мұғалім, оның ішінде 78,8% (2007-73,7%) жоғары білімді мұғалімдер жұмыс істейді. Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі 36% (2007 жыл – 34 %). Мектептердегі оқушы санына қарағанда оқытушылар құрамының санының қатынасы 1000 оқушыға 167 педагогты құрайды. (облыстық көрсеткіш - 118).

Ауданда 1 мектеп гимназия, 5 бастауыш, 21 орта мектеп бар – барлығы 27 ұйым бар (2007-29), онда 5420 оқушы оқиды.

2009 жылы ауданда 21 аз жарақтандырылған ауылдық мектептер (АЖМ) болды немесе бұл жалпы мектептер санының 75%-ын құрайды. АЖМ-де 2009 жылдың 1 қазанында 2687 бала немесе аудан оқушыларының 47,9%-ы оқыды. 2010-2011 оқу жылында 19 аз жарақтандырылған мектептер болды. Аз жарақтандырылған мектептердің материалдық базасы 50-55%-ға жарақтандырылған.

2009-2010 оқу жылында барлық ауылдық мектептер екі аусымда жұмыс істеді, үш ауысымда жұмыс істеген мектеп болған жоқ.


Проблемалар. Апатты мектептер саны 2007 жылғы 3 бірлікке қарсы 1 бірлікті құрайды. Ауданда 1 бастауыш мектеп саманды ғимаратта (1961 жылдары пайдалануға берілген) орналасқан, сондықтан апатты мектептер саны өсетін болады. 19-тан астам білім беру ұйымдарына күрделі жөндеулер қажет, мұнда жөндеу жұмыстары соңғы 25-30 жылда жүргізілмеген.

Ауданның 3 орта мектебінде асхана жоқ, 19 мектептің асханаларындағы жабдықтардың ескіргендігі 70%-дан да асады. 22 мектептерде (78,6% отра білім беру ұйымдары) спорт залдар бар, оларды спорттық жабдықтармен қамсыздандыру керек. Бюджет қаржыларының есебінен мектептерге балаларды автобуспен апару бағдарламасы жоқ.

Мектептердің интерактивті тақталармен жарақтандыру деңгейі 25%-ды құрайды, облыстық орташа көрсеткіш-29%, Интернетке қосылған мектептердің үлесі - 25% (облыстық орташа көрсеткіш-88%).

2012 жылдан бастап оқушылар санының артуының болжамы тек апатты мектептерді ғана ауыстырып қана қоймай, жаңа мектептер салу қажеттілігін негіздейді.



Балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесі

Ауданда 41 жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар бар, бұл туылғаннан 18 жасқа дейінгі балалардың барлық санының 0,3%-ын құрайды, оның ішінде 41 бала –қорғаушыларының қамқорында. 2009 жылы ата-аналық құқықтан айрылған ата-аналар жоқ.

Жұмыспен қамту құрылымы

Еңбекке жарамды халық пен экономикада жұмыс істейтін халық саны аудан бойынша артуда. 2009 жылы экономикалық белсенді халық саны 19,1 мың адамды (2007 жылғы деңгейге қарағанда өсім- 3,8%) құрады, оның ішінде аудан экономикасында 18,7 мың адам (өсім- 6,3%) жұмыс істейді.

Жұмыспен қамту құрылымында жалдамалы жұмысшылардың саны 52%-ды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны- 48%-ды құрайды. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесінің жыл сайын артып келе жатқандығын айту керек, ол 2007 жылмен салыстырғанда 0,4 мың адамға немесе 4,6%-ға артты.

Жұмыспен қамту құрылымында экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмысшылар санының өсуі білім беру, құрылыс және денсаулық сақтау салаларында байқалуда.

2007 жылмен салыстырғанда білім беру саласында жұмыс істейтіндер саны 9,8% -ға (2,1 мың адамнан 2009 жылы 2,3 мың адамға дейін), құрылыста –144,5%-ға (0,3 мыңнан 0,75 мыңға), денсаулық сақтауда – 7,2%-ға (0,57 мыңнан 0,61 мыңға) артты.

Мемлекеттік басқаруда, білім беру мен денсаулық сақтауда жұмыс істейтіндер экономикада жұмыс істейтіндер құрылымында 2009 жылы 2007 жылғы 59,2%-ға қарсы 56,8%-ды құрады.

Өндірістік салада жұмыс істейтіндер саны 2007 жылмен салыстырғанда 22,5%-ға (2,0 мың адамнан 2,5 мың адамға) өссе, өндірістік емес салада –12%-ға (3,3 ден 3,7 мың адамға) артты.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2009 жылы экономикалық белсенді халыққа шаққанда 1,0%-ды құрады, 2010 жылы оның төмендегендігі байқалады.



Еңбек нарығы дамуының проблемалары:

1. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы теңсіздік сақталуда, дәрігерлер, монтажшылар, газоэлектродәнекерлеушілер, электриктер, ауыр жүк машинасын жүргізушілер барынша қажет мамандықтар болып табылады;

2. Оқыту процесінде оқулықтардың жоқтығынан кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздар үлесінің төмендеуі, бұл қоғамдық жұмыстарға көп көңіл аударуға алып келеді;

3. Жұмыссыздардың кәсіби дайындықтан өтуі үшін оқу орнын таңдау еркінің (әсіресе ауылдық жерлерде) жоқтығы, бұл жұмыссыздардың оқу орнын таңдау еркін және кадрларды кәсіби даярлау саласында квази-нарықтық қатынастарды қалыптастыруды шектейді;

4. Өз бизнесін ұйымдастыруға әлеуметтік көмек мөлшерінің жеткіліксіздігі;

5. Мамандықтар бойынша еңбек нарығындағы кадрларға ағымдық және болжамдық қажеттіліктің ғылыми негізделген мониторингінің жоқтығы;

6. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар мен маусымдық жұмыс істейтіндер үлесінің, әсіресе ауыл шаруашылығында, жоғарылығы; жастарды жұмыспен қамту мәселелері;

7. Әйелдер жұмыссыздығының жоғары деңгейі, жұмыс күшінің біліктілігінің төмендігі;

8. Азаматтардың еңбек құқығын бұзу фактілерінің орын алуы;

9. Шетелдік жұмыс күшін тарту да еңбек нарығына әсер етуде. Қазақстандық жұмыс берушілердің объектілерді толығымен салып беруге 100 пайыздық шетелдік мамандардың қатысуымен болатын келісімдер жасауы;


Халықты әлеуметтік қорғау.

Әлеуметтік қолдау жүйесін қалыптастыруға объективті қажеттілік ауданда сақталып отырған кедейшілікпен байланысты. Кірістері кедейшілік деңгейінен төмен халықтың үлесі 2005-2009 жылдары 13,5% -дан 4,8%-ға төмендеді.

Барынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді қамсыздандыру мақсатында әлеуметтік төлемдер қарастырылған: атаулы әлеуметтік, тұрғын үй көмегі, балалардың жәрдемақылары, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аз қамтылған азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем. Атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар, тұрғын үй жәрдемақылары республикалық (29%) және жергілікті бюджет (71%) есебінен қаржыландырылады.

Өткен екі жылда халықтың өмір сүру деңгейінің көтерілгендігіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны да қысқаруда, ол төлемдердің орташа көлемінің 1,2 есеге артуы кезінде 1,3 есеге қысқарып отыр, бұл жәрдемақының атаулылығын және оның барынша кедей азаматтарға бағытталуының күшейгендігін көрсетеді.



Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы проблемалар:

1. Халықтың табыс деңгейі әлі де төмен деңгейде қалып отыр;

2. Мойынқұм ауданы халқының 66%-дан астамының кірістері облыстық орташа деңгейден төмен;

3. Жұмыспен қамтылған халықтың 30%-ы еңбекақысы төмен салаларда жұмыс істейді;

4. Әлеуметтік көмек мөлшері – Қазақстан Республикасындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі;

5. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санында еңбекке жарамды азаматтар үлесінің жоғарылығы;

6. Кедейшіліктен шығу жөніндегі белсенді шаралардың тиімділігінің төмендігі, жұмыссыздық негізгі мәселе болып отырған ауылдағы кедейшілікті оқшаулау.

Дене шынықтыру және спорт

Мойынқұм ауданында 2009 жылы 1 орталық стадион, 25 спортзал, 56 спорт алаңы (32 футбол, 16 волейбол, 8 баскетбол), 1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс істеді. 2005 жылмен салыстырғанда спорт алаңдарының саны 10 бірлікке артты.

6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мекемелерімен жалпы қамту 84 адамға немесе 16,9%-ға артты. 41 спорт секцияларында 667 жасөспірім жаттығуда.

2010 жылы Мойынқұм ауданының 4 спортсмені спорт ойындарының әр түрінен Республикалық біріншіліктерге қатысты, олардың екеуі 2 орынды иеленді.

Ауданның спорттық мекемелерінде 71 тренер-оқытушылар жұмыс істейді, олардың ішінде 62 тренердің немесе 87,3%-ның жоғары және орта арнаулы дене шынықтыру мамандығы бойынша білімдері бар. Осы 71 тренер-оқытушылардың 16-сы спорт мектебіне, 53-і орта мектептерде, 2-і лицейде жұмыс істейді.

2010 жылы спортпен тұрақты түрде шұғылданатын халық саны 4,6 мың адамды құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 2,2 мың адамға көбейді .

Өткізілген талдаманың негізінде аудандағы дене шынықтыру мен спортқа кедергі келтіріп отырған негізгі мәселелер анықталды:



1. Материалдық-техникалық база мен спорттық инфрақұрылымдардың төмен деңгейі

Ауылдағы спорт мәселесі өткір мәселенің бірі болып отыр, онда материалдық-техникалық база жоқ. Ауылды жерлердегі 25 спорт залдардың 23-і жалпы білім беретін мектептерде және олар оқу сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады. Тек 8% спорт ғимараттары барлық халықтың пайдалануына берілген.



Тек қана спорт ғимараттарының жеткіліксіздігі ғана емес, оқу орындарындағы, халықтың жалпы демалыс орындарындағы спорт ұйымдарындағы құралдар мен жабдықтардың жоқтығы да байқалады..

2. Жалпы және балалар мен жасөспіоімдер спортының әлсіз дамуы

1991 жылдан бері дене шынықтыру мен спорт саласында дене шынықтыру ұжымдарының, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің, тұрғылықты жерлердегі жасөспірімдік клубтардың қысқаруына алып келген біршама өзгерістер болды. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісі бүгінгі таңда өңірдегі мектеп жасындағы балалардың 10,7%-ның ғана мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алады.



3. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру деңгейнің әлсіздігі және спорт саласындағы ғылыми базаның жоқтығы.

Спорт саласына білікті мамандар ауадай қажет.

Бүгінгі таңда біздің тренерлеріміз Дене шынықтырудың Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтымен 1983-85 жылдары әзірленген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істеуде. Біздің өңіріміз де, облыс та өзіндік ғылыми базасын қалыптастырмағандықтан, бүгінгі таңда қазіргі заманға сай ғылыми әдістемесіз қалды. Сондықтан да спорт мектептерінде спорт түрлері бойынша бірегей оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін емес, бұл спорттық резерв пен халықаралық сыныптағы спортсмендерді дайындауға жүйелі түрде келуді қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді.
Мәдениет

Мойынқұм ауданындағы мәдениет пен өнер мекемелерінің желісі 38 объектіні құрайды. Оның ішінде 13 клубтар, 5 мәдениет үйлері, 19 кітапхана, 1 мұражай бар. 2009 жылы мемлекеттік кітапханалардың кітап қорлары 222880 дана кітапты құрады. Мұражайлардың жалпы қоры 6200 экспонаттан тұрады.

2005 жылмен салыстырғанда мәдениет мекемелерінің желісі 6 бірлікке артты. 3 клубтар мәдениет үйлері, 3 кітапхана ашылып, 1 мобильді автоклуб сатылып алынды.

Саланың табыстары мен жетістіктері.

Бір кітапхана компьютерлендірілді.

2010 жылы ауданның клубтық кәсіпорындарында 332 іс-шаралар өткізілген, қамтылған көрермендер саны – 39,2 мың адам.

Концерттік ұйымдар 2009 жылы 6 концерт өткізді, көрермендермен қамтылуы - 6 мың адам.

Есепті кезеңде аудан мұражайларында 11 экскурсиялар өткізілді, түрлі тақырыптарға 24 көрме ұйымдастырылды.

Мұражай қызметкерлерімен аудан мектептерінде 8 дәріс оқылды.

Жүргізілген талдау нәтижесінде мәдениет саласының дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелер анықталды:

- ауылдық елді мекендердегі мәдениет мекемелері желілерінің жеткіліксіздігі;

- ауылдарда білікті мамандардың жеткіліксіздігі және ауылдық жерлердегі жұмыстың тартымсыздығы.

Сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базалары нашар дамыған, бұл жергілікті бюджеттен мәдениет саласын қаржыландырудың шектеулі деңгейімен байланысты.


2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен
Көлік

Мойынқұм ауданында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 650 км, оның ішінде республикалық маңызы бар – 132 км, облыстық –343 км, аудандық – 175 км құрайды.

Ауданның елді мекендерінде барлық автомобиль жолдары қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Соңғы 5 жылда жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын дамытуға 26 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Жергілікті мәндегі жолдардың 2,9 км күрделі жөндеумен, 0,4 км-і орташа жөндеумен қамтылды.

2010 жылы жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 37,6 млн. теңге қаржы бөлінді.

Аудан ішінде жолаушылар және жүк тасымалымен 17 жеке меншік тасымалдаушылар, 3 тасымалдаушы қалааралық бағыттарда қызмет көрсетеді.

2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша әр түрлі бағыттарда қызмет көрсететін жекеше автокөліктер (такси) 20 бірлікті құрайды.

Аудандық жолаушы-көліктік және автожол кешенінің басты мәселелері мыналар болып табылады:

-ауыр жүкті автокөліктермен бұзылатын жол табанының тасымалдау мүмкіндіктерінің жедел төмендеуі;

-жалпы пайдаланымдағы жол бойындағы сервис жүйелерінің жеткіліксіз дамуы (эстакадтар, автокөлік тұрағы, мотельдер, шұғыл көмек көрсетілетін пункттер);

-жол саласында білікті кадрлардың және инженерлерлік құрамының тапшылығы;

-жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жалға беруге мүмкіндік жасайтын құқықтық базаның болмауы;


Құрылыс

2010 жылдың 1 қаңтарына құрылыс қызметін 10 шағын барлық меншік түрлеріндегі мердігерлік ұйымдар іске асырды. 2010 жылы мердігерлік ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 1735 млн. теңгені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 6,9 есеге өсті (250 млн. теңге).

Мойынқұм ауданының ЖӨӨ-де құрылыс секторының үлесі 21,8%-ды, жұмыс істейтіндердің үлесі 12,3%-ды құрайды, бұл облыс бойынша орташа көрсеткіштен жоғары.

2009 жылы жалпы алаңы 2,8 мың шаршы метр құрайтын 32 пәтер пайдалануға берілді.

2005 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын жайлар көлемі 2,8 есеге өскендігін атап өту керек.

2010 жылғы 1 қаңтарға халықты үй қоры регистрінің мәліметтері бойынша ауданның тұрғын үй қорының жалпы көлемі 526,6 мың шаршы метрді құрайды.

2010 жылдың 1 қаңтарына халықты тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету адам басына 16,3 шаршы метр құрады, бұл да облыс бойынша орташа көрсеткіштен жоғары.

Мемлекеттік қорғау болмаса тұрғын үймен қамтамасыз етілу қысқарып, 2015 жылы бұл көрсеткіш адам басына шаққанда 16,2 шаршы метр құрайтын болады. Бұл тұрғын үйлерді пайдалануға берудің төмен қарқынымен және халық санының өсуімен түсіндіріледі.

Мойынқұм ауданы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны облыс бойынша орташа алғанда 1,3 есеге төмен.

Бағалар бойынша тұрғын үйлерге қол жеткізу деңгейі төмен.


Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
Сумен жабдықтау және су жүргізу

Аудан бойынша су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 134,17 км, оның барлығы ауылдық әкімдіктердің меншігінде.

2006 – 2009 жылдары жалпы ұзындығы 41,2 км құрайтын жаңа сумен қаматамасыз ету жүйелер салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 2009 жылы 2006 жылға қарағанда 2 есеге жуық су құбыры желілері іске қосылды.

Аудан бойынша орталық сумен жабдықтау 2010 жылдың 1 қаңтарына жалпы 37% құрады. Дегенмен 27 елді мекеннің 10-ы ғана (37%) орталықтан-дырылған сумен қамтамасыз етілген. 10 елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген, 2 елді мекен ашық су көзін (Балхаш көлі) пайдаланса, қалған 5 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды қолданады.

1991 – 2009 жылдары 5,93 км кәріздік желі істен шықты, олар Шығанақ, Мирный, Ақсүйек және Мойынқұм ауылдарының тазарту құрылымдары.

Тазарту құрылымдарының болмауы адам денсаулығына қауіп тудырады. Ағынды сулардың 80% алғашқы тазалаудан өтпестен сүзу алаңына келіп түседі.

Ауданның сумен жабдықтау және су жүргізу кәсіпорындарының негізгі қорлары тозған және жаңғыртуды қажет етеді.

Кәсіпорын қаржылық қиындықтарды бастан кешіруде. Қаржының жетіспеушілігі төмен тарифтерге, тұрғындардың қызмет көрсету төлемдерінің төмен деңгейіне, сонымен қатар тозған желілерді күтуге жұмсалатын көп ірі операциялық шығындарға байланысты орын алды.


Тұрғын үй қорын басқару

2010 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша тұрғын үй қоры жалпы 526,6 мың шаршы метрді құрайды, оның 99,2 пайызы жеке меншікте.


Электр энергетикасы

Аудан бойынша электр қуатын тасымалдау және таратумен «ЖЭС» ЖШС-гі айланысады. Аудан аумағада 1165 км электр тасымалдау жүйелері 0,4-110 кВ және 159 трансформаторлық қосалқы бекет 6-10-35-110—220 кВ бар.

Мойынқұм мауданына электр қуатын жеткізу, «ТЭЦ»АҚ-мы, «Гидроэнергетическая компания» ЖШС-гі және Қазақстанның солтүстік энергия көздерінен қамтамасыз етіледі.

Облыс аумағында орнатылған электр қуаты көздерінің қуаттылығы:

«ТЭЦ»АҚ - 60 МВт;

«Гидроэнергетическая компания » ЖШС-2,1 МВт құрайды.

Мойынқұм ауданында электр қуатының энерготапшылығы аудан экономикасының жоғары электрсыйымдылығына және халықтың тұрмыстық мұқтажына электр қуатын жоғары деңгейде пайдалануына байланысты.
Телекоммуникация.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жоспарлары мен даму стратегиясына сәйкес Мойынқұм аудандық телекоммуникация дирекциясының қызметі жаңа желіні ары қарай құруға және ұсынылатын жоғары сапалы байланыс қызметінің спектрін кеңейтуге бағытталған.

2009 жыл ішінде негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша біршама нәтижелерге қол жеткізілді.

Аудан бойынша 1.01.2010 жылғы жағдай бойынша телефондық аппараттардың саны 3890 бірлікті құрады, бұл 1.01.2007 жылға қарағанда 60%-ға жоғары, оның ішінде аудан орталығында – 2094 бірлікке (71%) және ауылдарда – 1796 бірлікке (22%) артық.

2010 жылдың 1 қаңтарына телекоммуникация құралдарының қолданыста болуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

Телефондық станциялардың саны – 19 (1.01.2007ж.–9), оның ішінде электрондық – 5 (1), оның ішінде ауылдық мекенде - 4 (0).

Аудан бойынша АТС-ң жалпы құрылған сыйымдылығы 4082 номерді (1.01.2007 ж. –2325 номерді), оның ішінде ауылдық округтерде 1980 номерді (360 номерді) құрады.

Құрылған сыйымдылықтың жалпы санынан – 2400 номер немесе 97%-ы (1.01.2007ж.–1504 номер немесе 100%-ы) аудан бойынша жаңа (сандық) технологиямен жұмыс істейді.

АТС-ның іске қосылған сыйымдылығы 3906 номерді немесе 99%-ды (1.01.2007 ж. – 1504 номерді немесе 100%-ды), оның ішінде ауылдық округтерде – 1803 номерді немесе 99%-ды (360 номерді немесе 100%-ды) құрайды.

Аудан аумағында жер бетіндегі спутниктік байланыс жүйесінің 12 станциясы жұмыс істейді (1.01.2007 ж. – 4 станция).

Аудан бойынша 100 тұрғынға шаққанда телефон тығыздығы 12 бірлікті, оның ішінде Мойынқұм ауылы - 1 бірлікті құрайды.

Аудан бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон тығыздығы 58 бірлікті, Мойынқұм ауылы - 12 бірлікті құрайды.

Кең желілі жетімділікті интернетті пайдаланушылар саны – 320.

«Электрондық үкіметті» қалыптастыру бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша ауданда ақпарат алмастырудың қағазсыз технологиясы енгізілген, «Адрестік регистр» АИС мәліметтер базасын (МБ) толықтыру жүргізілуде, облыс басқармаларымен берілістің жоғары сорттық желісіне орай байланыс құрылған. Құрылған сайтпен келесі е-қызметтері ұсынылады: ақпараттық жаңалықтар, мемлекеттік органдардың құрылымы және байланыстары туралы мәліметтер, орталық атқарушы органдардың ақпараттық ресуртарына сілтемелер, нормативтік актілер, қызмет көрсетуге тарифтер, жұмыстардың регламенті.

2010 жылы аудандық веб-сайттың редизайны және қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда портал арқылы 145 ақпараттық және 5 интербелсенді қызмет көрсету бар, оладың арасында электрондық қабылдау бөлмесі, мемлекеттік сатып алу бойынша қызмет көрсету және басқа.

Аудан әкімдігінде 1 сайт енгізіліп жұмыс істеуде.

Халықты компьтерлік сауаттылыққа оқыту орталығы ашылған.

Басқару органдарын компьютерлік техникамен қамту пайызы 80% құрайды, Интернет желісіне қосылу байланыс каналында орташа 100 kb/s өткізу қабілеттілігімен бірге ұйымдастырылған.


2.2.4. Аумақтық даму

Ауданда 11 ауылдық, 5 поселкелік округтер, 27 ауылдық елді мекендер бар. Орта есеппен аудан халқының 27%-ы аудан орталығында тұрады.

Ауданда тұратын халық саны 32,3 мың адам. Аудан жері 50,5 мың шаршы шақырым (км.) аумақта орналасқан. Халықтың орналасу тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 0,6 адамды құрайды.

Ағымдағы санақ мәліметі бойынша аудан орталығы Мойынқұм ауылында 8,8 мың адам тұрады, бұл 2009 жылдың басымен салыстырғанда 0,1 мың адамға көп.

Мойынқұм жер көлемі ең үлкен саналатын аудан (жер көлемі 50,5 мың шаршы метр), халық ең аз тұратын өңірге жатады, ауданда бар болғаны 32,3 мың адам тұрады.

Халық саны бойынша ең үлкен ауылдар-Бірлік пен Шығанақ, онда орта есппен 3,2 мың адамнан тұрады. Қалған округтерде халық біркелкі орналасқан деуге болады, 5 округте - 1,5-2,0 мың, тағы да 5 округте 1,0-1,4 мың адам, 3 округте 1,0 мың адамға дейін тұрады.

Ауданның урбанизациялану үрдісі облыстың басқа өңірлерімен ұқсас қалыпта дамуда, бұл үрдістің бастапқы, негізгі бастаулары бұрынғы жоспарлы экономика кезінде қалыптасқан.

Мойынқұм – ауданның әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, білім және мәдениет орталығы. Осы себепті Мойынқұм ауылы бүкіл ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуының басты бағыттаушы күші болып табылады. Бұл тарапта, ауылдармен салыстырғанда, әсіресе, оның инфрақұрылымдарының дамуы зор ықпал етуде.

Ауданның өнеркәсіпті аумағында негізінен аудан халқының 3/1 бөлігі тұратын поселкелік округтер (Хантау, Мирный, Ақбақай, Ақсүйек, Шығанақ және Мыңарал а/о) орналасқан.

Мойынқұм ауданында тұрғындардың, өндіріс орындарының және инфрақұрылымның орналасуында бірқатар диспропорциялар бар. Бұл мәселені реттеу үшін аумақтарды дамытудың неғұрлым жоғары деңгейіне көшу қажет – барлық аудандарда аумақтарды дамыту жоспары болуы тиіс. Қазіргі таңда мұндай жоспар жасалмаған.

Ауылдық елді мекендердің (АЕМ-дің) жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін оларды әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдармен тиісті нормативтер деңгейінде, ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автокөлік жолдары, электр қуаттары, байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету қажет.

2009-2010 жылғы оқу жылында ауданда барлығы 5420 оқушылары бар 27 ауыл мектептері жұмыс істесе, оның ішінде бастауыш мектептер – 5, негізгі мектептер – 1, орта мектептер – 22 бірлікті құрады.

2010 жылдың басына ауыл мектептерінде 874 мұғалімдер жұмыс істесе, олардың ішінде жоғары білімдісі – 719, орта арнаулы білімдісі – 148, орта білімдісі 7 адамды құрады. Ауыл мектептерінде жоғары білікті дәрежелері бар 176, бірінші білікті дәрежелері бар 185 мұғалім жұмыс істейді.

2010 жылдың басына Мойынқұм ауданының ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетумен 38 мемлекеттік мәдениет мекемелері жұмыс істесе, оның ішінде мәдениет үйлері мен клубтар – 18, кітапханалар – 19, мұражайлар – 1 бірлікті құрады.

2010 жылдың басына аудан бойынша жалпы саны 17378 адамды (53,8%) құрайтын 10 ауылдық елді мекен (37%) орталықтандырылған ауыз сумен, жалпы саны 8654 адамды (26,8%) құрайтын 10 ауылдық елді мекен (37%) орталықтандырылмаған ауыз сумен, жалпы саны 6269 адамды (19,4%) құрайтын 7 ауылдық елді мекен (26%) ашық су көздері немесе тасып әкелінетін ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Ауылдық жерлердің автокөлік жолдарын дамыту үлкен маңызға ие. Ауданда жергілікті мәндегі жолдар 518 шақырымды құрайды, оның ішінде 343 шақырым жол – облыстық мәндегі, 175 шақырым жол – аудандық мәндегі жолдар. Олардың ішінде 290 шақырым жол күрделі жөндеуді, 273 шақырым жол орташа жөндеуді қажет етеді. Бұл жұмыстарға барлығы 7,2 млрд. теңге қаржы қажет.

Аумақтарды дамытудағы басты нысаналы өлшеуіш – ауылдық елді мекендердің экономикасының тұрақты өсуі, әлеуметтік-экономикалық деңгейінің дамуы, жоғары әлеуетті даму сатысындағы ауылдық елді мекен сандарының артуы болып табылады.

Жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарына әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша, аудан құрамында 27 елді мекенді біріктіретін 16 ауылдық округ бар, олардың 2-і – экономикалық даму әлеуеті жоғары, 21-і – орта, 3-еуі – даму әлеуеті төмен елді мекендерге жатады және 1 елді мекенде тұрғындар тұрмайды. Мемлекеттік қолдау шаралары ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейлерін қамтамасыз ету үшін, ең біріншіден, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық елді мекендерге бағытталуда.


Аймақтың экологиясы

Ауданның қоршаған орта бойынша экологиялық жағдайы соңғы үш жылда тұрақтанып келеді.

Өнеркәсіптік сала кескінінде аудандағы жалпы шығарындылар көлемінің 16,9 пайызы тау-кен өндіру өнеркәсібіне тиесілі.

Ауданда 600-дей шаруашылық жүргізуші субъектілер, оның 457-сі шаруа қожалықтары түріндегі ауылшаруашылық құрылымдар, 23 ауылшаруашылық кәсіпорындары, рұсаты бар 114 табиғат пайдаланушылар тіркелген. Алынған рұқсаттарына сәйкес атмосфера шығарындаларының жалпы көлемі-2026 тонна, ластаушы заттарды ағын суға тастау-6800 тонна болады деп жоспарланған, ал шығарындылардың пайда болуы 2,9 млн. тонна болады деп күтілуде.

Жалпы аудан бойынша қоршаған ортаны ластайтын ірі көздер «Ақбақай ТМК», «Кен» ЖШС, Орталық аудандық аурухана, «Құлан ТБ» ЖШС, «Шығыс кен басқармасы»ЖШС және Шығанақ стансасындағы ПЧ-49.

Ауданда 28 млн. тонна өнеркәсіп шығарындылары жинақталған, оның 21,9 млн. тонна ридиоактивті шығарындысы Ақсүйек (16,92 млн.тонна) және Мирный (4,98 млн.тонна) поселкелері маңында, бұрынғы уран шығарған кәсіпорындар аймағында жатыр. Қазіргі таңда осы шығарындыларды жою және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.



Сала мәселелері.

Ауданда жалпы ауданы 26,4 га, 318,2 мың тонна қатты-тұрмыстық қалдықтар жинақталған полигон жасауға бөлінген 15 қалдық жиналған жерлер тіркелген. Аудан орталығында ағын суларды реттейтін орталықтандырылған жүйе жүргізілмеген.

Ауданның елді мекендерінде сарқынды суларды тазалау және бөлу жүйесі жоқ. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын арнайы полигондар соғылмаған.

«Құлан ТБ» ЖШС кәсіпорнында көмір қалдықтарын жинауға өндірістік бақылау қанағаттанғысыз жағдайда.

Мал өлекселерін тастайтын жердің құрылысы және оған қаражат бөлу шешілмеген.

Тау-кен кәсіпорындарында қалдықтарды қайта өңдеу және жою мәселелері шешілмей келеді.

Атмосфералық ауаның жағдайына, қозғалмалы және тұрақты ластаушы көздердің шығарындыларына, тау-кен кәсіпорындарындағы жер асты суларының жағдайына өндірістік мониторинг жүргізілмейді.

Аудандық орталық ауруханада тазарту құрылымын іске қосу аяқталмай келеді.

«Доре» зауытында цианисты қоспалардың қалдығын сақтайтын жаңа картаның құрылысы жүргізілмеген.
2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Өңірді дамытудың негізгі бағыттарын талдау - әлеуметтік, экономикалық инфрақұрылымдық, аумақтық даму, сонымен бірге билік институтарының бағыттары Мойынқұм ауданында қазіргі таңда билік органдары мемлекеттік қызмет көрсетудің тұтынушыларының, ең әуелі азаматтардың алдында міндеттемені тиімді орындай алатынын көрсетеді.

Мойынқұм ауданында автожол қатынасы, олардың бизнес қажеттілігіне сәйкестігі әлсіз деп бағалануда, олай болса, кәсіпкерлікті және шағын орта бизнесті дамыту үшін жағдай жақсы болуы тиіс. Лизинг және факторинг секілді арнайы қаржылық қызмет көрсету әсіресе өңдеу өндірісінің компанияларына қажет, бірақ бұл қызметтердің бүгінгі деңгейі ауданда бизнес қажеттілігіне сәйкес келмейді.

Кадрлар саласындағы жағдайды өте нашар деп бағаланып отыр: инженерлерді және техникалық мамандарды, мамандандырылған жұмысшыларды табу өте қиын, өндірістік және техникалық дағдыларды мейлінше жетілдіру, жаңа технологиялық тәсілдерге үйрету үшін біліктілікті арттыру бағдарламасын табу айтарлықтай қиын. Кәсіби және жалпы білім беру сапасын төмен. Әсіресе, өндіріс саласында жеткізушілердің үлкен жетіспеушілігі көрінеді. Бизнес үшін маңызды барлық бағыттар бойынша ынтымақтастық ауданда мүлде реттелмеген.

Егер аудан әкімдігінің түрлі саладағы жағдайды өзгерту бойынша күш - жігерін қарастырсақ, барлық салалардағы әкімдіктің саясатын оңды деп көрсетуге болады. Жоғары дәрежедегі кемелділікті ауданда аумақтық жоспарлау (жер нарығы), шетел инвестицияларын тарту және денсаулық сақтау секілді саясат салалары қажет етеді. Жалпы аудан бойынша әкімдіктің саясаты құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздік саларында ерекше оңды бағаланады.



Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Ауданда 1 саяси партияның, 4 үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары, оның ішінде 1 жастар ұйымы, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының аудандық кеңесі жұмыс істейді. Өзара іс-қимылдың аса маңызды институттары ретінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Акиматтың қоғамдық кеңесі 2.



Өңірлік ақпараттық кеңістікті дамыту

1 БАҚ тіркелген және жұмыс істейді.


Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.

14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 2010 жылы 9752 адамды құрайды. 2007 жылмен салыстырғанда өсім 5% құрады. 2 жастар ұйымы, 1 жастар орталығы жұмыс істейді. Жастар ұйымдары санының өсімі байқалмайды: 2007 – 2 , 2008 – 2 , 2009 – 2 , 2010 – (өсім динамикасы 0%). Жылдан жылға жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны өсуде. Атап айтқанда, егер 2007 жылы жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны 1824 адамды құраса, 2010 жылы - 2925 адам (өсім динамикасы – 38%). Жастардың жастар саясаты саласындағы іс-шараларға қатысуының сандық өсімі байқалады. Атап айтқанда, егер 2007 жылы іс-шараларды іске асыруға 2731 адам қатысса, 2010 ж.- 4876 адам (өсім динамикасы – 44%).

Сонымен бірге жастардың барлық деңгейдегі мәслихаттарда қатысуының төмен деңгейі байқалады. 2010 жылы мәслихатта жастардың өкілі жоқтың қасы.

Мемлекеттік орган мен жастар бірлестіктерінің өзара іс-қимыл институты әкімдіктің жастар ісі жөніндегі кеңесі болып табылады.



Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудегі, өңірлік ақпараттық кеңістікті дамытудағы, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы негізгі проблемалар мыналар:

- үкіметтік емес сектордың аудандық деңгейде дамуының төмен деңгейі;

- ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейінің төмендігі;

- әлеуметтік-елеулі жобаларды орындау сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы;

- мәслихаттағы жастар санының төмен деңгейі;

- өңірлік ақпараттық саланың бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі.


Тілдерді дамыту

Аудан халқының 90% астамы мемлекеттік тілді меңгергенін ескере отырып тіл саясаты ең алдымен аймақта тұратын басқа этностар өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне жағдайлар жасауға және мемлекеттік тілге үйретудің тиісті әдістемелік базасын қалыптастыруға бағытталған.

- 2007 жыл-қазақ тілін 16 адам оқыды (олардың 8-і - басқа ұлттар өкілдері);

- 2008 жыл-тыңдармандар саны 42 адамға дейін көбейді (олардың 27-і - басқа ұлттар өкілдері);

- 2009 жыл-мемлекеттік тілді оқитындар саны 96 адамды құрады (олардың 78-і - басқа ұлттар өкілдері);

- 2010 жыл-орталықта 123 адам оқиды (олардың 96-і - басқа ұлттар өкілдері).

Тілге оқытудың әдістемелік базасын қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы 22 терминологиялық сөздік, 2009 жылы 40 оқу-әдістемелік құралдар, 2010 жылы 28 терминологиялық сөздік және 50 оқу әдістемелік құралдар алынды.

Мемлекеттік органдардағы іс қағаздарының 100% мемлекеттік тілде жүргізіледі. Салыстыру үшін, 2007 жылы шығыс құжаттарының 90%, 2008 жылы-95%, 2009 жылы-99% мемлекеттік тілде жіберілген.

Өңірдегі 1 БАҚ мемлекеттік тілде шығарылады.

27 орта мектептердің 6 аралас, бұл мектептердің 70 сыныбында сабақ орыс тілінде жүргізіледі.

Ономастикалық және терминологиялық жұмыстар шеңберінде ауданның елді мекендерінің атауын өзгерту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. 2001 жылдан бері 4 ауыл, 1 мектеп, 4 көшенің атаулары өзгерді.
Гендерлік саясат

Гендерлік аспектіде ерлер мен әйелдер санының біршама теңдей қатынасы қалыптасты. 2010 жылдың басына ауданда 32,3 мың адам тұрады, олардың 49,2% - әйелдер.

Әйелдердің ауданның қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуы байқалады, әйелдерді саяси және экономикалық алға жылжыту бойынша семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

Әйелдердің атқарушы және өкілеттік билік органдарындағы үлесі 19% құрайды.

Аудандық мәслихаттағы 13 депутаттың ішінде 1 әйел бар.

16 ауылдық және поселкелік округтердің біреуін әйел басқарады. Мемлекеттік органда 56 әйел жұмыс істесе, оның ішінде жетекші - 1

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын басқаратын әйелдердің үлес салмағы 4% құрайды.

Аудан экономикасында әйелдердің қатысуы елеулі емес, 0,5% жуық әйелдер шаруа қожалықтарын басқарады.

Ауданда 4 белсенді жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, оның бәрі аудан орталығында шоғырланған.

Гендерлік саясатты іске асыру жөнінде белсенді ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілуде.

Әйелдер қоғамның қорғалмаған бөлігі ретінде тұрмыста да, көшеде де үлкен қауіптермен жиі ұшырасады. 2010 жылдың 9 айы ішінде қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,1% кеміген. Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың өсуі ең алдымен халықтың жұмыссыздығына, спирттік ішімдіктерді асыра пайдалануына, тұрмыстағы даулы мәселелерге байланысты орын алған.

Әйелдерді зорлықтан қорғау мақсатында ішкі істер органдары 38 кездесулер өткізіп, БАҚ-та мақалалар жариялады, оқу орындары мен ұжымдарда 4 түсіндіру-алдын алу әңгімелесулерін өткізді.


Құқық тәртібін қорғау

Қауіпсіздікті нығайту және құқық тәртібін қорғау, қылмысқа қарсы күрес ауданның әлеуметтік дамуының маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.

2008 жылмен салыстырғанда құқық тәртібін нығайту және қылмыспен күрес бойынша қабылданған ұйымдық-тәжірибелік шаралардың нәтижесінде аудандағы жалпы қылмыс көрсеткіші 18,8% төмендеді (101-ден 82-ге дейін). 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі 25,6% құрады.

Аудандағы құқық тәртібінің жағдайына, азаматтарды, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттарды криминалдық қауіптілікпен қорғау жүйесіне бірқатар елеулі сыртқы және ішкі факторлар ықпал етуде. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты экономикадағы қиыншылықтар халықтың, әсіресе жастардың жұмыспен толық қамтылмауы қылмыстардың, оның ішінде зорлық қылмыстардың жасалуының себептерінің бірі болып табылады.

Атап айтқанда, 2008 жылы ауданда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар санының бірден кемуі байқалды (2007 ж.–9, 2008 ж.–6), бұл қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік ахуалының индикаторы болып табылады. Алайда, қабылданған шаралардың арқасында 2009 жылы бұл қылмыстардың саны тағы да 33,3% (3 фактіге дейін) төмендеді және 2010 жылы да төмендеуі жалғасуда.

Осыған ұқсас аталған кезеңде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар санының тұрақтылығы байқалды (2007 ж. – 3, 2008 ж. – 3). 2009 жылы бұндай қылмыстар саны 66,6% төмендеп, 2 фактіні құрады. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың жартысынан астамы мектеп оқушылары болып табылады.

Жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу шараларының бірі «мектептік» полиция инспекторлары институтын дамыту, сондай-ақ әрбір ауылдық мектепте осындай штаттық бірліктер енгізу болып табылады.

Жол-көлік кешені күрделі жағдайларда жұмыс істеуде.

Автомобиль паркінің және осы заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттамалары өсімінің қарқыны көше-жол желісін дамыту қарқындарынан асып түседі. Республикалық мәндегі жолдар ұзындығының елеулі бөлігі күрделі қайта жаңартуды, көлік жүретін бөлігінің енін ұлғайтуды, оларды қоршаулармен жабдықтауды талап етеді. Жергілікті мәндегі жолдар өте нашар жағдайда.

Жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібі төмен. Жүргізушілерді дайындау жүйесі айтарлықтай жақсартуды қажет етеді. Осы және басқа себептердің кешені жол-көлік оқиғалары салдарлары ауырлығының жоғарылығын айқындайды.

Жалпы 2009 жылы қылмыстарды ашу деңгейі 85,7% құрады, 2008 жылы-83,9% (өсім 1,8%). Ауыр қылмыстарды ашу 13,1% (2008 жылғы 76,9%-дан 2009 жылы 90%-ға дейін), аса ауыр қылмыстарды ашу 6% (2008 жылғы 90% 2009 жылы 96%-ға дейін) көбейді.

Шұғыл ахуалды күрделендіретін маңызды фактор ұрлық болып табылады. Жалпы қылмыс құрылымында бірнеше жылдар бойы ұрлық фактілері көрсеткіштің жартысын құрап келеді.

Ауданда жасалған барлық қылмыстардың 90% астамын тергейтін ішкі істер органдарындағы алдын ала тергеудің қазіргі жағдайы қарапайымдалған сотқа дейінгі өндірісті қолдану аясын кеңейту қажеттігін меңзейді.

2010 жылғы қаңтардан бастап мұндай нысан шағын және орташа ауыр қылмыстарды тергеу барысында қолданылуда. Бұдан былай ауыр қылмыстарды тергеу барысында да осындай нысанды қолдану көзделуде, бұл қылмыстық процесске қатысушы азаматтардың құқықтары мен еріктерін қамтамасыз етуге оңды ықпалын тигізетін болады.



Авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды

және жоюды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы №1298 қаулысын орындау шеңберінде облыста жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшылары енетін жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылған.

Жойқын жер сілкіністеріне және табиғи техногендік төтенше жағдайлардың басқа түрлеріне әрекет жасау мақсатында ауданда құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған күштер мен құралдар, олардың өзара іс-қимыл жасау, жан-жақты қамтамасыз етілу және оларды басқару тәртібі айқындалған.

Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдары өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен ормандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерінен тұрады

Проблемалар.

Аудан аумағы бүкіл аудан аумағы бойына табиғи өрттерге, Шу өзені арнасының бойындағы 4 елді мекен су тасқынына, Конго-Қырым қанды безгегіне, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік циклдерінде әсері күшті улы және жарылғыш заттардың қолданылуына байланысты техногендік авариялар мен апаттарға ұшырау қаупі бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 желтоқсандағы №1383 қаулысымен бекітілген төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту Бағдарламасын сапалы және тиімді іске асыру шеңберінде жергілікті жерлердегі төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының бүгінгі таңда жекелеген материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылу деңгейі жеткіліксіз.

Өрт бөлімдерін арнайы техника мен жабдықтың жаңа түрлерімен қосымша жарақтандыру (АЦ-40,АЛ-54), ескірген техника мен жабдықтарды ауыстыра отырып штаттық авариялық-құтқару құрылымдарын қолданыстағы нормаларға сәйкес жарақтандыру; өзендердегі жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу; ауданның аумағында жергілікті және өңірлік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты жеке қорғаныс құралдарымен және шатырлы қалашықтар салу үшін мүлкпен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.



Мұрағат

Ауданда мұрағат қызметін 1 мемлекеттік мұрағат жүзеге асырады. 01.01.2010 жылға Мойынқұм ауданының мемлекеттік мұрағаттарында сақтауда тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының көлемі 14398 мың бірлікті құрады.

Ауданның 47 ұйымдарының ведомстволық мұрағаттары Ұлттық мұрағат қорын толықтырудың көздері болып табылады, оның ішінде 9-ы – мемлекеттік емес меншік нысанында. Қазіргі кезде Ұлттық мұрағат қорының ведомстволарда сақтауда тұрған басқармалық құжаттамасының көлемі 6,7 мың бірлікті құрайды, жеке құрам бойынша – 7,6 мың бірлік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет