БАҒдарламасы қостанай, 2013 жыл мазмұны 1



бет9/21
Дата23.02.2016
өлшемі6.02 Mb.
#4517
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Орта білім

Облыста күндізгі жалпы білім беру мектептерінің жалпы саны 2007-2012 жылдары 77 бірлікке қысқартылып, 2012 жылдың 1 қаңтарында 585 бірлікті, оның ішінде 568 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектебін, 7 түзету, 4 жеке және 6 кешкі мектептерді құрады.

Облыс бойынша мектептер саны қысқаруының негізгі себебі болашағы жоқ ауылдық елді мекендердегі бастауыш мектептердің жабылуы және мектептер желісінің мемлекеттік кепілдендірілген нормативке сәйкес келмеуі болып табылады. Сонымен қатар, мектептерді жабу себептері тұрғындардың ауылдық өңірлерден қалаларға қоныс аударуы сияқты факторлар, сол сияқты, тұрғындардың өсіп-өну деңгейінің төмендеуі болды.

Облыста 2007-2012 жылдардағы мектептерді қысқартуымен қатар оқушылардың саны 2011 жылы 101377 адамды құрай отырып, 14 мың адамға қысқарды. 2012-2013 оқу жылының басында оқушылардың саны 100 803 адамды құрады.

Академиялық дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін облыста «Қостанай дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығымен және білім беруде жаңа технологиялардың өңірлік орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейтін дарынды балаларға арналған 10 гимназия, 1 физикалық-математикалық лицей және 3 мектеп-интернат жұмыс істейді. Бірлескен жұмыстың нәтижесі білімді сырттай бақылау қорытындылары бойынша жоғары нәтижелер болып табылады.

ҰБТ нәтижелерін талдау негізгі сапалы көрсеткіштер бойынша оң серпінге көз жеткізіп отыр. 2012 жылы орташа балл 77,73 бірлікті (республика бойынша 70,9), (2009 жылы – 82,88 бірлік, 2010 жылы – 89,67 бірлік) құрады. Білім сапасы – 31,37%.

2012 жылдың қорытындылары бойынша облыста 13,5% (542) түлек 100 және одан да көп балл алды, бұл республикалық көрсеткіштен 4,28% жоғары. Сондай-ақ, облыста 150 түлек ҰБТ-ны барлық пәндер бойынша «5» деген бағаға тапсырды, оның ішінде 61 түлек «Алтын белгі» аттестатын және 14-і – үздік аттестат алды.

Біздің республикадағы біліміміздің деңгейінің жақсы көрсеткіші республикалық және халықаралық деңгейдегі интеллектуалдық жарыстарда біздің облысымыздың мектеп оқушылары ие болған медальдарының қатарының серпінді өсуі болып табылады. Егер 2008 жылы Қостанай мектеп оқушылары 26 сыйлық алса, 2012 жылы 79 медаль алды. Қостанай облысының олимпиадалық құрама командасы республикаадағы үздік бестіктің қатарына кірді, 2012 жылы 2 алғашқы жалпы коммандалық орынды алып, «Үздік олимпиадалық команда» деген атақты иеленді.

2012 жылы алғашқы рет Қостанай облысының құрама командасы Президент олимпиадасында 5 жүлделі орынға (1 – бірінші орын, 1 – екінші орын және 3 – үшінші орын) ие болды. Ы. Алтынсарин ат. дарынды балалар, «Озат», Қостанай техникалық лицейі мен Қостанай және Рудный қалаларының инновациялық мектептерінің оқушылары көшбасшылар болып табылады.

2012 жылы 1035 түлек (18,4%) мемлекеттік білім гранттарын, сонымен қатар облыс әкімінің 41 грантын және аудандар мен қалалар әкімдерінің 21 грантын алды.

2013 жылдың 1 қаңтарында облыстың жалпы орта білім беру мектептерінде 13296 педагог қызмет атқарады. Білімі жоғары педагогтардың жалпы қатарынан – 11388 (85,6%), арнайы орташа білім барлар – 1889 (14,2%), орта білім барлар – 9 (0,1%). 2012 жылмен салыстырғанда жоғары және бірінші санаттағы оқытушылардың саны – 5717 (43%) ұлғайды. 2012 жылдың 1 қыркүйегіне облыс мектептеріне 519 жас маман (мысалы, 2008 жылы – 290 адам) келді.

Облыста мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту мақсатында оқушылардың контингентін сақтау және есепке алу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Басты назар негізгі орта білім беру орындар түлектерінің одан әрі тиісті білім алуын жалғастыруына аударылуда.

2012 жылы 9963 негізгі орта білім беру орындары түлектерінің қатарынан 4811 (48,3%) оқушы жалпы білім беру мектептерінің 10 сыныбында, 4946 (49,6%) – колледждерде, 39 (0,39%) – кешкі мектептерде оқуын жалғастыруда.

«Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес 564 мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінде (интернатсыз ұйымдарда) жалпыға міндетті оқу қорлары құрылды.

2012 жылы облыс бойынша жалпыға міндетті оқу қорларына көзделген қаржы 301,282 млн. теңгені немесе мектептерді ұстауға арналған шығыстардың жалпы сомаларынан 1,26% құрайды.

2012 жылдың қорытыдылары бойынша Жалпыға міндетті оқу қорларын көзделген қаржыландыру Рудный қаласында – 1,77%, Лисаков қаласында – 1,66%, Арқалық – 1,46%, Қостанай – 1,45%, Науырзым ауданында – 2,09%, Жітіқара – 1,75%, Әулиекөл – 1,51%, Сарыкөл – 1,37% және Амангелді – 1,34%.

Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру маңызды сауықтыру іс-шара болып табылады және ол жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік білім беру мекемелері басшыларының басты назарында тұр. 2008 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде облыста оқушыларды ыстық тамақпен қамту 2,3%-ға ұлғайды.

Мектеп оқушыларына ыстық тамақты ұйымдастыру мәселесінде балаларды ыстық тамақпен қамту 10,4%-дан 43,1%-ға дейін ұлғайған Жітіқара (27%-ға өсті), Қарабалық (10,4%-ға өсті), Ұзынкөл аудандарының (43,1%-ға өсті), Қостанай (33,2%-ға өсті), Лисаков (32,8%-ға өсті), Рудный (14,9%-ға өсті) қалаларының білім беру ұйымдары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

2011-2012 жылдары оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастырудың салыстырмалы талдауы ұйымдастырылған ыстық тамақ ұйымдастырылған мектептердің саны 4,5%-ға (2012 ж. – 78,9%, 2011 ж. – 83,4%) азайды.

Облыста оқушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде белгілі жұмыс жүріп жатыр. Алайда 2008 жылмен салыстырғанда тегін тамақпен қамту 16,6%-ға (2012 ж. – 28,4%, 2008 ж. – 45%) азайды.

Облыста соңғы 5 жыл ішінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалардың саны 3885 адамға азайды. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс мектептерінде 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 4967 тұрмысы төмен отбасылардан шыққан бала оқып, білім алуда.

Облыста барлық мұқтаж оқушыларды 100% тасымалдау ұйымдастырылған. Балаларды тасымалдау үшін ыңғайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін облыста автокөлік құралдары паркін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2011 жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 30 млн. теңге сомасына 5 мектеп автобустары сатып алынды, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім бөлімдері 8 автобус және 2 шағын автобус сатып алды. 2012 жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен балаларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін 5 бірлік көлік (4 шағын автобус: Әулиекөл ауданы – 3 бірлік, Алтынсарин ауданы – 1 бірлік, Ұзынкөл ауданы – 1 бірлік) сатып алынды.

Облыс бойынша апаттық мектептер мен үш ауысыммен оқитын мектептер жоқ. 2007 жылдан 2012 жылға дейін облыста 17 мектеп салынып, қайта жаңартылды.

Күшті жақтары:

апаттық жағдайда тұрған және 3 ауысымдық мектептердің жоқтығы;

қосымша мектептердің құрылысы есебінен оқу орындарының тапшылығын жою;

жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер-түлектер санының өсуі және екінші жылға қалатын оқушылар санының төмендеуі;

Интернет желісіне мектептердің 100%-ы қосылды.

тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың 100% ақысыз ыстық тамақпен қамтылды.



Әлсіз жақтары:

халықтың көшуі есебінен педогикалық кадрлардың перманентті жетіспеушілігі (әсіресе математика, физика, информатика, химия, ағылшын тілі мұғалімдері);

экономикалық трансформация кезінде – 80-жылдардың соңынан 2001 жылға дейін бала туудың азаюына және халықтың көшіп-қонуына байланысты мектеп оқушыларының саны қысқаруда;

мектептердің жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі;

ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы.

Қауіп-қатерлер:

тұрғындардың жақсы еңбекақы және тұру жағдайларына тырысуы жоғары біліктілігі мен балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар педагогикалық кадрлардың білім беру жүйесінен жүйелі түрде кетуіне апарып соғады, бұл орта білімнің сапасын төмендетеді;

осы заманғы жаңа үлгідегі мектептердің құрылысына арналған шығындардың жеткіліскіз қаржыландырылуы ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтауды негіздейді.

Мүмкіндіктер:

бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және орта білім объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;

ыңғайластырылған жайда мектептердің орналасу тәжірибесін жою мақсатымен орта білім берудің осы замандық объектілерін салу саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;

жас педагогикалық кадрлардың өз істерін беріліп істеуіне және елді мекенге, оның ішінде ауылдық жерге сіңісіп кетуін ынталандыратын шаралар жүйесін әзірлеу.



Ұсынымдар

ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан білім беру ұйымдарының орнына, сондай-ақ нақты қажеттілікті қанағаттандыруды, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептерді ескере отырып, білім беру объектілерінің құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;

алыс ауылдық-елді мекендерде тұратын оқушылардың тұруы үшін кәсіби мектептердің; мектептердің жанындағы ресурстық орталықтардың құрылысын кеңейту;

мектептерді, мектептердің жанындағы интернаттарды күрделі жөндеуден өткізуге және қайта жаңғыртуға байланысты шығыстарды қаржыландыруды кеңейту;

12 жылдық оқытуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету мақсатында және оқудың жаңа формаларын дамыту үшін білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға (физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша лабораториялық кабинеттер, басқа да компьютерлік техника, интерактивтік тақта сатып алу, кітапханалық қорды толықтыру мен жаңарту, мультимедиялық кабинеттер сатып алу; кең жолақты Интернет желісіне қосылу, интерактивтік тақта, спорттық бұйымдар сатып алу) шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;

ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология және информатика пәндері мұғалімдерінің перманентті жетіспеушілігін, оның ішінде ауылдық жерлерде жетіспеуін болдырмауға бағытталған іс-шаралардың өңірлік жоспарын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын қалыптастыру.



Білім берудің арнайы түзету ұйымдары

Облыста соңғы бес жыл ішінде 7 арнайы түзету ұйымдары, оның ішінде 3 мектеп және 4 мектеп-интернат тұрақты жұмыс істейді. Мектептердің және мектеп-интернаттардың материалдық базалары жақсарып келеді (барлығы сенсорлық бөлмелермен, осы заманғы есту құрал-жабдықтарымен, ішінара интерактивтік тақталармен және т.б. жабдықталған).

Түзету сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың саны ұлғаюда. 2007 жылы жалпы білім беру мектептерінде 1139 баланы қамтитын 130 сынып, 2012-2013 оқу жылдары мүмкіндігі шектеулі 1575 бала оқитын – 234 сынып қызмет етті, оның 727-і (46%) ауылдық аймақтарда оқиды.

Жалпы білім беру сыныптарына 5200 бала берілді (2007 жылы – 2896 бала), 2650 баланың тіл кемістігін түзетуге мүмкіндігі бар 101 логопедиялық пункт жұмыс істейді.

2012-2013 оқу жылдары 236 балаға (2007-215, 2008-251, 2009-293, 2010-365, 2011-284) үйде жеке тегін оқыту ұйымдастырылды.

16 ауданның ішінен 11-де ашылған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі – ППТК) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің ұсынымдары бойынша (бұдан әрі – ПМПК) арнайы біліммен қамтылмаған дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар түзету сыныптарында оқиды. 2007-2012 жылдар аралығында дамуында мүмкіндігі шектеулі 4879 балаға түзету көмектері, оның ішінде 2000 астам консультативтік көмек көрсетілді.

Барлық уақыт ішінде облыста дамуында кемшіліктері бар балаларға көмектің тиімді жүйесін дамытудың оң серпіні, оларды тәрбиелеуге, оқытуға, еңбек және кәсіби даярлауға, балалар мүгедектігінің алдын алуға байланысты проблемалар шешілуі байқалып отыр.

Балаларға білікті көмек көрсетудің сапасын жоғарылатудағы аса маңызды мәселелердің бірі мамандардың білім алуы және олардың біліктілігін жоғарылату болып табылады. Арнайы білімі бар педагогтардың болмауына байланысты ППТК-ның, мектептердің кемістіктерді түзету қызметтерін толығымен көрсетуге мүмкіндіктері жоқ. ПМПК мен ППТК қажет құралдармен жабдықтау қажет. Білім берудің түзету ұйымдары оқулықтармен және ОӘКмен жеткілікті жабдықталмаған.



Күшті жақтары

барлық интернаттық ұйымдар СанЕН осы заманғы талаптарға сәйкес келтірілген;

дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқуына мүмкіндік беретін, инклюзивтік білім алуын дамытуға көмектесетін жалпы білім беру ұйымдарында түзету сыныптарының саны ұлғаюда;

мектептерде логопедиялық пункттердің саны өсіп жатыр, бұл балалардың, әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл кемістігінің түзетілуінде оң нәтижелер көрсетіп отыр;

білім берудің түзету ұйымдары осы заманғы жабдықтармен жабдықталуда, бұл дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;

дамуында мумкіндіктері шектеулі балаларға ППТК-да түзету көмектерін алу мүмкіндіктері ұсынылған.



Әлсіз жақтары

жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын түзету сыныптарының желісі жеткіліксіз дамыған;

5 ауданда (Алтынсарин, Жангелдин, Қамысты, Қарасу және Таран) ППТК ашылмаған.

Қауіп-қатерлері

педагогикалық кадрлардың тапшылығы (дефектологтар, сурдологтар, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтар);

инклюзивтік жағдайларда балаларды оқыту үшін педагогтардың біліктілігін жеткілікті жоғарылатпау;

арнайы түзету ұйымдарының оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (бұдан әрі – ОӘК) жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.



Мүмкіндіктері

мектептерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға, (аудандар, қалалар әкімдерінің гранттары бойынша) педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;



Ұсынымдар

мектептерді арнайы мамандармен, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытуды қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға, аудандар, қалалар әкімдерінің гранттары бойынша педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

білім берудің түзету ұйымдарын ОӘК мен оқулықтармен қамтамасыз ету;

білім берудің түзету ұйымдарын интерактивті тақталармен толық қамтамасыз ету үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

ППТК мен ПМПК қажетті жабдықтармен аяғына дейін жабдықтау үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста 3192 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар немесе жалпы жаңа туғандардан 18 жасқа дейінгі балалардан 1,7%-ы тұрады. Осы қатардан 1878 бала қамқорға алынды және асырап алынды, 153 бала – қазақстан азаматтары жанұяларының қамқорлық тәрбиесінде, 1161 бала 16 білім беру, денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйелерінің мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде.

Отбасылық құрылымның баламалы нысандарын насихаттау жөніндегі шаралардың жүйелік сипаттамасы осы үлгідегі ұйымдар санының қысқарумен және тәрбиеленушілер санының түсуімен дәлелденіп отыр (2008-2012 жылдары жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім жүйелері білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің саны 20,7%-ға – 1209-дан 959 балаға дейін қысқарды). Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттар әкімшіліктері қазақстан азаматтарының қонақ отбасыларына (балаларды асырап алатын отбасылар) балаларды беру жөніндегі шараларды іске асырады: 2012 жылы құрылымның осы нысанымен 129 бала қамтылды.

Күшті жақтары

құрылымның отбасылық нысандарымен қамтылған ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім-балалардың саны ұлғаюда;

«Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде енгізілген балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мамандар санының ұлғаюына байланысты 2009 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың анықталу жағдайы (мамандардың саны 23-тен 36-ға дейін өсті) көбейді.

Әлсіз жақтары

қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының жиі ауысуы;

кәмелетке толмағандарға қатысты ата-аналар құқығынан айырылғандар ата-аналардың жауапкершілігі (материалды және басқа да) шаралары, алимент төлету тетігі реттелмеген.

Қауіп-қатерлер

мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру шеңберінде қамқорға алу және асырап алу ұйымдары мамандарының қысқаруы.



Мүмкіндіктері

отбасы құрылымының баламалы формалары мен отбасы құндылықтарын насихаттау.



Ұсынымдар

қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім-балалардың құрылымын деинституционалдандыру стратегиясын іске асыру жөніндегі курстардан өтуін қамтамасыз ету;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттары төңірегінде «Асырап алушы ата-аналар мектебін», отбасыларды қолдау қызметін құру.

Техникалық және кәсіби білім

2013 жылдың 1 қаңтарында облыста 48 техникалық және кәсіби білім оқу орындары (бұдан әрі – ТжКБ) қызмет етеді, оның ішінде 36 мемлекеттік, 12 мемлекеттік емес. Соңғы бес жыл ішінде колледждердің контингенті сәл ғана өзгерді (2007-2008 оқу жылдары – 31 мың, 2008-2009 оқу жылдары – 31 мың, 2009-2010 оқу жылдары – 30 мың, 2010-2011 оқу жылдары – 30 мың, 2011-2012 оқу жылдары – 31 мың, 2012-2013 оқу жылдары – 29 мың).

166 сыныптама бойынша мамандарды даярлау жүргізіліп отыр. Техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын арттыру жөнінде жұмыстар жүргіліп жатыр. 2012-2013 оқу жылдарына 5 690 адам көлемінде мемтапсырыс бекітілді (2007-2008 оқу жылдарымен салыстырғанда 693 адамға өсті).

Облыста апаттық ғимараттарда орналасқан оқу мекемелері жоқ. Оқу корпустарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті. 2012 жылы соңғы жылдардың ішінде алғашқы рет Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі оқу корпусын күрделі жөндеу басталды, ол 2013 жылы аяқталады.

Соңғы жылдары ішінде жатақханалардың саны өсуде. 2012-2013 оқу жылдарының басында 26 жатақхана жұмыс істейді, олардан 23-і мемлекеттік болып табылады. Жатақханаларда орындардың жалпы саны 3904-ке дейін жеткізілді. 2010 жылы Торғай аграрлық-техникалық колледжінің жатақханасы пайдалануға берілді, Қостанай құрылыс колледжінің жатақханасы күрделі жөндеуден өтті. 2011 жылы Арқалық қаласының оқитын жастары үшін бұрынғы «Арқалық» қонақ үйінің ғимараты 201 орындық жатақхана етіп қайта жаңғыртылды. 2012 жылы қайта жаңарту есебінен 2 жатақхана: 102 орындық Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі және 126 орындық Рудный тау-кен технологиялық колледжі пайдалануға берілді.

Соңғы жылдары оқу мекемелері желілерінің серпіні өзгеріп отыр. 2007 жылдан 2012 жылға дейін 3 мемлекеттік кәсіби лицей ашылды: № 15 кәсіби лицей (2008), № 16 кәсіби лицей (2008), № 18 кәсіби лицей (2012) және 6 жеке колледж ашылды: «Экономика, статистика және информатика колледжі» (2007), «Қостанай әлеуметтік білім колледжі» (2008), «Рудный ақпараттық технологиялар колледжі» (2009), «Қостанай заманауи көп салалы колледжі» (2011), «Зерек» колледжі» (2011), «Қостанай колледжі» (2012).

2013 жылдың қаңтарынан бастап облыстың барлық кәсіби лицейлері колледждерге ауыстырылды, осылайша білім мекемелерінің мәртебесі артты. Білім ұйымдары кәсіби кадрларды даярлау жүйесіне жаңа тәсілдерін енгізуге ұмтылуда. 2012 жылдан бастап оқу мекемелерінде оқудың дуалдық жүйе элементтері енгізіліп жатыр, оның шеңберінде оқу процессінің 70%-ы өндірісте өткізіледі. Таяу және қиыр шетелдермен халықаралық ынтымақтастық дамуда: Германия (Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі), Франция (Қостанай политехникалық колледжі), Сингапур (Қостанай автомобильді көлік колледжі). Беделді ұйымдармен ынтымақтастық ең жақсы халықаралық бағдарламаларды енгізуге мүмкіндік береді, олар қазақстандық білім қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға себепші болады.

Кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу қажетті кадрларды даярлауда ТжКБ жүйесінің беделі мен имиджін көтереді, олардың жұмысқа орналасуына себепші болады. Облыс және республика деңгейіндегі білім алушылар, ұстаздар, өндірістік оқу шеберлері арасында «Мамандық үздігі» жыл сайынғы конкурстарының нәтижелері білім алушыларды дайындаудың жеткілікті деңгейін, олардың ұстаздарының жоғыры кәсібилігін көрсетеді. 2009 жылғы «Техникалық және кәсіби білімнің үздік оқу орны» республикалық конкурсында «Лисаков техникалық колледжі» 3 орынды алды. 2010 жылы «Автомеханик» маманының үздігі» республикалық кәсіби шеберлік конкурсында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті 1 орынды иеленді, ол 2010 жылдың қыркүйегінде Оңтүстік Кореяда осыған ұқсас конкурста Казақстанның атынан шықты. 2010 жылы № 3 кәсіби лицей «Ең үздік ТжКБ оқу мекемесі» Республикалық конкурсында «Құрылыс саласынының ең үздік оқу мекемесі» номинациясында 1 орынды алды. 2011 жылы № 3 кәсіби лицейдің студенті «Әрлеу құрылыс жұмыстары шеберінің үздік маманы» Республикалық конкурсында бас жүлдені алды. 2012 жылы Қостанай құрылыс колледжінің командасы Орталық-Азиялық өңір Республикаларының құрылыстық бейіндегі ТжКБ мекемелерінің кәсіби шебері Халықаралық ашық конкурсында 4 орынды алды.

Білікті жұмыс кадрларын даярлау мәселелерінде ТжКБ ұйымдары мемлекеттік және жеке құрылымдармен жұмыс жасайды. Әлеуметтік әріптестік мынадай бағыттар бойынша іске асырылады: білікті мамандар даярлаудағы қажеттілікті болжау, арнайы пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын бірігіп түзету, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру. 2013 жылдың 1 қаңтарына колледждер кәсіпорындармен және ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы 819 шарт жасасты.

Жалпы, облыс бойынша техникалық және кәсіби білім дамуының оң үрдістері байқалуда. ТжКБ объектілері мен әлеуетті және нақты жұмыс берушілер арасында стратегиялық әріптестікті дамыту қажеттілігін, сондай-ақ еңбек нарығында нақты қажет мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды аталған саланың субъектілеріне тән келетін даму келешегі бар бағыттардың бірі деп айтуға болады.

2013 жылдың 1 шілдесінде 48 оқу орны техникалық және кәсіби білімді іске асырды, оның ішінде 36 мемлекеттік және 12 мемлекеттік емес. 25 колледжде жұмыс кәсіптері бөлімдері қызмет етті. 135 мамандық бойынша дайындық жүргізілді. Техникалық және кәсіби білім оқу орындарында оқитындардың жалпы контингенті 29,5 мың адамды құрады.

Күшті жақтары

мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту;

әлеуметтік әріптестікті дамыту;

дуалдық оқу жүйесін енгізу.



Әлсіз жақтары

өндірістік оқу шеберлері санының тұрақсыз серпіні;

лабораториялар мен өндірістік шеберханаларды жабдықтаудың жеткіліксіз деңгейі.

Қауіп-қатерлер

ТжКБ жүйесінен кетуін негіздеп отырған өндірістік оқу шеберлерінің төмен еңбек ақысы сол немесе басқа да мамандық бойынша білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі көзқарасымен білім беру үдерісі сапасының төмендеуіне әсер етеді және еңбек нарығында колледждер түлектерінің қажет болуын қиындатады;

бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі колледждер желісінің кеңеюін шектейді және облыстың кейбір елді мекендерінде олардың болмауын шектейді, бұл әлеуетті білім алушылардың тұрғылықты жерінің аумағында оқу мүмкіндіктерін шектейді.

Мүмкіндіктері

колледждердің желілерін кеңейтуде мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;

білім беру жүйесінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың тығыз байланысын жорамалдайтын, сонымен қатар дайын мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін алып тастайтын корпоративтік білім қағидаттарын енгізу;

білікті кадрлардың ТжКБ жүйесіне, әсіресе ауылдық жерлерде ағымын ынталандыру шараларының жүйесін әзірлеу;



Ұсынымдар

Жұмыс берушілермен ТЖКБ ұйымдары мұғалімдерінің тағылымдамадан және білім алушыларының тәжірибеден өтуі туралы шарттар жасасу;

Жұмыс берушілерді КЛ-дың оқу-материалдық және ақпараттық базаларын нығайтуға тарту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет