Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


Қазақ тілі Тілдік дамытушы орта



бет14/51
Дата24.07.2023
өлшемі144.21 Kb.
#475808
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Перспектива ересек топ

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта. Ұжымдық әңгімеге қатысуға, әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен сөйлеуге, бейнелеу құралдарын қолдану.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды анық сөйлей білуді дамыту.
Қазақ тіліне тән қ,ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу.
Сөздік қор. Қоршаған ортадағы заттардың атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру. Туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің отбасындағы қызықты оқиғалар туралы айтуға баулу.
Тілдің грамматикалық құрылымы. Жай сөйлемдер құра білуге үйрету. Өз ойын жай сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу. Ойыншықтарды 4-5 сөйлеммен сипаттау

Математика негіздері

Жиын. Балаларға жиын, оның әртүрлі түстегі, пішіндегі, өлшемдегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру, заттарды жұппен қою арқылы оларды салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білу
Шама. Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру. Ұзындығы, ені, және биіктігі бойынша екі затты салыстыру, екі затты үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып, жуандығы бойынша заттарды салыстыру, салыстыру .
Геометриялық фигуралар.
Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау, жоғары-төмен).
Кеңістікті бағдарлау.
Кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау, берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-солға, жоғары-төмен), заттардың өзіне қатысты орналасуын сөздермен белгілеу (менің алдымда үстел, сол жағымда орындық тұр).
Уақытты бағдарлау.
Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет