жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген. Ірі
шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен
бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы
жатады. Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады.
Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан.
Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Шеміршектердің арасында – 2
дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлері
бір-біріне
қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген.
Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті
дыбыс саңылауы дейді.
Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып дыбыс шығады.
Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін
тербелтуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның
тербелісінен жуан дыбыс шығады. Ер адамдардың көмекейі үлкен,
дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жағындағы
ең ірі қалқанша шеміршегінің үлкен үшкір түйіні –
бидайық (кадык) деп
аталады. Ол жұтынғанда,
сөйлегенде жоғары, төмен қозғалады.
Сонымен көмекей дыбыс шығару мүшесінің де қызметін атқарады.
«Көмекейі бүлкілдеген әнші екен», «күміс көмей» деген ұғымдар соны
білдіреді. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің
көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке
болады, оның орташа ұзындығы 36 мм. Ауыз қуысында дыбыс
шығаруға тіл, ерін, жақ сүйектері қатысады.
Әдетте барлық адамның дауысы бірдей емес. Дыбыстың құбылып,
түрліше болып шығуы: көмекейдің пішіні мен мөлшеріне, дыбыс
саңылауына, мұрын, ауыз қуыстарына, тіл, ерін, тістеріне байланысты.
Көмекей – ауаны өткізуге, дыбыс шығаруға көмектеседі. Көмекейдің
төменгі бөлімі кеңірдекке жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: