МАЗМҰНЫ
АЛҒЫСӨЗ
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы (Силлабус)
Глоссарий
Практикалық тапсырмалар (Дәрістік кешен)
Практикалық, семинарлық сабақтардың тапсырмалары
Білім алушының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (БӨЖ)
Ағымдық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру бойынша материалдар
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
АЛҒЫСӨЗ
Соңғы уақытта мемлекеттік тілдің қолданылу саласы қоғамның ұтқыр, үздіксіз дамып келе жатқан және мәдениет, ғылым мен экономика саласындағы құбылыстарды зерделеуге жылдам әрі креативті тәсілді талап ететін саяси, ғылыми, әлеуметтік-мәдени, экономикалық салаларын қамти отырып, едәуір кеңейіп өріс алды. Бұдан өзгеше, тіл мәдениетін, қоғамның әлеуметтік, ғылыми қызметін меңгеруге бағытталған кәсіби қазақ тілі бойынша оқулықтардың көлемі шектеулі болған жағдайда оқу құралын әзірлеу осы қызмет салаларында ерекше өзекті болып табылады. Аталмыш оқу құралын баспаға шығару мақсаты жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарында, әсіресе экономика бағытында көп жылдар бойы қазақ тілін оқытып жүрген авторлардың тәжірибесін, мәліметтер мен тапсырмаларын, өз тараптан қосылған түрлі жағдаяттық тапсырмалар мен өзіндік тапсырмаларды, инновациялық технологияны қолданып түрлі нысанда әдістер мен білім алушыларды ынталандыратын ойын түрлерін (мәселен, брейн- ринг, іскерлік ойын) жинақтап құрастыру болып табылады.
Көптеген отандық оқытушы-ғалымдардың, коучер, тренер, семинаристтердің, шетелдік ғалымдардың оқулықтары мен оқу құралдары, әдістемелік нқсқаулықтары мен қазақ тілін меңгерудің деңгейлік көмекші құралдары пайдаланылған. Барлық бөлімдердің лексикасы Қазақстан бойынша материалдарды зерделеуге бағытталған және орыс тілде білім алатын білім алушылар үшін кәсіби қазақ тілі бойынша үлгілік бағдарламаның тақырыптарына жобалап сәйкес келеді. Сондай-ақ, Қазақстандағы білім саласының ерекшелігі, бизнес пен кәсіпкерліктегі жеке тұлғаның іскерлік келбеті немесе имиджі, менеджердің өзін-өзі басқару мен жетілдіруі, кәсіби саладағы басқару функцияларының рөлі мен маңызы, жалпы өзіміздің университетіміз (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) жайлы мәтін, менеджердің тиімділігінің жеке дағдылары, басқару саласының ғылыми дамуы бойынша мәтіндер мен материалдар енгізілген. Барлық мәтіндер білім алушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруға арналған лексикалықграмматикалық, жағдаяттық тапсырмалармен, топтық жұмыстармен, тест сұрақтарымен қамтылған. Барлық материалдар білім алушылардың тілдік құзіреттілігін қалыптастыруға, кәсіби қазақ тілін жеткілікті деңгейде меңгеруге, соөдер мен сөз тіркестерін, экономикалық терминдердің қазақша аталуын есте сақтауға, іскерлік құжаттар құру, шағын көлемде шығарма, эссе жазу, сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Кәсіби сала мамандығы бойынша терминдерді игеру маман үшін аса қажет. Кәсіби саладағы лексиканы меңгеру үшін мамандарға қажет көмекші құралдар – бұл ең алдымен түрлі сөздіктер: орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктер, фразеологиялық тіркестердің қазақша-орысша және орысшақазақша сөздіктері. Термин сөздерді меңгеру маманның өз қызметінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, қостілді немесе көптілді бәсекеге қабілетті қызметкер, басшы, жетекші маман болуына мол мүмкіндіктер ашады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ С. СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ
«Бекітемін» Экономика факультетінің деканы
Нұрмұхаметов Н.Н.
2022 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |