І апта
«Ғажайыптар әлемі»
(Өлі табиғат құбылыстары)
|
Дене шынықтыру-3
1. Шашырап жүреді және жүгіреді. Допты жоғары лақтырады, еденге ұрады және оны екі қолымен қағып алады. Гимнастикалық қабырғадан кезектескен қадаммен өрмелейді.
2. Шанамен сырғанайды.(далада)
Бір орында жəне 6–8 м қашықтыққа алға қарай жылжу арқылы секіреді. Шанамен төмен сырғанау кезінде тежеуге үйренеді. Бір-бірімен сырғанайды. Шанамен төбешікке көтеріледі.
3. Сапта тапсырманы орындай отырып, жүреді және
жүгіреді. Берілген бағытта допты домалатады. Доға астымен еңбектеуге (биіктігі 50 см) үйренеді.
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Мөлдіреген аппақ қыс (сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты: Сурет бойынша әңгімелейді. Қыс мезгілін сипаттай білуге үйренеді,
Көркем әдебиет
Тақырыбы: Көңілді қыс өлеңі Ш.Мұхамеджанов
Мақсаты: Тақырыпқа сәйкес қысқа өлеңді мәнерлі, мағыналы түрде эмоционалды жатқа айтуға, шығарма
жанрын ажыратуға үйренеді.
|
Математика негіздері
Тақырыбы:
Кеше, бүгін, ертең. Шар, текше.
Мақсаты: «Кеше», «бүгін», «ертең» түсініктерін айыра білуге және осы сөздерді дұрыс қолдануға үйренеді.
Жаратылыстану
Тақырыбы Біздің өлкеге қыс келді
Мақсаты : Қыста табиғатта болатын құбылыстар жайлы түсінеді. Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіну арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артады.
|
Музыка
Педагог жоспары бойынша
Сурет салу.
Тақырыбы:Қардың бейнесін салу.
Мақсаты: Түстердің үйлесімдігіне назар аударуға үйренеді. Таяқшаларды пайдаланып қар салуға үйренеді.
Жапсыру.
Тақырыбы:Балық
Мақсаты : Желімді қылқаламға, дайын үлгіге мұқият жағуға үйренеді,
балықтың қабыршақтарын
арақашықтықты сақтап жапсыруға үйренеді.
|