Бағдарламасы (Syllabus)


Тынысалу мүшелерінің құрылысы



Pdf көрінісі
бет21/46
Дата01.11.2022
өлшемі385.53 Kb.
#463807
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
Адаи

Тынысалу мүшелерінің құрылысы. Тынысалу жүйесіне – мұрын
қуысы (кеңсірік), жұтқыншақ, көмекей (көмей), кеңірдек, бронхылар,
өкпелер жатады (67-сурет). Өкпелерден басқасын ауа өтетін жолдар
деп атайды. 
 Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Ауа танау тесіктері
арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және
сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий
ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша
қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан
бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа
ылғалданады. Кілегейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын
қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама
жылынып ары қарай өтеді. Қан жасушалары – лейкоциттер мұрын
қуысына енген микробтарды жояды. 
Кеңсіріктегі ауаны кілегейлі қабықшадан бөлінген заттар
ылғалдандырады; капилляр қантамырлары ауаны жылытады;
лейкоциттер микробтарды жояды.
Кеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу
жүйкелерінің ұштары орналасады. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі
арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және
тынысалу жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа
жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі
тынысалу мүшелер жүйесіне жатады. (Асқорыту мүшелерін естеріңе
түсіріңдер).
Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші
қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап


жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген. Ірі
шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен
бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы
жатады. Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады.
Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан.
Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Шеміршектердің арасында – 2
дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлері
бір-біріне қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген.
Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.
Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып дыбыс шығады.
Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін
тербелтуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның
тербелісінен жуан дыбыс шығады. Ер адамдардың көмекейі үлкен,
дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жағындағы
ең ірі қалқанша шеміршегінің үлкен үшкір түйіні – бидайық (кадык) деп
аталады. Ол жұтынғанда, сөйлегенде жоғары, төмен қозғалады.
Сонымен көмекей дыбыс шығару мүшесінің де қызметін атқарады.
«Көмекейі бүлкілдеген әнші екен», «күміс көмей» деген ұғымдар соны
білдіреді. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің
көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке
болады, оның орташа ұзындығы 36 мм. Ауыз қуысында дыбыс
шығаруға тіл, ерін, жақ сүйектері қатысады.
Әдетте барлық адамның дауысы бірдей емес. Дыбыстың құбылып,
түрліше болып шығуы: көмекейдің пішіні мен мөлшеріне, дыбыс
саңылауына, мұрын, ауыз қуыстарына, тіл, ерін, тістеріне байланысты.
Көмекей – ауаны өткізуге, дыбыс шығаруға көмектеседі. Көмекейдің
төменгі бөлімі кеңірдекке жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет