2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау 2.2.1. Экономикалық даму
2.2.1.1 Өнеркәсіп
Ауданның өндіріс әлеуеті – ол, өнеркәсіптің көпсалалы құрылымы мен ауыл шаруашылығының өңдірісі, тиісті өндіріс қуаттарының болуы. 2013 жылы 4 783,1 млн. теңгеге тауар өнімдері өндірілді, бұл 2011 жылдың деңгейінен 1,3 есеге артық. Өнімнің табиғи көлемі индексінің өсуі 103,1% (1 сурет).
Сурет 1
2011-2013 жылдары өнеркәсіптегі тауар өнімінің өндіріс көлемі мен табиғи көлемінің индексі өзгерісінің
Динамикасы
Өңірдің өнеркәсібі үш саладан тұрады: тау-кен өнеркәсібі, өндеу өнеркәсібі, электроэнергия, газ және суды өндіру мен тарату.
Тау-кен өнеркәсібінің негізін көмір өндірумен айналысатын «Мадина» ЖШС ұсынады. Ауданның өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі тау-кен өнеркәсібінің үлесі 5,7%. 2013 жылы тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 272,3 млн. теңгені құраған немесе 2011 жыл деңгейінен 2,5 есеге көп. Өнімнің табиғи көлемінің индексі 117,0% (сурет 2).
сурет 2
2011-2013 жылдары тау-кен өнеркәсібіндегі тауарлық өнімнің
өндіріс көлемінің өзгеру
динамикасы
Ауданның әлеуеттік өнеркәсіп саласында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 89,8 %-ды (4296,5 млн. теңге) құрайды. Өндеу өнеркәсібінің негізгі үлесі қайта өндеу өнеркәсібіне тиесілі, оның негізі келесі салааралықтан тұрады: ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өнімдерінің өндірісі. Өзге салалар 4,5 %-ды құрайды.
Жыл сайын азық түлік өнімдерінің өндірісі көлемінің өсімі байқалады. 2013 жылы ауданда өндірілген тамақ өнімдерінің көлемі 4 120,5 млн. теңгені құрап, 2011 жыл деңгейінен 27,4% артты. Табиғи көлемінің индексі 2013 жылы 100,2 % болды.
Азық түлік өнімдерін өндірумен айналысатын негізгі өндірушілер болып тәулігіне 3 тоннаға дейін 50 астам шұжық өнімдерін өндірумен «Швабские колбаски» ЖШС және жылқы сүтін өндеу және қымыз өндірумен айналысатын «Ақберлі» ЖШС кәсіпорындары бар.
Ауданда өнімдерді қайта өндеумен айналысатын 57 шағын кәсіпорындар жұмыс істейді, сонымен қатар аудан тұрғындарын нан өнімдерімен, етпен, картоппен, көкөніспен толық қамтылуына қол жеткізілген (сүрет 3).
сурет 3
2011-2013 жылдары өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі және өнеркәсіптің табиғи көлемі индексінің өзгеру
Динамикасы
Рәзенке және пластмас бұйымдары өнімдерін шығару көлемі 26,2 млн. теңге құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 69,5% көп. Бұл салааралықты пластикалық есік, терезелерді шығарумен айналысатын «Үржар-Пласт» ЖШС ұсынады.
Ауданда үн және нан өнімдеріне тұрақты бағаның қалыптасқаның атап өту керек. 2011 жылы ЖК «Қарашев» базасының негізінде түрік технологиясы бойынша тәулігіне 50-60 тонна ұн шығаратын диірмен іске қосылды.
2013 жылы тәулігіне 1300-1600 дана нан мен тоқаш бұйымдарын шығаратын «Тәтті дәмді» және «Төрлет» ЖШС өндіріс көлемі 1092,9 млн. теңге құраған, 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге көп.
1 кесте
2011-2013 жылдары өңдеу өнеркәсібіндегі маңызды өнім түрлерін
өндіру динамикасы
№ р/с
|
Өнімнің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Жылдар
|
2011
|
2012
|
2013
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Ет және тағамдық өнімдер, оның ішінде шұжық өнімдері
|
тонна
|
301
|
276
|
277
|
2
|
Күнбағыс майы, тазартылмаған
|
тонна
|
250
|
1838
|
1833
|
3
|
Ұн, өнімдері
|
тонна
|
2369
|
12847
|
12500
|
4
|
Жаңа піскен нан
|
тонна
|
865
|
2483
|
2496
|
2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда өндірілген шұжық өнімдері көлемінің төмендеуі аудан аймағында аусыл індетінің шығуынан болған.
Шұжық өнімдерінің өндірісін көбейту үшін 2014 жылы «Швабские колбаски» кәсіпорынмен «Даму-Өндіріс ІІ» бағдарламасы шеңберінде «халықтың сұранысына сәйкес шұжық өндірісі өнімдерінің түрлерін кеңейту үшін өнімділігі жоғары жабдықтарды сатып алу» инвестициялық жобасы іске асырылды.
Сонымен бірге, бірқатар проблемалар бар: ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың технологиялық жабдықтарының тозу салдары (60,0% жоғары), ауыл шаруашылығы шикізатының төмен сапада өнделуі, бәсекелестік қабілеттілігі төмен өнім өндіріліп, нәтижесінде кейбір халық тұтынатын тауарлар ауданнан тыс жерлерден әкелінеді.
Электрмен, газ, сумен жабдықтау саласы.
Аудан тұрғындарын электрмен, сумен қамтамасыз етумен «Шығысэнерготрейд» ЖШС және Семей «ВК РЭК» АҚ бөлімшесі және мемлекеттік көпсалалы коммуналдық кәсіпорын айналысады. 2013 жылы аталған кәсіпорындар арқылы 205,0 млн. теңгеге қызмет көрсетілді, 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда 56,5 млн. теңгеге көп (2 кесте).
2 кесте
Электр қуатын өндіру және үлестіру, сумен қамтамассыз ету
бойынша көрсеткіштерінің өзгеру
динамикасы
№
|
Өнім атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Жылдар
|
2011
|
2012
|
2013
|
1.
|
Электр энергиясы
|
мың теңге
|
123692
|
127087
|
190374
|
2.
|
Табиғи су
|
мың теңге
|
7818
|
11941
|
14589
|
Аудан көлемінде жаңадан іске қосылатын өнеркәсіп орындарын есепке алғанда, жыл сайын электр қуатына деген сұраныс өсетін болады.
Кәсіпорындардың дамып, тұрақты жұмыс атқаруына шикізат базасын нығайту, өнімнің сапасын және бәскелестікке қабілеттілігі жоғары өнім өндіру жоспарлануда.
Саланың дамуы жағдайы SWOT-талдауында жүргізілді:
Мықты жақтары:
өзіндік материалдық шикізат базасы;
ірі импортер-нарығына жақындық ( Қытай Халық Республикасы);
өндіріс әлеуеті.
Әлсіз жақтары:
білікті мамандардың тапшылығы;
айналым қаражатының өндірісті жаңарту және техникалық жарақтандыру үшін жеткіліксіздігі;
еңбек өнімділігінің деңгейінің төмендігі;
электр қуатына тарифтың жоғары болуы.
Мүмкіндіктер:
өндеу өнеркәсібінде жаңа кәсіпорындардың ашылу мүмкіндігі;
тау-кен мен өндеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың жабдықтарын жаңарту;
Қауіптіліктері:
- басқа өңірлердегі кәсіпорындардың жан-жақты бәсекелестікте болуы және бизнестің жоғары операциялық кідірістері;
- жаңар-жағармайға, электрэнергиясына, суға, жылуға және тағы басқалардың тарифтерінің өсуіне байланысты өндірілген өнімнің бағасының қымбаттауы.
2.2.1.2 Агроөнеркәсіп кешені
Аудан экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешені маңызды рөл атқарады, онда біршама әлеуетті экономика топтасқан. Оның дамуы ауданның азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайды. Ауданның ауыл шаруашылығы саласы мал шаруашылығы дамыған өсімдік шаруашылығы бағытында негізделген.
2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 30 561,3 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 44,7 %-ға өскен. Табиғи көлемінің индексі 113,4%.
Мал шаруашылығының ерекшелігі оның көпсалалығында. Табиғи-климаттық жағдайларға және шаруашылық жұмыстарға байланысты ауданда ірі қара және қой шаруашылығы белсенді дамып келе жатқаны байқалады, соңғы үш жылда олардың өсімі 10-15 % болды.
Егіс алқаптары негізінен тәлім жерлерде орналасқан. Онда дәнді және майлы тұқымдас дақылдар өсіріледі. 2013 жылы ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқаптары құрылымының негізгі үлесін дәнді дақылдар (жаздық және күздік бидай, арпа, сұлы, тары) 26,8 % құрайды. Ауданның шаруа қожалықтары дәнді дақылдарды өсірумен қатар майлы дақылдарды, оның ішінде күнбағыс өсірумен айналысады. Жалпы егіс алқаптары құрылымындағы күнбағыс өсімдігінің үлесі 47,3% құрайды. Қалған бөлігі мал азықтық дақылдарға (19,8 %), картоп (1,6%) және бақшалық дақылдарға (2,0%) тиесілі (3 кесте). 2013 жылы өсімдік шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17 193,1 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 59,9 %-ға өскен. Табиғи көлемінің индексі – 126,0%.
Аудан бойынша 2013 жылы 71,1 мың тонна дәнді дақылдар өндіріліп, 2011 жылға қатысты алғанда 211,2%, 36,2 мың тонна күнбағыс немесе 2011 жылға қатысты алғанда 120,7%, 60,8 мың тонна картоп немесе 2011 жылға қатысты алғанда 104,5%, 45,7 мың тонна көкөніс немесе 2011 жылға қатысты алғанда 105,5% және 35,8 мың тонна бақша дақылдары жиналып 2011 жылға қатысты алғанда 197,8%.
3 кесте
2011–2013 жылдары өсімдік шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы
Көрсеткіштер атауы
|
2011ж.
|
алдағы жылға,%-бен
|
2012ж.
|
алдағы жылға,%-бен
|
2013ж.
|
алдағы жылға,%-бен
|
Егістік көлемі, мың. га
|
138,1
|
111,1
|
152,4
|
110,4
|
172,8
|
113,4
|
а) дәнді дақылдар
|
35,1
|
109,3
|
40,8
|
116,2
|
46,3
|
113,5
|
б) күнбағыс
|
80,2
|
119,2
|
72,7
|
90,65
|
81,7
|
112,4
|
в) картоп
|
2,69
|
90
|
2,69
|
100
|
2,75
|
102,2
|
г) көкөніс
|
1,89
|
82,2
|
1,87
|
99,0
|
1,89
|
101,1
|
А/ш дақылдарының орташа түсімділігі, ц/га
|
а) дәнді-дақылдар
|
10,0
|
128,2
|
10
|
100,0
|
15,4
|
154,0
|
б) күнбағыс
|
4,0
|
114,3
|
3,4
|
85,0
|
4,4
|
129,4
|
в) картоп
|
225,0
|
101,8
|
212,5
|
94,5
|
221
|
104,0
|
г) көкөніс
|
238,0
|
99,2
|
232,4
|
97,7
|
241
|
103,7
|
Өнім өндіру, мың тонна
|
а) дәнді-дақылдар
|
33,7
|
159,7
|
33,9
|
100,6
|
71,1
|
209,7
|
б) күнбағыс
|
30,0
|
150,8
|
19,5
|
65,0
|
36,3
|
186,1
|
в) картоп
|
58,2
|
86,7
|
57,3
|
98,5
|
60,8
|
106,1
|
г) көкөніс
|
43,3
|
78,9
|
43,2
|
99,8
|
45,7
|
105,8
|
д) бақша өнімдері
|
18,1
|
96,8
|
24,1
|
133,1
|
35,8
|
148,5
|
2011-2013 жылдары мал қыстағына жыл сайын 210 – 228,0 мың тонна мал азығы дайындалады немесе жоспардың орындалуы 110 – 114%.
2011 жылы нолдік технология тәсілі бойынша 6100 га дәнді-дақылдар өңделген. 2013 жылы бұл тәсілмен өңделген егістік жер көлемі 9 345 га құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 153,2% көп.
2013 жылы жер құнарлығын жақсарту үшін «Бәтуа» ЖШС 244 тонна аммофос, «Юбилейный» ЖШС 6,4 тонна аммофос, «Некрасовка» ш/қ 3,2 тонна аммофос қолданды.
Соңғы жылдары күнбағыс өсіруге берілетін субсидия мөлшері арттырылғанына байланысты ауыл шаруашылық дақылдары егістігін жетілдіру бойынша шаралар жүргізілмей отыр. Ауданның егістік құрылымында күнбағыстың үлесі өсіп, ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесінің бұзылуына әкеліп соқты. 01.01.2014 жылғы есептік кезеңге аудан бойынша тіркелген 2414 шаруа қожалықтары бар, оның 70 – 75% ұсақ шаруа қожалықтар, олардың 5 – 50 га егістік жерлеріне жаңа технологияларды енгізу бойынша ешқандай мүмкіндіктері жоқ. Одан басқа, минералдық тыңайтқыштар мен өсімдік қорғау құралдары жеткілікті қолданылмайды. Осы факторлардың барлығы жер құнарының азаюына және өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады. Бүгінгі күні шаруа қожалықтарды ары қарай ірілендіру жұмыстары жүргізілуде.
Саланы дамытуда қолданып жатқан шаралараға қарамастан бүгінгі күнге дейін ауданның өсімдік шаруашылығы тікелей ауа райының тәуелдігіне байланысты. Сонымен бірге нолдік технологиясы тәсілі бойынша игерілген егістік жерлерінің көлемі мен ауыл шаруашылығы дақылдарынының өңделуі тым баяу жүріп жатыр.
Ауданның суармалы жерінің көлемі 43,2 мың га құрайды. 2011 жылы 19,3 мың га жер немесе 44,7%, 2012 жылы 23,25 мың га немесе 53,82%, 2013 жылы 22,5 мың га немесе 52,1% игерілген. 2011 жылы «Бәтуа» ЖШС 16 дана «Valley» жанбырлатқыш қондырғысы арқылы 1400 га жерді игерген, 2013 жылы – 2000 га. Тамшылатып суғары тәсілі 300 га жерде қолданылды. Қалған жерлерді игеру үшін магистралдық каналдар мен гидротехникалық құрылыстарына қайта жаңғырту іс-шараларын жүргізуді қажет етеді.
01.01.2014 жылғы есептік кезеңге аудан көлемінде 2 су қоймасы, 5 су бөгеттері және 11 магистралды каналдар бар. Каналдардың жалпы ұзындығы 188,6 шақырымды құрайды. Барлық гидротехникалық құрылыстар «Востокводхоз» мекемесінің теңгерімінде тұр.
Тұқым шаруашылығында негізгі ұйымдастыру бұыны ғылыми-зерттеу мекемелері болып табылады, олар тұқым шаруашылығын ұйымдастыруымен сортты тұқымдарды өндіруде шешімді орын атқарады. Алынатын өнімнің 35,0% бірінші кезекте себілетін тұқымға байланысты екені мәлім. Үржар ауданында «Юбилейный» ЖШС-гі негізінде тұқым шаруашылығы құрылған. Шаруашылық тұқым шаруашылығының 1, 2 репродуктивтік мәртебесін алып, аудан көлемінде шаруа қожалықтарын жоғарғы сапалы тұқымдармен қамтамасыз ету бағытында жұмыс атқаруда. Бүгінгі күні «Бақ-Тұр» ЖШС және «Некрасовка и К» ш/қ жазғы бидай, арпа, соя және көпжылдық шөптерді өндіру бойынша тұқым шаруашылығы мәртебесін алуға жұмыстарын жүргізуде.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы құрылымдарымен жаңа ауыл шаруашылық техникаларды сатып алу және материалдық-техникалық базаларын нығайту бойынша қомақты жұмыстар атқарылды.
Жалпы ауыл шаруашылығы және оның кейбір салаларының тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі, ол технология процестерінің механизациялау деңгейі болып табылады. Механизация саласының, оның технологиялық және техникалық қайтажабдықталу деңгейінің төмендігі, егістік жерлерінің азаюы, егін шығымдылығы, өнімнің жалпы жиыны, пайдасы мен рентабелділігінің төмендеуінің негізгі себебі болып табылады.
Ауыл шаруашылықтың техникалық жабдықтармен қамтылу мүмкіндігі екі жолмен болады: бұл техникалық жабдықтар саның көбейту және тиімділікті, жоғары өндірістікті, сәйкесінше энергоүнемділік техникаларды пайдалану.
Ауданның ауылшаруашылық құрылымдардың теңгерімінде 2526 бірлік түрлі ауыл шаруашылық техникалар бар. 782 дана соқа, 533 дана сепкіштер, 213 дана культиваторлар және 2181 дана тырмалар есепте бар.
2013 жылы лизинг негізінде «КазАгроФинанс» АҚ арқылы ауылшаруашылық техникаларды сатып алуға 41 ауылшаруашылық құрылымдармен 65 өтілім берілген. 01.01.2014 жылға 87 дана жаңа ауылшаруашылық техникалар сатылып алынды. Оның ішінде: лизинг негізінде 63 дана және кәсіпорындардың меншік қаражаттары есебіне 24 дана техника алынған. Алынған ауылшаруашылық техникалардың құны 240,0 млн. теңге. 2011 жылмен салыстырғанда лизинг арқылы алынған ауылшаруашылық техникалардың саны 28 бірлікке көбейген.
2013 жылы мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13 368,2 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 28,8 %-ға артқан. Табиғи көлемінің индексі – 100,8%.
2013 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара малы саны 69221 басты немесе 2011 жылмен салыстырғанда 112,2% құраған, қой мен ешкі 227 337 бас немесе 2011 жылмен салыстырғанда 107,4%, жылқы 19693 бас немесе 2011 жылмен салыстырғанда 105,7%, шошқа 2720 бас немесе 2011 жылмен салыстырғанда 51,3%, құстар 128 865 бас немесе 2011 жылмен салыстырғанда 104,8%.
Мал шаруашылығы саласын қолдау және дамыту үшін 2011-2013 жылдары республикалық бюджеттен субсидиялар бөлінді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні 17 мал бордақылау алаңдары құрылып, жұмыс істеуде. Бұл нысандар соңғы 3 жылда құрылған.
2014 жылдың 1-ші қаңтарына 27 ауылдық округте 27 мал ұрықтандыру пункттері жұмыс істеп тұр. Аудан соңғы 5 жыл бойы «ВостокПлемобъединение» ЖШС-мен Әуликөл, Қазақтың ақ бас, Алатау, Симментал және Қара-ала тұқымдық бұқалардың ұрықтарын сатып алу бойынша жұмыс істеуде. Бұл жұмыстар жалғасын табады.
Соңғы жылдары ауданда етті мал шаруашылығы дамуда. Ол, шаруа қожалықтармен Аулиекөл мен Қазақтың ақ бас тұқымдарын өсіру. Бүгінгі күні ауданда Әуликөл тұқымын өсірумен айналысатын 3 шаруа қожалықтар бар. Олар, «Алғабас», «Бәкей» және «Некрасовка и К» шаруа қожалықтары.
«Байс» типтік тұқымын өсірумен «Алғабас» және «Еламан» шаруа қожалықтары айналысады. Қазақ тұқымдық «Жабе» жылқысын «Некрасовка и К» шаруа қожалығы өсіреді. Тұқымдық омарташы шаруашылығымен жеке кәсіпкерлер - Кравченко, Баялов Ш., Тырышкин, Рыбалкин, «Нектар», «Абылай» шаруа қожалықтары айналысады.
01.01.2014 жылға ауданда Әулиекөл тұқымдық 1109 бас, Шароле тұқымдық 454 бас, Абердина-ангус тұқымдық 620 бас ІҚМ, Байыс тұқымдық 6113 бас қой, Жабе тұқымдық 440 бас жылқы және Карпат тұқымдық 1890 ара ұялары бар.
Аудан халқы мал өнімдерімен толық қамтылған. Мал өнімдерінің өсуіне бұл саланы қаржылай қолдау шараларының іске асырылуы, қосымша бордақылау алаңдары мен тұқымдық шаруашылықтарының құрылуы, қажетті көлемде мал азықтарының дайындалуы жағымды әсер тигізген. Алайда, мал шаруашылығын дамытудағы талдау ауылдық округтарда бұл саланың дамуы өнімділікке емес, негізінен экстенсивтілік әдіспен немесе мал санының өсу есебінен дамуда екенін көрсетті (4 кесте).
4 кесте
2011–2013 жылдары мал шаруашылығын дамытудың
негізгі көрсеткіштерінің өзгеру
динамикасы
Көрсеткіштер атауы
|
2011ж.
|
алдағы жылға, %-бен
|
2012ж.
|
алдағы жылға, %-бен
|
2013ж.
|
алдағы жылға, %-бен
|
Мал басы (бас):
|
ірі қара
|
61704
|
80,0
|
63737
|
103,3
|
69221
|
108,6
|
қой мен ешкі
|
211646
|
79,8
|
215754
|
101,9
|
227337
|
105,4
|
жылқы
|
18636
|
99,7
|
19276
|
103,4
|
19693
|
102,2
|
шошқа
|
5280
|
85,7
|
5320
|
100,8
|
2710
|
50,9
|
құс
|
122970
|
90,6
|
125030
|
101,7
|
128865
|
103,1
|
Мал басының өнімділігі, тонна:
|
ет, барлығы сойылған салмақта
|
16758,9
|
101,2
|
15305,8
|
91,3
|
15467,6
|
101,1
|
сауылған сүт
|
69471,9
|
100,3
|
66795,9
|
96,2
|
67294
|
100,7
|
жұмыртқа, мың дана
|
16422
|
102,2
|
15825
|
96,4
|
15880
|
100,3
|
Қырқылған жүн
|
593
|
100,3
|
510,3
|
86,1
|
524,3
|
102,7
|
Азық-түлік өнімінің табиғи көлемінің индексі 2011 жылы – 100,8%, 2012 жылы - 102,1% құраған. Бұл көрсеткіштің өсуі «Швабские колбаски» ЖШС-мен өндірілген шұжық өнімдерінің көбеюі негізінен болып отыр.
Жыл сайын агроөнеркәсіп кешені саласының еңбек өнімділігі өсуде, 2011 жылы 2010 жылға қатысты алғанда 122,0%, 2012 жылы бұл көрсеткіш 140,0% жетті.
Саланың даму жағдайының SWOT-талдауы.
Ауыл шаруашылығының өндірісі дамуының мықты және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері келесілерден тұрады:
Мықты тұстары:
- өндірістік әлеуеті бар;
- ауыл шаруашылық өндірісінің тұрақты дамуы;
- аудан халқының негізгі азық-түлікпен толық қамтылуы, атап айтқанда ет, сүт, картоп, көкөніс және ұн.
Әлсіз тұстары:
- өндірістің ұсақ тауарлығы;
- ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтар тозған;
- суармалы егіншіліктің тиімділігі төмен;
- асыл тұқымды мал үлесі аз;
- ауыл шаруашылық өндірісінде заманауи инфрақұрылым жетілмеген;
- ауылдық тұтыну кооперативтері мен сервистік дайындау орталықтар жеткілікті дамымаған;
- шаруашылықтардың көпшілігінде негізгі және айналым қаражаттары жетіспейді;
- шаруашылықтардың несиелік ресурстарға қол жетімділігі төмен;
- АӨК-де білікті мамандар жеткіліксіз.
Мүмкіндіктері:
- агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін толық пайдалану;
- бәсекеге қабілетті өнім өндіру;
- техникалық жабдықтау деңгейін көтеру;
- ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру;
- АӨК дамытуда көзделген шараларды іске асыру;
- ауылдық тұтыну кооперативтерін және қызмет көрсету дайындау орталықтарын дамыту.
Қауіптер:
- құрғақшылық және табиғи апаттарға байланысты азық-түлік қауіпсіздігі;
- экономикалық дағдарысқа байланысты инвестицияны тартуда қиындықтардың болуы;
- малдардың аса қауіпті ауруларының шығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |