Барлық деңгейдегі мал дәрігері – инспекторларының 2005 жылдың 1 қаңтарындағы саны
| Округтер |
Лицен-зиямен жұмыс істейтін-дер
| Жұмыс істейтін мемле-кеттік мал дәрігер-инспек-торлары |
Оның ішінде:
| Барлы- ғы |
Ауылдық
|
Посел-келік
|
Қала-лық
|
Ауылдық округтер-де
|
РМК
|
Мал өнімдерін рыноктарда сатумен айналысатындар
|
Өңдеуші кәсіпорындарда мал дәрігерлік код алғандар
|
Барлығы:
|
9
|
8
|
-
|
1
|
42
|
14
|
9
|
4
|
1
|
-
|
Қала, ауылдық округтерде мал сою жұмыстарына 9 ауылдық мал дәрігері-инспекторлары бақылау жасайды, ауылдық округтер инспекторлармен 100 % қамтылған. Шикізат және мал өнімдерін сатумен айналысатын рынокта 1 инспектормен қамтамасыз етіліп, 100 %құрайды.
Ауданда балық өнімдерін өңдеумен айналысатын ветеринария департаментінен тіркеуден өткен ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келетін1 завод жұмыс істейді.
Ауылдық округтер мен аудан орталықтарында мал сою пункттері жоқ. Мал сою жұмыстары жеке аулаларда атқарылады, мал союдан түскен қалдықтар және өлген малдың денесі бейімделмеген шұңқырларда көміледі. Мал сою пункттерінің қажет саны - 42, бары - 23, оның ішінде типтік жобада салынғаны -1. Қамтылуы 15 % құрайды.
Аудан аумағында жұқпалы аурулар мен сапасыз өнімнің таралуын болдырмау үшін бүкіл облыс аумағы бойынша орналасқан мал дәрігерлік «Майкапчагай» шекаралық пункті бақылау жасайды. Барлық әкелінетін мал өнімдері шекарада мал дәрігерлік бақылаудан өтіп, өнім сапасы зертханада тексерілгеннен соң шекарадан өткізуге рұқсат беріледі.
Есеп беру және малды бірегейлендіру жұмыстары 100 % атқарылды, мәліметтер компьютерлік базаға енгізілген.
Күрделі мәселелер:
Ауылдық округтерде мал дәрігерлік нысандардың – мал өлекселерін сақтайтын орындардың, сою пункттерінің жетіспеушілігі, олардың мал дәрігерлік санитарлық талаптарға сай келмеуі;
-
Дезинфекция, дегельминттік препараттардың жетіспеуі;
-
Бруцеллезбен ауырған малдарды өткізетін ет комбинаттарының жоқтығы;
- мал дәрігерлік қызметтің, әсіресе ауылдарда автокөлікпен қамтамасыз етілмеуі.
Шаралар:
- АӨК-тің шаруашылық нысандарында мал дәрігерлік қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін барлық мал басын мал дәрігерлік шаралармен 100 % қамту және уақтылы жүзеге асыру;
- АӨК өңдеуші кәсіпорындарында мал өнімдері мен шикізаттардың мал дәрігерлік-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қабылдау және өндірістік бақылау жасау;
- Жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен ауылдық округтерді мал дәрігерлік-санитарлық нысандар – мал соятын пункттермен, мал өлекселерін сақтайтын орындармен қамтамасыз ету (мал көметін және сою пунктерін ашу үшін 6,0 млн тенге, дезинфекция жүргізу үшін 0,5 млн тенге кор қажет);
- Мал дәрігерлік алдын алу, диагностикалық шаралардың орындалуына Мемлекеттік мал дәрігерлік бақылау жасау;
-
Сату орындарында (рыноктарда) мал өнімдері мен шикізаттарын сатуға мемлекеттік бақылау жасау, оларды пайдалануда мал дәрігерлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер:
- Ауданда эпизоотиялық тұрғыдан қолайлы жағдай жасау, созылмалы жұқпалы аурулардың ошағын жою, мал және құстарды жұқпалы аурулардан сақтау;
- Мал басының саны мен өнімділігін ұлғайту;
- Мал өнімдері мен шикізаттарын пайдалануда қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету;
- Мал есебі, мал дәрігерлік шараларды жүргізу жөніндегі мәліметтер бойынша компьютерлік база құру;
- Мал дәрігерлік зертханалар мен шекарадағы және көліктегі мал дәрігерлік бақылау орындарының материалдық техникалық базасын нығайту;
-Аудан аумағын басқа жерлерден малдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының келуінен қорғау.
Фитосанитарлық қауіпсіздік және өсімдік карантині
Өсімдік қорғау
Химиялық препараттармен өңделетін жерлердің көлемінің ұлғаюына қарамастан ауданда аса қауіпті зиянкестер
мен өсімдік аурулары бойынша фитосанитарлық жағдай күрделі күйінде қалып отыр.
Аудан аумағында ауыл шаруашылық дақылдарына 50-ден астам көп улы және 100 бейімделген зиянкестер, аурулардың 30 түрі және арам шөптердің 100-ге таяу түрі зиян келтіреді.
Олардың кейбіреуі (шегіртке, астық көбелегі, астық қандаласы, астық тұқымдастарының сабақ таты, астық септориозы) аса қауіпті, мезгілінде жаппай көбейіп тарау арқылы экономикалық және экологиялық зиянкестер қатарына жатады.
Фитосанитарлық жағдайдың шиеленісуінің негізгі себептері:
-
пайдаланылмайтын жерлер мен өңделмейтін егістік жерлердің болуы;
-
ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруде технологияның сақталмауы;
-
қорғау шараларының толық орындалмауы;
-
бюджет және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің шектеулі қаржы мүмкіндіктері;
-
Дәрілеуіш заттарды бүркетін техника мен себетін машиналардың толық тозуы.
2003-2005 жылдары аса қауіпті зиянкестер мен аурулардың жайылған ауыл шаруашылық жерлердің аумағын анықтау, ол жерлерді жерде және авиациялық құрал-жабдықтармен өңдеу, пестицидтер сатып алу, оларды сақтау, жеткізу үшін 2003-2005 жылдары республикалық бюджет есебінен 13,05 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.
Аса қауіпті зиянкестер мен ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларының жайылуы
және 2003-2005 жылдарда олармен күрес жайында мәліметтер
Аса қауіпті зиянкестер мен аурулардың атаулары
|
Өңделуге тиіс және нақты өңдеуден өткен жерлер көлемі.
(мың гектар)
|
2003 ж
|
2004 ж
|
2005 ж
|
Өңделуге тиісті жер
|
Өңделгені
|
Өңделуге тиісті жер
|
Өңделгені
|
Өңделуге тиісті жер
|
Өңделгені
|
Шегіртке зиянкестері
|
800
|
-
|
11100
|
10700
|
18000
|
15000
|
Дәннің сұр көбелегі
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Астық аурулары
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Зиянкес қандала
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Пестицидтердің бағасының жоғарылығына, өздеріндегі қаражаттарының жеткіліксіздігіне және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелеудегі шектеуге байланысты көптеген шаруашылықтар, әсіресе ұсақ шаруашылықтар оны қажетті мөлшерде сатып ала алмайды. Жанар-жағар майдың қымбаттығынан зиянкестер мен ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларына қарсы жасалатын химиялық өңдеу жұмыстары толық көлемде жүргізілмей келеді.
Зиянкестерге қарсы жасалатын химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмейді, сол себепті егістіктердің арам шөптермен ластануы жоғары деңгейде қалып отыр. Қара сұлыға қарсы химиялық өңдеу жұмыстары да жүргізілмеуде.
Егіс алқаптарының арам шөппен ластануы, химиялық өңдеу жұмыстары
және гербицидтерді субсидиялау динамикасы
Көрсеткіштер
|
2003 ж
|
2004 ж
|
2005 ж
|
Ластануы барлығы, мың га
|
10,3
|
9,5
|
6,0
|
Нақты өңделгені мың. га
|
-
|
-
|
-
|
қамтылуы %
|
-
|
-
|
-
|
Жұмсалған гербицидтер, тонна
|
-
|
-
|
-
|
Субсидияға бөлінген гербицидтер, тонна
|
-
|
-
|
-
|
Гербицид сатып алуға берілген субсидия, млн. теңге
|
-
|
-
|
-
|
Субсид. берілген гербиц-мен өңдел-н жерлер, мың га
|
-
|
-
|
-
|
Дәнді дақылдар егіс алқаптарында аурудың барлық түрінің таралу деңгейі жоғары күйде қалып отыр.Тозаңды қара күйенің таралуы да жоғары. Астықты дақылдардың септориозбен және сабақ таты таралған егістік біздің ауданда да кездесіп отыр.
Тұқымды дәрілеу және оған берілетін субсидия динамикасы
Көрсеткіштер
|
2003 ж.
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
Себілген тұқым, мың тонна
|
5,4
|
6,67
|
6,3
|
Дәріленген тұқым, мың тонна
|
|
|
|
Қамтылуы, %
|
|
|
|
Субсидияға бөлінген дәрілеуіш заттар, тонна
|
|
|
|
Дәрілеуіш заттар сатып алуға берілген субсидия, млн.теңге
|
|
|
|
Дәріленген тұқым, мың тонна
|
|
|
|
Қамтылуы, %
|
|
|
|
Күрделі мәселелер:
-Материалдық техникалық базаның нашарлығы, «Республикалық әдістемелік фитосанитарлық диагностика және болжаулар орталығы» ММ бөлімшелері торабының аздығы;
- Дәрілеуіш заттар себетін және бүркетін аппараттардың тозуы 95 % құрайды және олар толық ауыстыруды қажет етеді ;
-
Қаржының жоқтығы және өсімдік қорғайтын аппараттардың қымбаттылығынан көптеген шағын және орта ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қажет техникаларды сатып алу мүмкіндіктері жоқ;
- Аса қауіпті зиянкестер мен ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларына қарсы фитосанитарлық шаралар толық көлемде жүргізілмейді.
- Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қаражаттары жеткіліксіздігінен тұқымды дәрілеу және арам шөптермен күрес жұмыстары қажет көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейді.
- Өсімдік қорғау бойынша ұйымдастырылған біліктілікті жоғарылату курстарында мамандарды дайындау толық көлемде жүзеге асырылмайды;
-
Ауданда тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын сақтайтын арнайы орындар жоқ.
Шаралар:
- Ауданда әдістемелік фитосанитарлық диагностика және болжаулар орталығының бөлімшелерін құру;
-Қорғау шараларын (тұқым дәрілеуіш, дәрі себетін техника) жүзеге асыру үшін арнайы техниканы лизинг жүйесі арқылы алу;
- Біліктілікті көтеру курстарында өсімдік қорғау мамандарын дайындау;
- Зиянды және аса қауіпті организмдердің дамуы және таралуы жөнінде уақтылы мониторинг жүргізу;
- Аса қауіпті зиянды организмдермен күресті уақтылы жүргізу;
- Тұқым дәрілеуіштері мен гербицидтердің бағасын төмендету;
- Бюджет есебінен тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын сақтайтын арнайы орындар салу.
Күтілетін нәтижелер:
- Фитосанитарлық жағдай жөнінде дұрыс және толық мәліметтер алу;
- Ауданда қолайлы фитосанитарлық жағдай туғызу;
-Өсімдік қорғау қызметінің оңтайлы құрылымын құру;
-Аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралу жағдайларын болдырмау;
-Ауыл шаруашылық дақылдарын аса қауіпті зиянкестер мен аурулармен зақымдануынан қорғау.
Өсімдік карантины
Аудан аумағында бүгінгі күні жердің жасыл қабатын зақымдайтын 2 карантиндік нысан тіркеуге алынған: кекіре (горчак) және шырмауық (повилика).
Карантиндік шаралар кешенін атқару барысында облыстың карантиндік нысандарының тізімінен «Капр қоңызы» толығымен алынып тасталынды. Жайылып өсетін кекіре көбінесе ауылдық округтердің ауыл шаруашылық жерлерінде таралған және оның таралу аумағы күннен күнге көбейіп келеді. Кекіренің ең көп тараған жерлері Каратал, Сартерек, Айнабұлақ, Кеңсай ауылдық округтары. Аталған карантиндік арам шөптің таралуының негізгі себебі пайдаланылмай тасталған жерлер мен өңделмейтін егістік жерлердің орын алуы, карантиндік кешенді шаралардың толық орындалмауы, бюджет және ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің шектеулі қаржы жағдайлары.
Шырмауық жасыл шөп қабатында және көбінесе жол жиектерінде, ауылдық аймақтарда және ауыл шаруашылығына пайдаланылмайтын жерлерде жайылған. Өңдеу жұмыстары көбінесе механикалық әдістермен жүргізіледі.
2003-2005 жылдары карантиндік шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 13,8 млн. теңге қаражат бөлініп, ол толығымен игерілді, оның ішінде карантиндік нысандардың ошақтарын жою үшін химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге 13,4 млн. теңге бөлінді және игерілді, химиялық өңдеу жұмыстары 4,0 мың гектар жерге жүргізілді.
Карантиндік арам шөптерді анықтау үшін 36,8 мың гектар жерде мониторинг жұмыстары жүргізілді, игерілген қаражат –236,4 мың теңге.
2003-2005 жылдары карантиндік арам шөптер мен зиянкестердің таралуын
және оларға қарсы күрес жөнінде мәлімет
(мың.га)
Карантиндік нысандар
|
2003 ж.
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
Өңделуге тиісті жер
|
өңделгені
|
Өңделуге тиісті жер
|
өңделгені
|
Өңделуге тиісті жер
|
өңделгені
|
Жайылмалы кекіре
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
Шырмауық
|
0,044
|
0,044
|
0,044
|
0,044
|
0,009
|
0,009
|
Колорадо қоңызы
|
0,5
|
0,5
|
0,5
|
0,5
|
-
|
-
|
Күрделі мәселелер:
- ҚР АШМ аумақтық басқармасының өсімдік карантині жөніндегі инспекторлардың материалдық техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілуі;
- Өсімдік карантині жөніндегі инспекторлардың әдістемелік, анықтамалық-ақпараттық әдебиеттермен, өсімдік карантині аясында халықаралық нормалар мен стандарттар көрсетілген әдістемелермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, Қазақстан Республикасының негізгі сауда партнерлары болып есептелетін елдердегі карантиндік нысандар бойынша өзгерістер және таралуы жөнінде ақпараттың жоқтығы.
-
Карантиндік байқау кезінде карантинге жатқызылған өнімдер мен бионысандарды зертханаларда зерттеу және экспертизадан өткізу үшін арнайы тұрақты, мамандандырылған ғимараттардың жоқтығы.
Шаралар:
-Карантиндік нысандарды уақтылы анықтау, оны оқшауландыру және таралу ошақтарын жою үшін аумақтар мен ауыл шаруашылық жерлерде толық көлемді анықтау жұмыстарын жүргізу;
Күтілетін нәтижелер:
-
Фитосанитарлық жағдай жөнінде дұрыс және толық мәліметтер алу:
-
Аудан аумағына карантиндік нысандардың кіруіне және таралуына жол бермеу.
3.2.2 АӨК өнімдерінің көтерме саудасы
Азық-түлікті өткізу жолдарын жетілдірудің тиімді құралдарының бірі – азық-түлік товарларының көтерме сауда рыноктары болып табылады.
Ауданда өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің көпшілігі Қазақстанның ішкі рыногында сатылады. Экспортқа негізінен бұғы мүйізінен жасалған өнімдер шығарылады.
Ауыл шаруашылық өнімдерін сату екі тәсілмен жүргізіледі:
1) өндіруші - ауыл шаруашылығын өнімін өңдеуші - дайын өнімді көтерме саудамен сату және бөлшек сауда рыноктарында сату
2) өндіруші - ұйымдаспаған делдал – дайын өнімдерді рыноктарда сату.
Ұйымдаспаған делдалдың қызметі өндіруші мен сатушыны өзіне тәуелді етіп алған, өндірушілердің өндірген
өнімдерін рыноқта сатуды шектеп отыру арқылы бағаның жоспарсыз өсуіне, товар сатудың бәсекесіз және заңдастырылмаған механизмін жүзеге асыруға, «баға келісіміне» жол беретін алып сатарлар атқарады.
Ауыл шаруашылық товар өндірушілері өнімді сақтауға жағдайының жоқтығынан, өнімді сату үшін тұрақты рыноктарының болмауынан, қажетті айналым қаражаттарының жоқтығынан өз өнімдерін алып сатарларға төмен бағамен беруге мәжбүр болады.
Сонымен қатар, өңдеуші кәсіпорындар өнімді жаппай сатып алу маусымында ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу үшін айналым қаражаттарының жетіспеушілігінен маусым кезінде шикізат сатып алуға мүмкіндіктері болмайды, осыған байланысты өндірістік деңгейлері төмен күйде қалады.
Азық-түлік жәрмеңкелері ұдайы өткізіліп тұрмайды, сондықтан бұл жағдай ауыл шаруашылық өнімдерін сатудағы проблемаларды шешпейді және бағаны тұрақтандыруға көп әсері жоқ.
Ал рынок жағдайында баға тұрақтылығының негізгі құралы болып табылатын фьючерлік келісім жасауға негізделген биржалық сауда-саттық тәжірибесі ауданда орын алмаған.
Күрделі мәселелер:
- Мал өнімдері, овощ және картоп өнімдері жеке қосалқы шаруашылықтар мен ұсақ ауылшаруашылық құрылымдарда әртүрлі мөлшерде өндірілетіндіктен сапасыз және бәсекелестікке түсе алмайды ;
- Көтерме сауданы кең түрде ұйымдастыру тәжірибесінің жоқтығы, сәйкес маман-кадрларының жоқтығы, жәрмеңкелер ұйымдастыру мақсатында көрмелік жәрмеңкелік орталық құру, өндіруші мен сатып алушының арасында ауыл шаруашылық өнімдерін көптеп және аз мөлшерде сату шарттары бойынша келісім жасау;
- Тамақ өнеркәсібі және өңдеуші салалар кәсіпорындарының дайындау торабы жеткіліксіз дамуы;
-
Бар рыноктардағы көлеңкелі экономиканың жоғары деңгейде болуы және муниципальді рыноктардың жоқтығы.
Шаралар:
-Зайсан қаласында муниципальді рынок ашу;
-Тамақ өнеркәсібі және өңдеуші кәсіпорындардың дайындау торабын дамыту үшін жағдай жасау;
-Тауарлар, баға және ауыл шаруашылығы өнімдерін көтерме сауда рыноктарында сату қызметтері жөнінде ақпараттарды жинау, өңдеу және тарату жұмыстары бойынша ақпараттық – маркетинг қызметін жақсарту;
-Агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу.
Күтілетін нәтижелер:
- Дұрыс жолға қойылған, ауыл шаруашылық өнімдерін көтерме сауда жүйесі арқылы сатылатын өнім көлемін және азық-түлік өнімдерінің ассортиментін кеңейту;
- Импорттық тауарлардың ішкі рынокқа қысымын азайту және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің экспорттық рыноктарға, бірінші кезекте шекаралас елдерге (Ресей, Қытай) шығу мүмкіндіктерін жасау;
- Ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту проблемаларын шешу.
3.2.3. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау жүйесі
Ауыл шаруашылығы өндірісінің айқын байқалатын маусымдық сипаты жаппай өндіру маусымы кезеңінде сатып алу операцияларын жүргізу мен тамақ және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрғындардан ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алумен айналысатын дайындау пункттері жүйесін құру арқылы жүзеге асырылатын дайындау жүйесін дамытудың қажеттілігін туғызады.
Ауданда мүйізді бұғы өсірумен «Қызыл-Қия» өндірістік кооперативі айналысады. Панты мен панты өнімдерін өндіру мен сату маусымдық түрде болады, сатып алушылармен ұзақ мерзімдік келісім шарттары жоқ. Өнім төменгі (демпинг) бағамен сатылады.
Панты өндіруді экспортқа шығару бағытын дамыту үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру қажет.
Күрделі мәселелер:
-
Арнайы мамандандырылған картоп, овощ сақтайтын пункттерінің жоқтығы. Ауданда ауылшаруашылық өнімдерін дайындау пунктеріің жұмысы қалыптаспаған. Мал өнімдерін дайындау дайындаушылар және алып- сатушылар арқылы жүргізілетіндіктен дұрыс ұйымдастырылмаған. Егіншілік өнімдерін 15 ұн тартатын цех және 23 күнбағыс өнімдерін өңдейтін цехтар сатып алады. Бұл жеткіліксіз. Ауылшаруашылық құрылымдары облыс орталығынан және үлкен қалалардан алыс қашықтықта орналасқандықтан өз өнімдерін алысқа апарып сата алмайды. Сондықтан өз дайындау системасымен, өз өнімдерін қайта өңдеп және дайын азық-түлік тауарларын шығаруы қажет;
Арнайы тұрақты жүн және тері қабылдау пунктерін ашу
- Ауыл шаруашылық өнімдерін алғашқы өңдеу, қоймада сақтау, құтыға салу, сақтау және жөнелту бойынша өндірістік инфрақұрылымның жоқтығы;
-Маусым аралық уақытта ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасының өсіп кетуі;
-Өндірушіден өңдеушіге шикізатты жеткізудегі жоғары деңгейдегі тасымалдау шығындары;
-Дайындаушы және жүн сұрыптайтын мамандардың, товароведтердің жеткіліксіздігі.
Шаралар:
Зайсан қаласы мен ірі тұрғылықты жерлерде муниципальды рыноктар құру;
Ауыл шаруашылық өнімдерін көптеп сату рыноктарының торабын құру;
Тұрғындардың ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын сатып алуды ұйымдастыру;
Қайта өңдеуден өткізілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің жеткізу шығындарының біразын субсидиялауды енгізу;
Тамақ және өңдеуші өнеркәсіп салалары мамандарын, товароведтерді дайындау.
Ауыл шаруашылық шикізаттарын дайындау жүйесін дамыту ауыл шаруашылық тауарларын жаппай өндіретін жергілікті жерлерде алғашқы өңдеу, сақтау, өнім топтарын қалыптастыру, ыдысқа салу, толық өңдеуге жіберуге арналған құрал- жабдықтармен жарақтандырылған өнеркәсіптік дайындау пункттерін ұйымдастыру жолдары арқылы жүзеге асырылатын болады. Сүт қабылдайтын техникалық жарақтандырылған 1 пункт, 1 мал соятын пункт, көкөніс, картоп және жабайы жеміс - жидектерді қабылдайтын және өңдейтін 1 цех, жүн және тері дайындайтын 1 пункт құру көзделінген. (саны)
|
Атауы
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
1
|
Сүт дайындау және салқындату цехы
|
|
|
1
|
|
|
|
2
|
Мал сою, және еттің барлық түрлерін салқындататын цехтар
|
|
1
|
|
|
|
|
3
|
Көкөніс, картоп, және жабайы өсімдіктер дайындау цехы
|
|
|
1
|
|
|
|
4
|
Жүн, тері дайындау цехы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны
|
1
|
1
|
2
|
|
|
|
Күтілетін нәтижелер:
Ауыл тұрғындарының табысын және АӨК нысандарының табысын көбейту мақсатында малдың барлық түрлерінің санын, жеке меншік секторында көкөніс және картоп өнімдерін көбейту;
Тамақ және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының қуаттарын пайдалануды ұлғайту;
Маусымаралық уақытта ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру;
Ауыл тұрғындарының еңбекпен қамтылу деңгейін көтеру;
Өндірістік емес сипаттағы ауылға көрсетілетін қызмет бойынша инфрақұрылымды дамыту;
Жаңа өндіріс орындарын ашу, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта жарақтандыру.
3.2.4. АӨК қаржылық және сақтандыру инфрақұрылымы
Аудан агроөнеркәсіп кешенін қаржылай қамтамасыз ету көздеріне републикалық бюджет, облыстық бюджет, «Аграрлық кредит корпорациясы» ЖАҚ, ауылдық кредит серіктестіктерінің, Бүкіләлемдік Даму Банкінің қаражаттары, екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің, фермерлерді қолдаудың қоғамдық қорының, инвесткомпаниялардың несие ресурстары жатады. Агроөнеркәсіп кешенін қаржылай сауықтырудың негізгі шараларына агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламалары мен шараларын мемлекеттік қаржыландыру, екінші деңгейдегі банктер арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражаттарын толықтыру үшін берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау, шағын несиелер, инвестициялар тарту жатады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдық сипатына және өндіріс циклының ұзақтығына байланысты ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне егіс жұмыстарын атқаруға қысқа мерзімдік кредиттер, тозған техниканы жаңартуға, жаңа қазіргі заманғы технологияны игеруге, өңдеу цехтарын ашуға, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын дамытуға орта және ұзақ мерзімді кредиттер қажет.
Қаржыландыруда және ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен кәсіпорындарды несиелеуде әлі де болса негізгі проблемалары төмендегідей болып отыр:
- екінші деңгейдегі банктердің талабы бойынша қажет кепілдіктің жеткіліксіздігі;
- кейбір шағын және орта ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің төлем қабілеттілігінің төмендігі;
-
айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі және банк несиелеріне қол жетіспеушілік.
2006-2010 жылдары агроөнеркәсіп кешенін қаржылай қолдау жалпы аудан экономикасын дамытуға, АӨК тұрақты дамытуға жағдай жасайтын шараларды жүзеге асыруға бағытталады.
Кәсіпкерлік қызметті дамыту, ауыл тұрғындарының табыс деңгейін көтеру мақсатында мемлекеттің қатысуымен негізгі міндеттері ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен ауыл тұрғындарын қаржылай қолдау болып табылатын арнайы ұйымдар қатарын құру.
Ауылдық несие серіктестіктерінің жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін несиелеу. (АНС)
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несие қаражаттарымен қамтамасыз ету үшін 2005 жылдан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (әрі қарай – Корпорация) олардың жарғылық капиталына қатысуымен ауданда ЖШС «Зайсан-несие»- ауылдық несие серіктестігі құрылып, жұмыс атқара бастады.
Қазіргі кезде ЖШС «Зайсан-несие» құрамында 24 ауылшаруашылық құрылымдары бар. Қәзіргі уақытта жарғылық капиталға жалпы сомасы 5471,0 мың. теңгені құрайтын қаражат енгізіліп отыр.
Ашылған несиенің жалпы көлемі 21884,0 мың. теңгені құрайды, осы қаржының 01.10.2005 жылға игерілгені 1,0 млн. тенге, қалған қаржы жыл аяғына дейін толығымен игеріледі. Жарғылық капиталды толықтыру үшін жаңадан мүшелікке кіретін ауылшаруашылық құрылымдардан жарғылық капиталды толықтыруға 6194,0 мың теңгеге өтініш түсті.
Ауылдық несие серіктестіктері ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін ең тартымды қаржы ұйымдарының бірі болып отыр. Олардың тартымдылығы тек шағын және орта тауар өндірушілердің жылдық сыйақы ставкасы 9 % несиеге қолдары жетуінде ғана емес, сонымен қатар, бұл ұйымдардың ауылдық жерлерде ұйымдастырылуы, бұл - ауыл тұрғындарын олардың өз бизнестерін дамыту үшін несие ресурстарына біршама жақындатып отыр. Сонымен қатар, олардың екінші деңгейдегі банктерден айырмашылығы - АНС сөзсіз артықшылықтары бар, яғни өзін өзі бақылау, өзара сенім және алған қарызы үшін ұжымдық жауапкершілік жүктелген қызмет атқару механизмі.
Ауыл шаруашылық өндірісін ауылдық несие серіктестіктері арқылы кредиттеудің қазіргі жүйесі оң бағаға ие болып отыр, әрі қарай дамытуды талап етеді және оның құрылымының негізінде ауыл тұрғындарын несиелеудің жаңа түрлерін дамытуды қажет етеді.
Күрделі мәселелер:
Жарғылық капиталды қалыптастыру (аз көлемдегі жарғылық капитал АНС-нің пайдасыз жұмыс істеуіне әкеледі);
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес сыйақы ставкасын анықтауда мемлекеттік несие ресурстарының қымбаттылығы;
Ауылдарда жеке бизнес ашуға арналған қаражаттың жоқтығынан ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнестің инфрақұрылымын дамытудың жетіспеушілік жақтары.
АНС мүшелерінің өндірілген өнімдерін өткізу орындарының жоқтығы және облыс орталығынан қашықта орналасуы.
Шаралар:
Әрекеттегі АНС жарғылық капиталын көбейту және оларды кредит портфельдерінің көлеміне байланысты бірінші категорияға аудару;
Несиелік саясатты және ауылдық несие серіктестіктерінің басқару қызметін жүргізу бойынша ақпараттық жүйе енгізуді қамтамасыз ету;
Ауылда ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті дамытуға несие беру арқылы ауыл тұрғындарының күнкөріс деңгейін жоғарылатуға жағдай жасау:
Күтілетін нәтижелер:
АНС мүшелері санын өсіру, сонымен қатар жарғылық капиталды 30,0 млн. теңгеге жеткізу;
Ауылдың тауар өндірушілерін пайызсыз несие ресурстарымен қамтамасыз ету;
Ауылдық инфрақұрылымдарды дамыту (сервис орталықтары, дайындау пункттері, ауыл шаруашылық өнімдерін алғашқы өңдеуден өткізу, қол өнерді дамыту, ауылдық сауда нүктелерін кеңейту және т.б);
Ауылдық несие серіктестіктерінің қаржылық жағдайына жедел түрде және әрдайым бақылау жасау;
Қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы ауыл тұрғындарын еңбекпен қамту.
Астық қолхаттарының жүйесіАграрлық секторды несиелеудің көлемін кеңейту мақсатында 2002 жылдан бастап астық қолхаттары жүйесі енгізілді. Астық қолхаттарының айналым тәуекелдігін азайту мақсатында 2003 жылы «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры» АҚ құрылды.
Бірақта, ауданда бұл жүйе әлі күнге дейін қолданылмай отыр. Оның себептерінің бірі ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне кредит ресімдеуде банктер астық ресурстарын сақтайтын астық қабылдау пункттерінің, яғни Қордың мүшелері болып есептелетіндердің кепілдік астық қолхаттарын кепілдікке беруді талап етеді. Мұндай астық қабылдау пункттері ауданда жоқ. Сонымен қатар, банктерді астық сапасы қанағаттандырмайды, қабылданатын астық сапасы 3 кластан кем болмауы тиіс.
Күрделі мәселелер:
Ауданда АҚП – ның жоқтығы;
Астықтың төмен сапасы:
Астықты сақтау және өңдеудің жоғары құны;
Қор мүшелерінің аздығы.
Ауылға шағын несие беру
Ауылды қаржыландыру жүйесі тұрғындардың 59 % ауылда тұратынындығын және олардың 1/5 бөлігінің табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен екендігін ескере отырып, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін (шаруашылық серіктестіктер және шаруа қожалықтары) қолдаудан басқа тұрғындардың кәсіпкерлігін қалыптастыруға да бағыт алып отыр. Бұл жағдайлардың негізгі себептері шектеулі төмен ақшалай табыс және үй шаруашылығындағы өнімділіктің төмендігі.
Ауданның аграрлық секторындағы экономикалық жағдайды нығайту үшін ауыл тұрғындарына шағын несие беру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарына 1-транш бойынша шағын несие беру аяқталды. несие беруге дейін 3 оқыту семинарлары өткізілді және онда ауылдық аймақтарда тұратын 484 адамға кәсіпкерлік негіздері үйретілді. Қордың облыстағы бөлімшесі 300 тапсырыс қабылдап, оның 160-на шағын несие беру үшін оң шешім қабылданды, жалпы сомасы 15,34 млн теңгенің 142 шағын несиесі берілді, оның ішінде 3,12 млн. теңгенің 48 шағын несиесі (34 %) табысы төмен үй шаруашылықтарына және 12,22 млн теңгенің 94 шағын несиесі (66 %) табысы орташа үй шаруашылықтарына берілді
Күрделі мәселелер:
- Ауылда жеке бизнес ашу үшін қаражаттың жоқтығы;
- Жеке бизнес ашуға тұрғындардың білім деңгейінің және тәжірибелерінің аздығы;
- Бөлінген шағын несиелердің тиімсіз пайдаланылуы;
- Ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негізді үйрету жүйесінің жоқтығы.
Шаралар:
- Ауыл тұрғындарына шағын несие беруді ұйымдастыруға мемлекеттік қаражаттар көлемін ұлғайту;
- Экономикалық тұрғыдан белсенді ауыл тұрғындарының каржы- несие ресурстарына қол жеткізулерін қамтамасыз ету;
- Ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негізді үйрету семинарларын өткізу.
Күтілетін нәтижелер:
- Шағын несие берудің тұрақты, бәсекеге қабілетті және тиімді қызмет атқаратын жүйесін құру үшін жағдай жасау;
- Ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік ынталарын көтеру және ауылда экономикалық қызмет аясын кеңейту;
- Ауыл тұрғындарының табыс деңгейін көтеру арқылы ауылда кедейшілік деңгейін төмендету;
- Қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы ауыл тұрғындарын еңбекпен қамтамасыз ету;
- Өндіріс және өнімді өңдеу көлемін арттыру.
Ауыл шаруашылығын сақтандыру
Ауыл шаруашылық өнімдері өндірісін тұрақтандырудың кепілдігі және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің мүліктік тәуекелін азайту үшін 2004 жылы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мүліктік мүдделерін қолайсыз табиғат жағдайларының әсерінен өнімнің біраз бөлігінің және оның толық опат болуынан сақтандыруға бағытталған «Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдері арқылы жүзеге асырылатын Заңы қабылданды.
Ауыл шаруашылығында сақтандыру рыногының тартымды емес екендігін ескере отырып, сақтандыру компанияларына ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің төлеген сақтандыру төлемдерінің 50 % мөлшерінде субсидия күйінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Ауданда өсімдік шаруашылығын сақтандырумен «Транс-Ойл» СК Шығыс Казақстан бөлімшесі айналысады. Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру келісім шарттары 317 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 9,7 мың гектар жерге жасалды, бұл көзделген мөлшердің 100% құрайды. Жалпы сақтандыру сомасы 3,1 млн. теңгені құрады.
Ағымдағы жылы аудан бойынша қолайсыз табиғат жағдайларынан 336,7 га зардап шеккен, зиян орнын толтыру үшін құжаттары ресімделіп, «Транс-Ойл» СК-на жіберілді.
Күрделі мәселелер:
- «Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының және заңнамалық актілерінің жеке баптарының жетілдірілмеуі.
Шаралар:
- Қолайсыз табиғат жағдайларынан ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің шығындарын толық өтеу;
- «Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, атап айтқанда:
- Егістікке зиянкестерден болған опат жағдайды сақтандыру оқиғасына жатқызу;
- Бір гектар жерге кететін шығындар нормативтерінде Республиканың табиғат-климат аймақтарындағы барлық дәнді және бұршақты дәнді дақылдар тізімін көрсету;
- Талаптарды жеңілдетіп, сақтандыру оқиғалары бойынша сақтандыру компаниясының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерден талап ететін құжаттар тізбесін қысқарту;
Міндетті сақтандыру келісім- шартын жасау мерзімін егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін 30 календарлық күнге дейін ұзарту және ауыл шаруашылық дақылдарын егісі басталғанға дейін ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне келісім-шарт жасасуға мүмкіндік беру;
«Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаудың» 5,6,7,8 баптарының орындалуын ҚР АШМ аудандық, аумақтық бөліміне жүктеу.
Күтілетін нәтижелер:
Инвестициялау тәуелдігін азайтуға, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің кірісін көбейтуге, сақтандыру рыногына халықтың сенімін нығайту үшін кепілдік факторы бола алатын ауыл шаруашылығын сақтандырудың тиімді жүйесін құру.
3.2.5. Ақпараттық- маркетингтік қамту
Аграрлық рынок мүшелерінің бәсекелестіктің шешуші факторы болатын ақпаратқа қолдарының жетуін қамтамасыз ету мақсатында ауданда «Казагромаркетинг» АҚ өкілдігі құрылды. Ақпарат беруден басқа Қоғамның негізгі міндеттеріне: өндірістің, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сатудың маркетингтік және аналитикалық зерттеулері, фермерлер мен ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік пен шағын бизнестің негіздеріне оқытып-үйрету жатады. 2005 жылы баға жөнінде ақпаратты жинау және өңдеу жұмыстары жолға қойылды. Ауылдарда шағын несие беру бойынша кәсіпкерліктің негіздері 250 адамға оқытылып-үйретілді. Маман таңдалынып алынды, қазіргі уақытта маманға кабинет беріліп, телефонмен және оргтехникамен жұмысы қамтамасыз етілді.
Күрделі мәселелер:
- Ауылдық жерлерде ақпараттық технологияларды дамытудың жеткіліксіздігі;
- Жаңадан қабылданған консультанттардың біліктілігінің төмендігі;
- Ауыл шаруашылығындағы рыноктың мүшелері арасында маркетингтің мағынасын түсінбеушілік.
Шаралар:
-Ауылдық округтер деңгейіне ақпараттық маркетингтік жүйені жеткізу;
- Ауыл шаруашылығында ААКО консультанттарын маркетинг және менеджмент негіздеріне оқытып-үйрету:
- ААКО-ға аграрлық рынок мүшелері жөнінде мәліметтер жасауға көмек көрсету, ААКО желісі арқылы тегін маркетингтік ақпарат беру қызметін шеңберін кеңейту;
- «Казагромаркетинг»АҚ көрсететін ақылы қызмет аясын кеңейту: бизнес-план жасау, инновациялық жобалар, оқыту, оргтехниканы абоненттік техникалық қамту, мемлекеттік органдар мен ауыл шаруашылық құрылымдардың тапсырыстары бойынша аналатикалық материалдар жасау;
- Жергілікті бюджеттерде тегін қызмет тізбесіне кірмей қалған тапсырыс бойынша дайындалатын аналитикалық материалдарға қаражаттар қарастыру;
- Ауыл шаруашылық білімдерін тарату және беру жүйесін дамыту;
- АӨК өнімдерінің тұрақты өткізіліп тұратын көрмелері мен жәрмеңкелерің ұйымдастыру.
Күтілетін нәтижелер:
-Ауылдық жерлердегі ақпараттық құрылымдарды жақсарту;
- Ақпараттық желіні кеңейту, рынок мүшелерінің дұрыс ақпаратқа қолдарын жеткізу, АӨК субъектілерімен кері байланысты қамтамасыз ету;
- Шет елдердің ауыл шаруашылығында болып жатқан озық тәжірибелерімен танысу және оны тарату мүмкіндіктері;
- Рынок мүшелерінің интеллектуалдық деңгейін көтеру, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу. Шағын бизнесті дамытуда ауыл тұрғындарының белсенділігін арттыру, ауыл тұрғындарының өз шаруашылықтарымен айналысатын бөлігінің тұрмыс жағдайларын көтеру;
- Нарық субъектілері арасында өзара тиімді қатынастар жүйесін жетілдіру, іскерлік байланыс орнату.
3.3.Ұлттық бәсекелестіктің артықшылықтарын дамыту
3.3.1. Ұлттық бәсекелестіктің артықшылықтарын дамыту бойынша мемлекеттік саясат
Ішкі рыноктың шектеулі сыйымдылығы, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің төмен деңгейі, отандық өнімдердің шет елден келетін азық-түлік тауарларымен ығыстырылуы, әлеуетті әлемдік азық-түлік рыноктарына тиімді көлік жолдарының жоқтығы АӨК салаларының отандық өнімдерінің бәсекелестік артықшылықтарын дамытудың тиімді жолдарын жасау міндеттерін қойып отыр.
Өсімдік шаруашылығы өнімдері
Ауданда астық өндірудің жағдайы ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге ғана мүмкіндік береді, экспорттық потенциалды шығаруға мүмкіндік жоқ.
Күрделі мәселелер:
- Бидай сату каналдарының және биржалық сауда-саттықтың дамымағандығы, өркениетті көтерме сауда базарлары мен марткетинг жүйесінің жоқтығы, астық бағасының белгіленімінің жоқтығы;
- Тасымалдау тарифтерінің жоғарылығы, арзан көлік жолдарының жоқтығы;
- Дәнді дақылдардың түсімділігін болжауды жоғары дәлдікпен анықтау әдістерінің жоқтығы;
- Астық сапасы бойынша бекітілген стандарттардың халықаралық деңгейге сәйкес келмеуі;
- Астықтың жәнеТМД елдері жағынан және алыс шет елдерден жергілікті астыққа сұраныс болған жағдайда оның өңдеу өнімдерінің ішкі бағасының бақылаусыз өсуі;
- Астықтың төмен сапасы жергілікті астықтың бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық потенциалын төмендетеді;
Шаралар:
- Өсімдік шаруашылығы өнімдерін шет елге сатуды қолдау бағдарламаларын дамыту;
- Өсімдік шаруашылығы өнімдері мен шет елге сатуды квоталау;
- Темір жол арқылы тасымалдаудың тарифтерін реттеу;
- Мемлекеттік стандарттарды жетілдіру және ИСО, ХАСПП базасы негізінде сапаны басқару жүйесін халықаралық стандарттарға өткізуді қамтамасыз ету;
- Тауарлық биржаларда астықты сатуды ынталандыру.
Күтілетін нәтижелер:
- Жергілікті жердің астығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Ауыл шаруашылық құрылымдардың қаржы-экономикалық жағдайын нығайтуда оң жағдай жасайтын валюталық ақша түсімін көбейту;
-
Сапалы астық өндіру көлемін ұлғайту.
Мал шаруашылығы өнімдері
- Ет өндіру аудан шаруашылықтарының барлық түрлерінде 2004 жылы 3,2 мың тонна болды, бұл ұлттық нормалар бойынше есептелген қажеттіліктен 176,9 % артық, болашақта бұл көрсеткіш 1,6-1,8 есе артық болады. Өнімнің осы түрін сатуды дамытуда оның рыноктары аудан орталығы, Өскемен, Семей, Алматы қалалары болып есептеледі.
- Шет елге сатуға бағытталған перспективалы мал шаруашылығы өнімдерінің бірі мүйізді бұғы шаруашылығының өнімдері. Бұл өнім негізінен Оңтүстік Корея және Гонконгқа шығарылады. Шетке шығарылатын мүйіз өнімдерінің көлемі 100-120 килограм, бағасы 16,3-19,6 мың АҚШ долларын құрайды.
-
Мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестігін арттыру және бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру аясында экспорттық потенциалды дамыту мақсатында әлемдік стандартқа сай келетін ет, сүт және сүт өнімдерін шығаратын мамандандырылған кәсіпорындар ұйымдастыру көзделініп отыр.
Күрделі мәселелер:
- Мал шаруашылығы өнімдерін сататын дамыған каналдардың және биржалық сауданың жоқтығы;
- Мал шаруашылығы өнімдерінде пайдаланылатын сапа стандарттарының халықаралық деңгейге сай келмеуі;
- Мал шаруашылығы өнімдерінің төмен сапасы;
- Мал шаруашылығы өнімдерін дайындау, өңдеу және сатуда өндіріс инфрақұрылымының дамымағандығы;
- Мал шаруашылығы өнімдері шет елге шикізат күйінде шығарылуы;
- Әлемдік рынокта бұғы мүйізінің өнімдеріне баға төмендеп кеткен.
Шаралар:
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде және өңдеуде жаңа технологияларды енгізу;
- Жоғары өнімді сауын малдары бар сүт-тауарлы фермалар құру;
- Сүтті толық өңдеуден өткізуді ұйымдастыру;
- Ет шығаратын арнайы мамандандырылған кәсіпорындар құру;
-
Бұғы өсіретін шаруашылықтар негізінде емдеу-сауықтыру кешендерін ашу.
Күтілетін нәтижелер:
- Мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Экспорттық қор құру;
Аудан тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуде жергілікті өндірушілердің азық-түлік тауарларының үлесін арттыру;
Бәсекеге қабілетті мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайту.
3.3.2. АӨК кластерлерді қалыптастыру және дамыту
Балық кластерін құру және дамыту
Рис. 47
Рис. 48
Рис. 44
Рис. 49
Рис. 50
Рис. 51
Балық кластерін құрудың кешенді шаралары атқарылуда. Балық шаруашылығы саласы балық ресурстарын қолдан көбейту мен оларды аулаудан бастап өңдеуге және дайын өнімді сатуға дейінгі аралықтағы бірімен бірі байланысқан циклдардан тұрады.
Балық өңдеу бойынша шикізат аймағына Зайсан көлі жатады. Балық өңдеу өнеркәсібі балық аулайтын, алғашқы және толық өңдеумен айналысатын, сақтайтын, тасымалдайтын және дайын өнімді сатумен айналысатын кәсіпорындардан тұрады және Европа, Ресей елдеріне экспортқа балық шығарады.
Кластерлік карта
Балық кластерін құру «Зайсанрыбпродукт» ЖШС, «Зайсан Иртыш» ЖШС, «Рыбаки Зайсана» ӨК, балық шаруашылығы ҒЗИ Алтай бөлімшесінің, құрама жем өнеркәсібі кәсіпорындарының, сауда ұйымдарының қатысуымен жүзеге асыру көзделген.
Балық кластерін құру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: саланың негізгі («Бұқтырма уылдырық шашу шаруашылығы» РМКК, балық питомнигі), балық ресурстарының сарқылмас көздері және экспорттық потенциал.
Ішкі тоғандарды дамыту және олардың ресурстарын тауарлық өнім мақсаттарына тарту көзделініп отыр.
«Балық-Продукт-Восток» ЖШС-нің «Восток-Рыба» ЖШС базасындағы балық кластерінің сызбасы
5.4. Ішкі рынокты реттеу және облыс тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету
3.4. Ішкі рынокты реттеу және облыс тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету
Ауданның агроөнеркәсіп кешенінің дамуы соңғы жылдары біршама тұрақтанды. Ауыл шаруашылық өнімдері мен негізгі азық-түлік тауарларының өсуі бойынша алға ілгерілеу байқалуда.
Негізгі азық-түлік тауарларын тұтыну стандарттары, отандық азық-түлік тауарларын өндірудің және негізгі азық түлік топтары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көрсеткіштерімен бағаланатын негізгі азық түлік тауарларыың қажеттілігі және онымен қамтамасыз етілу жағдайы барлық негізгі өнім түрлері бойынша нақты тұтыну мөлшерінің стандарттардан артатынын көрсетеді.
Соңғы 2 жылда ет және ет өнімдерін, сүтті тұтыну артты. Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің артуы себебінен картоп және нан өнімдерін тұтыну азайды.
Достарыңызбен бөлісу: |