Бағдарламасы Шолаққорған 2014 жыл Созақ аудандық мәслихатының


Бітірушілерді жұмысқа орналастыру қызметтері



бет5/10
Дата22.02.2016
өлшемі2.15 Mb.
#1353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бітірушілерді жұмысқа орналастыру қызметтері
Бітірушілерді жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, бақылау жұмыстарын директордың оқу-өндіріс істері жөніндегі орынбасары және мамандықтар бойынша бітіруші топтардың топ жетекшілері мен шеберлері жүргізеді.

Жыл сайын алдын-ала әрбір бітіруші топтарына келешек түлектермен «кім қайда барады?» (жұмысқа, ЖОО, әскер қатарына т.б.) деген мониторинг жүргізіліп, болжам жасалынады, сондай-ақ, әрбір бітірушімен тікелей топ жетекшілері мен шеберлері байланыста болып, мәліметтер (жолдамамен жіберілгендер – растау қағаздарын, ЖОО-на түскендері анықтамаларын т.б. құжаттарды) жинап, әр жылдың қазан айында қорытынды мониторинг жасалынады.

2012-2013 оқу жылының мәліметі бойынша барлығы 100 түлек бітірген болса, оның 87 түлегі жұмысқа орналасқан, яғни 87%, 4 бітіруші жоғары оқу орнына оқуға түсіп, ал қарулы күштер қатарына шақырылғандар саны 1 түлекті құрады, қалған 8 түлек, яғни 8% жұмыспен қамтылуы тиіс.
Мәдениет
Созақ ауданында 37 мәдениет мекемелері халыққа тұрақты мәдени қызмет жасап келеді.

Оның ішінде - 1 аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы, 2 ауылдық мәдениет үйлері /Қаратау, Созақ ауылдық мәдениет үйлері/, 10 ауылдық клуб, 1 аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 21 ауылдық кітапхана және С.Қожанов атындағы мұражай.

Аудандық клуб мекемелерінде 42 құрылым жұмыс істеуде, оның «Халықтық» атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдарының саны 1. Ол Созақ Халық театры.

Мәдениет мекемелерінің қызметтері 2011 жылы аудан көлемінде 448 мәдени көпшілік іс-шара өтіп, 20 962 көрермен қамтылды. Аудандағы кітапханалардың кітап қоры 352 325 дананы құрады, оның ішіндегі мемлекеттік тілдегісі 216 558 дана. 2011 жылы алынғаны 11 011 дана.

Мұражайлардың 2 193 экспонат қоры бар, көрермендердің саны 3 600-ге жуық адамды құрайды.

Тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау және пайдалану саласы бойынша аудан көлемінде 15 нысан қорғауға алынған, оның ішінде қала құрылыс және сәулет ескертіштерінің саны – 15.

2012 жылы аудан көлемінде 481 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, 22 316-дан астам көрерменді қамтыған. 2012 жылы аудандағы кітапханалардың кітап қоры 356 613 дананы құрады, оның ішіндегі мемлекеттік тілдегісі 225 023 дана. 2012 жылы жаңадан алынған кітаптар 11 237 дана.

2013 жылы аудан көлемінде 484 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, 23 879-ден астам көрермен қамтылған. 2013 жылы аудандағы кітапханалардың кітап қоры 360 845 дананы құрады, оның ішіндегі мемлекеттік тілдегісі 232 003 дана. 2013 жылы жаңадан алынғаны 11 472 дана.

2014 жылдың 11 айының көрсеткіштері бойынша аудан көлемінде 383 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, 26 096 көрермен қамтылған. 2014 жылдың 11 айында аудандағы кітапханалардың кітап қоры 367 570 дана, оның ішіндегі мемлекеттік тілдегісі 237 699 дана. 2014 жылы 11 айда жаңадан алынғаны 6 725 дана болып отыр.
Архивтік сала
Созақ аудандық мұрағаты жеке құрам жөніндегі құжаттарды қалыпты сақталуын қамтамасыз ету, мұрағат ісін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына және мекеменің бекітілген жоспарына сәйкес жұмыстар атқаруда. Бүгінгі таңда мекемеде штаттық кестесіне сәйкес 11 адам жұмыс істейді.

Біліктілігін арттыру мақсатында екі мұрағатшы «Іс жүргізу және мұрағаттар ісі» курсын оқып, сертификатқа ие болды. Әр үш жылда мұрағат қызметкерлері аттестациядан өтіп, біліктілігін арттырады. Биылғы жылдың II-жарты жылдығында 2 мұрағатшы кезекті аттестациясынан өтіп, I-категориясына лайықты деп шешім қабылданды.

Созақ аудандық мұрағатында толықтыру көзіне енгізілген 69 мекеме бар. Жыл соңыны дейін 116 қор, 10 968 іс, 444 тізімдеме жасалып, қойманың толу дәрежесі 160% жетіп, барлығы 1 260 астам сақтам бірлігі мұқабаланады деп жоспарлануда .

Жоспар бойынша мекемелерден құжаттар қабылданып, әлеуметтік-құқықтық сұранымдар жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде ТМД елдерінен, ХҚКО арқылы келген өтініштер уақытылы 100% орындалуда.

Аудандық қоғамдық–саяси, ақпараттық «Созақ үні» газетіне жоспар бойынша мақалалар жариялануда.
Тілдерді дамыту
Созақ ауданының тіл саясаты мемлекеттік тілдің ұлт бірлігінің негізгі факторы ретінде кеңінен қолданылуын қамтамасыз етуге жағдай жасауға бағытталған.

«Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» аудан әкімінің 2011 жылғы 21 желтоқсанда №449 қаулысымен мекеме құрылып, мемлекеттік тіркеуден 2012 жылы 20 наурызда өтті. Тіл оқыту орталығында 16 компьютер бар, барлығы интернет желісіне қосылған. Арнайы кабинет парта, тақта, әдістемелік құралдар және оқулықтармен жабдықталған. Тіл оқыту орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуды, аккредитациялық талаптарына сәйкестендіруді, инновациялық оқыту жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы аудандық бюджеттен 3 млн. теңге қаржы қаралып, мультимедиялық кабинет (лингофонмен, мультимедиялық тақтамен) толығымен жабдықталды. 2014 жылға бөлінген қаржы – 10 460 мың теңге, 2015 жылға бөлінетін қаржының жобасы - 8 548 мың теңге.

Іс құжаттар 100 мемлекеттік тілде жүргізіледі. Тұрақты түрде мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізуге мониторинг жүргізіледі. Аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралар, мәжіліс жиындары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Ауданда 35 мектеп, оның 4-еуі аралас мектептер. Аралас мектептердегі өзбек сыныбында білім алатын 415 оқушылар бар, барлығыда өзбектер. Жалпы лингвистикалық капиталды сақтау барысында 432 өзге ұлт өкілді оқушылар /415 - өзбек 17 - орыс/өз тілдерінде оқып-үйренуде.

Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тілді 2017 жылға қарай 80 %-ға, 2020 жылға 95 %-ға, ал ағылшын тілін 20 %-ға жеткізу тапсырылған.

Ауданда 2012 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 99,5%-ға, 2017 жылға қарай 100 % жеткізу міндеттелсе, орыс тілін 2012 жылы - 60,4 % - ға, 2014 жылдың 10 айында 63 % - ға, 2012 жылы – 3,5 %, 2014 жылы - 5 % - ы ағылшын тілін меңгерген.

2014 жылы тіл оқыту орталықтарында 180 адам тіл оқып үйренді. 60 - ы мемлекеттік тілді, 60 - ы орыс тілін, 60 - ы ағылшын тілін оқып шықты. Оның ішінде 90 - ы мемлекеттік қызметкерлер. Ауданда 1 оқыту орталығы, жекеменшік кәсіпорындарда 4 тегін тіл үйрету курстары жұмыс істейді. Тіл оқыту орталықтарының материалдық - техникалық базасын нығайтуды, аккредитациялық талаптарына сәйкестендіруді, инновациялық оқыту жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы аудандық бюджеттен 3 млн. теңге қаржы қаралып, мультимедиялық кабинет толығымен жабдықталды.

Мемлекеттік органдарда аудан бойынша 153 мемлекеттік қызметкер бар. Олардың 1- еуі өзбек. Барлық мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілін толық меңгерген, ісқағазды 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізе алады. Ал, 54 % - ы орыс тілін, 5% - ы ағылшын тілін меңгерген.


Ішкі саясат
Жастар саясаты

Созақ аудандық «Жастар орталығы» 2011 жылы 1 шілдеден бастап өз қызметіне кіріскелі бергі уақыт аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларынан туындаған мемлекетіміздің жастар саясатын жүзеге асыруда біршама жұмыстар атқарды.

Созақ ауданында 14 - 29 жас аралығындағы жастар саны 15 132 адамды, немесе аудан халқының 30,6 пайызын құрайды. 2013 жылы бұл көрсеткіш 14 825 жастарды құрап, 30 пайыз болған.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2013 жылдан бастап барлық деңгейдегі аудан әкімдіктері жанындағы Кеңеске аудан әкімі төрағалық етуде. 2014 жылы өткізілген Кеңес отырыстарында 10 тапсырма беріліп, бүгінгі таңда тапсырмалардың барлығы толығымен орындалды.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің 2014 жылдың желтоқсан айына дейінгі жұмыссыз жастар қорытындысы бойынша 865 жас заңды түрде тіркеуде болса, 343 жас тұрақты түрде жұмысқа орналасқан, «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 238 жас жұмысқа орналасты.

Жастарды жұмысқа тарту мақсатында Созақ ауданының 3 елді-мекенінде (Шу ауылы округі, Созақ ауыл округі, Қарағұр ауыл округі) мектеп құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстарына аудандық «Жастар орталығы» КММ-мен ауыл округ әкімдерімен бірлесіп жергілікті ауылдың жұмыссыз жастарын жұмыспен қамту көзделген. Осы мақсатта Шу ауылының Ж.Қаламбаев атындағы жалпы орта мектебінің құрылысына 13 жұмыссыз жас жұмыспен қамтылса, Созақ ауылы округінің Көктебе елді-мекеніндегі жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысына 17 жұмыссыз жас жұмыспен қамтылды. Қарағұр ауыл округінің Шаға елді-мекеніндегі С.Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебінің құрылысына 6 жұмыссыз жас жұмыспен қамтылды.

Ауыл округтерінде жүрген жұмыссыз жастарды ауданымызда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарына алдағы уақытта жұмысқа тарту көзделуде. Осы мақсатта жұмыстар жүргізілетін болады.

Қол жетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағыты бойынша бүгінгі таңда ауданда 2 колледж бар. Колледждерде 494 студент жастар білім алуда. Колледжде оқитын студенттердің тамақтануы мен жатақханалары тегін. Жатып білім алуға жағдай жасалынған.

Оқушылар, студенттер арасында талантты жастарды таңдау мақсатында аудандағы №24 колледж бен №1 колледж студенттері арасында мамандықты дұрыс таңдау мақсатында «Мамандығым-мақтанышым» атты форум жыл сайын ұйымдастырылып нәтижесінде жұмыссыз жастар жұмысқа орналасады.

Аудандағы жергілікті «Созақ ТВ» телеарнасынан арнайы «Жас Өркен» атты тележобасы ашылған. Онда арнайы медиа план бойынша әр ауыл округтерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Әрбір өткізілген іс-шаралар «Жастар шыңы» тележобасында көрсетіледі. Жергілікті аудандық саяси-ақпараттық «Созақ Үні» газетінде жарық көреді.

Ауданда 2014 жылы арнаулы оқу орындарын аяқтап, жұмысқа орналасқан студенттер туралы мәліметтер базасы жинақталып, сараптама жұмыстары жүргізілді. Сараптама нәтижесінде 194 студент жас бітірсе, 157 студент жұмысқа орналасса, 32 жас жұмысқа орналаспаған болып анықталды.

Аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен 2014 жылдың желтоқсан айына дейін саяси, мәдени, спорттық, патриоттық және қылмыстың алдын алу бойынша 53 іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға қамтылған жалпы жастар саны – 10 000 адам.

Аудан көлеміндегі жастардың қоғамдағы орны, жұмыссыздық, салауатты өмір салты, білім мен мәдениет, денешынықтыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы жастардың ролін көтеруде және жемқорлық, қылмыс, нашақорлық, есірткіге еліту, түрлі кереғар әдеттер мен теріс ағымдағылардың жетегіне кетудің алдын алу жұмыстарын атқаруды уақытында құрылған аудандық «Жастар орталығы» көптеген бастамалар көтеріп, біршама игілікті істердің бастамашысы бола білді.

Негізгі мақсаты ішкі саяси тұрақтылық және азаматтық қоғамның бірігуі, этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру ауданның ішкі саясатын басқару жұмысының стратегиялық маңызды бағыты болып табылады.

Мемлекеттік саясатты насихаттау және түсіндіру жөнінде арнайы мамандандырылған ақпараттық-насихаттау топтарының күшімен тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда. Ауданда барлығы 3 ақпараттық-насихаттау топтары әрекет етеді. Олардың жұмысының нәтижелігін, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат жөнінде тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында үгіт-әдістемелік материалдар құрылуда.

Қоғамдық-саяси, этникааралық және конфессияаралық жағдайды зерделеу, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат, мемлекеттік рәміздер, жастардың мәселелері, саяси күштердің орналасуы жөнінде тұрғындардың хабардарлығын және көзқарасын анықтау үшін жылда 1000 адамнан аса қамтитын 7-ге жуық әлеуметтік зерттеулер өткізілуде.

Сондай-ақ бөлімде діни экстремизмге қарсылық жөнінде бағытталған жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты өңірлерде мұсылман дін басыларымен жиналыстар, дәстүрлі діндер басшыларының жастармен кездесулерін өткізу іс-тәжірибеге ендірілген. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, дінтанушылармен және дәстүрлі діндердің өкілдерімен бірге халық жаппай көп жиналатын орындарда, орта-арнаулы оқу орындарында діни экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша кездесулер өткізіледі. Ауданда діни негізде қарсы тұру фактілері болған жоқ.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Аудан жастарын Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық ара қатынастарды, достықты нығайту, нашақорлыққа қарсы тәрбиелеу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. 18-22 наурыз күндері Қазақстан жолы– 2050» БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ атты мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында Созақ ауданы әкімінің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында бокстан өтетін Халықаралық жарыс ұйымдастырылды. 6 сәуір күні салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 1997-1987 жылғы жастар арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. 4 маусым күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай «Туымен - Тұғырлы!», «Елтаңбасымен - Еңселі!», «Әнұранымен - Айбарлы», «Мен – Қазақстан азаматымын» атты автошеру ұйымдастырылды. 3 шілде күні Салауатты өмір салтын насихаттауға және нашақорлық, темекі тарту, маскүнемдіктің зияны атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 15 шілде күні «Жаңа серпін» атты марафон ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, жастар орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында жиі кездесетін аурулардың алдын алуға байланысты, мектеп жасындағы қыз балаларының арасында «Репродуктивті денсаулық. Қыздар гигиенасы» атты семинар-тренинг өтті

Профилактикалық тексеру қорытындысы бойынша жастар арасында жиі кездесетін аурулар түрлері анықталды. Атап айтқанда: темір жетіспеушілік, созылмалы пиелонефрит, созылмалы гастрит, созылмалы бронхит, пневмания, созылмалы бруцеллез, бронхиальді астма болып табылады. Аталған және жиі кездесетін аурулардың алдын-алу бойынша семинарлар, дәрістер, кездесулер ұйымдастырылып өз дәрежесінде өтуде.


Бұқаралық ақпарат құралдары
Ауданымызда «Созақ үні» қоғамдық-саяси газеті және «Созақ ТВ» телеарнасы бар. «Созақ үні» қоғамдық-саяси газеті 1930 жылдың 10 қазанынан, «Созақ ТВ» телеарнасы 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Газеттің құрылтайшысы Созақ ауданы әкімдігі. «Созақ үні» газеті Қазақстан Республикасының Байланыс және Ақпарат Министрлігінің, Ақпарат және Мұрағат комитетінде 2012 жылдың 14 тамыз күні Астана қаласында тіркеліп, бұқаралық ақпарат құралын қайта есепке қою туралы куәлігі берілген. Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп, беттеледі. «Айғақ» Баспа үйі» ЖШС-нің баспаханасында басылып шығады. А-3 көлемді форматта, аптасына 2 рет 6 000 данада Қазақстан Республикасы аумағында таралады. 2014 жылдың желтоқсан айына дейін газетке 2015 жылдың бірінші жарты жылдығына 3 027 адам жазылған.

«Қазтелерадио» инфрақұрылымы арқылы аудан аймағында «Хабар», «Қазақстан», «Евразия» телеарналары барлық елді мекендерде көрсетеді. «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы Шолаққорған ауылы, Жартытөбе ауылы, Созақ ауылы, Жыныс елді мекенін қамтиды.

Таукент пен Қыземшек кенттері, Шолаққорған ауылы мен Жартытөбе ауылында кабельдік операторлар жұмыс істейді.
Спорт саласы
Созақ ауданы бойынша 2014 жылы 37 жалпы білім беретін мектеп, 2 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс атқаруда. Ауданда 153 спорттық жазық алаң 36 спорт зал, 16 ату тирі, 3 мәдени спорт кешені, 1500 орындық 2 стадион, және 1 теннис корты, 1 ипподром, 1 боулинг орталығы жұмыс жасайды. Барлығы 212 спорттық нысан жұмыс жасауда.

2012 жылы 166 дене шынықтыру мамандары болса, 2013 жылы 174 маман, 2014 жылы 182 маман жұмыс атқаруда, 2013 жылмен салыстырғанда спорт мектептері топтарының артуы есебінен сегіз маманға артып отыр.

2012 жылы 44 спорттық ұйымдар болса, 2013 жылы 45 спорттық ұйымдар құраған. Аудандық білім бөлімі мекемесі қарамағынан «Жас туристтер станциясы» КММ-сі ашылды.

2012 жылы спортпен айналысушылар саны 9 833 болса, 2013 жылы 10 953 болып отыр, 2014 жылы 12 000 адамға жетіп отыр. Себебі спорт жаттықтырушылар мен халықтың санының артуы.

2012 жылы 36 спортшымыз республикалық жарыстарда топ жараса, 76 спортшымыздан облыстық жарыстардың жеңімпаздары шықты., 2013 жылы 120-ға жетіп, 44 спортшыға артып отыр.

2013 жылы 54 спортшымыз республикалық жарыстарда топ жара 2014 жылы 63 спортшымыз топ жарып бұл көрсеткіш 9 спортшыға артып отыр. Сонымен қатар 2013 жылы 32 спортшымыз халықаралық жарыстарда жүлделі орын алған болса 2014 жылы 34 спортшы жеңімпаз болып 2 спортшыға артып отыр.

2012 жылы 3 ҚР спорт шеберлігіне үміткерлер (ҚР.СШҮ) дайындалса, 2013 жылы Жанділдаев Мақсат, Дәмен Дәурен, Мұрат Серікбаев, Тоқаев Нұрлыбек, Барбанов Бақытжан және Құрманбетов Айдос (ҚР.СШ) спорт шебері атанды.

Созақ ауданында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2014 жылға арналған арнайы бағдарламасы жасалынып, аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Аудан бойынша 2014 жылы мектеп оқушылары және мекеме, кәсіпорындары, сондай-ақ ауыл, поселке әкімшіліктері арасында барлығы 236 спорттық жарыстар өткізіліп оған 13800 спортшы қамтылған. Бұл көрсеткіш әр айға шаққанда 15-16 спорттық жарыстан келеді. 2013 жылы 151 спорттық жарыстар өткізіліп 2013 жылмен салыстырғанда барлығы 85 спорттық жарысқа артып отыр. Ауданда ауыл, поселке әкімшіліктері арасында спорттық жарыстар мен аудан мектеп оқушылары арасында спорттың 12 түрі бойынша ауданның спартакиадасы мен қатар аудан әкімінің жүлдесі үшін кіші футбол, бокс, жастар мен ардагерлер арасында шахматтан, «Нұр Отан» ХДП Созақ аудандық филиалының жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында волейболдан, кіші футболдан спорт ардагерлері арасында жарыстар өткізілді. Сонымен қатар қатар наурыз мерекесіне байланысты ұлттық ат спорты түрлері бойынша тай бәйге және көкпар, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ жарыстары өткізілді. Спорттың қазақша, еркін күрес, волейбол, футбол түрлері бойынша аудандық, облыстық жарыстары мен қатар аталған спорт түрлері бойынша ауданның ардақты азаматтары арасында облыстық, республикалық турнирлер өткізу дәстүрге айналған. Атап айтсақ еркін күрестен Нұрдәулет Оспановты еске алуға арналған және Тобақабыл Өмірзақов атындағы турнирлер мен қатар футболдан Марат Жүсиповты еске алуға арналған және «Таукент кубогі», «Наурыз кубогі» сияқты облыстық жарыстар мен қатар аудан әкімінің жүлдесі үшін халықаралық жарыстар өткізілді.


2.2.3. Инфрақұрылым кешені
Электрмен қамтамасыз ету

Электроэнергетика Созақ ауданы бойынша барлығы 687 шақырым әуе электр желілері, 122 дана комплектті трансформаторлар қондырғылары бар. Бұл электр желілері мен трансформатор қондырғылары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгерімінде. Аудан бойынша электр энергиясының негізгі тұтынушысы жекеменшік сектор. Олар электр энергиясының тұтынылуының 60 % құрайды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында:

- 2010 жылы ауданда жоғары кернеулі 5 шақырым, төменгі кернеулі 6,7 шақырым әуе желілері мен бағаналары жаңартылды;

- 2011 жылы жоғары кернеулі 3,1 шақырым, төменгі кернеулі 9 шақырым әуе желілері мен бағаналары жаңартылды;

- 2012 жылы 2 дана комплектті трансформатор қондырғылары орнатылып, жоғары кернеулі 19,6 шақырым, төменгі кернеулі 11,59 шақырым әуе желілері мен бағаналары жаңартылды;

- 2013 жылы ауданда жоғары кернеулі 12,5 шақырым, төменгі кернеулі 11,18 шақырым әуе желілері мен бағаналары жаңартылып, 3 дана комплектті трансформатор қондырғылары орнатылды;

- 2014 жылы 2 дана комплектті трансформатор қондырғылары орнатылып, жоғары кернеулі 2,3 шақырым, төменгі кернеулі 14,85 шақырым әуе желілері мен бағаналары жаңартылды;

Баламалы энергия көздері ауданымызда орнатылмаған. 2015 жылы қуаты 50 МВТ болатын, күн сәулесінен қуат алатын электр станциясы салыну жоспарлануда.



Энергия үнемдеу

Созақ ауданы бойынша бюджеттік мекемелер жарығы толығымен энергия үнемдегіш лампаларға ауыстырылған. Аудан бойынша жылына 1 500 дана шамасында құрамында сынабы бар энергия үнемдегіш шамдар сатып алынып, 300 - 400 данасы істен шығады. Алайда ҚР «Энергия үнемдеу - 2020» бағдарламасының 63 тармағына «Құрамында сынап бар шамдарды өндіруді және сатуды кезең - кезеңімен шектеу мәселесін пысықтауға» сәйкес, қазіргі кезде бюджеттік мекемелерге құрамында сынабы бар лампыларды сатып алуды тоқтату және құрамында сынабы бар лампалардың орнына жарық диодты лампыларды орнату жөнінде тапсырма берілді. Аудан орталығы Шолаққорған ауылында «Созақ сәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының ауласынан уақытша істен шыққан шамдарды қабылдау пункті дайындалған, бұл мақсатқа 2 дана арнайы лампалар сақтайтын контейнерлер сатып алынған.



Жылумен қамту

Созақ ауданы бойынша 35 білім беру нысаны, 2 денешынықтыру және спорт нысандары, 3 мәдениет, 28 денсаулық сақтау нысандарының жылу жүйелері мен жылу қазандықтарын қысқы маусымға толығымен дайындау бағытында жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда 55 білім беру нысаны, 2 денешынықтыру және спорт нысандары, 25 мәдениет, 36 денсаулық сақтау нысандарының жылу жүйелері мен жылу қазандықтарын қысқы маусымға толығымен дайындау бағытында бюджеттік мекемелердің жылу қазандықтарын шаю, қысымдау, тексеру жұмыстары жүргізіліп, жұмыстардың орындалғаны жөніндегі АКТ-рі облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырылды. Аудандағы білім беру саласы мекемелеріне қажетті қатты отынға мемлекеттік сатып алуы биржа арқылы өткізіліп, қатты отын білім беру нысандарына толығымен 100 пайыз жеткізілген. Сұйық отынға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізіліп, жеңімпаз мекеме анықталған. Келісім - шарт түзіліп әлеуетті өнім беруші мекемеге ұсынылған, қажетті сұйық отын 100 пайыз жеткізілген.

Қазіргі таңда аудандағы бюджеттік мекемелерге және Таукент, Қыземшек кенттеріндегі көпқабатты үйлерге аудан әкімінің 15 қазан №122 санды өкіміне сәйкес жылу берілуде.

Жергілікті халықтың тамызық отынға деген мұқтажын өтеу үшін, Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі 2014 жылға өтімді үйінділер жинаудан 4 293 текше метр және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 27 қарашадағы «Орман қоры жерінің жекеленген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы» №1498 қаулысымен «Катко» Қазақстан-Француз біріккен кәсіпорны ЖШС тұрақты жер пайдалануға берілген жерлерден 4 131 текше метр отындық дайындауға ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан рұқсат алынды.




Газбен қамту
«Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырының 1 365 шақырымында №18 «Шалдар» АГТС – нан Шалдар елді мекені арқылы ОҚО Бәйдібек ауданының Шаян елді мекеніне дейін таратылатын газ құбырын салу жұмыс жобасының жалпы сметалық құны – 2 827,283 млн. теңге.

№18 АГТС өнімділігі сағатына 120 000 нм3,

Р=1,2 МПа I санатты тартылатын құбырдың ұзындығы 0,0155 шақырым өнімділігі сағатына 83 000 нм3,

Р=0,6 МПа II санатты құбырдың ұзындығы 2,0858 шақырым өнімділігі сағатына 37 000 нм3.

Шаян ауылына дейін жеткізілетін газ құбырының ұзындығы 31,684 шақырым. Құрылыс мерзімінің ұзақтығы 9 ай. Сонымен бірге жоба бойынша осы №18 АГТС-нан Созақ ауданы елді мекендерін газдандыру үшін жоғары қысымды газ құбырынан дм. 530х7,0 мм. бұрып алу газ құбыры қалдырылған. Сол себепті тартылып жатқан газ құбырын пайдалану бірінші кезекте Шолаққорған, Таукент, Жарты төбе ауыл окруктеріне газ құбырын тарту жоспарлануда.

Сумен қамту
Ауданда 19 елді мекенде ауыз су құбыры жүргізілген. Ауыз су құбыры бар елді мекендердің ішінде 11 елді мекеніне «Таза су» бағдарламасы аясында жүргізілсе: Шолаққорған, Теріскей, Созақ, Шақырық, Сызған, Қозмолдақ, Қарақұр, Қаратау, Жартытөбе, Аққолтық, Жыныс (Жыныс елді мекені Таукент кентіне қосылған), қалған 7 елді мекенде ауыз су құбыры «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жүргізілген: Ыбырай, Бабата, Жуантөбе, Құмкент, Қызылкөл, Қызылқанат, Жеткіншек елді мекендері.

Қазіргі таңда елді мекендердің 8-де ауыз су тәулігіне 24 сағат берілуде болса, 8 елді мекенде ауыз су уақытпен берілуде. Ауыз су уақытпен берілетін елді мекендер: Шолаққорған, Теріскей, Созақ, Шақырық, Сызған, Қозмолдақ, Қарақұр және Қаратау ауылдары. Аталған елді-мекендердегі судың уақытпен берілуі себебі: ұңғыма құдықтардағы жер асты суының дебетінің аздығынан, су құбырларына, резервуарларға, насос станцияларына жөндеу жұмыстары қажет болуынан.

Ауыз су берілмей келген Теріскей елді мекенінде қазіргі таңда 18 жерден, Шақырық елді мекеніне 16 жерден колонкалар қойылып, ауыз су уақытпен берілуде. Бұл елді мекендердің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жуантөбе ауылында ауыз су тәулігіне 24 сағат берілуде. Істен шыққан 2-ші ұңғықұдыққа мердігер мекеме тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет