Созақ ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Шолаққорған - 2011 жыл
Мазмұны
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3
2.АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _8
3. АУМАҚ ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 75
4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ,
НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ
КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ, АЙҚЫНДАЛҒАН
МАҚСАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 78
5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _176
6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 177
7. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _178
БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның аталуы
|
Созақ ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
|
Әзірлеуге негіз
|
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы», 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспары туралы» №302 Қаулысы
|
Аймақтың негізгі сипаты
|
Созақ ауданы 1928 жылы құрылған. Ауданның аумақтық жер көлемі 4 млн 104 мың 940 га. Аудан көлемінде 10 ауылдық, 2 поселкелік әкімшілік тіркелген. Әкімшіліктердің қарамағында 38 елді мекен бар.
Аудан халқының саны 01.01.2010 жылға 56 282 адамды құрады. Оның ішінде ерлер 27 257 адам (49%), әйелдер 28 368 адам (51%). Халықтың жекелеген ұлттар бойынша құрамы: қазақтар 50 387 (90,6%), орыстар 971 (1,7%), өзбектер 3712 (6,6%), басқа да ұлттар 555 (1,1%).
Аудан орталығы 1934 жылдан бастап Шолаққорған ауылы.
|
Бағыттары
| -
Аймақтың экономикасын дамыту;
-
Әлеуметтік саланы дамыту;
-
Инфрақұрылым кешенін дамыту;
-
Аумақтық (кеңістік) орналасуын дамыту;
- Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару жүйесін дамыту.
|
Бағдарлама мақсаты
|
Созақ ауданының өзекті мәселелерін шешу және соның негізінде халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.
Азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы, бостандығы және құқықтық мүдделерінің қорғалу деңгейін қамту және қолдау.
Ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарымен қамту.
|
Міндеттері
| -
өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
-
агроөнеркәсіп кешенін дамыту;
-
құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісін дамыту;
-
қолайлы кәсіпкерлік климатты қамтамасыз ету;
-
жоғары тиімді қызметтерді ұсыну;
-
аймақтың туристік тартымдылығын арттыру;
-
ауданның экологиялық жағдайын жақсарту;
-
ауданда қолайлы демографиялық жағдайлар құру;
-
аймақтық еңбек нарығын дамыту, жұмыс күштерінің сапасын және еңбек нарығында азаматтардың бәсеке қабілеттілігін арттыру;
-
кедейлік масштабын қысқарту және аудан тұрғындарының өмір деңгейі мен сапасын арттыру;
-
тұрғындардың сапалы білімге кеңінен қол жеткізулерін, білім беру, ғылым және өндірістің өзара әрекеттерінің жаңа формаларының дамуын, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияны қамтамасыз ету;
-
денсаулық жағдайын жақсарту және ауыру деңгейін төмендету, тұрғындардың барлық категорияларына сапалы және тиімді медицина-әлеуметтік көмектің қол жетерлік болуын қамтамасыз ету;
-
мәдениет ұйымдары тармағын дамыту, мәдени құндылықтарға бірдей қол жеткізулерін қамтамасыз ету;
-
дене шынықтыру мен спортты дамыту;
-
көлік (транзиттік) коридорларды тиімді қолдануды арттыру;
-
автокөлік жолдарының тармақтарын дамыту, сапасы мен өткізу қабілеттілігін арттыру;
-
территорияның энерготапшылығын төмендету және негізінен гидроэнергия, жел және күн энергиялары сияқты, өзге энергия көздерін пайдалану;
-
жылумен, газбен және сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту және модернизациялау;
-
«өсу нүктелерін» құру;
- ауыл шаруашылық территорияларын дамыту;
- жергілікті бюджетке түсімдердің орындалуына мониторинг жүргізу;
-
жергілікті бюджеттің фискалдық автономиясын қамтамасыз ету;
-мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласында қызметтердің негізгі бағыттарын айқындау.
- қоғамдық тәртіпті нығайту және халықтың өмір сүру қауіпсіздігін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығын қамту, қылмыскерліктің алдын алу шараларын арттыру;
- жол қауіпсіздігін қамту;
- қылмыспен, нашақорлықпен және наша бизнесімен күресу бойынша нәтижелікті арттыру.
|
Жүзеге асырылу кезеңдері
|
1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – алдыңғы қатарлы және дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру
2 кезең – соңғы (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру және ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму негіздерін құру.
|
Нысаналы индикаторлар
|
-Ауданның ЖАӨ 2009 жылмен салыстырғанда 2015 жылға 1,5 есе арттыру;
-Ауданның ЖАӨ өнеркәсіп саласының үлесін 2015 жылға 25,2%;
-Ауданның негізгі капиталға инвестициялар үлесі 2015 жылы – 138,9% (2009 жылы – 102,5% );
-Ауданның ЖАӨ-дегі өнеркәсіптің үлесін арттыру 2015 жылы – 19,5% (2009 жылы – 20,3%);
-Аймақтың жалпы жұмыс бастыларының санында кіші кәсіпкерліктегі жұмыс бастылардың үлесі 2015 жылы – 17,2% (2009 жылы – 10,4%);
-Инфляцияны орташа жылына 5-8% деңгейде ұстау;
-Сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
-Ауыл шаруашылығының жалпы өнімін жыл сайын 5-6 % арттырып отыру;
-Ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігінің көлемін 2015 жылы 2 есеге арттыру;
-Егін шаруашылығы бойынша 2009 есеп бойынша 106,4%, 2010 жылы 106,5%, 2011 жылы 107,0%, 2012 жылы 107,2%, 2013 жылы 107,7%, 2014жылы 108,0%, 2015 жылы 109% өндіру;
-Мал шаруашылығы бойынша 2009 жылы 101%, 2010 жылы 106,8%, 2011 жылы 106,9%, 2012 жылы 107,3%, 2013 жылы 107,7%, 2014жылы 108,3%, 2015 жылы 108,9% өндіру;
-Жолаушылар тасымалдау көлемі, алдыңғы жылға %-бен 2009 жылға есеп бойынша 103,8%, 2010 жылға 101,7%, 2011 жылға 102,5%, 2012 жылға 103%, 2013 жылға 103,5%, 2014 жылға 104%, 2015 жылға 104%;
-Аудан көлемінде электр желілері бойынша электр энергиясының тасымалдануы 2009 жылға 101 %, 2010 жылға 101,1%, 2011 жылға 105,6%, 2012 жылға 106,3%, 2013 жылға 106,4%, 2014 жылға 106,5%, 2015 жылға 106,1%;
-Жалпы көлемде электрондық форматта көрсетілген қызметті 2015 жылға дейін 20% жеткізу;
Халықтың компьютерлік сауаттылығын 2015 жылға дейін 45% дейін жеткізу;
- Жастар арасында патриоттық сезім деңгейі 95% көтеру;
-Мектептердің жалпы санының авариялық мектептердің үлесі (2010 ж. – 11 %, 2011 ж. – 13 %, 2012 ж. – 8,5 %2013ж-5,5%,2014ж- 5,5%.2015ж – 2,,7%.)
-Жалпы санының пайдалануға берілген мектепке дейінгі қамтылған балалардың ұйымдардың үлесі 2010 ж. – 32 % , 2011 ж.- 42%. 2012ж – 56%, 2013ж-63%,2014ж- 87%.2015ж – 100%;
Қазіргі таңда аудандағы 36 мектептің 21-де ЛМК бар, ол 63,6% құрайды
2015 жылға 1 мектепке ЛМК алынса 100 % жетеді
Физика кабинеттері 2010 жылға 36 мектептің 15-де бар, ол 45,4 % құрайды
2015 жылға 5 мектепке физика кабинеті алынса 60.63 % жетеді
Химия кабинеттері 2010 жылға 36 мектептің 6-да бар, ол 18,2 % құрайды
2011 жылға 2 мектепке химия кабинеті алынса 24,2% жетеді
Биология кабинеттері 2010 жылға 36 мектептің 10-да бар, ол 30,3% құрайды
2015 жылға 6 мектепке химия кабинеті алынса 100% жетеді
Интерактивті тақталар қазіргі таңда ауданның 36 мектебінің 4 мектебінде 20 болса, ол 11,1 %
2015 жылға 2 мектепке интерактивті тақталар алынса 61,1 % жетеді
-Кітапханалық қорды жаңа өзекті басылымдармен және әдебиеттермен толықтыру 2011 ж- 96%, 2012-2015жж- 100%;
-Оқушылардың жалпы санының сапалы және теңгерімді ыстық тамақпен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі 2015ж. - 100% - 10906 бала, оның ішінде тегін тамақ ішетіндер – 2830 бала, 45 %,);
Жалпы оқушылар санынан спорт секцияларына қамтылу үлесі:
-2015 ж. жалпы бала саны 12419, спорт секциясына қамтылғандар саны 2484, ол – 19.7%.
-2014-2015 оқу жылында 310 педагог –кадрлар білімдерін жетілдіру курстарынан өтеді деп жоспарлануда.
-
-Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы, жасы 2009 жылға есеп бойынша 67, 2011 жылға 69 жас, 2015 жылға 70,0 жасқа жеткізу;
Туылу деңгейі, % 2009 жылға 29,8%, 2010 жылға 31,2%, 2011 жылға 31,9%, 2012 жылға 31,9%, 2013 жылға 33,6%, 2014 жылға 33,6%, 2015 жылға 33,8%-ға болжану;
-Тірі туылған 1000 балаға шаққандағы балалар өлімі %, 2011 жылға 19,8, 2012 жылға 18,7, 2013 жылға 17,6, 2014 жылға 16,5, 2015 жылға 15,4;
-Туылу деңгейінің артуы %, 2011 жылға 31,9, 2012 жылға 31,9, 2013 жылға 33,6, 2014 жылға 33,6, 2015 жылға 33,8.
-Аудан халық санының өсімі 2010 жылмен салыстырғанда 2015 жылға 18,5 пайызды құрайды;
-Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылға 4,4% ( 2010 жылға – 4,9%);
-Жұмыспен қамтылған халыққа жоғары білікті мамандардың үлесі 2015 жылға 42,8 %;
-Жалдамалы жұмысшыларды 99 - пайыздық және өзін өзі жұмыспен қамтығандарды 7,3-пайыздық (2015ж) жинақтаушы, зейнетақы қорына жүйесімен қамту;
-Жалпы халық санына табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлес салмағы 2015 жылы – 9,7 % (2009 жылы – 11,7% );
-Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамынан жұмысқа қабілетті халықтың үлес салмағы 30 пайызға дейін төмендейді( 2015 жылға);
- Жалпы елді мекендердің санынан ауылдық елді мекендерде 2015 жылы орталықтандырылған сумен халықтың 83,8% қамтылуы;
- Халықтың этносаралық қатынастарға оң баға беретін бөлігінің үлесі 2015 ж. - 80%;
- Халықтың азаматтық қоғам институттарының жұмысына оң баға беретін бөлігінің үлесі 2015 ж. - 80%;
- Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын 2015 жылы 1,11 мың тоннаға дейін төмендету;
- Техногендік апаттар және дүлей зілзалаларда эвакуацияланғандардың жалпы тиісті халықтың санынан үлесі 2015 ж. - 100%;
- Төтенше жағдай қаупі төнгенде және туындағанда тұрғындардың уақтылы хабарлаумен қамтылу 2015 ж. - 69% (2009 жылы – 30%).
|
Қаржыландыру көлемі және көздері
|
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өзіндік қаражаттары, қарыз қаражаттар.
Қаржыландыру көлемдері:
2011 жыл – 6 375,8 млн. теңге
республикалық бюджет – 950,9 млн. теңге;
облыстық бюджет – 804,6 млн. теңге;
жергілікті бюджет – 4081,3 млн. теңге;
басқа көздер – 539 млн. теңге.
2012 жыл – 6687,1 млн. теңге
республикалық бюджет – 402,8 млн. теңге;
облыстық бюджет – 1028,7 млн. теңге;
жергілікті бюджет – 4976,6 млн. теңге;
басқа көздер – 279 млн. теңге.
2013 жыл – 7319,1 млн. теңге
республикалық бюджет – 423 млн. теңге;
облыстық бюджет – 776,6 млн. теңге;
жергілікті бюджет – 5940,7 млн. теңге;
басқа көздер – 178,8 млн. теңге.
2014 жыл – 135184,7 млн. теңге
республикалық бюджет – 1622,7 млн. теңге;
облыстық бюджет – 814,9 млн. теңге;
жергілікті бюджет – 7063,6 млн. теңге;
басқа көздер – 125683,5 млн. теңге.
2015 жыл – 106126,3 млн. теңге
республикалық бюджет – 1623,3 млн. теңге;
облыстық бюджет – 825,2 млн. теңге;
жергілікті бюджет – 8529,8 млн. теңге;
басқа көздер – 95148 млн. теңге.
Ескерту: қаржыландыру көлемі нақтыланатын болады.
|
2. АҒЫМДЫ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ
2.1 Өңір жағдайының позитивті және негативті жақтарын, сонымен қатар олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау
Созақ ауданы 1928 жылы құрылған. Ауданның аумақтық жер көлемі 4 млн 104 мың 940 га. Аудан көлемінде 10 ауылдық, 2 поселкелік әкімшілік тіркелген. Аталған әкімшіліктер қарамағында 38 елді мекен бар.
Аудан халқының саны 01.01.2010 жылға 56 282 адамды құрады. Оның ішінде ерлер 27 257 адам (49%), әйелдер 28 368 адам (51%). Халықтың жекелеген ұлттар бойынша құрамы: қазақтар 50 387 (90,6%), орыстар 971 (1,7%), өзбектер 3712 (6,6%), басқа да ұлттар 555 (1,1%).
Аудан орталығы 1934 жылдан бастап Шолаққорған ауылы.
Жалпы қазақ жерінің ішінде Созақ өлкесі сол ұлы дүниеліктің кішігірім модуліне ұқсайды. Келіншектау, Мыңжылқы сияқты мұзарттарының басынан қар кетпесе, Кесегінің көк жонында егін егіп, мыңғыртып мал өсіруге болады. Сексеуіл ормандары сірескен бүгінгі Мойынқұм, кешегі Көкшеқұм да осы Созақ ауданында.
Орта Азия халықтарының ежелгі миграция жолдарында орналасқан Созақ ауданы ертеден қалыптасқан қала құрлысы мәдениеті бар аймақ болып табылады. Аудан көлеміндегі әулиелі орындар, жүргізілген архелогиялық зерттеулер біздің өлкемізде осындай қалалардың болғанын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Созақ ауданы республикада тарихи–мәдени қорлары жағынан айрықша аймақтардың бірі болып табылады. Мұнда есімдері бүкіл түркі әлемдеріне белгілі Баба Түкті Шашты Әзиз әулие, Ысқақ баб, Саңғыл би, Қарабура әулие, Бибі Мәриям ана, Ақбикеш сияқты қасиетті орындармен қатар, суы шипалы «Қызылкөл» көлі орналасқан. Бұлар аудандағы орта ғасырлық сәулет өнерінің белгілі қазыналары болып табылады.
Созақ ауданы табиғи жағынан айрықша аудандардың бірі. Табиғаты жан-жануарлары, тау-тоғайы, шексіз даласы, құмы, өзен-көлшіктері бір-біріне жалғасып, ауысып жататын табиғатты тамашалаушы саяхаттаушыларға да өте қолайлы аймақ.
Туристік әлеуметті дамыту үшін, демалыс-қорықты аймақтардың болуы мен осы аймақтардың рекреациялық ресурстарына, оқиғаларға бай тарихи-архитектуралық ескерткіштеріне негізделген, үлкен мүмкіндіктер бар.
Аудан жер асты қазба байлықтарына өте бай. Қазіргі таңда өндіріліп жатқан қазба байлықтардан бөлек газ, мұнай, тальк, мрамор, мыс, фосфор, ванадий, керамзит, әк, құрылыс материалдары және тағы да басқа қазба байлықтары молынан орналасқан.
Қазіргі таңда Созақ даласы уран кенінің кеніші ретінде әлемге белгілі. Мұнда Қазақстанның барланған уран байлығының тең жартысы шоғырланған. Ауданның өнеркәсіптік өндіріс құрылымы көп салалы сипатта. Таукен өнеркәсібінің тез дамуы пайдалы қазбалардың, әсіресе уранның, экспортқа-бағытталған өндірісімен байланысты.
Ауданымыздың жер қойнауындағы қазба байлықтары, уран кен орындары, Күмісті аймағындағы алтын аралас құмды алтын кен орны, Герес және Үшбас фосфорит кен орны, Бессаз тальк кен орны, Придорожное және Орталық көмірсутекті кен орны, Қызылкөлдегі форма дайындау құмы кен орындары және минералды шикізаттары ауданның тау-кен өндірісінің тұрақты дамуына талай жылдарға мүмкіндік береді.
Ластаушы заттардың атмосфераға шығу көлемінің артуы, негізінен құрылыстың дамуымен, автокөліктердің санының артуымен, автокөлік майларының сапасының төмен болуымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының сақталмауымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жойылу мәселелерінің шешілмеуімен байланысты. Созақ ауданының әлеуметтік саласының жағдайы тұрғындардың табиғи өсімінің жоғарғы қарқынындағы, ауылдық тұрғындардың басым келуімен, қолайлы демографиялық жағдайлармен сипатталынады.
2.2.Аумақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайын талдау
2.2.1. Экономикалық даму
Жалпы аймақтық өнім
Созақ ауданы өнеркәсібінің құрылымы
(пайызбен)
Көрсеткіш атауы
|
2009 ж.
|
2010 жыл
|
ӨНЕРКӘСІП – барлығы,
оның ішінде:
|
100,0
|
100,0
|
тау-кен өнеркәсібі
|
76,1
|
81,7
|
өңдеу өнеркәсібі
|
22,0
|
16,7
|
электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу
|
1,9
|
1,6
|
Аудан экономикасының негізін тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салалары құрайды.
Аудандағы тау-кен және қайта өңдеу өндірісін дамыту өнеркәсіптік өндірістің басым бағыттарының бірі болып табылады. Ауданда тұрғын үй құрылысын, сауданы, экологиялық туризмді, көлік және байланыс, шағын бизнесті, әлеуметтік жүйелерді дамыту жоспарлануда.
Ауданда тұрақты 9 ірі және орта өндірістік кәсіпорын жұмыс жасайды.
Оның ішінде тамақ өнеркәсібі саласы бойынша 2 кәсіпорын ("Казатомпром Демеу Таукент" ЖШС ет өңдеу және «Дархан АС» ЖШС иодталған ас тұзын өңдеу),
Ауданымыздың жер қойнауындағы қазба байлықтары, уран кен орындары, Күмісті аймағындағы алтын аралас құмды алтын кен орны, Герес және Үшбас фосфорит кен орны, Бессаз тальк кен орны, Қызылкөлдегі форма дайындау құмы кен орындары және минералды шикізаттары ауданның тау-кен өндірісінің тұрақты дамуына талай жылдарға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда аудан көлемінде «Таукент тау-химиялық комбинаты» ЖШС, «Қыземшек кен басқармасы» ЖШС, «Ыңғай» БК» ЖШС, «Катко» БК», «Бетпақ-дала» БК» ЖШС, «Теріскей» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Аппақ» ЖШС, «Волковгеология» ААҚ, «Кең Дала KZ» ААҚ секілді ірі және орта өндірістік кәсіпорындар; сонымен қатар құрылыстық, өндірістік және тау кен өндірісінде қызмет көрсету бағытындағы «Техноэнергосервис» ЖШС филиалы, «Шымкентдорстрой» ӨК Созақ филиалы, Қазатомөнеркәсіп ҰАК-ның «Демеу-Таукент» ЖШС, «Демеу-Қыземшек» ЖШС, «Травертин» ЖШС, Орталық авто жүк тасымалдау базасы, «Тағай-Ата» ЖШС-тер жұмыс атқарып келеді.
Жоғарыда аталған өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны мен олардың өнім өндіру көлемі жылдан-жылға жоғары қарқынмен артып келеді.
2009 жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 61 032,9 млн.теңгені құрап, өткен 2008 жылмен салыстырғанда 184,6 пайызды құрады. 2010 жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 65 530,6 млн.теңгені, 2011 жылы 71 933,8 млн.теңгені, 2012 жылы 79 820,6 млн.теңгені, 2013 жылы 89 541,7 млн.теңгені, 2014 жылы 101 732,6 млн.теңгені, 2015 жылы 117 207,8 млн.теңгені құрайды деп болжанып отыр.
Аудан бойынша тау кен өндірісінің ақшалай өсу көлемі: 2009 жылы 53287,2 млн. теңге, 2010 жылы 62516,8 млн. теңге. 2011 жылы 72643,5 млн. теңге, 2012 жылы 85864,7 млн. теңге. 2013 жылы 102 522,4 млн. теңге. 2014 жылы 124 667,3 млн. теңге, ал 2015 жылы 154 961,5 млн. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Бағдарлама бойынша тау кен өндірісін өнімін бірнеше есе өсіру көзделеді. 2015 жылға «Қасей» ЖШС –тальк концентратын өндіру жобасы әзірленуде.
Өңдеу өнеркәсібінің ақшалай өсу көлемі: 2009 жылы 10 711,6 млн. теңге, 2010 жылы 12822,8 млн. теңге. 2011 жылы 15422,6 млн. теңге, 2012 жылы 18988,5 млн. теңге. 2013 жылы 23387,1 млн. теңге. 2014 жылы 29438,5 млн. теңге, ал 2015 жылы 36972,2 млн. теңгені құрайтын болады. Атап айтқанда:
- тамақ өнеркәсібі бойынша ақшалай өсу көлемі 2009 жылы 1804,2 млн. теңге, 2010 жылы 1899,2 млн. теңге. 2011 жылы 2038,3 млн. теңге, 2012 жылы 2191,9 млн. теңге. 2013 жылы 2370,6 млн. теңге. 2014 жылы 2590,8 млн. теңге, ал 2015 жылы 2839,5 млн. теңгені,
Тамақ өнеркәсібі бойынша ауданда ет өңдеу, йодталған ас тұзын өңдеу, сүт өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. Алдағы уақытта өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында Шолаққорған ауылынан өсімдік майын өндіру және өңдеу, Түйе тауық етін өндіру, иодталған ас тұзын экспортқа шығару, табиғи ауыз су цехын іске және түйе сүтін өндіру жобалары әзірленуде.
- Химиялық өнеркәсіп Ауданның химиялық өнеркәсібінде табиғи және қаржылай мәнінде өнімді өндіру көлемдерінің өсу тенденциясы байқалады. 2009 жылы өндіріс көлемі 33,1 мың. теңгені құраған, 2010 жылы – 59,9 мың. теңге болды. 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1,80 есе өскен.Химиялық сала ауданның өңдеу өнеркәсібі көлемінде 4,6% құрайды.
Бағдарламамен сала өнімін өндіру көлемі 2015 жылға 2009 жылмен салыстырғанда бірнеше есе өсіру көзделеді.
Созақ ауданында 2011 жылы «Үшбас» және «Герес» қазба байлықтарын зерттеу, азоттық фосфорлық тыңайтқыштар кешенін салу жобасы басталып 2014-2015 жылдары толық іске қосылады деп жоспарлануда.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің 80 пайызға жуығы осы ірі және орта кәсіпорындардың еншісінде, ал қалғандарын шағын және қосалқы шаруашылықтар құрайды. Өнім өндіру көлемінің асыра орындалуы жылдан жылға уран өндіруші кәсіпорындардың өнім көлемін арттыруы есебінен болып отыр. Өткен жылдың қорытындысымен ірі және орта кәсіпорындар «Бетпақ Дала БК» ЖШС 17095,2 млн.теңгенің, «Катко БК» ЖШС 8977,0 млн.теңгенің, «Ыңғай» БК» ЖШС 4963,4 млн.теңгенің, «Таукент тау химиялық кәсіпорыны» 5813,7 млн.теңгенің, «Степное Кен Басқармасы» ЖШС 4895,0 млн.теңгенің, «Кен – Дала» KZ АҚ 5798,5 млн.теңгенің, «Каратау» ЖШС 15 059,0 млн.теңгенің өнімін өндірді.
«Теріскей» ЖШС тау кен өндіру жұмысын 1999-2000 жылдары бастап, ОҚО Созақ ауданында орналасқан кен орындарын зерттеу және игеру жұмыстарымен айналысқан. Біраз жұмысын тоқтатқан кәсіпорын, 2010 жылдан бастап тау кен қазба байлықтарын геологиялық барлау жұмыстарын бастады.
2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап тау кен жұмыстарын тоқтатып, тау кен комплексінің құрылыс-монтаждау-жөндеу және барлау, байыту жобаларын дайындау жұмыстарын бастайды.
Ірі және орта өндіріс орындары өнім көлеміне сәйкес, жұмыс орындарын барынша кеңейтуді мақсат етіп отыр. Қазіргі таңда «Бетпақ Дала БК» ЖШС-де 681, «Катко БК» ЖШС-де 1143, «Ыңғай» БК» ЖШС-де 355, «Таукент тау химиялық кәсіпорыны» ЖШС-де 576, «Степное Кен Басқармасы» ЖШС-де 436, «Каратау» ЖШС-де 181, «Аппак» ЖШС-де 149, «Кең Дала KZ» АК-да 320 адам, «Теріскей» ЖШС-де 54 адам жұмыс жасауда. Созақ ауданы бойынша нақты жұмыспен қамтылған халықтың 40 пайызы өнеркәсіп саласында.
Достарыңызбен бөлісу: |